Әртүрлі құрылыс нысандарды жобалауға тапсырмалар құрастыру презентация

Содержание

Жоспар I. Кіріспе II.Негізгі бөлім 1. Әртүрлі құрылыс нысандарды жобалауға жалпы түсініктеме. 2. Әртүрлі құрылыс нысандарды жобалауға тапсырмалар құрастыру. III.Қорытынды IV.Пайдаланған әдебиеттер

Слайд 1Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Гигиена және эпидемиология кафедрасы


Презентация

Тақырыбы: Әртүрлі құрылыс нысандарды жобалауға тапсырмалар құрастыру.


Орындаған: Серікбай Г.Ж.
Тобы : 506 ҚДС
Қабылдаған :


Шымкен 2017ж


Слайд 2Жоспар
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Әртүрлі құрылыс нысандарды жобалауға жалпы

түсініктеме.
2. Әртүрлі құрылыс нысандарды жобалауға тапсырмалар құрастыру.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер


Слайд 3 I. Кіріспе
Ғимарат деп кейбір имараттарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер,

бөгеттер немесе радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтай-тын не бөлмелер, не бөлек бөлімдер болмайды. Мұндай имараттарды инженерлік деп атайды. Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлмелерге бөлінеді. Егер бөлмелердің едендері бір (немесе шамамен бір) деңгейде орналасса, олар қабат құрастырады .

Слайд 4 II.Негізгі бөлім
Ғимараттарды қабаттылығына қарай: бір қабаттылар және көпқабатты-ларға

бөледі. Қабат еденінің тротуарға немесе отмосткаға (ғимаратты айнала тас төсел- ген немесе асфальтталған жолаққа) қатынасы бойынша орналасуына байланысты, жер бетіндегі қабат деп атайды. Оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінде орналасады; цокольдік (немесе жартылай үй асты), оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінен төмен, бірақ бөлменің жарты қабатынан артпай төмендетіледі; үй астылық, оның едені отмостка немесе тротуар деңгейіне қарағанда бөлменің жарты биіктігінен артығырақ төмен орналасады; ал егер бөлме шатыр кеңістігінде орналасқан болса, ол мансардалық деп аталады.

Слайд 5 Ғимараттар міндеттеріне байланысты әртүрлі болып бөлінеді. Бірақ олардың бәрін:

азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық деген үлкен үш топқа бөлуге болады.
Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттарды жатқызады, мыслы: тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, театрлар, вокзалдар, дүкендер, мекемелер және тағы басқалар жатады.



Слайд 6

Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін

ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалардың, электр станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың корпустары кіреді.

Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: сиыр қоралар, шошқа қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы жайлар), ауылшаруашылық өнім- дерінің қоймалары және басқалар.




Слайд 7Әр түрлі өндірісте  адамға, қоршаған ортаға зиянды әсерлер  болатыны белгілі. Олардың ішінде негізгі  мыналар:
Жоғары ылғалдылық.

Жоғары дәрежеде жылу, шаң, газ, түтін, шу шығару, радиациялық зақым беру, жарылғыш қауіпті газдың бөлінуі және т.б.Осындай өнеркәсіп ғимараттарын жобалағанда жоғарыда аталған зиянды әсерлерді барынша төмендету  жолдарын қарастырған жөн. Ғимарат  ішіндегі санитарлық режим «Құрылыс нормаларына» сай болу үшін сол өндірістегі инженерлік қондырғыларды жетілдірілген жөн.

Слайд 8 Зиянды әсерлердің түріне байланысты өнеркәсіптік ғимараттадың көлемдік-жобалау шешімдеріне

тікелей әсер етеді. Мысалы, химия өнеркәсібінде өндіретін затты шығару кезінде жарылғыш газ бөлінетін болса, онда ол бөлменің ауданы үлкен және желдеткіш жүйелері күшейтілген болу керек. Өндірістік зиянды әсерлер сол ғимараттардың құрылыс конструкциялары да кері әсерін тигізеді. Сондықтан жобалау кезінде құрылыс материалдарын таңдау және бұзылудан қорғайтын іс-шараларды еңгізу қажет.


Слайд 9 Температуралық режимдеріне  байланысты өнеркәсіптік ғимараттар келесі түрлерге бөлінеді:

Салқын ғимараттар (қоймалар – бұл ғимараттарда жылу қажеттілігі  жоқ); Жылытылатын ғимараттар – бұлардың ішіндегі температуралар 8–25 ºС аралығында болу керек. Жылу бөлінетін ғимараттар – жұмыс зонасында ауаның температурасы 18 – 25 ºС;  Ыстық цехтар – жылу өте көп бөлінетін ғимараттар, жұмыс зонасындағы ауаның температурасы 16 - 25 ºС; Ылғалдылық режимдері бойынша ғимараттар мынадай түрлерге бөлінеді:
Құрғақ – ауаның ылғалдылығы бөлмеде 50 % кем болса;
Нормалды немесе қалыпты  – ауаның ылғалдылығы бөлмеде 50 – 60 % шамасында болса;
Ылғалды – ылғалдылық 61 – 75 % болса;
Сулы – ылғалдылық 75 %.


Слайд 10 Әрбір ғимараттың қанағаттандыратын негізгі талабы – оның мақсатқа лайықтылығы,

өзі атқаратын міндетіне мүмкін толық сәйкестігі. Бұл талапқа бүтіннен ғимараттың көлемі, жоспарлау және оның бөлмелерінің мөлшерлері, конструктивті шешімдердің сипаттамасы, санитарлық-техникалық және инженерлік жабдықтау, сонымен қатар сыртқы және ішкі түрі бағынышты болуы тиісті.

Слайд 11Ең ақырында мақсатқа лайықтылық талабына, ғимаратқа қойылатын басқа өзге талаптар бағынышты

болуы тиісті. Олардың ішінде өте маңыздылары:
беріктік және тұрақтылық,
қажетті күрделілік
ішкі сәулеттендіру
үнемділік
сәулеттік айқындық

Слайд 12 Ғимараттар мен үйлердің негізгі конструтивтік бөлшектері – іргетас, қабырғалар

(іргелер) және бағандар, аражабындар мен тобежабындар, баспалдақтар, шатыр, есіктер, терезелер, т.б.
Іргетастар – ғимараттардың жер үстіндегі конструкцияларының салмағын көтеріп топырақты негізге тарататын, әдетте жер астында орналасатын конструциялық бөлшек.
Қабырғалар (іргелер) – бөлмелерді ауа-райының әсерелерінен сақтайтын ғимараттарда тік орналасатын көтергіш конструциялық  бөлшек.

Слайд 13 Аражабындар – көлденең орналасып, ғимараттарды қабаттарға бөлетін көтергіш конструкциялық бөлшек.

Ғимараттардың биіктік бойына орналасуына байланысты жаппалар төмендегідей бөлінеді:
- қабат аралық, үйлерді қабаттарға бөлетін;
-жертөле аралық, жертөле мен бірінші қабаттың ортасында;
Төбежабындар – көлденең орналасып, ғимараттардың жоғарғы қабатын жабатын көтергіш конструциялық бөлшек. Төбежабындарға ғимараттың шатырларын орналастырады.

Слайд 14 Шатырлар – ғимараттарды ауа райының әсерлерінен сақтайтын конструциялық бөлшек.

Баспалдақтар – ғимараттардың қабат аралық қатынасын қамтамасыз ететін конструциялық бөлшек. Баспалдақтар орналасқан ғимараттардың бөлімін – баспалдақтар ұясы делінеді.
Терезелер – ғимараттардың бөлмелеріне жарық түсіретін және желдетуге арналған конструциялық бөлшек. Терезелер қорғағыш конструкция болғандықтан бөлмелердің жылу сақтау қасиетіне жауап беруі тиіс.
Есіктер – ғимараттардың сыртқы ортамен және бөлмелердің ара қатынасын қамтамасыз ететін конструкциялық бөлшек.
 


Слайд 15

















































1- іргетастар, 2- көтергіш қабырғалар,
3- жертөле аражабындар,4- үй қабаттарының аражабындыры,
5- арақабырғалар,

6- үй төбежабындары, 7- шатыр,
 8- баспалдақтар, 9- терезелер,10- есіктер
 
4 сурет - Ғимараттардың конструциялық бөлшектері

Слайд 16 Тапсырма келесі түрлерге бөлінеді: алдын ала, ол құжаттамаларды

жасауға кірісуге мүмкіндік береді, жəне де соңғы тапсырма негізінде келесі сабақтастыру мен қайта жасаумен жүзеге асады; жартылай, ол жобалау жұмыстарын бастауға, бөлек түйіндер, учаскелер, жұмыс түрлері бойынша техникалық құжаттамаларды беру жəне жүргізуге жалпы объект бойынша комплексті жобалау біткенге дейін мүмкіндік береді; соңғы, мұнда жұмыс жасауды жүргізу жəне жалпы объект бойынша комплексті техникалық құжаттамаларды шығару үшін толық информация мен анық мəліметтері бар.

Слайд 17 Əрбір тапсырма осы ұйымда бекітілген формасы бойынша беріледі,

оның арқасында осы ұйымды идентификациялауға мүмкіндік береді. Тапсырмада: 24 тапсырыс беруші, объект, кезең, бөлімшелер – берілетін жəне алатын тапсырма, жобалау кезеңі, тапсырма түрі, жобалаудың қандай бөлімі мен тарауына тапсырма берілетіні, оның мазмұны, қосымшаларды қоса отырып белгіленеді.

Слайд 18 Тапсырма жобалаушымен жəне бөлімше бастығымен қол қойылады, бас

бөліммен келісіледі, жобаның бас инженерімен бекітіледі жəне бөлімшенің бастығымен қабылданады. Барлық қолдар даталанады. Əрбір тарауда тапсырма мазмұны мен оның қосымшаларында ерекшеліктер бар. өндірістік тағайындалуы бар объекттерді жобалауға арналған қосымшалардың мазмұнының шамалы тізімі:
I.Экономикалық бөлім
II. Жөндеу, зертханалық жəне қойма шаруашылығы, цех ара жəне цех ішіндегі механикалық көлік
III. Сумен қамтамасыздандыру жəне канализация, өрт сөндірудің автоматтық жүйесі
IV. Жылумен қамтамасыздандыру жəне вентиляция
V. Жергілікті сору вентиляциясы
VI. Стандартты емес жабдықтар
VII. Құрылыс салуды ұйымдастыру

Слайд 19 Құрылыстық жобалауға арналған негізгі қағидалар – текстік құжат. Оның

ішінде бастапқы мәліметтер мен негізгі техникалық шешімдер жазылады. Ол белгілі кәсіпорынның ғимараттары мен құрылыстарын жобалауда, комплекс немесе бөлек ғимарат жобалауда керек. Сонымен қатар олармен бірге каталог, эскиз, сұлбалар, сызбалардың копиялары түрінде графикалық қосымшалар керек.

Слайд 20Қорытынды
Қорытындылай келе, ғимараттар міндеттеріне байланысты әртүрлі болып

бөлінеді. Бірақ олардың бәрін: азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық деген үлкен үш топқа бөлуге болады. Тапсырма келесі түрлерге бөлінеді: алдын ала, ол құжаттамаларды жасауға кірісуге мүмкіндік береді, жəне де соңғы тапсырма негізінде келесі сабақтастыру мен қайта жасаумен жүзеге асады. Тапсырмада: 24 тапсырыс беруші, объект, кезең, бөлімшелер – берілетін жəне алатын тапсырма, жобалау кезеңі, тапсырма түрі, жобалаудың қандай бөлімі мен тарауына тапсырма берілетіні, оның мазмұны, қосымшаларды қоса отырып белгіленеді.


Слайд 21Пайдаланылған әдебиеттер
1.Методика изучения производственного микроклимата и его влияния на организм работающих.

Под.ред. к.м.н. Жакенова С.Р. (Учебно-методическое пособие) ISBN 9965-406-50-2. –Караганда, 2005г. -56с.- 25 экз.
2.Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шынтаева Н.У.,. Жарылқасын Ж. Ж.. Жалпы және жеке еңбек гигиенасы бойынша есептер жинағы. Учебно-методическое пособие. – Карағанды.ҚММА баспаханасы.- 2007. – 44 с.
3.Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. – М.: Медицина, 1988-576с.- 417 экз.
4.Измеров Н. Ф., Каспаров А.А.. Медицина труда - М.:Медицина, 2002. -391с.- 3 экз.
5.Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф.. Гигиена труда. – М.: Медицина,2008.-592 С.


Слайд 22Назар аударғандарыңызға рахмет !!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика