Мектепке дейінгі балаларды гүлзар мен көкөніспен таныстыру презентация

Содержание

Кіріспе Гүлбақтардың жобасын жасау балалар бақшасының әрқайсысының жағдайына байланысты болады. Жер учаскесі жеткілікті болса үлкен гүлбақша жасалады. Гүлзар – бұл бау-бақша, мектепке дейінгі ұйымдарда, серуен алаңдарында, мекемелерде, тұрғын үй маңын,

Слайд 1Тақырыбы:
Мектепке дейінгі балаларды гүлзар мен көкөніспен таныстыру


Слайд 2Кіріспе

Гүлбақтардың жобасын жасау балалар бақшасының әрқайсысының жағдайына байланысты болады. Жер учаскесі

жеткілікті болса үлкен гүлбақша жасалады. Гүлзар – бұл бау-бақша, мектепке дейінгі ұйымдарда, серуен алаңдарында, мекемелерде, тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң.

Көкөніс шаруашылығы – көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс шаруашылығының басқа өсімдік шаруашылығынан ерекшелігі – мұнда көкөніс дақылдары ашық және қорғалған жерлерде өсіріледі. Көкөніс шаруашылығы өсіру тәсілдері бойынша: танаптық көкөніс шаруашылығы, ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы және қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді.


Слайд 3Курстық жұмыстың өзектілігі: гүлзар мен көкөністерді дұрыс күту ережелерін толық меңгеру

және оларды қорғау, зиянкестерге қарсы күрес жүргізу. Көкөністермен жемістерді зерттей отырып оның адам өміріндегі емдік ерекшелігін тиімді пайдалану және насихаттау.

Курстық жұмыстың мақсаты: гүлзар мен көкөністердің бақта және бақшада өсетіні туралы түсініктерін кеңейту. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету.


Курстық жұмыстың міндеттері:
Балабақшада білім беру жағдайында гүлзар мен көкөністермен таныстыру
Гүлзар мен көкөністердің өсу ерекшеліктерін бақылату;
Гүлзар мен көкөністердің адам өмірінде алатын орнын түсіндіру;
Көкөністерді ажырату;


Слайд 4Бір жылдықтар – өсіп, гүлдейтін, жетік піскен тұқым беретін және сол

еккен жылы өлетін өсімдіктер. Олар негізінен тұқымдарынан көбейеді. Тұқымдарын май айының екінші жартысында тура топыраққа себуге болатын төмендегі бір жылдық өсімдіктерді алуды ұсынуға болады.

Жоңышқа бас (алиссум), немесе хош иісті тастақ – биіктігі 15 - 20 см жиектік өсімдік, маусымнан бастап үсік түскенге дейін балдай иістеніп, ақ және күлгін гүлшешек атып гүлдейді, жапырақтары сарғылт жысыл, ұсақ, ланценттік, кез келген топырақта және жартылай қараңғыланған орындарда өсе береді.

Қошқар гүл –биіктігі жағынан үш топқа бөлінеді: аласа (15-20см), орташа (30-60см) және биік (60-100см). Жаздың екінші жартысынан бастап, үсік түскенге дейін түрлі-түсті әдемі гүлшоғын беріп гүлдейді. Кез келген топырақта өсе береді, бірақ оларға жақсы жарық пен мол су керек, қайтадан отырғызуды ұнатады.



I тарау. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ГҮЛЗАРМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды гүлді-сәндік өсімдіктермен таныстыру


Слайд 5Екі жылдық өсімдіктер – көктемде немесе жаздыгүні сепкенде топырақта қыстап қалып,

келесі жылдың ерте көктемінде гүлдейтін өсімдік. Балалар бақшасында ұсынылатын екі жылдық өсімдіктерінің қысқаша сипаттамасын келтірейік.


Шегір гүл – формасы әдемі және бояуы әр түрлі, үш түсті немесе бір түсті гүлдері көп кішкене түптер, ерте көктемнің салқын түскенше гүлдеп тұрады, жапырақтары ұзынша келген құстың қауырсындары секілді қосалқы жапырағы бар. Ерте көктемнен бастап гүлдеуі үшін тұқымын шілденің аяғы мен тамыздың басында себеді. Қай кезінен бастап қайта отырғызса да өсе береді.


Түрік қалампыры – алғашқы жылы жапырақтарынан дөңгелек жасайды, екінші жылы биіктігі 40-60 1см сабақтарының ұшында әр түсті ұсақ гүлшешектер пайда болады, бұлар қолшатыр бейнелес ірі гүлшоғына шоғырланады. Ашық жерде және жақсылап тыңайтылған топырақта жақсы өседі. Тұқымдарын әдетте қыс қарсаңында себеді. Көктемде көктей бастайды маусымда оларды жүйектерге, ал тамызда тұрақты орынға отырғызады. Шыбықтарынан да көбейтуге болады.




Слайд 6Көп жылдық өсімдіктер – бірнеше жыл өмір сүретін өсімдіктер. Олар жылдықтарға

қарағанда күй талғамайды және оларды күту жеңіл болғандықтан, балалар мекемелері үшін бағалы өсімдіктер. Олардың кейбірінің көктеулері мен гүлдері жаздық тұқымдарды қайта отырғызудан көп бұрын, ерте көктемде бақылауға болады. Одан басқа көп жылдықтар вегетативтік жолмен оңай көбейеді және учаскені көгалдандыру үшін жақсы отырғызатын материал береді.

Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Биіктңгі – 3-50см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы боладыү Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары.

Сарғалдақ – сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктердің үлкен тегі. 360-тай биологиялық түрлері бар.
Солтүстік жартышардың қоңыржай белдеуіндегі аймақтарда кең таралған. Суда өсетін түрлері бар.




Слайд 71.2 Гүлді-сәндік өсімдіктер қатарындағы өсірілетін дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер – аурудың

алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер.

Дәрілік өсімдіктердің біразына тоқталатын болсақ. Алтын тамыр 

Етжапырақ бадан

Жалбызтікен


Слайд 81.3 Өсімдіктерді топырақта өсіру және тұқым жинау
Барлық дерлік гүлді-сәндік өсімдіктерді

ерте көктемде немесе қысқа қарай топыраққа себілген тұқымдарынан өсіруге болады. Бұл үшін күн түсетін, желден қорғалған учаскеде жүйек-көшет жасайды. Оның көлемін 1 шаршы метр жерден 1000 түп өсімдік алатындай есеппен анықтайды. Көктемде 1 шаршы метр жерге бір шелек қарашірікпен немесе шымтезекпен жүйекті тыңайтады. Гүл дүкендерінен сатып алуға болатын минералды тыңайтқыштардың дайын қоспасын қосқан жақсы. Сазды топыраққа құм қосады.


Слайд 9ІІ тарау. КӨКӨНІСТЕР БАҚШАСЫ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды көкөніс түрлерімен таныстыру
Қырыққабат

шырыны асқазан сөліндегі қыш-қылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолда-нылады.

Қызыл бұрыш ол адамның ғұмыр жасын ұзарта алады, артериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.

Пияз оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп.

Сәбіз – екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады.


Слайд 102.2 Көкөністердің шипасы мен пайдасы

Асқабақ. Апиын уын қайтару үшін оның етін

жаншып, суын сығып алғаннан кейін, уланған адамға тиісті мөлшерде ішкізеді.
Отқа немесе қайнаған суға күйіп жарақаттанғанда, асқабақ етін жаншып (тазалығына көңіл бөліңіз), жараға таңады.

Қырыққабат.Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады.


Қияр.3 қасық ұсақтап туралған жас қиярға 1 стақан қайнаған суды ыстықтай құйып, 2-3 сағат қойып, тұнбасын сүзіп алып, қалдығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап алып, таза жуылған бетті сүртсе, ол безеуден арылтады.

Қызанақ.Ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы.оның құрамында қант, пектиндік, азоттық заттар, алкалоид, минералды тұздар мол. Екіншіден, қызанақта А, В, В әсіресе, С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы.


Слайд 112.3 Көкөністі өсіру және сақтау

Көкөніс дақылдарын өсіру барысында жақсы тұқым себудің

маңызы зор, бұл көп жағдайда өнім көлемін ғана анықтап қоймайды, оның тұтыну құндылығын да білдіреді. Тұқым алуды кейінге ысырып, соңына қалдыра бермей, ерте бастан ойлау керек. Оның негізі ретінде әрбір дақылдарға жоспарланған жер көлемін алу қажет. Тұқымдарды көп мөлшерде сатып алмаған жөн, өйткені (қиярды қоспағанда) барлық дақылдарды жаңа ұрықтардан өсірген жөн. Алынған ұрықты жылы жерде, кеміргіштер зиян келтіре алмайтын жерде сақтаған керек.


Слайд 122.4 Зиянкестермен күрес
Көкөніс дақылдарының ішінде зиянкес жәндіктерден ең алдымен жәбір көретіні

шаршы гүлді өсімдік тұқымдастар. Шалғамның, орамжапырақ пен шалқандардың көктеп-өнгендерін көбінесе жер бұргені құртады. Бұл өзекті мәселені яғни, өсімдіктерді мұндай зиянкестерден қорғау үшін олардың дымқыл жапырақтарына күл немесе жолда жататын шаңнан сеуіп қояды. Сонымен бірге, шалғам мен шалқанды ерте көктемде немесе керісінше, жер бүргесі азайған кезде, маусымның басында егіп, орамжапырақты көшеттен өсіру керек.


Слайд 132.5 Сәбилер тобының балаларын көкөністермен таныстыру
Сәбилер тобының балаларына көкөністердің атын,

пішінін, түсін, пайдасын, айырмашылығын түсіндіріп айту.
Сәбіз. Ол адамзат баласына біздің ғасырымызға дейін 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пай-даланған. Сәбіз авитаминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысы-мын түсіреді, қанның қызыл түйіршіктері мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады


Слайд 142.6 Ортаңғы топ балаларын көкөністермен таныстыру
Қызанақ – жемісі жеуге жарамды, біржылдық

немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі.
Қияр - немесе кәдімгі қияр – асқабақ тұқымдастылардың ішіндегі қияр туыстыларына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, биіктігі 1 - 2 метрге дейін барады. Тұқымды алып ыдыстағы суға салып, осыдан дәні жоқ тұқымдар судың бетіне шығады оны сүзіп алып тастаймыз. Ыдыстағы суды төгіп, марганцовка салған ыдысқа шайқап аламыз, өйткені марганцовкаға салған тұқым ауырмайды жақсы өсуіне қажет.
Тұқымды алып дәкеге түйіп, суға салып қоямыз, бір апта немесе 10 күнде оның өскіндері пайда болады.
Дайын болған тұқымды топыраққа отырғызамыз.
Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі болады


Слайд 15ІІІ. Қорытынды

Қорыта келе айтқанда көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні

- құрамында өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Балабақшада білім беру жағдайында гүлзар мен көкөністердің пайдасын, маңызын түсінді. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету қажет.
Өзекті мәселені яғни, өсімдіктерді мұндай зиянкестерден қорғау үшін олардың дымқыл жапырақтарына күл немесе жолда жататын шаңнан себетінін білді.

Слайд 16Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алексеев Р.В. Суармалы көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы. Росагропромиздат, 1990

беті 208.
2. Аубекеров.Т.Т. Ж.Ж.Жумагулов. Өсімдік шаруашылығы және селекция Алматы «Қайнар» 1988
3. Аяпов.А. Жеміс-жидек шаруашылығы Алматы 1986
4. Прохоров М.А., Крючков А.Р., Комиссаров В.А. Көкөніс дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы. – М: Колос, 1981, б 447.
5. Арыстангалиев С.А. Қазақстан өсімдіктері «Наука»
Алма-а-Ата 1977
6. Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994
7. Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені
8. Дидактикалық материал. - Алматы, 2011.
9. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
10. Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру, Оқу-әдістемелік құралы. Б.Ф. Ильяшова, М. А. Жамангарина, Қарағанды Болашақ-Баспа 2016

Слайд 17Назарларыңызға
рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика