Қазақ өнері презентация

1. Сабақ жоспары: 1. Танымдық материал: Өнер. Қазақ өнері. 2. Грамматика: Түбір етістік. 3. Тіл дамыту: Өнер тұлғалары. Өнер туралы мақал-мәтелдер. 2. Сабақ мақсаты: «Өнер» ұғымын түсіндіру, өнерге құштарлық сезімдерін ояту,

Слайд 1Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
институты
Жаратылыстану факультеті



СӨЖ


Орындаған: Жанен С.
Қабылдаған: Үкібасова Қ

Шымкент 2017

Слайд 21. Сабақ жоспары: 1. Танымдық материал: Өнер. Қазақ өнері. 2. Грамматика: Түбір етістік. 3.

Тіл дамыту: Өнер тұлғалары. Өнер туралы мақал-мәтелдер.
2. Сабақ мақсаты: «Өнер» ұғымын түсіндіру, өнерге құштарлық сезімдерін ояту, өнерлі адамдардың жетістіктері арқылы қызығушылықтарын қалыптастыру.


Слайд 3Өнер
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жандүниесіндегі

құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғалардықаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі.


Слайд 4Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер

түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:  . көркем әдебиет,  . музыка,  . мүсін,  . кескіндеме,  . театр,  . кино,  . би,  . сәулет өнері, т.б. түрлері бар. Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ.

Слайд 5Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б.

анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. 


Слайд 7 2. Грамматика
Түбір етістік:
Түбір етістіктер деп арнаулы

морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.

Слайд 8Мақал-мәтелдер
Өнерлі өрге жүзер. 
Ақыл көпке жеткізер, 
Өнер көкке жеткізер. 

Өнерліге өлім жоқ. 

Өнерлінің қолы

алтын, 
Өлеңшінің сөз алтын.   

Слайд 9Өнерлі бала сүйкімді. 
Өнер білсең-өлмейсің. 
Өнерлінің өзегі толмас. 
Өнер-таусылмас азық. 
Жұтамас байлық . 
Бай болмасаң бай

болма 
Өнер, білімге сай бол,  . 

Слайд 10НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика