ҚР-ғы неонатологиялық қызметі: заманауи жағдайы және даму жолдары. Перинатальді көмектің ұйымдастырылуы презентация

Содержание

Жоспар ҚР-ғы неонатологиялық қызметі Перинатальді көмектің ұйымдастырылуы Жолдастық босану. Ана мен баланың бірге болуы. Қолды дұрыстап жуу

Слайд 1






ҚР-ғы неонатологиялық қызметі: заманауи жағдайы және даму жолдары. Перинатальді көмектің ұйымдастырылуы

және акушерлік стационардағы нәрестелердің медициналық қызметінің принциптері. Жолдастық босану. Ана мен баланың бірге болуы. Қолды дұрыстап жуу.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент медициналық институты
Дипломнан кейінгі білім беру факультеті

Қабылдаған: Тузелов М. Қ
Дайындаған: Ахметова Ә.М
тобы: ПҚ-605

Интерннің өзіндік жұмысы


Слайд 2Жоспар
ҚР-ғы неонатологиялық қызметі
Перинатальді көмектің ұйымдастырылуы
Жолдастық босану. Ана мен баланың бірге

болуы. Қолды дұрыстап жуу

Слайд 3Кіріспе
Неонатология – жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым, нақты айтқанда балалар өмірінің алғашқы 4 аптасындағы

олардың ауруларын анықтау мен емдеудің қолайлы әдістерін іздестіруге, осы неонатальдық кезеңде адамның алдағы өмірінде денсаулығын қалыптастыруға қажетті жағдайларды тудыруға бағытталған педиатрияның басты бір саласы.
Жаңа туылғандық немесе неонатальды кезең – туылғаннан кейінгі нәресте өмірінің алғашқы туылғаннан кейінгі нәресте өмірінің алғашқы 28 күнгі аралықты айтады.


Слайд 4Неонатология жас ғылым, ХХ ғасырдың бас кезеңінен бастап дами бастады. 1960

жылы америкалық педиатр Александр Шаффер ұсынған. Қазақстанда дамуына үлес қосқан профессор А.И. Авенирова, Т.Қ Чувакова, Б.Х Хабижанов, Б.Ж Тастанбеков, Е.Т Дадамбаев т.б бар

ҚР-ғы неонатологиялық қызметі


Слайд 5Бала өлім көрсеткіші – 1000 тірі туылғандардың ішіндегі 5 жасқа дейінгі

өлген балалардың саны.
Нәрестелік өлім көрсеткіші – 1000 тірі туылғандардың ішінде 1 жасқа дейінгі өлгендердің саны, басқаша айтқанда нақты есеп беру жылындағы 1 жасқа дейінгі өлгендердің саны.
Неонатальды өлім көрсеткіші –толық 28 күн толып туылғандар ішінде өлгендер санын 1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны.
Перинатальды өлім көрсеткіші –өлі туылғандар саны ( жүктіліктің 22 аптасынан кейін өлі туғандар ) +өмірінің алғашқы аптасында өлгендер санын ( 6 күн 23 сағат 59 мину ) 1000 тірі және өлі туығандарға шаққанда.
Ұрықтың ерте өлуі – жүктіліктің толық 20 апталығына дейінгі өлім.
Ұрықтың аралық өлімі – жүктіліктің 20 аптасынан кейін бірақ 28 аптасына дейінгі өлімді айтады.
Ұрықтың кеш феталды өлімі –жүктіліктің 28 апталығынан кейінгі өлімді айтады.

Слайд 6Күні жетіп туылған нәресте – жүктіліктің 37 мен 42 апталықтар арасыда

туылған нәресте.
Шала туылған нәресте – жүктіліктің 37 аптасына дейін туылған нәресте.
Күні асып туылған нәресте – жүктіліктің 42 аптасында және одан асып туылған нәресте.
Аз салмақпен туылғандар – кез келген гестациялық мерзімде салмағы 2,5  килограммнан аз салмақпен туылғандар.
Өте аз салмақпен туылғандар – кез келген гестациялық мерзімде салмағы 1,5 килограммнан аз салмақпен туылғандар.
Экстремалды аз салмақпен туылғандар – кез келген гестациялық мерзімде салмағы 1,0  килограммнан аз салмақпен туылғандар.


Слайд 7 Перинатальді көмектің ұйымдастырылуы


Слайд 8Босануға дейінгі патронаж
Педиатр немесе орта медицина қызметікері 8-10 күн ішінде жүктілік

туралы мәлімет келіп түскеннен соң патронаж жасайды.
 негізгі міндеті:
1. болашақ ананы консультациялау және қолдау
2. Қауіп факторларын анықтау
 Рекомендациялар:
Анасының денсаулығын, зиянды әдеттерін бағалау
гинекологпен бірге жүктілік ағымын бағалау
Тамақтану, анемия алдын алуға кеңес беру
Туберкулез профилактикасы

Слайд 9
Екінші босануға дейінгі патронаж жүктіліктің 30-32 аптасында жүргізіледі
негізгі міндеттері:    
1. І

патронажда берілген кеңестерді орындалуын қадағалау.
2. Босануға отбасын дайындау, жолдастық босану туралы ақпарат беру.
 Рекомендация:
Төспен емізуге дайындау;
Жаңа туған нәресте бұрышын дайындау;
Отбасын мүшелерінің инфекциялық ауруларын анықтау.



Слайд 10Жаңа туған нәрестені клиникалық тексеру
Бөлмені дайындау
Шолып қарау
Нәрестенің бет бейнесін қарау
Айқайы (ұзақтығы)
Қимыл

белсенділігі(патологиялық қалыптар)
Тері жамылғысының түсі
Дене қызуы( көтерілуі, төмендеуі)



Слайд 11Босану бөлмесін дайындау

Баланы құрғату

Баланың жағдайын бағалау

Классификациялау, қажет болса шаралар қолдану

Баланы анасына

беру “тері мен тері”


Тыныс жолдарын тазалау(қажет болса)

Жаңа туылған нәрестені күту принциптері


Слайд 12Кіндігін кесу

Төске салып емізу

Профилактикалық шаралар жүргізу

Бала мен анасын жалғыз қалдырмау

Баланы қарау,

бойын, салмағын өлшеу, киіндіру


Анасымен бірге тәулік бойы болуын қадағалау


Слайд 13Жүйелер бойынша қарау
Басты қарау
Басты пальпациялау(туылу ісігі, кефалогематома, ми жарықтары, бас сүйек

сынықтары)
Бас аускультациясы
Бет аймағын қарау(бет ассиметриясы, туа біткен дакроцистит)
Көзді қарау
Ауыз қуысының сілемей қабатын қарау
Мойынды қарау(пальпациялау, аускультациялау)
Кеудені қарау(пальпация, перкуссия, аускультация)
Ішті қарау (пальпация, перкуссия, аускультация)
Кіндік жарасын қарау
Жыныс ағзаларын қарау
Бел аймағын қарау
Бөксе аймағын қарау
Жамбас –ортан жілік буынын қарау



Слайд 14Учаскеде жаңа туған балаларды патронаждауды ұйымдастыру
Нәрестелік кезең мен 2 айға толмаған

сәбиді бақылау

Слайд 15Жаңа туған балалардың ауруларының негізгі ауруларының алдын алу, диагностика және емдеу

негізінде мынадай шараларды жүзеге асырады:

1) нәресте мен 2 айға толмаған сәби (қауіпті белгілердің, дамуында көзге байқалатын кемістіктердің және басқаларының ерте анықталуы) денсаулығының жай-күйіне дұрыс баға беру;       2) нәресте мен 2 айға толмаған сәбиге күтім жасауды (балалар кереуеті, бағып-күтуге қажетті керек-жарақтар, киім, ойыншық) бағалау;       3) ана денсаулығының жай-күйін (лактостаз/емшек қабынуы, босанғаннан кейінгі торығу, бала емізетін ананың тамақтану пирамидасын және т.б.) бағалау;       4) сүттің шығу жағдайын тексеру, емізу техникасын үйрету (кеудеге «4-3-4» жағдайында дұрыс салып, жатқызу), тек емізудің артықшылықтарына үйрету;       5) «2 айға толмаған» кезеңін қосқанда, баланы күтіп-бағуға үйрету;       6) психомоторлық және әлеуметтік дамуын (балаға ойын және қарым-қатынас жасау арқылы жете көңіл бөлу) бағалау;       7) БЖАЫҚ ерте жастағы балаларға күтім жасау ұсынымдарына сәйкес қосалқы коректендіруді енгізу;     


Слайд 16Жаңа туылған нәрестеге емдік профилактикалық шараларды ұйымдастыру
Нəрестеге өз бетінше еметіндей мүмкіндік

жасау (15-20 минут ішінде бала өзі анасынан емуге талаптанады) ана төсіне еметіндей дұрыс жатуына көмектесу. Анасында, баласында жылы көрпемен жауып , емуіне кедергі жасамау керек.
Туған бөлмедегі ауа температурасы 25-270 C болуы керек.
Əр 30 минутта туғаннан соң дене температурасын электронды термометрмен өлшеу (баланы ашқанда, емшек еміп, анасымен бірге жатқан кезін бұзбау).
Жаңа туған баланы алғашқы рет өңдеу. Бұрынғы əдет бойынша əрбір 120 минутта бала қанып емген соң ұйықтайды. Осы уақытта өлшеуге болады жəне алғашқы өңдеу жұмыстарын жүргізеді, алдын ала үстелге жайылған жайалықтарға, сəулені жылу көзі бар жерге орналастырылады.


Слайд 17Кіндік күтімі
1. Кіндігін алғашқы лүпілі тоқтаған бетте (1 мин. ішінде) кеседі.
2.

Өте ыңғайлы, кіндікті сенімді əдіспен резинамен байлайды.  3. Қысқышпен қысылған жəне байланған кіндікті резиналы қысқыш көмегімен тартады.  4. Пластикалық қысқыш – оны қайта қолдануға болмайды.
5. Кіндік түбін таза жəне құрғақ ұстау керек, оны ештемемен жауып, үстіне ештеңе салмақтамайды. 
6. Антисептикалық дəрілік заттармен кіндікті күнделікті өңдемейді.
7. Кіндік түбін кір болудан, зәр тамудан сақтау жəне таза киіммен қамтамасыз ету, осы ереже перезентханада да, үйде де сақталуы керек.


Слайд 18Профилактикалық емшаралар
1. Алғашқы мерзімдерде қан ағудың алдын алу керек жəне геморрагиялық

аурулардың өршіп кетуі үшін - тері-ет астына 1 мг немесе 2 мг бірінші күні аузынан витамин К1 жəне туғаннан соң 7 күнде сол дозада қайталау, егер витамин К жоқ болса, К  витаминін тері-ет арасына қалыпты туғанға - 5 мг, шала туғанға - 2-3 мг. 
2. Коньюктивиттің алдын алуда 1% тетрациклинді жақпай ұсынылады, өйткені зиянсыз тиімді жəне арзан
3. БҚЖ-ға егу перзентханадан үйге шыққанда барлық жаңа туған балаларға жүргізіледі, тек қана ВИЧ симптомына қарама қайшы. 


Слайд 19Жаялықтау
Тығыз жаялықтау бірнеше себептермен қолданылмайды: 
1. Өкпе желдетуін қиындату, диафрагманың (көк ет)

қозғалмасын

3. Бала денесімен жаялық арасында жұқа қабат қатпар болса ол жылуды ұстамайды.


5. Басын қатты таңу баланың емуіне кедергі, өйткені аузын көбірек ашып төске дұрыс жақындауын қиындатады.


6. Баланы бөлесе көбірек ұйықтайды жəне төсті көп іздемейді.


4. Аяқ-қол қозғалысын шектеу ет-нерв үйлесімділігінің дамуына кедергі болады.


2. Дененің əр бөлігіне қан ағысын төмендетеді.


Слайд 20Баланы шомылдыру
Баланың сыртқы денесі кір тоңғақты болса онда əр 2-6 сағатта

мынандай жағдайда, және перзентханадан шыққыннан соң шомылдырады:

- бөлменің ауа температурасы 27С төмен емес;


- ваннада су температурасы 37,5 С;


- шомылдырған соң жылы құрғақ сүлгімен орап, мұқият кептіріп басынан аяғына дейін сүрту;



Слайд 21тезірек баланы жаялықтап, басына бас киімін кигізу;

- баланы ана төсіне апарып

жатқызу;


- жаялықтарын ауыстырғанда бала денесі суымау керек, барлық іс-əрекеттер жылдам болуы керек.



Слайд 22Аз салмақты жаңа туған нәрестелер күтімі
Аз салмақты нәрестенің туылуы күтілгенде:                

босану бөліміндегі

ауа температурасы 28ºС болуы тиіс (қосымша жылытқыштар қосу жылы жаялық, бас киім, қысқа шұлық және басқа да тиісті киім дайындау


барлық жабдықтың оңалту шараларына дайын болуы;


аз салмақпен туылған нәрестелер басқалардан гөрі жансақтауға мұқтаж болғандықтан, жансақтаудың барлық әдістерін меңгерген неонатологтар командасы


Слайд 23Аз салмақпен жаңа туылған нәрестелердің босану палатасындағы күтімі
•   Сақтықтың әмбебап шараларын қолдану (ауруханаішілік

инфекциялар профилактикасы) – қолда дұрыс және мұқият жуу, тек зарарсыздандырылған аспаптарды қолдану, қажетсіз инвазивті емшаралардан аулақ болу). •   Гипотермия профилактикасы  •   Туылғаннан кейінгі гипогликемия профилактикасы:       - калорияны сәйкес тұтыну үшін туылғаннан 1 сағаттан кейін емшек беруді бастау. •   Тыныс алу бұзушылықтарын уақтылы айқындау: - нәрестені туылғаннан кейін бірінші 2 сағат бойы әр 30 минут сайын байқау:
- ыңырсыған тыныс алу жоқ па, тыңдау; - 1 минутта  тыныс алу жиілігін тыңдау, егер ТАЖ 30 т/мин. аз болса, егер 60 т/мин. көп болса, қайтадан санау; - кеуде қуысының тартылуы  немесе танауының едіреюі бар ма, тексеру. Ана мен баланы ешқашан қараусыз қалдырмау!

Слайд 24Аз салмақты балаларды қоректендіру
Қоректендіру әдісі: - жаңа туған нәрестенің бастапқы салмағынан, сору

рефлексінің жетілгендігінен, жұтудан және осылардың үйлесімділігі. Дене салмағы туылғанда 1,75-тен до 2,5 кг-ға дейінгі нәрестелерде  және салмақты қиындықтар болмаса, емізуді туыла сала бастауға болады. Туылғандағы дене салмағы 1,75 кг-нан аз нәрестелерде және салмақты қиындықтар болмаса, сауып алынған емшек сүтімен баламалы сүңгі немесе ыдыс/қасықпен қоректендіру әдісі қолданылады.

Слайд 25Гигиена мен сақтық шаралары
                  
баланы анасының өзі күтуін қадағалау (киімін ауыстыру, жуу,

температурасын өлшеу);

анасының қолды дұрыс жуу техникасын және оны орындауды қадағалау;

кіндікбау қалдығын ашық әдіспен жүргізу, ешнәрсемен өңдемеу, ол ұдайы құрғақ болуын қадағалау, несеп пен нәжіс тигізбеу;

инвазивті емшараларды (қан алу), егер осылар қажет болса, барынша қысқарту; жарақатты дұрыс өңдеу;

нәрестеге әрі ана күтімін қамтамасыз ету


Слайд 26Жолдастық босану. Ана мен баланың бірге болуы. Қолды дұрыстап жуу


Слайд 27 Анасымен бірге тәулік бойы болуы


Слайд 28Жаңа туылған баланы күту кезінде қолды жуу гигиенасын қатаң сақтау қажет!


Слайд 30Қорытынды
Қорыта келгенде, ұрпағымыз - болашағымыз, сондықтан балаларымыздың денсаулықтарына уақтылы көңіл бөліп,

дәрігерге дер кезінде қаратып, ағзасында өзгерістер болып жатса неге көңіл бөлу керек екенін аналарға түсіндіре білу, көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алар еді.

Слайд 31Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы

2002.344б.
2.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,
3.Дадамбаев Е.Т. Нәресте туралы ілім 2005 ж.
4. Дадамбаев Е.Т. Бала дәрігерінің серігі, Алматы 2011 ж.
5. Педиатрия. Национальное руководство: в 2-х тт. Под ред. А.А. Баранова.- М.: ГЭОТАР - Медиа.- 2009.
6. Лекции по педиатрии. Том 7. Диетология и нутрициология. Под ред. В.Ф. Демина, С.О., Ключникова, Ю.Г. Мухиной. М.: РГМУ, 2007.
www.medelement.kz
www.adilet.zan.kz


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика