?аза? ханды?ыны? ??рылуы презентация

“Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды ” (Н.Ә.Назарбаев)

Слайд 1Қазақ хандығының құрылуы


Слайд 2“Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды ” (Н.Ә.Назарбаев)


Слайд 3 Қазақ хандығының негізін құраушылары


Слайд 4Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік

қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзіндеӘбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.

Слайд 6Қазақ хандығының құрылуының себептері:
1. Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ хандығын құруға

ұмтылуы

2.Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі

3.Алым-салықтың көбеюі

4.Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы


Слайд 7XV ғасырдың 60-шы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға

табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті.Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.

Слайд 8Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға

рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды

Слайд 11Қазақ хандары сыртқы саясатта, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі

экономикалық және саяси орталығы болған Сырдария бойындағы Сығанақ, Сауран, Отырар, Ясы  (Түркістан) және басқа қалалардағы өз билігін нығайтуға күш салды. Ал олардың Дешті Қыпшақтағы негізгі бәсекелесі Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан да қазақ даласындағы халықтарды билеу және одан кейін Орта Азиядағы Темір әулетінің қол астындағы жерлерді жаулап алу үшін Оңтүстік Қазақстанның осы қалаларына арқа сүймек болды.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика