Слайд 1
Қуатты педагогикалық құралдар:
Сын тұрғысынан ойлау
Айбергенова Самал
КА-41 тобы
Слайд 5Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің
бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Слайд 6Сын тұрғысынан ойлау-оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін
сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төмендегі қағидалар сақталуы тиіс:
Слайд 7-Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
-Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық
айтуға рұқсат беру;
-Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
-Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
-Кейбір оқушылар түсіп қалған келеңсіз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
-Оқушылардың бір-біріне жасаған сынының дәлелді , дәйекті болуын талап ету;
-Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылар осыған байланысты:
-Сенімділікпен жұмыс жасау;
-Бар ынтасымен оқуға берілу;
-Пікірлерді тыңдау,құрметтеу;
-Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
-Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
-Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес келе ме?
-Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
-Маған бұл жаңа ойлар,идеялар қаншалықты әсер етті?-деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Слайд 8
Бұл технология бойынша сабақ үш сатыдан тұрады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны тану.
3.Ой толғаныс.
Слайд 9Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.
Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Слайд 10
Үшінші кезең: Ой толғаныс
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”,
“Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады.
Слайд 11Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл
кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Слайд 19
Назар аударып тыңдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!!!!