Н.Оңдасынов атындағы “Дарын” мектеп-интернаты туралы презентация

Содержание

Н.Оңдасынов атындағы “Дарын” мектеп-интернаты туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 24.05.1996 жылғы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» №3002 өкімін жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың 22.08.2002

Слайд 1Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан “Дарын” мектеп-интернатының директорының презентациясы
Байшенов Қуаныш-Бек Әділмұратұлы


Слайд 2Н.Оңдасынов атындағы “Дарын” мектеп-интернаты туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 24.05.1996 жылғы «Дарынды

балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» №3002 өкімін жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың 22.08.2002 жылғы №298 қаулысымен «Түркістан аймақтық дарынды балалар үшін арнайы мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі ашылды. Қазақстан Үкіметінің 15.10.2004 жылғы №1061 қаулысы бойынша мектебімізге мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист-ғалым Н.Оңдасыновтың есімі берілді.

Слайд 3Мектеп жаратылыстану - математика бағыттарында білім береді, математика, физика, химия, биология

және география пәндері тереңдетіліп оқытылады.
Сондай - ақ барлық сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті, информатика, дене шынықтыру және технология пәндері бөлініп оқытылады. Мектебіміздің жоғары оқу орындарымен байланысы дұрыс жолға қойылған. ЖОО-ның 14 оқытушы-профессорлары, ғылым докторлары мен кандидаттары оқушыларымыздың ғылыммен шұғылдануына өздерінің көмегін үнемі беріп, оларға басшылық етіп келеді. Мектебіміздің 7-11 сынып оқушылары «Ақбота», «Кенгуру-лингвист», «Кенгуру-математик», «Золотое руно», «Русский медвежонок», «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» сияқты танымдық- зияткерлік ойындарына тұрақты түрде қатысып, облыс, республика көлемінде жүлделі орындар алып келеді.


Слайд 4Мектепте 58 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 21-і жоғары, ал 12-і

бірінші, 15-ы екінші біліктілік санатты мұғалімдер.10
Мектебімізде 2 мұғалім - Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі,
3 мұғалім - Ы.Алтынсарин медалінің иегері, 4 мұғалім - «Дарын» РҒПО-на 10 жыл мерекелік белгісінің, 2 мұғалім - Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беруде.


Слайд 5Осы уақытқа дейін мектебімізді 606 оқушы бітіріп, оның 174 оқушы «Алтын

белгі» белгісімен, 66 оқушы «Үздік аттестаттың» иегері атанды. Мектебіміз 2004 жылдан бері Ұлттық Бірыңғай Тест қорытындысы бойынша республикамыздағы
100 үздік мектептің қатарында тұрақты түрде өз орнын алып келеді. Бұл республика бойынша өте жоғары көрсеткіш!


Слайд 6 2005 жылғы мектебіміздің түлегі Жантасова Үміт Қыдырбайқызы ҰБТ қорытындысында

мүмкін болған 120 ұпайды түгелдей иемденсе, 2006 жылы мектебімізді бітірушілер ҰБТ-да орташа 105,68 ұпаймен қорытындылап, республика бойынша 100 үздік мектептің көшін бастап, республика жеңімпазы атанды.
Осы үздік нәтиженің арқасында мектебімізге «Дарын» РҒПО-ның алмаздан жасалған ескерткіш статуясы және ОҚО әкімінің ВАЗ-21074 маркалы автокөлігі мен компьютер сыныбы сыйға берілді.


Слайд 7 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылы жас

ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі ерекше жетістігі үшін мектепке республика бойынша «Ең үздік жаңашыл мектеп» атағын берді.


Слайд 8 2011-2012 оқу жылының қорытындысында облыстық білім саласының дамуына ерекше

үлес қосқаны үшін мектебіміз Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2012 жылдың «Үздік мектебі» номинациясының иегері болып танылып, дипломмен марапатталды.


Слайд 9 Білім саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін мектеп-интернатымыз Оңтүстік

Қазақстан облысы білім басқармасының «Орта білім беретін үздік ұйым-2013» конкурсының жеңімпазы атанып, 14 миллион 928 мың теңгенің грантын жеңіп алды.


Слайд 10Бітірушілеріміздің барлығы дерлік мемлекеттік білім грантының иегерлері атанып, қазір еліміздің түрлі

жоғары оқу орындарында білім алуда. Атап айтқанда мектепті бітірушілердің басым бөлігі республикамыздағы іргелі оқу орындары КИМЭП, Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, СДУ және тағы басқа ЖОО-на оқуға түсіп, егеменді еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда.


Слайд 11Мектебіміздің базасында 2009 жылы 18 ақпанда тәжірибе алмасу мақсатында «Инновациялық және

ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оқу сапасын арттыру» тақырыбында қалалық семинар болды, 2009 жылы «География пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар»тақырыбында және 2012 жылы «Туристік-өлкетану іс-әрекеттері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістері» тақырыбында республикалық оқу семинарлары өтті.Бұл семинарларларға республикамызың түпкір-түпкірінен 100-ден астам мұғалімдер келді. Сонымен қатар 2015 жылдың 21-24 наурыз аралығында ақындық пен шеберлікке баулитын «Ақберен» ІІ республикалық ақындар байқауы өтті. Сайысқа еліміздің 16 аймағынан тұлпардай озып шыққан оқушылар келді.


Слайд 12Мектептің материалдық-техникалық базасы жыл сайын нығайтылуда. Мектеп базасында интерактивті тақтамен жабдықталған

физика, химия, биология, математика, тарих, информатика кабинеттері жұмыс істейді. Толық жабдықталған мультимедиялық кабинет бар. Информатика кабинетінде компьютерлер интернет желісіне қосылған. Кабинетте техникалық жабдықтармен қатар лабораториялық жұмыстар жүргізу үшін құрал жабдықтар, реактивтер, әдістемелік нұсқаулар және электрондық кітаптар бар. Мектепте оқушылар қолданатын 27 компьютер бар, оның ішінде 11- і интернет желісіне қосылған. Мектеп-интернат директоры Байшенов Қуаныш Әділмұратұлы басшылығымен мектепте 58 мұғалім, 8 тәрбиеші жұмыс атқарады. Оқушыларға білім мен тұрмыстық қажеттіліктеріне 150 орынды жылы жатақхана, кітапхана, дәрігерлік кабинет, 94 орындық асхана қызмет көрсетеді.


Слайд 13 Мұғалімдердің соңғы үш жылдық жетістіктері


Слайд 14 Оқушылардың соңғы үш жылдық жетістіктері


Слайд 15Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық « Дарын» мектеп-интернатының 2014-2015 оқу жылындағы

11 сыныптар үшін ҰБТ-ге дайындық барысында алынған байқау тест қорытындысы

Слайд 16 Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан « Дарын» мектеп-интернатының 2015-2016 оқу жылындағы

11 сыныптар үшін ҰБТ-ға дайындық барысында алынған байқау тест қорытындысы

Слайд 17 ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТ көрсеткіштері


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика