Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру презентация

ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ХХІ – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса

Слайд 1

ТАҚЫРЫБЫ:
Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарту.


ЖОБА

«Өрлеу» БАҰО АҚ Маңғыстау облысы филиалы

Ақтау, 2017 ж


Слайд 2ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
ХХІ – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан

бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.


Слайд 3


Жобаның мақсаты мен
міндеттері:

ұлттық ойындар дене шынықтыру оқу қызметінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін , мүмкіндіктерін арттыру;

балалардың денсаулығын нығайту;





жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

денені шынықтыру;


Слайд 4қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың

өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;

өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру

мәдениетін қалыптастыру;





Слайд 5Зерттеу болжамы:
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі.

Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс – әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады.


Слайд 6Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:
қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
қалыптастыратын

дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
қызығушылығын қалыптастырып дамыту;


Слайд 7 Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға»

жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды.
Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері, мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай», «Арқаласпақ», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Асық ойыны», «Хан», «Бес тас» т.с.с. ойындар- балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл-ойының жаттықтырушысы.

Слайд 8Ұлттық ойындар
Аңға байланысты ойындар
•Ақсерек – көксерек
•Аңшылармен қояндар
•Ордағы

қасқыр

Малға байланысты ойындар
•Аларман (қойға қасқыр шапты)
•Соқыр теке
•Түйе мен бота т.б

Түрлі заттармен ойналатын ойындар
•Ақсүйек
•Алтыбақан
•Арқан тартыс
•Асық


Слайд 9«Арқан тартыс»


Слайд 10«Асық ойыны»


Слайд 11«Ақ серек пен Көк Серек»


Слайд 12«Тақия тастамақ»


Слайд 13«Аударыспақ»


Слайд 14Топ мүшелері:
Даулетова Анисса
Мамутова Гүлзия
Осфанова Нургул
Умбетова Гулсим
Сатканбаева Ардак


Слайд 15Пайданылған әдебиеттер:
1. Ұлттық ойындар жиынтығы
2. «Отбасы және балабақша» журналы
3. Н.Назарбаев.

Қазақстан халқына жолдауы. « Егемен Қазақстан» Астана-2008 ж

Слайд 16Назарларыңызға Рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика