Әйелдердегі аяқ тамырларының варикозды кеңеюіндегі хирургиялық араласулардың клинико-анатомиялық ерекшеліктері презентация

Содержание

Жоспар Кіріспе Тақырыптың өзектілігі Негізгі бөлім А) Варикозды кеңею ауруы Б) Варикозды ауруға байланысты жүктілік В) Емі және профилактикасы Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер

Слайд 1Әйелдердегі аяқ тамырларының варикозды кеңеюіндегі хирургиялық араласулардың клинико-анатомиялық ерекшеліктері. Жүктілік және

созылмалы көктамырлық жетіспеушілік

602-2 к
Әуелбекова Айсулу

Клиникалық анатомия және операциялық хирургия кафедрасы


Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Негізгі бөлім
А) Варикозды кеңею ауруы
Б) Варикозды ауруға байланысты

жүктілік
В) Емі және профилактикасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Слайд 3Кіріспелік сұрақтар
1. Аяқ веналарын атаңыздар
2. Терең және беткей тамырлардың бір-бірімен байланысуы


Слайд 4Кіріспе
Аяқтың веналық тамыр жүйелері жақсы жетіліп, дамыған және көп вариантты болып

тарамдалған көптеген тамырлар шоғырынан құралған. Олар бір бірімен анық шекаралармен бөлінген, жеке ерекшеленген және тәжірибелік маңызы бар негізгі екі жүйемен бөлінген.  Беткей (V.Safena superficialis). Терең орналасқан (V.safena profunda). Коммуниканттық оған қысқа тамырлар жатады.

Слайд 5Беткей және терең орналасқан вена тамырларының бір-бірімен байланысуы; S. Kubik бойынша 1

- тері; 2 – тері асты шелмайы; 3 – беткей шандыр; 4 – фиброзды тармақтар (перемычки); 5 - тері астылық магистральды венаның дәнекертіндік футляры; 6 – жеке меншік фасция;  7 – тері астылық вена; 8 - коммуникантты вена; 9 – тікелей перфорантты вена;  10 – тікелей емес перфорантты вена; 11 – терең веналардың дәнекер тіндік футляры;  12 – бұлшықеттік веналар ; 13 – терең веналар; 14 - терең артерия.

Слайд 6Аяқ веналарының ағысы
1. Үлкен тері астылық вена, кіші тері астылық вена

(v. saphena magna et parva superficialis )

2. Сирақтың терең веналары (v. poplitea)

3. Санның терең веналары (v. femoralis profunda )

4. Сан венасы (v. femoralis)

5. Сыртқы мықын венасы (v.iliaca externa)
6. Жалпы мықын венасы (v.iliaca comminus)
7. Төменгі қуыс венасы (v. cava inferior)






Слайд 7Тақырып өзектілігі
Созылмалы көктамырлық жетіспеушілік (СКЖ) бұл жүктілік кезінде кездесетін кең таралған

экстрагенитальді патологиялардың бірі болып табылады. Тамырлық өсу факторлары мен аяқ көктамырларының варикозды ауруы бар жүкті әйелдердегі тромбтық асқынуын дәл уақытында диагностикалау негізінде, жүктілердегі асқынуды болжамдау және ерте диагностикалау мүмкіндігі заманауи акушерияға жолдама беріп, өзекті мәселе ретінде қаралады.

Слайд 8Негізгі бөлім
Варикозды аурудың алғашқы клиникалық белгілері 70- 90% жағдайда әйелдерде жүктілік

кезінде көрінеді. Бұл гестация кезеңінде туындайтын бір уақытта бірнеше ықпалдаушы факторлардың әсерімен түсіндіріледі. Ол: айналымдағы қан көлемінің ұлғаюы; ағзаның гормоналды бейімделуі; төменгі қақпа және мықын көктамырларының компрессиясы, оның өз алдына , төменгі шеттердегі көктамырлардың қысымының артуына және микроциркуляцияның және жалпы гемодинамиканың бұзылысын шақырады.

Слайд 9Варикозды кеңею ауруы
Варикозды кеңею дегеніміз – веналардың тұрақты түрде кеңеюін және

қабырғалары мен қақпақшаларының патологиялық өзгерістерін айтады. Мұнымен бірге веналық қан айналуы, яғни ағыс бұзылады және аяқта трофикалық өзгерістер дамиды. Жалпы алғанда көптеген зерттеулер анықталғаны: венаның варикозды кеңеюі кең тараған хирургиялық аурулардың бірі болып табылады.


Слайд 10Классификациясы


Слайд 11Диагностикасы: Қазіргі таңда варикозды диагностикалаудың ең жақсы әдісі – веналарды дуплексті ультрадыбыстық

сканерлеу болып табылады. Ал басқаларына плетизмография және флебография болып саналады. Бірақ ол өте сирек  қолданылады. Ең жиі қолданылатын әдістер ол арнайы пробалар арқылы тексеру.
Арнайы пробалар 
1) Троянов Тренделенбург сынамасы-науқасты кушеткаға жатқызып аяғын жоғары көтеріп көктамырларды босатқан соң санның жоғарғы жағына жгут қояды.
2) Гаккенбрух сынамасы-сан аймағына кең веналарға алақанды салып науқасқа жөтелуін өтінеді. Осы арқылы қақпақшалар қызметінің жетіспеушілігін анықтайды.
3) Дельта пертес сынамасы— сан бөлігіне жгут салып, ары бері қозғалтады сол кезде қантамырларының өткізгіштігі төмендесе науқаста ауырсыну болады.


Слайд 12Жүктілік және көктамырлардың варикозды кеңею ауруы
СКЖ бар жүкті әйелдердің басым көпшілігін

қайта босанушы жүктілер алады. Және де алғашқы 2 триместрде байқалады. Созылмалы көктамырлық жетіспеушілігі бар жүкті әйелдердегі жатырлық-плаценталық және  ұрықтық-кіндік баулық  қанайналым бұзылысы  плацента дисфункциясының  біріншілік  формасына ұқсап, әртүрлі патогенездегі ұрықтың  гемодинамикалық  оқшаулануы сынды нәтиже береді . Жүктілердегі көктамырлық қанайналымның нашарлауы салдарынан  ұрықтың құрсақішілік  автономды жүйкелік реттелуінің  бұзылып, вагальді тонның  өсуімен және симпатоадреналдық  әсерлер  көрінеді.

Слайд 13Жүктілік ағымындағы асқынулар:
1) кеш гестоздар
2) жүктіліктің үзілу қаупі
3) плацентралы жетіспеушілік

Босануды жүргізу

барысында:
1) қағанақ суының мерзімінен ерте ағып кетуі
2) босанудан кейінгі ерте кезеңде гипотониялық кан кету
3) қалыпты орналасқан бала жодасының мерзімінен ерте сылынуы

Босанудан кейінгі асқынулар:
1) босанудан кейінгі беткей және терең көктамырлардың жедел тромбофлебиті

Слайд 14Емі:
 Медикаментозды және медикаментозды емес ем қолданылады. Медикаментозды емге – флеботониктер қолданылады. Бұл препараттар

– вена қабырғаларының тонусын жағарлатады. Оларға — детралекс, эскузан, гинкор-форт, гливенол және т.б. жатады.
Ал медикаментозды емес емге:
Комрпессионды терапия,
Склеротерапия
Хирургиялық әдістер жатады.
Хирургиялық емі: 
Традиционды операция – Троянова-Тренделенбург, Линтона, Коккет операциялары.
Бэбкок операциясы;


Слайд 15Флебэктомия
Флебэктомия аяқ тамырларының варикозды кеңейгендерін алып тастауға бағытталған хирургиялық операция.Қазіргі таңда

флебэктомия бірнеше араласулардың жиынтығынан тұрады:
Магистральды теріастылық веналарды алып тастау
Варикозды кеңейген ағыстарды алып тастау
Қызметі бұзылған перфорантты веналардағы рефлюксты жою.

Слайд 16 Троянов—Тренделенбург, Бэбкокк, Нарат, Коккет операцияларының схемасы


Слайд 17Склеротерапия


Слайд 18Вена тамарларының саулығына бағытталған 5 қадам
1 қадам. Өмір-қозғалыс
2 қадам. Сымбатты көмекшілер.

3 қадам. Дұрыс тамақтану тәртібі
4 қадам. Құрбандықсыз сұлулық
5 қадам. Дұрыс күтім жасау



Слайд 20Қорытынды
Жүктілік барысында әйелдерге тек қана компрессионды ем жургізіп, босанған сон тек

1,5-2 айдан кейін операцияға рұқсат етіледі. Осылайша, созылмалы көктамырлық жетіспеушілік тромбтық асқыну қаупін және жүктіліктің асқынуын жоғарылататын акушериядағы маңызды патологиялардың біріне жатады, соған сәйкес акушерлік және перинаталды патологияны төмендету мақсатында СКЖ бар жүкті әйелдерді ерте диагностикалау және асқынудың алдын алуын қажет ететін патология екенін білдік.Уақытылы бастаған ем шаралар СКЖ-ның асқынуының даму мүмкіндігін біршама төмендетіп, жүктілік ағымын қалыпты өтуіне жағдай жасап, қолайлы босандырып және босанғаннан кейінгі кезеңнің оңтайлы ағымын тудырады.

Слайд 21Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Ю.М. Лопухин «Топографическая анатомия и оперативная хирургия» 186-247

бб.
2.      Российское общество акушеров-гинекологов Национальное руководство// ГЭОТАР- Медиа, 2009г.-с. 324-331.
3       А.Г. Ящук // Российский вестник акушерства-гинекологии 2009. — Т. 8.-№4.-С. 31-36.
4       Weiss A. Mechanisms of matrix metalloproteinase-9 and metalloproteinase-2 inhibition by N-acetylcysteine in the human term deciduas and fetal membranes, текст./ Weiss A., Goldman S I.B. // 2009.
5      А.В. Соколян, А.В. М., Shlomo урашко, А.И. Гус, В.Ю. Богачев, И.А. Золотухин Ультразвуковое ангиосканирование вен нижних конечностей у беременных и родильниц с хронической венозной недостаточностью //Уральский Медицинский Журнал.- 2007.- №7.- С. 113-116.
6       А.В. Соколян, А.В. Мурашко // Проблемы беременности.- 2007. -№13. –С. 7-12.Профилактическое применение компрессионного трикотажа у беременных с варикозным расширением вен нижних конечностей/ А.В. Мурашко, А.В. Соколян // Проблемы беременности.- 2007. -№13. – С. 42-45.
7       Золотухин, И.А. Особенности лечения и профилактики хронической венозной недостаточности нижних конечностей и ее осложнений при беременности Текст. / И.А. Золотухин // Русский медицинский журнал.-2005.-Т. 13.-Xq 17. С.1131-118.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика