Арнайы педагогика презентация

Арнайы педагогика — көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым. Пед. ғылымында дефектология (лат. defectus — жетімсіздік және грек. logos — сөйлеу,

Слайд 1АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА


Слайд 2 Арнайы педагогика — көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі

бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым. Пед. ғылымында дефектология (лат. defectus — жетімсіздік және грек. logos — сөйлеу, оқу) деп те аталады.
Ол төрт салаға бөлінеді:
сурдопедагогика — саңырау, мылқау балаларға,
тифлопедагогика — соқыр балаларға,
олигофренопедагогика — ақыл-ойы кеміс балаларға,
логопедия — тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді. Табиғи кемтар балалар мемл. есебінен арнайы мектептерде тегін оқытылады.

Слайд 3 Балалардың арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: әр түрлі

кемістігі бар балалардың психалогиялық және физиалогиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету.


Арнайы педагогиканың міндеттері

- Дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеу әдістерінің әзірленуі мен жетілуі;

- Даму бұзылыстарын толықтыру, түзету жолдары мен құралдарын белгілеу

- Дамуында бұзылысы бар балаларды тәрбиелеу, оқыту және қоғамдық пайдалы әрекеттерге кіргізу, қатыстыру





Слайд 4 Сурдопедагогика - есту кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым,

дефектологияның бөлімі.

Слайд 5 Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру

қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Ғылым саласы ретінде 19 ғасырдың басында дами бастады. Кеңес Одағы кезінде әр түрлі ауытқуы бар балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу мекемелері ашылып, олар жалпы білім беру жүйесіне кірді.
Көру кемістігі барлар арнайы оқыту мекемесінде білім алып, жоғары оқу орындарына түсуге жағдай жасалды. Тифлопедагогика саласында мол еңбек қалдырған Б.И. Коваленко мен В.С. Сверлов болды. Тифлопедагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде философияға, гуманистік тәрбие мен жалпы-дидакт. оқыту принциптеріне, көру қабілетінің (КҚ) кемістігі бар адамдардың өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды. Тифлопедагогиканың жаратылыстанудағы сүйенетін негізі И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы ілімі.
Сондай-ақ тифлопедагогика тифлопсихология, патофизиология, педиятрия, психоневрология ғылымдарымен де тығыз байланысты.

Слайд 6 Олигофренопедагогика - ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы

ғылым


Тұнғыш ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесінің тәжірибесі Эдуард Сегеннің «Ақыл-ойы есуас балаларды тәрбиелеу, тазалыққа ұйрету және өнегелі емдеу» атты үлкен еңбегінде суреттелген(Париж, 1846, орыс ауд. 1903).

Олигофренопедагогика педагогикалық ғылымның жеке тарауына әзірлеуі жалпы білім беру мектептерінің кеңейтілгеніне байланысты балалар арасындағы ақыл-ой жағынан қалып қойғандық кұбылысына дәрігерлер, ұстаздар, психолоттар мен қоғам қайраткерлердің назары аударылған кезі XIX ғасырдың аяғы - XX ғасыр басына қатысты.

Слайд 8 Логопедия (гр. logos — cөз, ілім, paіdeіa — тәрбиелеу, оқыту) -

психология мен педагогиканың тіл кемшілігін, оны жою мен оның алдын алудың әдістері мен қағидаларын зерттейтін саласы. Бала тілінде болатын кемістіктерді зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздестіретін арнайы дефектология тарауының бірі.

Слайд 9НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!)


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика