Қашықтықтан оқыту жүйесінде білім контенттерін жасақтау технологиясы презентация

Содержание

Дүние жүзі бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың кез-келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу. Қашықтан оқыту техналогиясы

Слайд 1ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ БІЛІМ КОНТЕНТТЕРІН ЖАСАҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Слайд 2Дүние жүзі бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын өркендетудің басты мақсаттарының бірі -

оқушылардың кез-келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу.

Қашықтан оқыту техналогиясы


Слайд 3Білім берудің толық масштабтағы жүйесі
Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір

бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді.

Қашықтықтан оқытуды тағайындау бағдарын

Сайланатын жүйесі


Слайд 4Қашықтықтан оқыту жүйесінің құрылымы
оқытудың мақсаты

мазмұны

объектісі

субъектісі

әдістері

құралдары

ғылыми-білім материалдық базасы

идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі


Слайд 5Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін

оқып үйренушілердің меңгеруі.

Оқыту мақсаты.


Слайд 6Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге

асырылуы оның мазмұнымен анықталады.

Оқыту мазмұны.


Слайд 7Қашықтықтан оқытудың білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі,

яғни студенттер, оқушылар және т.б. болып табылады. Қашықтықтан оқыту тыңдаушылары өз бетімен және компьютермен жұмыс істей білу, телекоммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану дағдысы болу керек.

Оқыту объектісі.


Слайд 8Қашықтықтан оқыту субъектісі оқытушылар болып табылады. Оқытушы - қашықтықтан оқытуда білім

беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. Ол - кеңес беруші оқытушы, информатика және телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек.

Оқыту субъектісі.


Слайд 9Қашықтықтан оқыту түрі: ақпараттық-ереже жиынтығы, репродуктивті, мәселені мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық

тәсілдер мен ережелер жиынтығы және зерттейтін 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды.

Оқыту әдістері.


Слайд 10Қашықтықтан оқыту білім беру үрдісінде оқытудың дәстүрлісі қалай қолданылса, компьютерлік техниканы

және телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдары да солай қолданылады.

Оқыту құралдары.


Слайд 11Оқу бағдарламасына сәйкес оқу үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы.

Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу-әдістемелік материалдардан тұрады.

Ғылыми-білім материалдық базасы.


Слайд 12Қашықтықтан оқытуға кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму

деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік психологиялық бейнесін құру болып табылады.

Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі.


Слайд 13Қашықтықтан оқыту семинарлары - оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. Қашықтықтан

оқыту семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Студенттердің арасында өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.

Қашықтықтан оқыту семинарлары


Слайд 14Қашықтықтан оқытудағы зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Дәстүрлі білім

беру жүйесінде зертханалық жұмыстар мынаны талап етеді: арнаулы жабдықтарды, макеттер, тренажерлар, химиялық реактивтер және т.б. Қашықтықтан оқыту жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар, имитациялық үлгілеулер және т.б. қолдану есебінен зертханалық практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады

Қашықтықтан оқытудағы зертханалық жұмыстар


Слайд 15Қашықтықтан оқытудағы бақылау – бұл білім алушының оқу материалын теориялық және

практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек, тиісті балмен бағаланады.

Қашықтықтан оқытудағы бақылау


Слайд 16Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі білім контенттерінің оқу белгілерінің электрондық басылымы қағаз басылымының

барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе дискілерде сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі, таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді өз бетімен алу және бақылау үшін оны кешенді қолдануға әсері болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген автоматтандырылған оқыту жүйесі

Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі білім контенттері


Слайд 17«Қашықтықтан білім алу» әр адамның өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті

білімді іздене отырып үйренуіне мүмкүндік береді. Оның тағы бір ерекшелігі жас ерекшелігіне қарамастан жұмыстан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру мүмкіндігін береді.


Слайд 18Кейс – технологияға арналған контенттерді жасақтауда әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлері, анықтама,

оқу, аудио, бейне, бақылау және емтихан материалдары, қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері секілді элементтер қолданылуы қажет.

Кейс – технологияға арналған контент


Слайд 19Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасмалдауышта

оқу әдістемелік материалдардың кешені беріледі. Кешенді даярлауды ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер арқылы оқушылардың белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады.

Әдістемелік нұсқаулар.


Слайд 20Курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипермәтіндік құрылымы; пайдаланушыға ыңғайлы құрылым –

мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алуы, сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар; кейстің құрамына белгілі нормативті талаптар жоқ. Кең таралған құжаттар мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады; оқушы оқулықтың кез келген бетін баспаға шығара алады; оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады; оқулықа енгізілген білімді тексеру жүйесі бар.

Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері


Слайд 21Желілік технологияға арналған контенттерді жасақтауды нақты мысалмен көрсету мақсатында Оңтүстік Қазақстан

мемлекеттік педагогикалық институтында ұйымдастырылған қашықтықтан оқыту жүйесін қарастырайық. Мұнда қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, институтта қашықтықтан білім беру техологиясы бойынша оқытудың негізгі құралы ретінде «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйе және «Moodle» қашықтықтан білім беру жүйесі қолданылады

Желілік технологияға арналған контент


Слайд 22Қашықтықтан оқытудың контенттері: Білім алаушыларды қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдарымен, яғни

контентпен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондақ оқу-әдістемелік кешен болуы керек; Электрондақ оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады; Әрбір пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша бөліктерден тұруы керек. Оқу-әдістемелік қаматамасыз ету жеке және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.


Слайд 23Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың кезеңдері

виртуальдық

синхрондық

асинхрондық


Слайд 24Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады.

Бұл үшін қашықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін.

Слайд 25Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда

жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика