Көкөніс шаруашылығы – көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс шаруашылығының басқа өсімдік шаруашылығынан ерекшелігі – мұнда көкөніс дақылдары ашық және қорғалған жерлерде өсіріледі. Көкөніс шаруашылығы өсіру тәсілдері бойынша: танаптық көкөніс шаруашылығы, ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы және қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: гүлзар мен көкөністердің бақта және бақшада өсетіні туралы түсініктерін кеңейту. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Балабақшада білім беру жағдайында гүлзар мен көкөністермен таныстыру
Гүлзар мен көкөністердің өсу ерекшеліктерін бақылату;
Гүлзар мен көкөністердің адам өмірінде алатын орнын түсіндіру;
Көкөністерді ажырату;
Жоңышқа бас (алиссум), немесе хош иісті тастақ – биіктігі 15 - 20 см жиектік өсімдік, маусымнан бастап үсік түскенге дейін балдай иістеніп, ақ және күлгін гүлшешек атып гүлдейді, жапырақтары сарғылт жысыл, ұсақ, ланценттік, кез келген топырақта және жартылай қараңғыланған орындарда өсе береді.
Қошқар гүл –биіктігі жағынан үш топқа бөлінеді: аласа (15-20см), орташа (30-60см) және биік (60-100см). Жаздың екінші жартысынан бастап, үсік түскенге дейін түрлі-түсті әдемі гүлшоғын беріп гүлдейді. Кез келген топырақта өсе береді, бірақ оларға жақсы жарық пен мол су керек, қайтадан отырғызуды ұнатады.
I тарау. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ГҮЛЗАРМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды гүлді-сәндік өсімдіктермен таныстыру
Шегір гүл – формасы әдемі және бояуы әр түрлі, үш түсті немесе бір түсті гүлдері көп кішкене түптер, ерте көктемнің салқын түскенше гүлдеп тұрады, жапырақтары ұзынша келген құстың қауырсындары секілді қосалқы жапырағы бар. Ерте көктемнен бастап гүлдеуі үшін тұқымын шілденің аяғы мен тамыздың басында себеді. Қай кезінен бастап қайта отырғызса да өсе береді.
Түрік қалампыры – алғашқы жылы жапырақтарынан дөңгелек жасайды, екінші жылы биіктігі 40-60 1см сабақтарының ұшында әр түсті ұсақ гүлшешектер пайда болады, бұлар қолшатыр бейнелес ірі гүлшоғына шоғырланады. Ашық жерде және жақсылап тыңайтылған топырақта жақсы өседі. Тұқымдарын әдетте қыс қарсаңында себеді. Көктемде көктей бастайды маусымда оларды жүйектерге, ал тамызда тұрақты орынға отырғызады. Шыбықтарынан да көбейтуге болады.
Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Биіктңгі – 3-50см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы боладыү Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары.
Сарғалдақ – сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктердің үлкен тегі. 360-тай биологиялық түрлері бар.
Солтүстік жартышардың қоңыржай белдеуіндегі аймақтарда кең таралған. Суда өсетін түрлері бар.
Дәрілік өсімдіктердің біразына тоқталатын болсақ. Алтын тамыр
Етжапырақ бадан
Жалбызтікен
Қызыл бұрыш ол адамның ғұмыр жасын ұзарта алады, артериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.
Пияз оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп.
Сәбіз – екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады.
Қырыққабат.Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады.
Қияр.3 қасық ұсақтап туралған жас қиярға 1 стақан қайнаған суды ыстықтай құйып, 2-3 сағат қойып, тұнбасын сүзіп алып, қалдығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап алып, таза жуылған бетті сүртсе, ол безеуден арылтады.
Қызанақ.Ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы.оның құрамында қант, пектиндік, азоттық заттар, алкалоид, минералды тұздар мол. Екіншіден, қызанақта А, В, В әсіресе, С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы.
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть