Жоғары мектептегі оқу процесінің компоненттері презентация

ОҚЫТУ Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу.

Слайд 1ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІ
Орындаған:Құрбанова Баян


Слайд 2ОҚЫТУ
Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған

өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу.

Слайд 3ОҚЫТУ ПРОЦЕСІ
Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері мыналар:
Мақсат.
Педагог
Оқушы, білім алушы.
Оқыту

әдістері.
Оқытуды ұйымдастыру түрі.
Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.
Педагогикалық диагностика.

Слайд 4
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын,

қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.

Слайд 5ЛЕКЦИЯ
Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы

негізді қалыптастыру. Лекцияға қойылатын талаптар:
Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы;
Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі)
Дәлдігі мен дәлелділігі;
Түсіндірудің эмоционалдық жағы;
Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру;
Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы;


Слайд 6ЛЕКЦИЯ
Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу;
Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру;

Қорытындылау;
Тілінің түсінікті және анық болуы;
Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу;
Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану;


Слайд 7ЛЕКЦИЯНЫҢ ҮШ ТҮРІ БОЛАДЫ:
1. Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар

жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн.

Слайд 8ЛЕКЦИЯ
2. Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес

жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
3. Қорытынды немесе шолу лекция - бұл қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан сұрактарының жауаптары қарастырылады.

Слайд 9СЕМИНАР
Дұрыс әрі тиімді ұйымдастырган лекцияның тәрбиелік маңызы арта түседі, яғни, ойлау,

еңбек әрекеті, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасады. Семинар және лабораториялық сабақтар. Семинар сабағының оқытудың формасы ретінде өзіне тән тарихы бар. Семинар латынның " seminarium " деген сөзінен шыққан. Семинар ертедегі грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытьщды түрінде өтілген.
XVII ғасырда бұл форма Батыс Еуропа елдерінде, ал ХГХ ғ.-дан бастап Ресей университеттерінде қолданылып келеді.

Слайд 10СЕМИНАР
Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу көзделеді ( А.М.Матюшкиннің пікірі бойынша):
Кәсіби

шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту;
Танымдық мотивтер;
Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану.
Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді шешеді.

Слайд 11СЕМИНАР
ЖОО-да көбінесе семинардың 3 типі жүргізіледі:
Белгілі бір курсты терең меңгеру

мақсатына көздейтін.
Әдіснамалық жағъшан маңызды белгілі бір тақырыптын немесе курстың жекеленген тақырыптарын меңгеру.
Ғылымның жекеленген бөлімдерін терең зерттеу мақсатындағы. Семинар сабақтары әңгіме, баяндама, пікірталас түрлерінде өтіледі.

Слайд 12ЛАБОРАТОРИЯ
Лаборатория" латынның - "Labor" еңбек, жұмыс, қиындық деген мағынаны білдіретін сөзінен

шыққан. Лабораториялық жұмыстар оқу жұмысының ерекдіелігіне байланысты, сондықган әрбір нақты жағдайда жекеленген әдістемелік нұсқаулар қажет. Топтың біріккен іс-әрекеті - ең тиімді формалардың бірі. Оның нәтижелілігі оқытушының ұйымдастырушылық шеберлігіне байланыс-ты, яғни студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға, мәселені зерттеуші ретіңде шешуде оларды ойластыру, ойлай білу іс-әрекеттерін белсендіру мақсатында бағыттаумен анықталады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика