Слайд 1Техникалық және арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастырудың арнайы формалары
Слайд 2
Дәріс жоспары
1 Теориялық оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары
2 Сабақ
3 Сабақтың негізгі құрылымдық
элементтері
4 Сабақтың типтері
5 Сабақ мақсаты және оған жету
Слайд 31 Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады:
1) оқу формасы;
2) оқу-ұйымдастыру
формасы.
Слайд 4Ұйымдастырудың оқу формасы – бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы, дəрістің
белгілі бір түрі (сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне т.б.).
Слайд 5Оқудың ұйымдастырылу формалары əрқилы негіздемелерге байланысты қарастырылуы мүмкін:
Слайд 6Оқу процесінде басым болған мақсатқа орай – кіріспе сабақ; білімді тереңдете
оқыту дəрісі; практикалық сабақ; білімді жүйелеу жəне қорытындылау сабағы; білім, ептілік жəне дағдыларды бақылау, тексеру сабағы; аралас сабақ формалары;
Слайд 7Дидактикалық мақсаттарға орай – теориялық, практикалық, еңбектік, аралас сабақтар формалары.
Слайд 8Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық, тьюторлық, менторлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу
және т.б.
Слайд 9Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, конференция, олимпиада, оқу саяхаттары
жəне іскерлік ойындарды қамтиды.
Слайд 102 Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы және оқу
- тәрбие барысының нақты түрі.
Слайд 11Сабақ беру - білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын
оқушылар іс - әрекетінің күйі.
Слайд 12
Оқу - оқушылардың нақты білім алып, біліктер мен дағдыларды меңгеріп қамтамасыз
ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған барыс.
Слайд 13Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс
бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшеліктері мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді.
Слайд 14
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
дидактикалық мақсаттарға
байланысты сабақ типтері;
оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері;
дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері.
Слайд 15
Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
жаңа білім материалын хабарлау;
білімді бекіту;
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру, бекіту;
қорытындылау;
білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Слайд 16
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
оқу саяхаттары;
кино-теле-сабақтар;
өзіндік жұмыс сабақтары жəне
т.б.
Слайд 17
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
жаңа материалды игеру;
бекіту;
қайталау;
білімді бақылау, тексеру.
Слайд 18Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің
басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды.
Слайд 19Мақсат – оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға
жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету.
Слайд 20Дəрісбаян –конференция – ғылыми-практикалық сабақ түрінде алдын-ала белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес
проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;
Слайд 21Кеңес дəрісбаяндар «сұрақ-жауап» не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде материалды оқушыға жеткізу формасы;
Екеуі
жүргізетін дəрісбаян (лекции вдвоем)
Слайд 22Бір пəн не тақырып бойынша екі маман бір уақытта дəріс жүргізеді.
Оқушылар қатысуына орай оқытушы рейтингі анықталады.
Слайд 23Семинар - меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында
өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады.
Слайд 24Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқуды ұйымдастыру
формасы.
Слайд 25Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай
тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
Слайд 26Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей:
негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
қосымша
пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру;
мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту.
Слайд 27Курстық (жоба) жұмыс –оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп жүйесінде оқу
пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады.
Слайд 28Дипломдық жоба - білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу кезеңінде
қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы.
Слайд 29Өндірістік практика - жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың көп формаларының бірі.
Өндірістік практиканың дидактикалық мақсаттары – кəсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау жəне жүйелеу.
Слайд 30Сабақтың құрылымдық элементтері
ұйымдастыру бөлімі;
жаңа материалды мазмұндау;
бекіту, нұсқаулық, оқушылардың өзіндік жұмысы;
үй
тапсырмасын тексеру және түсіндіру;
меңгерілген оқу материалын тексеру және бақылау;
оқу орнын жинау.
Слайд 31Сабақтың негізгі құрылымдық элементтері:
ұйымдастыру бөлімі, жаңа материалды мазмұндау, бекіту, нұсқаулық, оқушылардың
өзіндік жұмысы, үй тапсырмасын тексеру және түсіндіру, меңгерілген оқу материалын тексеру және бақылау, оқу орнын жинау.
Слайд 32Оқытушының және оқушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің элементтерінің қатынасы, олардың қатаң тізбектілігі және
өзара байланысын сабақтың құрылымы деп атайды.
Слайд 33Оқушыларды ұйымдастыру. Сабақтың сапасы көбінесе оның қалай ұйымдастырылғанына бай ланысты. Бірінші
сәттен-ақ оқушы өзінің қажеттілігін, өздерін бір ұжымның мүшесі ретінде сезінбесе, онда ол сабақтағы тәртіптің бұзылуына, оқушылардың төменгі белсенділіктерінің төмендеуіне әкеледі. Өндірістік оқыту сабақтарында оқушыларға кәсіптік оқыту педагогынсыз , шеберханада өз беттерінше қалуға рұқсат беру өндірістік оқыту инженеріне (шебеберіне) берілмейді.Сабақтың басында оқушылардың жұмыс киімі тексеріледі, содан соң саймандарды және дайындамаларды тарату жүзеге асырылады.
Слайд 34Жаңа материалды баяндау. Бұл элемент теориялық оқыту сабақтарында және өндірістік оқытудың
кейбір сабақтарында орын алады, мұнда оқушыларға осы сабақта (оның нұсқаулықтан айырмашылығы) практикалық іс-әрекет процесінде пайдаланылмайтындығы айтылады. Жаңа материалды баяндау басында оқытушы оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын айтады, содан соң жаңа материал беріледі.
Слайд 35Кіріспе нұсқаулық. Нұсқаулық ұзақтылығы оқушылардың жасын ескеруі тиіс. Нұсқаулық жүргізу үшін
оқытушы өзіне келесідей сұрақтар қояды:
не істейді? – оқушыларға тапсырманы түсіндіру;
қалай істейді? – орындалу реті;
неге қалай істейді? – тапсырманы орындау құралдарын көрсету, жұмыс позасын және т.б. қысқаша ғылыми негіздеме.
не, қашан және қалай бақылау қажет? - өзін-өзі бақылау әдістемесі;
оқушылар арасында тапсырмаларды бөлу.
Слайд 36Оқушылардың өз бетінше жұмысы (ӨБЖ) сабақтың негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады.
Оқушылардың ӨБЖ тиімділігін олар тапсырмаларды қалай орындап жатқанынан, өз білімдерін практикада қалай пайдаланатынынан білуге болады.
Слайд 37Қорытынды нұсқау – өндірістік оқыту сабақтарының нәтижесін қорытындылау, оқушылардың білімін және
біліктілігін бағалау, жақсы бұйымдарды көрсету, жіберілген қателердің себебін талдауды жүргізу.
Слайд 38Кез-келген сабақ жұмыс орнын жинастырумен аяқталады. Оқушылар сабақ аяқталғаннан кейін, өз
жұмыс орындарын және жалпы бөлмені реттеулері тиіс. Бұл кезеңде еңбек мәдениеті тәрбиеленеді.
Слайд 39Сабақтың түрлері (типтері)
жаңа білімді меңгеру сабағы;
білікті және дағдыны қалыптастыру сабағы;
білімді
практикада қолдану сабағы;
жүйелеу және саралау сабағы;
білімді, білікті және дағдыны тексеру сабағы;
аралас сабақ.
Слайд 40 Жаңа білімді меңгеру сабағы бұрын бейтаныс ақпаратты сипаттағы жаңа материалды өту
кезінде қолданылады, меңгеруге оңай кең көлемді сұрақтар енеді. Бірақ оған қарамастан, оқушылардың өзіндік жұмыстарына орын қалдыру керек, мысалы: оқулық бойынша өзіндік жұмыс, өтіп жатқан процестерді суреттеу, байқау.
Слайд 41Білікті және дағдыны қалыптастыру сабағы. Өтіліп жатқан материалдың екінші ретті еске
тусірілуі және оны практикада пайдалану. Бірақ, бастапқы білікті және дағдыны қалыптастыруға арналған сабақтар мен оларды бекіту сабақтарымен шарастырмау керек.
Слайд 42Білімді практикада қолдану сабағы. Бұл сабақта оқытушыны оқушылар білімдерін қаншалықты білікті
және өз беттерінше сол немесе басқа жұмысты орындай алатындығы қызықтыруы тиіс.
Слайд 43Жүйелеу және саралау сабағы. Бұл сабақ білімді жүйелеу үшін пайдаланылады. Оқушылардың
жаңа сабақты меңгергендігін және бекіту дайындығын тексеру үшін қайталау және саралау қолданылады, ол барлық сабақ түрлерінде пайдаланылады, бірақ бұл жағдайда ол сабақ негізі, яғни орталықта болады.
Слайд 44Білімді, білікті және дағдыны тексеру сабағы. Бұл сабақтың мақсаты оқушылардың үлгерімін
негіздеу үшін мәліметтер алу, білімнің саналылық және тереңдік, алынған біліктің және дағдының сапасының дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі.
Слайд 45Аралас сабақ
Бұл сабақтың дәстүрлі схемасы – жаңа материалды сұрау, суреттеу, бекіту,
өз бетінше жұмыс, үйге тапсырма, жұмыс орнын жинастыру, яғни мұнда барлық құрылымдық элементтер бар.
Слайд 46Оқу процесіндегі мақсат дегеніміз оқушылармен бірлесе шешімді талап ететін нақты оқу-тәрбие
міндеті.
Слайд 47Білім беру мақсаты
Білім беру міндетінің формулировкасы
… туралы бастапқы түсінік беру;
… меңгеруді
қамтамсыз ету;
… қалыптастыру (қалыптастыруды жалғастыру);
… бекіту;
… ғылыми білімдерді, өндірістік ұғымдарды саралау (немесе жүйелеу);
… арнайы өндірістік ұсыныстарды кеңейту;
… және т.б. жалпыеңбектік білімді тереңдету (бекіту).
Слайд 48Тәрбие беру мақсаты
Тәрбие беру міндетінің формулировкасы
Баулу: толық құқылы және жауапкершіліктік сезім;
бар технологияларға критикалық қарым-қатынас, процесті рационализациялау және т.б.
Еңбектік іс-әрекеттегі инициатива және өзбеттілікті тәрбиелеу.
Слайд 49Дамытушылық мақсат
Дамытушылық міндеттің формулировкасы
саралау, қорытындалар жасау;
сұрақтар қою;
міндеттерді формулировкалау;
жауаптарды формулировкалау;
өз бетінше шешім
қабылдау;
өз әрекеттерін бақылау;
проблемалық жағдайларды, міндеттерді шешу;
Слайд 50Дамытушылық міндеттің формулировкасы
алынған білімді практикада пайдалану және т.б.;
оқушылардың бойында кәсіби қызығушылықты
дамыту;
арнайы қабілеттердің дамуына әсер ету;
оқушыларды саналы түрде мамандықты таңдауға дайындау;
қажетті жеке даралық қасиеттердің дамуына әсер ету (ерік, мақсатты түрде бағытталу, биязылық, жауапкершілік, жинақылық және т.б.).
Слайд 51Егерде мақсат — білім берушілік болса, ол өндірістік процестер туралы ойлауды,
бүгінгі күнгі заманауи технологияларды кеңейтеді.
Слайд 52Егерде мақсат — тәрбие берушілік болса, ол оқушының көзқарасына әсер етеді,
мақсатты түрде экологиялық, экономикалық және т.б. қоғамның болашақ мүшесінің ойын қалыптастырады.
Слайд 53Егерде мақсат — дамытушылық болса, ол еңбек дайындығының практикалық бағыттылығына бағытталады,
ол оның педагогикалық құндылығын анықтайды.
Слайд 54Зер қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!