Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау презентация

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте

Слайд 1

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін

атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.

Слайд 2Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана

емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады.


Слайд 3Әже отбасында қарым-қатынасты реттейтін балаларды өмірге бейімдеудің қарапайым түрлерін мейірім арқылы

жеткізетін ақылшы, отбасының алтын қазығы екенін көреміз. Әже деген қастерлі де қадірлі сөз. Осы сөздің өзі-ақ ізгілік, имандылық, мейірім деген ұғымды білдіретіндей көрініп тұрады.

Слайд 4
Әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл

тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді.

Слайд 5Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген

вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.


Слайд 6 Әжелер өнегесі – ұрпақтан – ұқпаққа ұласып, ғасырдан – ғасырға

жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі

Слайд 9Менің әжем, бұл әжем  Айтқан сөзі дәл әжем.  Аман болса көреді  Қызығымды әлі әжем.  Менің

әжем, нар әжем  Көп жасаған кәрі әжем.  Ауырғанда мен үшін  Әр сүйгені дәрі әжем.  Менің әжем, жыр әжем  Шуағы мол, нұр әжем.  Ақ таяққа сүйеніп  Аман – есен жүр, әжем! 

Слайд 10Әже маған үлгі сөзіңіз
Өнегесіз өзіңіз
Жақсылыққа талпынып
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене
Жаман деген

немене,
Осындайда, әжетай
Айтыңызшы өнеге.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика