Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау презентация

Содержание

ЗЕРТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсаған феноменді барлық аспектілері бойынша зерттеу өте өзекті болып келе жатыр. Себебі суицид әрекетінің қарқындылығының және суицид көрсеткішін жоғарылатуға алып келетін

Слайд 1 «Астана Медицина Университеті» АҚ
№1 Қоғамдық денсаулық сақтау

кафедрасы

Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары

Ғылыми жетекшісі: Байгенжеева Р.К.,

Астана , 2017 ж


Слайд 2ЗЕРТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ.
Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсаған феноменді

барлық аспектілері бойынша зерттеу өте өзекті болып келе жатыр. Себебі суицид әрекетінің қарқындылығының және суицид көрсеткішін жоғарылатуға алып келетін психикалық түрде зақымдайтын факторлардың көбеюі экономикалық, әлеуметтік,психологиялық жағдайларға кері әсерін тигізіп жатыр. Аса маңызды көңіл аударатын, осындай негативті әлеуметтік жағдайлардың ҚР Қарулы күштерінің әскери бөлімшелерінде де кездесетіні. 2008 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде әскери қызметкерлер арасында суицидтің 39 жағдайы тіркелген. 2015 жылы офицерлер арасында бес суицидтік жағдай болса,әскери келісім-шарт қызметінің әскери қызметкерлері арасында 13 суицидтік жағдай болды. Бөлімдерде 2014 жылы қабылданған «2015 жыл - өзіне-өзі қол салуды ескерту жылы» атты жалпы республикалық жоспардың арқасында суицид мөлшері айтарлық деңгейде төмендегені белгіленген. Яғни , 2008 жылы тіркелген суицид жағдайы 44 болса, 2014 жылы - 27, ал 2015жылы олардың мөлшері 24-ке дейін төмендеген. Дегенмен бұл мәселе әлі күнге дейін өзекті мәселе болып отыр.

Слайд 3 Зерттеудің мақсаты:
Әскери қызметкерлер мен борышын

өтеушілер арасындағы суицидкке бейімділік деңгейін және жалпы әскери қызметкерлер арасындағы суицидке алып келетін факторларды анықтап, алдын алу шараларын ұйымдастыру. Міндеті:
1. Суицидтік әрекеттерге әсер ететін себептерді анықтау.
2. Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін
анықтау.
3. Суицидке қарсы жүргізілетін профилактикалық шаралар.


Слайд 4 
Зерттеудің материалдары мен әдістері:

Зерттеудің объектісі:
Павлодар облысы Ертіс ауданының №2033 «Амангельды» әскери бөлімінің әскери қызметкерлері мен борыщын өтеушілері алынды. (N= 70).
Зерттеудің әдістері:
Дипломдық жұмыста келесідей ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: - тарихи; - ақпараттық - аналитикалық;  - статистикалық; - әлеуметтік.


Слайд 5 Зерттеудің

ғылыми жаңалығы:
Бұл дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтай отырып, оның алдын- алуды жетілдіру үшін ұсынылатын шаралар.

 


Слайд 6 Респонденттердің жастық көрсеткіштері бойынша


Слайд 7 Респонденттердің жыныстық көрсеткіштері бойынша
80%


20%


Слайд 8 Респонденттердің әскери борыщын өтеуге келуі бойынша


Слайд 9 Суицид себебі бойынша көрсеткіш


Слайд 10 Суицид себебі бойынша пайыздық көрсеткіші


Слайд 11 Суицидке алып келетін негізі себептермен қатар, жанама да

себептер болады. Солардың респонденттер арасындағы деңгейін анықтау үшін қойған келесі сұрақтарымыздан алған көрсеткіштерді талдайтын болсақ, алкогольдік ішімдікті респонденттердің 48%( 34 адам)-ы қолданса, 52% ( 36 адам )-ы қолданбаймыз деп жауап берді. Сауалнама жүргізілген респонденттердің арасында материалдық қиындықтар мәселесінің қаншалықты өзекті екендігін анықтау үшін қойылған келесі сұрақтың жауабын талдау барысында, респонденттердің 21%-ы отбасында материалдық қиындықтар бар деп , ал 79%- ы жоқ деп жауап беріді.

Слайд 12 Жетекшілер тарапынан суицидке алып келетін

әрекеттер бойынша

Слайд 13 Респонденттердің жауапкершілігі бойынша


Слайд 14Респонденттердің әскери қызметтің қиындығын

бағалау деңгейі

4%

64%

32%


Слайд 15 Сауалнаманың «Әскери борыщын өтеу барысында дембельдер тарапынан қысым

көрсету болды ма?» - деген сұраққа респонденттердің 37 адам (53%) - ия деп, 33 адам ( 47%) - жоқ деп жауап берді.
Әскери қызметкерлер арасындағы суицидтік жағдайлардың алдын- алу мақсатындағы негізгі әрекет ол әскери қызметкерлермен әскери бөлімнің психологының қажетті деңгейде жұмыс жасауы. Респонденттердің психолог көмегіне қаншалықты жүгінетінін анықтау барысында келесідей сұрақтар қойылды: «Сіздің әскери бөлімде психолог маман бар ма? » - деген сұраққа респонденттердің 93% (65 адам) «ия» деп жауап берсе, 7% (5 адам ) «жоқ» деп жауап берді.

Слайд 16 Әскери қызметкерлердің психолог көмегіне

жүгіну деңгейі.

Слайд 17 Суицид жасаушыға көмек көрсету деңгейі


Слайд 18

Көмек көрсету түрі бойынша

Көңілін алаңдатып, әңгіме айтамын

Ұрысамын

Себебін біліп, сөзбен көмектесемін

Мәселесін шешіп беруге уәде беремін


Слайд 19 Респонденттердің сенім телефонымен танысу

деңгейінің проценттік көрсеткіші.

Слайд 20 Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі.


Слайд 21ҚОРЫТЫНДЫ
  Зерттеу нәтежиелеріне сүйене отырып әскери қызметкерлер арасындағы суицидке

алып келетін факторлардың көп мөлшерін қамтитын келесі факторлар екені анықталды:
Бірінші, яғни 36%- ды қамтыған - психикалық дезадаптация. Бұл дегеніміз әскери борыщын өтеушілердің ортаға бейімделе алмауы. Демек, жетекшілер мен әскери бөлім психологы тарапынан тиісті жұмыстар толық жүргізілмейді. Бұл мәселені психолог маман борыщын өтеушілермен жеке жұмыс жасау арқылы шешуге болады.
Екінші суицидке алып келетін фактор - уставқа сәйкес емес қарым- қатынас. Бұл фактор жалпы көрсеткіштің 22%- ын қамтып отыр. Мұндай көрсеткіштің орын алуы тек борыщын өтеушілердің ғана емес жетекшілер мен командирлердің де үстінен қадағалау жүргізілуі керектігін білдіреді. Осындай қауіпті салдарға алып келетіндіктен, жетекшілер борыщын өтеушілермен жүргізетін методикаларын қайтадан қарастырылулары керек.
Бірақ қазіргі таңда әскери қызметкерлер маңыздылығын түсінбей немесе уақытының жоқтығына сүйеніп, психолог маман көмегіне жүгінбейді. Психолог маман егер борыщын өтеуші немесе жетекшілермен өз ерітерімен келмесе, күшпен жұмыс жасай алмайды. Демек, бұл мәселенің негізгі шешімі - қызметкерлерді дұрыс ақпараттандыру, өз өмірлеріне немқұрайлы қарауға жол бермеу.
 

.


Слайд 22 БІЗДІҢ ТАРАПЫМЫЗДАН ҰСЫНЫЛАТЫН ШАРАЛАР:

Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке әсер ететін факторлар арасында ең жоғарғы пайыздық мөлшерін психикалық дезадаптация, қамтып отыр. Психикалық дезадаптация - адамның тiршiлiк ету ортасына бейімделе алмауымен сипатталатын жағдай. Бұл жағдай әскери борыщын өтеуге келген кез - келген солдатта кездесуі мүмкін. Маңыздысы осы жағдайдың асқынуына жол бермеу, яғни жетекшілері тарапынан, әскери бөлім психологы тарапынан әскери қызметкерлермен жалпы ғана емес жеке қызмет атқарылуы керек.
Пайыздық көрсеткіші жоғары келесі фактор уставты емес қарым- қатынас. Әскери ұжымдарда командирлер мен бастықтардың қол астындағылармен қарым- қатынасы және іс- қимылдары өте маңызды болып келеді. Олар әскери бөлімде тәртіптің қатаңдығын сақтау және өз методикасының тиімділігін арттыру мақсатында жеке тұлғаға күшті травматикалық әсер ететін, қате шараларды қолданады. Бұл әрекеттердің алдын -алу және жою үшін тек борыщын өтеушілер ғана емес, олардың жетекшілерінің үстінен қадағалау, тексеру жұмыстарын жүзеге асыру керек. Яғни мұндай әрекеттерді қолданған командирді заң тұрғысынан жазалау керек.
Жоғары көрсетілгендей суицидтің жағдайлардың алдын - алуда психолог маманның орыны ерекше. Сол себепте кез- келген әскери бөлімде психолог маман болып қана қоймай, әскери қызметкерлермен жүйелі түрде жұмыс жасауы керек. Бірақ қазіргі таңда әскери қызметкерлер арасында психолог маманның көмегіне жүгінушілер өте аз. Оның себебі қызметкерлердің дұрыс ақпараттанбауында. Яғни олар бұл мәселеге аса маңызды көңіл аудармайды. Олар психолог маман мен сенім телефонының бұл мәселеде қаншалықты маңызды екендігін білмейді. Бұл мәселенің негізгі шешімі - халықты дұрыс ақпараттандыру.
 


Слайд 23 Назар аударғандарыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика