ЭПИЛЕПСИЯ - созылмалы психоневрологиялық ауру. Қазақ халқында «қояншық» ауруы деп те аталады. Негізгі сипаты - кенеттен және қайталанып отыратын талмалы ұстама. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан т.б. жағдайлардан болады. Кейде бұл ауру тұқым қуалайды.
Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып жатқандай.
Эпилепсия түрлерінің классификациясы
Симтоматикалық – этиологиясы мен патологиялық ошақтың локализациясы анықталған
Криптогенді – этиология анықталмаған, бірақ мидың органикалық зақымдануы анық
Идиопатикалық – этиология және мидың органикалық зақымдалуы туралы мәліметтер анықталмаған
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть