Менің іс тәжірибе күндерім презентация

Іс-тәжірибенің алғашқы күнінде, ең алдымен мектептің оқу ғимараты мен басшысымен таныстым. Маған бөлінген 5 “б”сыныптың жетекші ағайымен және сынып оқушыларымен таныстым. Іс-тәжірибенің алғашқы бірінші аптасы

Слайд 1Тақырыбы: Менің іс тәжірибе күндерім
Мақсаты: Іс-тәжірибені өтіп оқушыларға білім беру.


Слайд 2Іс-тәжірибенің алғашқы күнінде, ең алдымен мектептің оқу ғимараты мен басшысымен таныстым.

Маған бөлінген
5 “б”сыныптың жетекші ағайымен және сынып оқушыларымен таныстым.

Іс-тәжірибенің алғашқы бірінші аптасы


Слайд 3Менің 5 ”б” сыныбымда жалпы 35 оқушы оқиды. Олардың барлығы тәрбиелі,

тәртіпті, қабілетті, ұйымшыл, спортсмен ең бастысы білімді балалар мен қыздар екен.

5”б” сыныбы


Слайд 4Маған информатика сабағынан Күнтас Гүлнара апайды пән жетекшісі етіп тағайындады.
Информатика сабағы


Слайд 5Информатика сабағынан алғашқы тақырыбым “менің алғашқы бағдарламам” деген тақырып болды. Сабаққа

алдын ала дайындалып, керекті материалдарды, құрал-жабдықтарды дайындап алдым.
Күнтас Гүлнара апайдың басшылығымен өзімнің алғашқы сабағымды өттім.

Алғашқы сабақ өтуім

Менің алғашқы
бағдарламам


Слайд 6Менің ашық сабағымның тақырыбы“Scratch бағдарлама ортасы”.
Ашық сабағымды ең алдымен оқушыларға scratch

бағдарлама ортасы жайлы жалпы мәліметті презентация көмегімен айтып түсіндірдім. Сосын компютерде Scratch бағдарламасында жұмыс жасауды көрсеттім. Сабақ бітуіне 15 минут қалғанда оларды компьютерге отырғызып scratch бағдарламасында кітапта берілген үлгіге қарап бағдарлама жасаттым.Сабақ бітуіне 5 минут қалғанында олардың компьютердегі жасаған бағдарламасын тексеріп бағаладым.

Ашық сабағым.


Слайд 7Менің екінші ашық сабағымның тақырыбы “Scratch бағдарламасындағы блоктар”.
Ашық сабағымды ең алдымен

оқушыларға “Scratch бағдарламасының блоктары” жайлы жалпы мәліметті презентация , суреттер және дайын программалар көмегімен айтып түсіндірдім. Сосын компьютерде Scratch бағдарламасында блоктардың қызметі мен міндеттерін, бағдарлама мысалында құрып көрсеттім. Сабақ бітуіне 15 минут қалғанда оларды компьютерге отырғызып scratch бағдарламасында кітапта берілген үлгіге қарап бағдарлама жасаттым.Сабақ бітуіне 5 минут қалғанында олардың компьютердегі жасаған бағдарламасын тексеріп бағаладым.

Ашық сабағым


Слайд 9Тәрбие сағатының тақырыбы “Табиғат және біз”.
Тәрбие сағатын өтуімнің ең басты мақсаты

балаларға табиғатты аялауымыз керек екендігін түсіндіру болды.
Ол үшін ең алдымен заводтардан, машиналардан, ормандардың өртенуінен шығып жатқан түтіндер зияндылығын, ол түтіндер азон қабатын жұқаруынан табиғаттың жаман жаққа өзгеріп бара жатқанын презентация және бейне роликтерді қолданып түсіндірдім.

Тәрбие сабағы


Слайд 10Менің тәрбие сабағыма физика-математика факультетінің деканы Ибашова Альмира апай қатысты.
Альмира апай

тәрбие сабағыма қатысып, сабақ соңында келешектегі басқа тәрбие сабақтарыма бағыт-бағдар берді.

Тәрбие сабағы


Слайд 11Бізге сабақ берген Бәймішова Айымған апай үйреткен ақылды 6 қалпақ ойыны

есіме түсті. Осы ойынды өз тәрбие сабағымда сергіту сәтінде ойнаттым. Бұл ойынды ойнату үшін оқушыларды 6 топқа бөліп, оларға 6 түсті қалпақтар бердім. Оларға әр қалпақтың міндетімен ойындағы рөлін түсіндірдім. Сосын 6 топқа бейнеролик қойып қалпақтың ойындағы міндетіне қарай бейнероликті талдауды айттым. Оқушылар бейнероликті көріп, әр қалпақтың міндетіне қарай талдау жасады.
Менің өткен “Табиғат және біз” атты ашық сабағым, 5”б”сынып жетекшісі Қожамжаров Руслан ағайға және физика-математика факультетінің деканы Ибашова Альмира апайдың көңілінен шығып, мені қатты қуантты.

Сергіту сәті


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика