Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының өзгешелігі презентация

Содержание

Мақсаты: Мектептің есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағы қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіру, үйрету. Әдептілік, имандылық, инабаттылық , мейірімділік, қайырымдылық, құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін

Слайд 1Тақырыбы:



Бастауыш мектептегі тәрбие
жұмысының өзгешелігі
Орындаған: Жанабилова А.С.
П-225 топ

студенті
Тексерген: Серикова Н.У.

Слайд 2Мақсаты:

Мектептің есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағы қасиеттерді қастерлеп, өмір

талабына сай заңдылықтарды түсіндіру, үйрету. Әдептілік, имандылық, инабаттылық , мейірімділік, қайырымдылық, құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың сана – сезіміне,
ақыл – парасатына ұялата білу, рухани жаны таза адам болуға тәрбилеу.

Слайд 3Бастауыш мектеп жасындағы баланы тәрбиелеу – жалпы тәрбие үрдісінің ең неізгі

кезеңі. Тәрбие – бұл өмірлік шығармашылық.

Оқыту үрдісі педагогикалық үрдістің басты қараушыс болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті негізінде оқыту мен оқудың бірлігін көрсетеді.

Слайд 4 Қазіргі таңда оқыту:

-Екі жақты сипатта;
-Мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
-Жоспарлы ұйымдастыру

мен басқару;
-Тұтастығы және бірлігі;
-Балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігі;

Слайд 5 Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінде
мына кезеңдер айқындалады.
Оқушының

оқуға қызығушылығын ояту;
Оқушының білім, білік, тәжірибесін айқындау;
Жаңа тақырыпты меңгеруін ұйымдастыру;
Өткенді пысықтау;
Оқытудың нәтижелілігін айқындау;

Слайд 6 Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің

сапалы болуы тікелей мұғалімге , оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол мектепке жаңалық енгізуде шешуші роль атқарады.

Слайд 7Ғалым педагог Л.В. Занков: «Оқыту – оқушының рухани дамуын қамтамасыз етуі

қажет», - дейді.


Көрнекті психолог Л.С.Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуына ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқуды айтады», - деп тұжырымдайды.

Слайд 8 Қазіргі ғалымдану мен техниканың қарқынды даму кезінде оқу

– тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Мектептің бастауыш сатысында оқу – тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс - әрекетімен мұғалім мен оқушының өзара қарым – қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті тиімді пайдалануға болады. Мұнда негізгі және жетекші үрдіс – іс - әрекетті оқытуды ұйымдастыру.

Слайд 912 жылдық білім беруге көшу бұл:
Әлемдік білім кеңестігіне енуге өз-
ге

елдің даму үрді-
сіндегі үлгілерді зерделеу,ұлттық
сана қалыптастыру
дың басым бағыты.

Әрбір жеке тұлғаға білім
алудың өмірлік
жолын еркін
таңдау мүмкіндігі туады

Білім мазмұнын жаңар-
та отырып,оқу үрдісін-
де өз іс-әрекетін ұйымдастыра
алатын тәжірибесін үйлестіре
алатын тұлға қалыптасады.


Слайд 10 Білім беру сапасы - қоғамдағы білім

беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай – ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады.Сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын енгізу болып отыр.


Слайд 12Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен

қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс – тәсілдері.
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.

Жеке басдамытуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану.

Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

Слайд 13 Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология

ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілімөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л:С Выготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков,
В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.

В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.

Слайд 14Дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин,
В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.

Оқу мақсаттарының

нақты қойылуы.

Оны шешудің жолын бірге қарастыру.

Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Слайд 15Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу

іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп,әр оқушыға өз ойын ,өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Слайд 16Дамыта оқытудың негізгі идеясы:
Оқытуды әр бала жан - жақты дамитындай

етіп ұйымдастыру.

Дамыта оқытудың басты принциптері:
Жоғары қиындықта оқыту;
Теориялық білімнің жетекші ролі;
Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы;
Дамыта оқытудың негізгі қағидалары :
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас;
Іс - әрекеттік оқыту тәсілі;
Даму заңдылықтарын ескеру;
Педагогикалық ықпалдың, дамудың алдын – алу;
Баланы іс - әрекет субъектісі ету;
«Жақын даму аймағында» оқыту;
Мақсатты оқу іс - әрекеті, оқу міндеттерін шешу;

Слайд 17Дамыта оқытудың тәсілі :
⮚Дидактикадағы салыстыру тәсілі;
⮚Байқау – қоршаған ортамен байланысы;
Дамыта

оқытудың ерекшеліктері:
★баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу;
★Топтық тапсырманың әр мүшесі әр бағытын орындайды;
★Жеке оқушының жұмысы бағаланады;
★Топ атынан сөйлейтін оқушыны өзге топ және мұғалім тыңдайды;
★Жеке білімді тексеру бөлек жүреді;
Дамыта оқытудың нәтижелі көрсеткіші:
❖Ойлай білуі;
❖ Пайымдай білуі;
❖ Нақтылай білуі;
❖ Жүйелей білуі;
❖ Дәлелдей білуі;

Слайд 18Дамыта оқыту технологияларының түрлері:
⧫Эмпирикалық дамыта оқыту

(В.Занков)
⧫ Ірілендірілген дидактикалық бірліктер
( П.Эрдниев)
⧫ Өзін - өзі дамыту (В.Селевко)

⧫ Мазмұнды жалпылау ( В.Давыдов)

Слайд 20 Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың


өзара ерекшеліктері

Слайд 21Дәстүрлі оқыту дегеніміз – пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығын беру,

нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамды тәрбиелеу.

Дамыта оқыту дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс –тәсілдері, баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды айтамыз. Жүйенің басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру,
жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Слайд 22Дәстүрлі оқыту әдістері
Дамыта оқыту әдістері
1.Сұрақ –жауап

2.Әңгімелесу

3. Түсіндіру

4.Көрнекілік
1. Проблемалы ойлау
2.

Талдау

3. Іздену

4. Салыстыру

5. Байқау


Слайд 23Дәстүрлі оқыту
Дамыта оқыту
Жаттау, есте сақтау
Дербес жұмыс істеу,
алған білімді

пайдалана білу

Слайд 24Л.В.Занковтың жасаған жүйесі:

✧Оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
✧ Мақсттағы айырмашылықтар;
✧ Дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

Әдіс – тәсілдердегі ерекшеліктер;
Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
✧ Мұғалім еңбегінің нәтижелігін анықтаудағы жаңа көрсеткіштер;
✧ Мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым - қатынас;

Слайд 25Л.В.Занковтың жасаған жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту.

Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс - әрекетті меңгеруі қабылданады.
Л. В. Занковтың жасаған жүйесінің басты дидактикалық принципі:
?Жоғары қиындықта оқыту;
? Теориялық білімнің жетекші ролі;
? Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы;

Слайд 27



Бейімбет Майлин

1894 жылы Қостанай облысы Таран ауданында дүниеге келген.
Ол алғаш ауыл

мектебінде,
кейін Троицк қаласындағы мед
реседе,содан соң Башқұртстан
ның астанасы Өпе(Уфа) қаласын
дағы “Ғалия” медресесінде
білім алған.

Әдебиетімізде
әңгіме жазудың шебері

1922 жылы “Күлпаш” әңгімесін жазды.



Бейімбет- прозашы, ақиық ақын,
сындарлы сыншы,білікті балалар қаламгері,
Педагог, журналист, шебер драматург

Азаттық, тәуелсіздік,
Теңдік үшін күрескен



1938 ж. Жазықсыз
жаламен
дүниеден өткен



Слайд 28Күлпаш
Бейімбет Майлин
1894 – 1938 жж


Слайд 30
Сөздікпен жұмыс


Слайд 31Өрім -өрім – тозған, жыртылған
Бөкебай- басқа жамылатын шәлі
Ызғырық- суық жел
Өлмелі кедей-

өте кедей


Слайд 32І бөлім
Үміт сәулесі
ІІ бөлім
Азапты күн


Слайд 33Шығармашылық тапсырма


Слайд 34Күлпашқа сипаттама бер


Слайд 35"Сөз терім" ойыны


Слайд 36Шықпа,
жаным,
шықпа
Бейімбет Майлин кім? Қайда оқыған?
Күлпаш пен Қалидың сыртқы

тұрпаты
қандай?Қали неліктен бүк түсіп оранып
жатыр?

Қали мен Күлпаш Мақтымның келуін
неге асыға күтеді?


Слайд 37«Кешегі, бүгінгі және ертеңгі Қазқстандағы білім
беру » әр ұстаздың тәжірибесінде

деп өз ойымды аяқтағым келеді. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. «Адам ұрпағымен мың жасайды»- дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпағымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшінхалық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу – тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болыр табылады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика