Бейсенбеков Алтынбек презентация

ЖОСПАРЫ: I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім Басқару. Этика Басқару этикасы. Принциптері Этика құрылымы, ұстанымдары III. Қорытынды.

Слайд 1


Басқару процессіндегі басқару этикасының рөлі
Орындаған: Бейсенбекаов А.К.

ТФП – 14 005 – 1
Тексерген:

Слайд 2 ЖОСПАРЫ:
I.

Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
Басқару. Этика
Басқару этикасы. Принциптері
Этика құрылымы, ұстанымдары
III. Қорытынды.

Слайд 3Ғылыми менеджмент мектебінің негізін калаушы Анри Файоль (1841-1925) «Ортақ және өндірістік

басқару атты еңбегінде: Басқару – бұл алдын ала жоспарлау, ұйымдастыру, пайдалану, иелену, бақылау және бағыттау».
ХХ ғасырдың атақты менеджері Ли Якока бойынша: «Басқару дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін басқа адамдарды жұмысқа тарту» делінеді.


Слайд 4Этика – бұл тек қана философия ғылымының бір тармағы ғана емес,

сонымен қатар басқарудың ең тиімді ресурсы болып табылады. Этиканы қоғамды дамытуға, өмір сүруге үйрететін, өзін – өзі ұстай білуге, жүріп-тұру ережелерінің жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы",“Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымының ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды.


Слайд 5Басқару этикасы – бұл:
Азаматтардың бір-бірін сыйлауы ортақ мүдде негізінде корпоративтік мақсатқа

қол жеткізуге арналған ұжымдағы адамдарды басқару мәдениеті;
Этикалық мәні дұрыс шешім қабылдауға негізделген бағдарламаларда, проектілерде, этика кодекстерінде, нормаларда, эталондарда, стандартта, эксперт қорытындысында және басқа да практикалық іс-әрекеттерде белгіленген.

Слайд 6Басқару этикасының принциптері менеджердің ортақ адамгершілік жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға, мәдени дәстүрлерді

сақтауға үйретеді, сонымен қатар, ар-намыс кодексін, қарым-қатынас ережелерін сақтайды. Басқару этикасы басқарушы мен жұмысшы арасындағы шындық, әділеттілікке, жауапкершілікке, басқаларды сыйлаудағы қарым-қатынас мәдениетіне негізделеді.


Слайд 7Көптеген философиялық-теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден

тұрады. Этикалык категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, ягни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.

Слайд 8Гедонизм — грек тілінің "ләззат іздеу, кызыққұмарлык" деген мағынадағы сөзінен туындаған ұғым.

Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты — өмірдің қызығына бату, ләззат алу.
Эвдемонизм — көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны — адамның бақытқа жетуі.


Слайд 9

Этиканың құрылымы
Теориялық этика
Нормативті этика
Эмпириялық этика


Слайд 10Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде

даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен қатыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-ұждан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.


Слайд 11Этикеттің кейбір ұстанымдары
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып

отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар. Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды.

Слайд 12Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге

сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көшеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.

Слайд 13Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне

деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі — қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.


Слайд 14Қорытынды:
Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі — екі

дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика