Слайд 1ӘДЕБИЕТТАНУ МАМАНДЫҒЫ, 1 КУРС МАГИСТРАНТТАРЫ
Жоғары білім берудің мазмұны
Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ
Слайд 2ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
ҚР Конституциясы
ҚР Білім заңы
ҚР Білім бағдарламасы
ҚР
білімді дамыту бағдарламасы 2010-2020 жылдар
Мемлекеттік стандарттар
Типтік бағдарлама
Слайд 3Стандарт туралы ұғым
Стандарт – үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта
жазылған талаптарға сай жасалады.
Стандартта бакалавр, магистр, оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағлырадың көлемі, құзыреттілік дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат.
Слайд 4Типтік оқу бағдарламасы;
Оқу бағдарламасы (элективтік оқу бағдарламасы);
ОӘК (Оқу-әдістемелік кешені), ПОӘК (Пәннің
оқу-әдістемелік кешені).
Слайд 5 Жоғары білім бұл
Жоғары
білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар (35 бап, 1 бөлім, ҚР «Білім туралы» заңы).
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске асырылады.
Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерi болып табылады (35 бап, 2 бөлім, ҚР «Білім туралы» заңы).
Слайд 6Жоғары білім берудің мақсат-міндеті:
Жоғары білім берудің мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және
тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін тандауға кеңінен мүмкіндік беру.
Іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек нарығы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;
Жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;
Студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу.
Слайд 7Жоғары білімнің мазмұны
Жоғары білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі.
Ол әрбір білім реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалға байланысты.
Білім беру мазмұны оқытушыларға “Нені оқыту керек?” деген сұраққа жауап береді.
Слайд 8Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер,
В.С.Леднев, М.Н.Скаткин, т.б. зерттеді.
Қазақстандық ғалымдар Нұрахметов Н.Н., Жадрина М.Ж., Жуматаева Е.Ө., т.б.
Ал, Өмірбаев С.М, Жақыпова Ф. кредиттік жүйе негізінде зерттеді.
Слайд 9И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша “білімнің мазмұны дегеніміз – тұлғаға берілетін білім, іскерлік
және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі. Ең басты білім мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту қажет.”
Слайд 10Я.А. Каменский алғашқы рет жалпыға бірдей білім беру идеясын ұсынды
Аналар мектебі
(6 жасқа дейін);
Қарапайым мектептер (6-дан 12 жасқа дейін);
Гимназия (12-ден 18 жасқа дейін).
Слайд 11Білім мазмұнының түрлері
Күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
Көзқарастарды
дәлелдеуге қажетті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
Әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер;
Болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары.
Слайд 12Білім мазмұнын анықтауға әсер ететін факторлар
Обьективті
Қоғамның, ғылым мен техниканың дамуы
Субьективті
Қоғамдағы саяси
идеология, ғылымдардың методологиялық позициялары
Слайд 13Қазіргі таңдағы оқытудың бағыттары
Білім беру саласында дәстүрлі оқыту формаларына қоса, басқа
да бағыттар қалыптасты:
мәселелік оқыту,
бағдарламаланған оқыту,
ақыл-ой әрекетінін сатылап қалыптасу теориясы негізінде оқыту,
алгоритмдік оқыту,
белгі – контекст типі бойынша дамыта оқыту,
жобалап оқыту.
Слайд 14Жоғары білім айқындайтын нормативтік құжат – оқу бағдарламалары:
Жалпы білім
беретін;
Кәсіптік білім беретін;
Қосымша білім беретін.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Бастауыш білім беру
Негізгі орта білім беру
Жалпы орта білім беру
Слайд 15 Кәсіптік оқу бағдарламалары экономика салаларындағы кәсіптік қызметтердің бағыттары
бойынша техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегі мамандарын даярлауға, жеке адамның кәсіптік және жалпы білім деңгейін жүйелі арттыруға бағытталған.
Техникалық және кәсіптік білім беретін
Орта білімнен кейінде білім беретін
Жоғары білім беретін
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін
Слайд 16Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
Слайд 17Болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қалыптастыру қандай бағытта жүргізіледі?
Болашақ маманның теориялық
білімі және оқу-тәрбие жұмысын атқаруға қажетті педагогикалық іскерліктері мен дағдыларынын мазмұнын, жүйесін анықтайтын профессиограмма жасаумен сипатталады (В.А. Сластенин, Л.Ф. Спирин);
Педагогикалық іс-әрекет құрылымын зерттеумен айкындалады (Н.В. Кузмина, А.И. Щербаков);
Жоғары оқу орындарындағы пәндердін, сондай-ақ пегадогикалық практиканың дидактикалық бағыттылығым күшейту және арнайы пәндерді оқытуды жетілдіру мәселелерін көтере отырып, олардың кәсіби-педагогикалық даярлығына көңіл бөлу (Қ. Аймағамбетов, С.Е. Архипова, Т.В. Омельченко).
Слайд 18Педагогикалық білім беру құрылымы
Кәсіби-педагогикалық даярлық құрылымы
Слайд 19Жоғары білім берудің теориялық әдістері
Салыстыру – қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады.
Талдау – зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу, құбылыстың жеке белгілері мен сапасын бөліп беру.
Синтез – берілген қасиеттерін ескере отырып, бүтінді құру.
Слайд 20Абстракциялау – заттың қандайда бір қасиеті мен белгісін оның басқа белгілерінен
ойша бұру.
Нақтылау – алдын-ала мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру.
Үлгілеу – процестер мен құбылыстарды олардың нақты және идеялық үлгілері көмегімен зерттеу.
Бақылау – белгілі бір педагогикалық құбылысты мақсатты түрде, жүйелі зерттеу.
Слайд 21 Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, қазіргі университеттік білім беру тек білімді жеткізу емес,
сонымен қатар теориялық білімді, дүниені менгеретін шығармашыл құралға айналдыру міндетін көздейді.
Жоғары оқу орнын жақсы бітіргендерге бакалавр атағы беріледі, бұл атаққа ие болғандар 2 жыл қосымша оқудан соң, ғылым магистрі атағын алады. Алайда, кез келген елдегі Жоғарғы білім беру ісі елдің ішкі ерекшеліктерімен қатар, дүниежүзілік ортақ стандарттарға сай келуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында да білім беру жүйесін әлемдік стандарттармен сәйкестендіру мақсатында оқу ісін реформалау жұмыстары жүргізіліп келеді. Шет елдердің көпшілігінде Қазақстанда берілген Жоғарғы білім мойындалады.
Слайд 22 Елімізде Жоғарғы білім
берудің бес жылдық, жеті жылдық (медицина) үлгілерімен қатар, төрт жылдық бакалавриат және екі жылдық магистратуралық оқу мерзімі енгізілді. Бакалавр дәрежесіндегі Жоғарғы білімді маман кәсіби тұрғыдан даяр кадр есебінде әр түрлі салаларда еңбек ете алатын болса, жекелеген ғылым салаларын тереңдетіп оқытатын магистратураны бітірушілер аспирантураның екінші жылына қабылдану мүмкіндігіне ие болады. Алайда, бұрынғы кеңестік жүйе кезеңінде қалыптасқан Жоғарғы білім берудің кейбір ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Мысалы, магистратура мен докторантура аралығындағы аспирантураның құрылымдық жағының шетелдік Жоғарғы білім жүйесінен айырмашылықтары бар. Қазіргі уақытта қазақстандық Жоғарғы білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді;
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚР «Білім туралы» Заңы;
Жоғары мектеп педагогикасы, оқу құралы;
Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика: учебник для магистратуры университетов;
Мынбаева А.К. Педагогика высшей школы: раздаточный дидактический материал.
Таубаева Ш. Педагогика әдіснамасы. – Алматы: 2013 жыл.