Ақпарат алмасудың магистралдық (шиналық) жүйесі. Интерфейстер. Цифрлы техниканың есте сақтау құрылғысы презентация

Содержание

Ақпарат алмасудың магистралдық (шиналық) жүйесі. Интерфейстер. Цифрлы техниканың есте сақтау құрылғысы Сабақтың тақырыбы:

Слайд 1ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
“ФИЗИКА ЖӘНЕ ФОӘ” КАФЕДРАСЫ
Ф-12-1 тобы білімгері:

Айтуарова Сұлушаш

Слайд 2
Ақпарат алмасудың магистралдық (шиналық) жүйесі. Интерфейстер. Цифрлы техниканың есте сақтау

құрылғысы

Сабақтың тақырыбы:


Слайд 3Қазiргi заманда адамдар ақпарат алмасуға арналған көптеген құралдар ойлап шығарған: телефон,

радио, теледидар, компьютер, интернет.

Слайд 4
Ақпаратты беру үшiн арнайы сигнал беру керек. Сигналдар әртүрлi болуы мүмкiн,

мысалы, бiздiң көзiмiздiң көретiнi - жарық; құлағымыз еститiн дыбыс немесе радиоқабылдағыштар мен теледидарлар қабылдайтын электромагниттiк толқындар.

Слайд 5
Сигнал қандай да бiр ақпаратты беруi үшiн ол өзгерiп ауысып тұруы

керек. Сол сигналдардың өзгеруi арқылы бiз ақпараттарды берiп, қабылдай аламыз.

Слайд 6Интерфейс (Interface—inter—өзара, і face—бет жағы) — 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде — өзара

әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы

Слайд 7USB
Компьютерге жады құрылғыларымен қатар неше түрлі перифериялық құрылғыларды қосуға, сондай-ақ техникаларды

бір-бірімен "сөйлетуге" арналған әмбебап тіркеуіш. USB интерфейсінің топологиясы - "жұлдыз": бір контроллерге максимум 127 құрылғы қосуға болады. Олардың ішіне хабтар мен концентраторларды жатқызуға болады. Интерфейсте 4 сым болады. Олардың екеуі ақпарат алмастыруды жүзеге асырса, қалған екеуі -құрылғыны қорек көзімен қамтамасыздандырады (5 В 500 мА, батареяны зарядтау тәртібінде 1,8 А). Қазіргі  USB 2.0 стандартының үш жұмыс тәртібі бар: Low Speed (10-1500 Кбит/с), Full Speed (0,5-12 Мбит/с) және Hi-Speed (25-480 Мбит/с). Кабелдің максималды ұзындығы - 5 метр.

Слайд 8USB тіркеуіштері солдан оңға: micro-USB, mini-USB, USB  B типі, розетка («мама»)

USB Атипі, USB A типі

Слайд 9FireWire
Аpple инженерлерінің белсенді қатысумен 1995 жылы пайда болған тізбекті интерфейс IEEE

1394 индексімен белгіленеді. Топологиясы - "құрылғылардың теңдігі", компьютердің қатысуынсыз тікелей 64 құрылғыға дейін қосуға болады. Стандартты тіркеуіште 4 немесе 6 сымды өткізгіш қолданылып, екеуі таратуға, ал қалғаны қабылдауға негізделсе, екінші жағдайда қосымша 2-уі қорек көзімен қамтамасыздандырады.  IEEE 1394 (FireWire 400) тарату жылдамдығы 100, 200 немесе 400 Мбит/с жетсе, IEEE 1394b (FireWire 800 нұсқасы 800 Мбит/с-ке) дейін қолдайды. Құрылғылар арасындағы сымның максимал ұзындығы-4,5 м.

FireWire тіркеуіштері: 4-контактілі және 6-контактілі


Слайд 10ЖАДЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
eSATA
2004 жылы пайда болған "жас" интерфейс, тек соңғы кездері ғана

ноутбуктар мен жады құрылғыларында қолданылып келеді. External SATA (eSATA) тізбекті Serial ATA (SATA)-ның сыртқы нұсқасы. Өз кезегінде SATA бұрын қолданыста болған параллель IDE-ның орнын басты. Бұл интерфейс жады құрылғыларында ақпарат алмасуға арнайы ойластырылып, 3 Гбит/с дейін жылдамдықпен жұмыс істейді.

Слайд 11
БАЙЛАНЫС
Ethernet
Онсыз заманауы компьютерді көз алдымызға елестете алмадық. Бұл интерфейс локальді желіге

немесе интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

Заманауи компьютерлерге орнатылатын желілік платалар әдетте екі стандартқа сай болуы тиіс: жылдамдығы 100 Мбит/с-тік Fast Ethernet пен өткізу қабілеті 1 Гбит/с дейінгі Gigabit Ethernet. Қосылысты жүзеге асыру үшін еспе кабель (дәлірек айтқанда, кабельдердің 4 жұбы) мен стандартты сегізконтактілі RJ-45 разъемі қолданылады..


Слайд 12БЕЙНЕ МЕН ДЫБЫС
D-Sub
Көне тіркеуіштердің "уәкілі". Бірақ, бұған қарамастан ноутбуктар мен ДК

өндірушілері осы аналогты тіркеуішті қосымша монитор немесе бейнепроекторды жалғау үшін әлі қолданылып келеді.

Слайд 13DVI
Мониторларды, бейнепроекторларды жалғауға арналған сандық интерфейс. Заманауи ДК-дің бейне платаларында тек

осы интерфейс қана қолданылады. Көп жағдайда бұл DVI-I, арнайы жалғастырғыштың көмегімен дисплейдің аналогты қосылысын қолдайды. DVI-D нұсқасы тек сандық ақпаратты ғана тарататындықтан, арнайы жалғастырғышты қоса алмайсыз. 

Слайд 14Бір сандық жолағы бар DVI интерфейсі (Single Link DVI) 4 еспе баудан

тұрып (қызыл, жасыл, көк және clock),  шешуі 1920х1080 бейнені тарата алады. Мысалға алатын болсақ, егер сіз 30 дюймдік сұйықкристалды мониторды "сандық" түрде жалғастырсаңыз, сізге шешуі 2560х1600 нүктені қолдайтын екіжолақты  DVI қажет болады(Dual Link). Интерфейстерді ажырату оңай: Single Link-тің ортаңғы алты контактілері болмайды.
Кабельдің максималды ұзындығы бейненің шешуіне тәуелді: бейненің шешуі неғұрлым төмен болса, соғұрлым ұзын сымды қолдануға болады. Сигналды қашықтыққа жіберу үшін арнайы күшейткіштер қолданылады.

Слайд 15Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика