Слайд 2 Жоспар:
Бейнелеу өнері;
Өнер туындылары;
Слайд 3 Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жандүниесіндегі
құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғалардықаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады.
Слайд 4
Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.
Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі.
Слайд 9Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» —
француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды.
Пейзаж – табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады.
Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.
Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.
Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.
Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар.
Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.
Слайд 10
Әбілхан Қастеев (1904 – 1973 жж.)
Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ
бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы (1945-1956)
Слайд 11Танымал туындылары
“Колхоздағы сүт ферма”, “Медеу мұз айдыны”, “Түрксіб”т.б.
Сонымен қатар Кенесары Қасымов,
Аабй, Шоқан Уәлиханов,
Жамбылдың портреттері; Ерекше танымал болып табылатын
портреті - «Амангелді Иманов» сияқты танымал портреттері бар.
Марапаттары мен лауазымы:
"Қазан төңкерісі" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942).
Қазақ КСР халық суретшісі (1944).
Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР-нің мемлекеттің премиясы (1967), «Қазақсан жерінде» атты туындылары үшің.
Слайд 14Шоқан Уәлиханов (Әбілхан Қастеев салған сурет)