Д?РІСТІ? ТА?ЫРЫБЫ: БАКТЕРИЯЛАРДЫ? ФИЗИОЛОГИЯСЫ презентация

Содержание

Бактериялар физиологиясы - бактериялардың тіршілігін, зат алмасуын, қоректенуін және қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейді. Луи Пастер

Слайд 1

Министерство здравоохранения
Республики Казахстан
ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ:
БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
м.ғ.к., доцент
Ахметова Сәуле Балтабайқызы


Слайд 2Бактериялар физиологиясы - бактериялардың тіршілігін, зат алмасуын, қоректенуін және қоршаған ортамен

қарым қатынасын зерттейді.

Луи Пастер


Слайд 3МЕТАБОЛИЗМ
Микроб жасушасында өтіп жатқан барлық тіршілікті қамтамасыз ету реакцияларын зат

алмасу немесе метаболизм деп атайды.


Зат алмасу барысында пайда болатын аралық өнімді –метаболит деп атайды.

Слайд 4ҚОРЕКТЕНУ ТҮРІ БОЙЫНША ТІРШІЛІК ИЕЛЕРІ ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ: голозойлы, голофитті.
Голозойлы

– қоректену түрі жануарларға тән (жоғары сатыдан қарапайымдыларға дейін).
Микробтар голофитті қоректені типіне жатады. Оларда қоректену үшін қоректену мүшелер жоқ, қоректік заттар дене беткейі арқылы енеді.

Слайд 5МИКРОБТАРДЫҢ ҚОРЕКТЕНУ ТҮРІ

1. Аутотрофтар немесе прототрофтар (гректің autos- өзім, trophe-

қоректену)-өз жасушаларын құруда көміртегін ауадағы СО2 - нен сіңіретіндер.

2. Гетеротрофтар (грекше heteros- басқа)-көміртегіні органикалық қосылыстардан пайдаланатындар. Жеңіл сіңірілетін көміртегі көздері гексозалар, көпатомды спирттер, аминқышқылдар болып табылады.



Слайд 6ГЕТЕРОТРОФТАР ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ: МЕТАТРОФТЫ ЖӘНЕ ПАРАТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР
Метатрофтар, немесе сапрофиттер, қоршаған

ортадағы тіршілігін жойған организмдер қалдықтарын ыдыратады..
Паратрофтар (греч. parasitos — арамтамақ) паразиттер, иесінің ағзасының ішінде немесе сыртында тіршілік етеді және оның есебінен қоректенеді.

Слайд 7АЗОТТЫ ЗАТТАРДЫ ИГЕРУІ ҚАБІЛЕТІ БОЙЫНША МИКРОБТАР ТӨРТ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ:
Протеолитикалық, табиғи ақуыздарды,

пептидтерді, және аминқышқылдарды ыдыратуға қабілетті.
Дезаминдік, ақуыздық заттарды емес, тек жеке аминқышқылдарды ыдыратуға қабілетті.
Нитрит-нитратты, тотыққан азот түрлерін игеруге қабілетті.
Азотфиксирлеуші, атмосфералық азотпен қоректенетін қабілетті.

Слайд 8ТЫНЫС АЛУ
Микробтардың тыныс алуы — бұл биологиялық процесс, тыныс алу немесе

биологиялық тотығу, тотықсыздандыру реакцияларына негізделген, нәтижесінде энергия АТФ пайда болады.

Слайд 9ТЫНЫС АЛУ ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТӨРТ ТОПҚА ЖІКТЕЛЕДІ:
Облигатты аэробтар. Өсуі және көбеюі

тек қана оттегі болған жағдайда өтеді. Оларға сіркесуқышқыл бактериялары, туберкулез, сібір жарасы қоздырғыштары және т.б. жатады.
Микроаэрофилді бактериялар – өсу үшін оттегінің 10% жеткілікті. Бұндай жағдай актиномициттерге, бруцеллдерге қолайлы.


Слайд 10Факультативті анаэробтар. Оттегі бар әрі оттегі жоқ ортада да өсіп-өнуге қабілетті.

Бұларға энтеробактерия қоздырғыштары және т.б. жатады.
Облигатты анаэробтар. Энергияны алу үшін оттегіні қолданбайды. Зат алмасу оларда –ашыту арқылы жүреді. Анаэробты жағдай сіреспе, ботулизм, газды гангрена қоздырғыштарын және т.б. қажет.

Слайд 11МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ ДАҚЫЛДАНДЫРУ


Слайд 12ЖАСУШАНЫҢ ӨСУІ
– жасуша массасының артуына әкелетін барлық құрылымдар мен құраушыларды

үйлесімді жаңғырту.

КӨБЕЮ
–популяцияда жасушалар санының артуы.

КӨБЕЮ:
прокариоттар – көлденең бинарлық бөліну,
саңырауқұлақтар– спора түзу.

Слайд 13Көбею
ДНҚ репликациясы;
Жасушааралық кедергінің түзілуі (ЦПМ пайда болуы);
Пептидогликан, биополимерлер,

рибосомалар, цитоплазманың синтезі
Бастапқы жасушалардың бөлінуі

Слайд 14БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ӨСУІ
Сұйық орталарда

Қоректік орта бетінде пленка пайда болды;

Біртекті лайланады;

Тұнба түзіледі.
Қатты орталарда

Өлшем,пішін,

беті, бояу, мөлдірлігі, т.б. сипатталатын колониялар

Слайд 15ГЕНЕРАЦИЯ УАҚЫТЫ
Жасушаның бөлінуі жүзеге асатын кезең.
Мынаған тәуелді:
Бактерия түріне
Популяция жасына
Қоректік

орта құрамына
Температураға

Слайд 16БАКТЕРИЯ ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ДАМУ ФАЗАЛАРЫ
Егер көбею уақытына байланысты жасалынатын жасушалар санының тәуелділігін

анықтау үшін, абсцисса өсіне уақытты салып, ал ордината өсіне жасушалар санын салып график құратын болса, өсу қисығы деп аталатын қисық сызық алынады.

Слайд 17БАКТЕРИЯ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨСУ САТЫСЫ
Лаг-фаза
Жасушаның бөлінуі болмайды


Слайд 18БАКТЕРИЯ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨСУ САТЫСЫ
Өсу қарқыны оң
Жасушаның бөліну қарқыны артады



Слайд 19БАКТЕРИЯ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨСУ САТЫСЫ
Экспоненциалдық (логарифмдік) фаза. Жасушалардың тұрақты түрде максималдық жылдамдықпен

бөлінуімен сипатталады.

Слайд 20БАКТЕРИЯ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨСУ САТЫСЫ
Өсу қарқыны теріс
Жасушаның бөліну қарқыны төмендейді.


Слайд 21БАКТЕРИЯ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨСУ САТЫСЫ
Стационарлық фаза.
Тірі жасушалардың саны тұрақты


Слайд 22БАКТЕРИЯ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨСУ САТЫСЫ
Өлім фазасы.
Тірі жасуша саны төмендей бастайды.


Слайд 23БАКТЕРИЯ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨСУ САТЫСЫ
Логарифмдік өлу фазасында
Тірі жасуша саны максималды жылдамдықта өлуімен

сипатталады.

Слайд 24БАКТЕРИЯ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨСУ САТЫСЫ
Өлу жылдамдығының төмендеуі
Тірі жасуша саны төмен жылдамдықтың

өлуімен сипатталады


Слайд 25БАКТЕРИЯ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨСУ САТЫСЫ
Минималды стационарлы фаза

Тірі жасуша саны минималды.


Слайд 26БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Температура.
Аэрация.
Ортада сутегі иондарының концентрациясы
Қоректік орта құрамы


Слайд 27ТЕМПЕРАТУРА
Психрофилдер - -10 до +20 °С шегінде өсу температура облысы.

0°С кезінде және теріс температураларда өсуге қабілетті. Психрофилдер: облигатты (≤15°С - 20°С) және факультативті (≥ 20°С кезінде де өсу).

Слайд 28ТЕМПЕРАТУРА
Термофилдер – жылу сүйгіш микроорганизмдер ( 45—50 °С-тан жоғары).
4 топшалары:
Термотолерантты

түрлері 10 –нан 55 — 60°С-қа дейін өседі, оптимальды облысы 35—40°С.
Факультативтік термофилдер - өсуінің ең жоғары температурасы 50 мен 65°С аралығында, бірақ бөлме температурасында да көбейе алады (20°С).
Облигатты термофилдер 70°С кезінде өседі және 40°С-тан төмен температурада өспейді.
Экстремальды термофилдер - оптимум 80—105°С, өсуінің ең төменгі шегі 60°С және жоғары, ең жоғары температурасы —110°С-қа дейін.

Слайд 29ТЕМПЕРАТУРА
Мезофилдер - өсуінің оптимальды температурасы 30—45°С, минимум – 10 -

15°С. Көрсетілген топқа көптеген микроағзалар тобы, соның ішінде ауру тудырушы микроорганизмдер жатады. Адам мен жылы қанды жануарлар үшін патогенді бактериялар үшін температуралық оптимум шамамен 37°С құрайды.

Слайд 30АЭРАЦИЯ
Микроорганизмдер тек еріген оттегіні ғана пайдалана алады.
Сұйықты оттегімен

байыту үшін– сұйық және газ фазаларының жанасу ауданының арттыру (жұқа қабат, араластыру, шайқау).
Еріген оттегіні толық байланыстыру үшін – қоректік орталарды қайнату, арнайы қондырғыларды пайдалану (анаэростаттар, эксикаторлар).

Слайд 31СУТЕГІ ИОНДАРЫНЫҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ
Көптеген бактериялар –рН-нейтралды.
Актиномицеттер, кейбір бактериялар – аса жоғары сілтілік

рН.
саңырауқұлақтар – қышқыл рН.

Слайд 32ЖАСАНДЫ ҚОРЕКТІК ОРТАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Консистенциясына байланысты
сұйық
жартылай сұйық (агар 0,5%)
тығыз(агар 1,5-2%)



Слайд 33ЖАСАНДЫ ҚОРЕКТІК ОРТАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Құрамына байланысты
Табиғи
қарапайым
ет-пептонды агар және сорпа (ЕПА ж/е

ЕПС)
желатин
сүт
жемістердің бөліктері
күрделі
қарапайым + қоспалар
Синтетикалық

Слайд 34ЖАСАНДЫ ҚОРЕКТІК ОРТАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Қолдану мақсатына қарай
Негізгі
Универсалды (қарапайым табиғи)
Арнайы (күрделі

табиғи)
Элективті (селективті)
Дифференциалдық-диагностикалық
Консервлі

Слайд 35АГАР – балдырлардан алынатын полисахарид. Ол 1000С температурада балқып, 45-500С –

та қатады. Жартылай сұйық орта жасау үшін 0,5%, және тығыз орталар үшін 1,5-2% концентрацияда агар қосылады.

ҰЙЫҒАН ҚОРЕКТІК ОРТАЛАР – бұл құрамында қан сарысуы немесе ақуызбен (мысалы, жұмыртқа) байытылған орталар.

ТАБИҒИ ОРТАЛАР ет, балық және жеміс және т.б. табиғи өнімдерден дайындалады.

ҚАРАПАЙЫМ ТАБИҒИ ОРТАЛАР табиғи өнімдерден дайындалады.

КҮРДЕЛІ ТАБИҒИ ОРТАЛАР табиғи өнімдерге қоспалар қосылады (бояғыштар, қант, антибиотиктер, қан және т.б.)

Слайд 39Өсу факторлары

Өсу факторларына қажеттілік– тұрақты белгі.
Амин қышқылдары.
Пуриндік және пиримидиндік негіздер.
Липидтер.
Дәрумендер (әсіресе

В тобының).

Слайд 40Қоректік заттарды бактериялық жасушаға тасымалдау
Пассивтік диффузия (концентрация градиенті бойынша).
Жеңілдетілген диффузия (ақуыз-транслоказалар).
Активті

транспорт (концентрация градиентіне қарсы)
ақуыз-пермеазалар
ақуыз-транслоказалар+фосфорлау

Слайд 41Қоректік заттардың бактериялық жасушадан тасымалдануы
Фосфотрансферазалық реакция (фосфорлау).
Котрансляциялық секреция (каналдар құру).
Мембрананың бүршіктенуі.


Слайд 42НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика