Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың теориялық негіздері презентация

Содержание

Қоғамымыздың қазіргі даму қарқыны елімізде барлық салада түбегейлі өзгерістер енгізуді қажет етеді, ал бұл өзгерістерді енгізу мамандардың кәсіби дайындығының сапасының жоғары болуын талап етуде. Әрбір жұмыста өз ісін жетік меңгерген шебері

Слайд 1Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Тақырыбы:
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

Слайд 2Қоғамымыздың қазіргі даму қарқыны елімізде барлық салада түбегейлі өзгерістер енгізуді қажет

етеді, ал бұл өзгерістерді енгізу мамандардың кәсіби дайындығының сапасының жоғары болуын талап етуде. Әрбір жұмыста өз ісін жетік меңгерген шебері болады. Бұл іс-әрекеттің кәсіби түрі, яғни кәсіби іс-әрекет. Кәсіби іс-әрекеттің алуан түрлері бар. Кәсіби іс-әрекет осы кәсіпке байланысты функцияларды орындау үшін қажетті білім, біліктілік, дағды жүйесін меңгеруді талап етеді. Іс-әрекеттің жоғары нәтижелеріне жету үшін және жоғары кәсіби деңгейге қол жеткізу үшін теориялық және практикалық білім алу арқылы, өзбетімен білімін көтеру және тереңдету арқылы адам бұл білім мен біліктілікті меңгереді

Слайд 3

Кәсіби іс-әрекеттің мазмұны алға қойған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылуға тиісті

еңбек операцияларының құрамы. Ал кәсіп - арнайы дайындықты талап ететін және тәртіптің көзі болатын еңбек іс-әрекеті. Осыған байланысты педагогикалық іс-әрекетті кәсіби, кәсіби емес деп бөлуге болады.


Слайд 4Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мынадай белгілері бар: бұл іс-әрекетпен қажетті арнайы білім

мен біліктілікті меңгерген адам шұғылданады; бұл іс-әрекетті жүзеге асырудың анықталған түрлері бар: сынып, сабақ; бұл іс-әрекет белгілі бір мақсатты көздейді: балаға белгілі бір білім жүйесін беру, белгілі білім мен біліктілікті қалыптастыру; білімдегі кемшіліктерді жою; тәрбиелеу; баланың қабілетін, ынтасын, ойын, зейінін және т.с.с. дамыту; іс-әрекет мақсаты көбінесе оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын анықтайды; бала бұл іс-әрекеттің ерекше, салауатты сипатын түсінуде ұстазбен ерекше қарым-қатынаста болады; бұл іс-әрекеттің нәтижелерін әсіресе оқыту жөнінде, тексеріп көруге болады; оның қорытындысы - мұғалім оқытқан баланың білімі мен біліктілік деңгейі; нағыз мұғалім өзінің іс-әрекетін балаға білім беруде уақытын шектемейді.


Слайд 5
Жоғары білім берудің даму кезеңінде мұғалім дайындау проблемалары мынадай бағыттарда жүргізілді,

яғни кәсіби дайындық үдерісінде мұғалім тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін, мұғалімнің іс-әрекетінің құрылымын зерттеу; педагогикалық білімнің ғылыми негізделген мазмұнын, мұғалім мен студенттің меңгеруге тиісті педагогикалық білім мен біліктіліктің көлемін анықтау; педагогикалық пәндер бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің жолдарын анықтау

Слайд 6
Жоғары оқу орнында оқыту мен тәрбиелеудің маңызды бөлігі -жалпыпедагогикалық дайындық. Мұғалімнің

жалпыпедагогикалық дайындық проблемасы көп жағдайда функционалдық деңгейде қарастырылатынын байқадық. Яғни студенттерді әртүрлі бағыттағы жұмыстардың мазмұны мен әдістемесін анықтауға және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің белгілі бір түрін қолдануға арналғандығы; студенттердің жалпыпедагогикалық дайындығының жекелеген құраушыларының тиімділігін арттыруға арналғандығы. Жоғары оқу орнында мұғалімді кәсіби дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша арнайы зерттелген жұмыстар әлі де жеткіліксіз деп айтуға болады [1].


Слайд 7Педагогикалық ғылымның басты міндеті - студенттерді кәсіби дайындау жүйесін жасау, оны

жетілдіру құралдарын негіздеу.
Жоғары оқу орнында мұғалімді кәсіби дайындау жүйесі қоғамдық саяси, арнайы, психологиялық-педагогикалық әдістемелік дайындығын қамтиды.
Қоғамдық саяси дайындық болашақ мұғалімнің дүниетану әдіснамасымен, қоғамдық өмір құбылыстарымен, өмір шындығын тануға және түрлендіруге диалектикалық тұрғыдан қарауды қамтамасыз етеді.
Болашақ мұғалімнің арнайы дайындығы - өз мамандығы бойынша терең және жан-жақты біліммен, біліктілікпен, мектепте оқытылатын өз пәнінің мазмұны мен әдістерімен қарулану. Студенттерді психологиялық-педагогикалық және әдістемелік дайындау – оларға педагогиканың, психологияның, дербес әдістеменің негіздерін игерту, мектептегі оқу-тәрбие жұмысына дайындауды қамтамасыз ету.


Слайд 8Мұғалімнің жалпыпедагогикалық дайындығы белгілі бір заңдылықтарға негізделген объективті үдеріс [2]. Біріншіден,

жалпыпедагогикалық дайындық жүйесінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуымен, оның міндеттерімен байланыстылығы; екіншіден, жалпыпедагогикалық дайындықтың мазмұнының, түрлері мен әдістерінің педагогика ғылымы мен мектеп практикасының даму деңгейіне, педагогикалық іс-әрекеттің сипаты мен мазмұнына сәйкестігі; үшіншіден, жалпыпедагогикалық дайындық үдерісінде болашақ мұғалімдерді оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігі; төртіншіден, жоғары оқу орны студенттерінің жалпыпедагогикалық дайындығының мақсаттарының, функцияларының, мазмұны мен әдістерінің өзара байланыстылығы; бесіншіден, жалпыпедагогикалық білім, біліктілік және дағды сапасының студенттердің оқу-танымдық, оқу-тәжірибелік және өзіндік тәжірибелік іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мазмұнына, түріне және әдістеріне тәуелділігі; алтыншыдан, жалпыпедагогикалық дайындықтың мазмұны мен әдістерінің студенттердің жеке ерекшеліктеріне тәуелділігі.


Слайд 9Мұғалімнің теориялық дайындығының мазмұны
аналитикалық,
прогностикалық
проективті
рефлексивті
Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді

болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Жоғарыда баяндалған біліктілікті меңгеру студенттерді жоғары оқу орнында мұғалімдік мамандыққа дайындауда басты міндеттердің бірі болып саналады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты.

Слайд 10Қоғам тарихының қазіргі кезеңі ғылыми білімнің қарқынды прогресімен, техникалық идеялардың тез

ауысуымен, практикалық қызметке жаңа ғылыми ұсыныстардың кеңінен қолданылуымен, ғылымды ғана емес, қызметтің практикалық түрлерінің көпшілігін математикаландырумен ерекше сипат алады. Сондықтан математиканы оқытуды таза формальды түрде жүргізуге болмайды, математикалық әдістердің қазіргі өмірдегі, практикалық және зерттеу қызметіндегі орны мен маңызын ұдайы айқындап көрсетіп отыру қажеттілігі туды.
Мысалы, математика мұғалімінен пәнді жақсы білуімен қоса, оқушыларды еліктіре білу біліктілігі, олардың әрбір сабаққа уақытылы дайындалу қажеттілігін тудыру, математикалық және әдістемелік ұғымдардың мәнін терең түсіну, содан кейін есте сақтауға қол жеткізу біліктіліктері талап етіледі.


Слайд 11Болашақ математика мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің маңызды түрлерінің бірі - оқытудың теориялық

негіздерін біліп, оны мектеп математика курсының әртүрлі тақырыптарын оқытқанда, оларға есеп шығарғанда қолдана білу, ал ол үшін оның әдістемелік дайындығы болуы қажет. Оқыту теориясы туралы әңгіме еткенде оның үш деңгейін, яғни оқыту теориясының өзара байланысты үш теориясын көрсеткен жөн: психологиялық деңгей, немесе оқытудың психологиялық теориясы; дидактикалық деңгей, немесе оқытудың жалпы теориясы; нақты әдістемелік деңгей, немесе оқытудың әдістемелік теориясы

Слайд 12Педагогикалық энциклопедияда айтылатындай әдістемелік біліктілікті қалыптастырудың бірнеше деңгейі болады.
Математика мұғалімінің әдістемелік

біліктілігінің қалыптасуының бірінші деңгейі әдістемелік немесе оқу-таным іс-қимылының орындалу мақсаттарын саналы түрде түсінуі, оны орындауда белгілі бір нұсқауға, үлгіге сүйенуі. Екінші деңгейі - қалыптастырылған жекелеген, кейде тіпті әдістемелік біліктіліктің толық бір кешенін жаңа нысанға, оқу материалының неғұрлым ірі блогына көшіре білуі. Мұндай көшіру көбінесе жалпы ұсыныстарды пайдалану жолымен, оның мақсатының мағынасын түсіну негізінде жүзеге асады. Үшінші деңгейі - жоғары дамыған әдістемелік біліктілік, ол мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тек мақсаттарын ғана емес, сонымен бірге оның мотивтері мен құралдарын таңдай білуімен анықталады. Бұл деңгейде нақты педагогикалық ситуацияға сәйкес әртүрлі құралдар мен әдістемелік біліктілікті пайдалана білу шеберлігі тән болады.
Жоғарыда аталған біліктілікті қалыптастыру үшін теориялық және практикалық дайындық жүйесі қажет. Ол әдістемелік пәндер циклі арқылы қамтамасыз етіледі.


Слайд 13
Болашақ математика мұғалімінің маман ретіндегі меңгеретін білімі мынадай болу қажет деп

санаймыз: қарастырылып отырған кезеңдегі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін білу; мектеп математика бағдарламасына сәйкес оқулықтардың, оқу құралдарының мазмұнын терең және жан-жақты білу; оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін білу; оқушылардың жас ерекшеліктері мен педагогиканың, психологияның дидактиканың негізгі қағидаларына сүйене отырып, оқытудың тиімді әдістерін таңдай білу; негізгі дидактикалық бірліктерді саналы түрде түсіну және оларды қалыптастыру әдістемесін меңгеру.

Слайд 14Ал, болашақ информатика пәні мұғалімі оқытылатын пәннің ерекшелігін ескеріп оқушыларды оқытуға

және тәрбиелеуге дайын болу; әлеуметтендіруге, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға, болашақта кәсіби білім беру бағдарламасын меңгеруге ықпалын тигізу; оқытудың әртүрлі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолдану; мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқушылардың дайындық деңгейін қамту; өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру, әдістемелік ұйымдар қызметтерінде және әдістемелік жұмыстардың басқа түрлеріне қатысуға дайын болу, еңбекті қорғау, қауіпсіздендіру техникасының және өртке қарсы қорғау ережелерін орындау; білім беру үдерісінде оқушылардың өмірін және денсаулығын қорғауды қамтамасыздандыра білуі қажет.


Слайд 15Болашақ информатика пәні мұғалімінің кәсіби қызметінің негізгі бағыттары: сынып ұжымын ұйымдастыру;

оқушыларды оқыту және тәрбиелеу; ата-аналар қоғамымен байланысты орнату; білім беру концепциясының талаптарын жүзеге асыру; ғылыми-теориялық білімді және кәсіби біліктілікті арттыру; әртүрлі конференцияларға қатысу; алдыңғы қатарлы педагогикалық және жеке тәжірибені біріктіру; жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды үйрену және енгізу. Информатика мұғалімінің кәсіби қазметінің мазмұны ретінде оқу-тәрбиелік үдерісті педагогикалық ғылым мен практика талабы деңгейінде ұйымдастыру, информатиканы оқыту әдістемесін білу және меңгеру, қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін және қолданбалы бағдарламалар пакетін білу, ақпараттық жүйелерді жобалау құралдарын қолдана білу, әртүрлі қызмет салаларында математикалық модельді құру, құрылған математикалық модельді шеше білуі талап етіледі. Сонымен қатар, болашақ информатика пәні мұғалімдері компьютерді толық меңгере отырып, математикалық модельдерді, әртүрлі бағдарламалау тілдерін, қолданбалы бағдарламалар пакетін, олардың қызметтерінің тиімділігін таңдап, сабақта тиімді қолдана білу дағдысы қалыптастырылғаны жөн. Ендеше, болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауды жетілдіруге қатысты, әсіресе болашақ математика мұғалімдері мен болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби дайындығын жетілдіруде пәнді оқытудың әдістемелік жүйесін келтіру, оны оқытуға компьютерді қолдану теориясын ашу маңызды болып табылады

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика