І топ. Дене шынықтыру сабағында алаңды айнала жүгірдік. Биіктікке секірдік. Әртүрлі кедергілерден өттік. Ұзындыққа секірдік. Алысқа доп лақтырып жарыстық. Жарыста бірінші орын алдық. Қол шапалақтап қуандық.
ІІ топ. Жазда орман аралауға бардық. Қолымызға көбелек ұстағыш тор алдық. Қызыл, жасыл көбелектер ұстадық. Бүлдірген теріп жедік. Құстардың салған әнін естідік. Кенет бұта түбінен бірдеңе шыға келді. Біз қорыққаннан шыңғырып жібердік. Ол қоян екен. Біз мәз-мәйрам болдық.
ІІІ топ. Демалыста сыныппен саяхатқа шықтық. Өзімізбен бірге аспалы сөмкемізді алдық. Өзен жағасына жеттік. Суы жылы екен. Өзенге түсіп, шомылдық. Күнге жатып, қыздырындық. Доппен ойын ойнадық. Таза ауада тамақтандық. Біз бақытты балдырған, дем аламыз әрқашан!
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть