Іштің жабық жарақаты презентация

Содержание

Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Жіктемесі Патогенезі Клиникасы Диагностикасы Алғашқы көмек ІII. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер

Слайд 1Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті «Жедел медициналық жәрдем» кафедрасы
Қабылдаған: Кадирова Ш.А.
Орындаған:

Жураханов Ж.Ж.
Тобы: ЖМ-510

СӨЖ

Тақырып: Іштің жабық жарақаты


Слайд 2Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жіктемесі
Патогенезі
Клиникасы
Диагностикасы
Алғашқы көмек
ІII. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер


Слайд 3І. Кіріспе
Іштің ішкі мүшелерінің зақымдануы – оқшаулатылған немесе кешенді түрдегі тері жабындысы бүтіндігінің

зақымдануы.
Іштің немесе құрсақтың жарақаттық зақымдануларын ашық және жабық деп бөледі. Сондай-ақ суық қарудан болған жаралану мен оқтан болған жаралану ажыратылып қарастырылады. Көбіне денеге енген жарақат ішкі ағзалардың зақымдануларымен бірге өтеді. Зақымдану түрлерінде қуыс ағзалар зақымдануы (қарын-ішек жолының ағзалары), паренхиматозды ағзалардың зақымдануы (бауыр, талақ, ұйқы безі мен бүйректер) және қан тамырларының зақымданулары (магистралды артериялар мен веналар, шажырақай қан тамырлары) бөлектенеді. 


Слайд 4Жабық зақымданулар тері жамылғыларының тесіліп зақымдану болмауымен сипатталады. Олар тікелей жарақат

(алдыңғы құрсақ жақтауына қатты затпен соққы), сондай-ақ жанама жарақат (биіктен құлау) нәтижесінде болады. Енулі жарақаттардың клиникалық біліністері құрсақішілік ағзалардың зақымдану сипатына тікелей тәуелді келеді. Паренхиматозды ағзалар жарақаттанғанда күшті құрсақішілік қан кету болады, қуыс ағзаның зақымдануы перитониттің дамуына жетелейді. Осылайша тесілген жарақаты бар науқастардың жай-күй ауырлығы құрсақішілік қан кету және жарақаттан соңғы перитонит сипатымен анықталады. 


Слайд 5ІІ.Негізгі бөлім
Жіктемесі
Тері жабындысының қатысына байланысты:
1. Іштің жабық жарақаты.
2. Іштің ашық жарақаты.  
Зақымдану

көлеміне қарай:
1. Оқшауланған зақымдану.
2. Бірлескен зақымдану.  
Жарақат санына қарай:
1. Біреулік.
2. Көптеген.  
Жара өзегінің сипатына қарай:
1. Жанаспалы.
2. Енген.
3. Тұйықталған.

Слайд 6Іш пердесіне қарай:
Енбеген:
1. Іш пердесі тінінің зақымдануымен
2. Құрсақ ішінен тыс ішек,

бүйрек, несепағар, қуық, ұйқы безінің зақымдануымен.

Енген:
1. Ішкі ағзалардың зақымдауынсыз.
2. Құрсақ қуысы мүшелерінің зақымдануымен:
- паренхиматозды (бауыр,көк бауыр);
- қуысты (асқазан, ішек, қуық);
- паренхиматозды жəне қуысты ағзалардың бірлескен зақымдануы;
3. Құрсақ арқы кеңістік мүшелерінің зақымдануы:
- паренхиматозды (ұйқы безі, бүйрек);
- қуысты (он екі елі ішек, тоқ ішек, несепағар, қуық).
4. Құрсақ арты кеңістіктің жəне құрсақ қуысының мүшелерінің зақымдануы.

Слайд 7
Оқшауланған жарақат - іштің бір ғана зақымдануымен көрінетін жарақат.  
Іштің көптік жарақаты – құрсақ

қуысының бірнеше мүшелерінің зақымдануымен жүреді.
Бірлескен жарақаттар – бауыр жарақатынан болатын дененің бірнеше жерінде орналасқан зақымданулар (бас, мойын, кеуде, жамбас, омыртқа, аяқ-қол).  
Торакоабдоминальды зақымданулар – іш пен кеуденің бірлескен жарақаты кезіндегі диафрагманың жарақаты.  
Аралас жарақаттар – адам ағзасына бірнеше зақымдаушы факторлардың əсерінен болады (механикалық, термиялық жəне т.б.).


Слайд 8Диагностикасы
Іштің зақымдануларының диагностикалық критерийлері:
- Құрсақ қуысы зақымданған жарақаттанушы қимылдамай бір орында

жатуға тырысады, көбінесе арқасымен немесе бүйіріне аяқтарын бүгіп жатады, қалыпын өзгертетін болса, бастапқы қалыпқа оралады (Ванька-встанька симптомы);
- Беті шүңірейген үнемі сұйықтықты талап етеді;
- Ес дəрежесі əр-түрлі болуы мүмкін; есінің анық болуынан, ступор, комаға дейін болуы;
- Жарақаттың жəне қан кетудің ауырлығына байланысты, артериялды қан қысымының төмендеуі жəне де тахикардия көлемінің өзгеруі айқындала түседі;
- Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі жарақаттың ауырлығымен параллель жүреді;
- Тіл əдетте құрғақ, ақ немесе қоңыр жабындымен қапталған;

Слайд 9- Алдыңғы құрсақ қабырғасы – тыныс алу актісіне қатыспайды немесе қимылы шектелген;
-

Пальпация кезінде іш бұлшық еттерінің əр түрлі дəрежедегі тартылуы байқалады. (бұлшықеттік дефанс);
- Іш пердесінің тітіркенуін абайлап агрессиясыз байқауға болады (Блюмберг симптомы);
- Перкуссия кезінде – ауырған аймақты, сол аймақта сұйықтың (гемоперитонеум, гидроперитонеум) немесе құрсақ қуысындағы бос газдардың болуын анықтайды
(пневмоперитонеум);
- Аускультация кезінде – ішек перистальтикасының төмендеуі немесе мүлдем болмауын анықтайды.


Слайд 10Іштің тұйық жарақатымен екі топты ажыратады:
- Клиникалық көрінісі бойынша жедел қан

кетумен.
- Перитониттің симптоматикасымен өршіген эндогенді интоксикацияның көріністері.
Іштің енбеген жарақаттарының диагностикалық ерекшеліктері:
- Жарақаттанушының қанағаттанарлық жағдайы;
- Жергілікті өзгерістері: жара аймағындағы ісіну, бұлшық еттердің тітіркенуі, ауыру сезімі;
- Жарақаттану, гематомаға алып келетін, іш қуысының алдыңғы бетінде іш пердесінің тітіркенуі симптомы пайда болады;
- Асқазан ішек жарақаты кезінде – жылдам дамитын перитонит симптомының белгілері көрінеді;
- Енбеген жарақаттар кезінде артқы іш пердесінің мүшелерінің зақымдануын ескеру керек.


Слайд 11Енбеген жарақаттар
Енбеген іштің жарақаты кезінде жарақаттанушының жалпы жағдайы қанағаттанарлық болады.
Ісіну, бұлшық еттерінің

күштенуі, жара маңындағы ауыру сезім сияқты жараның жергілікті өзгерістері байқалады.
Жарақаттан кейінгі пайда болған, іш пердесінің алдыңғы клетчаткасының гематомасы іш пердесінің тітіркенуіне алып келуі мүмкін.

Слайд 12Енген жарақаттар
Болады (паренхиматозды немесе қуыста)
- Паренхиматозды ағзалардың оқшауланған зақымдануы сирек болады,көбінесе паренхиматозды

жəне қуысты ағзалардың біріккен жарақаты анықталады;
- Клиникалық көрінісі осы екі симптомның біреуінің басымдылығымен жүреді: жедел массивті түрде қан жоғалту немесе перитонитпен;
- Госпитализация алды сатысында жарақаттарды яғни іш пердесінің алдыңғы қабырғасы, бел аймағымен қабырға доғасының жарақаттарын, құрсақ қуысына өткен жарақаттар деп есептеуге болады;
- Ішкі мүшелердің эвентрациясы, өт жəне зəрдің ағуы, асқазан немесе ішектегі заттардың ағуы: енген жаралардың абсолюттік белгісі ретінде күмəн тудырмайды;
- Асқазан жəне ішек жарақатының сипаты болып, жылдам дамитын перитониттің белгісі болып табылады;
- Бауыр, көк бауыр немесе құрсақ қуысы қан қан тамырлары жарақатының – клиникалық манифестациясы болып «жедел қан кету» болып табылады.

Слайд 13 Ерте дамитын симптомдарға жатады:
- Іш пердесінің алдыңғы қабырғасының тітіркенуі;
- Іш экскурсиясының

тыныс алу кезінде төмендеуі немесе мүлдем болмауы;
- Іш пердесінің тітіркену белгілері;
- Тері жабындыларының бозаруы;
- Тахикардия жəне артериалды гипотензия.  
Кеш дамитын симптомдарға жатады:
- Іштің кебуі;
- Тілдің жабындымен қапталуы жəне құрғауы;
- Жіп тəрізді пульс;
- Артериалды қан қысымның жылдам төмендеуі.

Слайд 14Қуысты ағзалардың зақымдалуы.
- Iштің жабық жарақаты кезінде ас қорыту жүйесінің барлық

бөлігі зақымдануы мүмкін; оғаң қуық, өт қапшығы, іш перде аймағы кіреді;
- Шажырқайдың жыртылуы, сондағы субсерозды гематоманың пайда болуы перитониальды қуысқа көп мөлшерде қан кетуне ықпал етеді;
- Iшектің неғұрлым дистальды жыртылуы болса, соғұрлым перитониттің дамуы агрессивті түрде өтуі мүмкін;
- Клиникалық манифестация іш пердесінің тітіркену белгілеріне байланысты;
- Биологиялық активті сұйықтықтардың (қан, өт, зəр, ішек жəне асқазан құрамындағы заттар) құрсақ қуысына құйылуы, белгілі бір орналасу ошағынсыз жайылмалы сипатта болады;
- Уақыт өте ауру сезімнің интенсивті түрде жоғарылауы, іш пердесінің тітіркену белгісіне алып келеді;
- Тахикардияның жоғарылауы АҚҚ-ың төмендеуі қанның бос құрсақ қуысына кетуінің себебі болуы мүмкін;
- Iш пердесінің артқы гематомасынан жəне шажырқай түбіне қан құйылуынан немесе құрсақ қуысына қан жиналғанын ажырату үшін «Джойс» симптомы көмек береді: науқасты арқасымен немесе бүйірімен жатқызғанда іштің бүйірлік аймағындағы тұйықталулар ығыспайды.

Слайд 15Паренхиматозды ағзалардың зақымдалуы
Іштің жарақаты кезінде паренхиматозды мүшелер қуысты мүшелерге қарағанда, жиі зақымдалады.

Соның ішінде көк бауыр жиі жарақаттанады.  Іштің жабық жарақаты нəтижесінде ретроперитониальды орналасқан мүшелер бүйрек пен ұйқы безі зақымдалуы мүмкін.  Іш пердесі осы мүшелерді жауып тұрады, осы мүшелердің зақымдануы кезіндегі клиникалық көрініс бауыр немесе көк бауыр жарақатына ұқсас келеді.Бауыр мен көк бауырдың тығыз қабығы болады,жарақат алған соң біраз уақыт (сағат, тəулік) өткенде қан қабық астында аккумуляцияланып субкапсулярлы гематоманың пайда болуына алып келеді. Кейін қандайда бір функционалды күштеме кезінде қабық жыртылып гематома құрсақ қуысында жарылып интенсивті кейде өлімге алып келетін қан кетуді шақырады.

Слайд 16Паренхиматозды мүшелердің клиникалық көрінісі, жараланудың жалпы белгілерімен құрсақ ішілік қан кетумен негізделеді. Зақымдалған

ағзаның ауру сезімінің күмəнді орнығуы іш пердесінің тітіркену белгілерімен байқалады.  Жарақаттанушының жалпы жағдайы ауыр, есі бұзылған. Тері жамылғылары бозарған, ауыр түрдегі қан жоғалтқаннан аяқ-қолдың «мрамор» тəрізді болуы. Тахикардияның айқындалуы жəне АҚҚ-ң төмендеп тіпті коллапс жағдайына жетуі.Іштің жабық жарақатымен қосарласқан қабырға жəне жамбас сүйектерінің сынығы кезінде, диагностика жүргізу біршама қиындайды. Науқаста краниоабдоминальды зақымдану кезінде диагноз қою *мүмкін емес, өйткені науқас ес-түссіз жағдайда жатады.


Слайд 17Жедел құрсақ ішілік қан кетудің жалпы белгілері:
- Бас айналуы жəне əлсіздікке

шағымдануы;
- Іштегі аз интенсивті ауру сезім;
- Тері жамылғылары мен шырышты қабаттың бозғылттануы;
- Көп қан жоғалтқандағы аяқ-қолдың «мрамор» тəріздес болу;
- Тахикардияның жоғарылауы;
- Альговер индексін бақылауда ұстау үшін, динамикада артериялық қан қысымның төмендеуін бақылау керек.  
Жедел құрсақ ішілік қан кетудің жергілікті белгілері:
- Орналасқан жеріне қарай аздаған ауру сезім;  
- Шеткин-Блюмберг симптомының оң болуы;
- Ішітің белгілі бір бөлігінің тұйықталуы.


Слайд 18Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар:
1. Жарақаттанушының мəжбүрлі жағдайда жатуы.
2. Жарақаттанушының сыртқы

көрінісін бақылау.
3. Есін жəне ауырлық дəрежесін анықтау.
4. Динамикада АҚҚ-ң көрсеткіштерімен жүректің жиырылу жиілігін анықтау.
5. Динамикада тыныс алу параметірлерімен тыныс жиілігін анықтау.
6. Тіл жəне ауыз қуысын қарау.
7. Іштің ашық жарақатының жарақат орнын табу, сол жерден бөлінген заттармен ішкі мүшелердің сыртқа шығуын анықтауға көмек береді.
8. Iш пердесінің тыныс алу актісіне қатысуын тексеру.


Слайд 199. Іш контурын анықтау.
10. Пальпаторлы іш пердесінің алдыңғы қабырға бұлшық-етінің тартылуын

жəңе іш перде тітіркенуін табуға болады.
11. Ішектің перистальтикасын тындау (1 мин артық емес).
12. Құрсақ қуысында бос газдардың жəне сұйықтықтын бар екенін перкуторлы түрде анықтауға болады.
13. Бөлінген зəр жəне қуықтың қаталамалы функциялары.  Төтенше жағдайда жарақаттанушыны киімін шешпей тексеріп жарақат орнына таңғыш салу. Іш пердесінің қабырғасының оқшауланған жарақаты, ішкі мүшелерді жарақаттануын манифестірлеуі мүмкін.Дизуриялық көріністер қуық жəне уретраның зақымдануында ғана емес құрсақ қуысы жəне құрсақ арты кеңістіктің зақымдануы кезінде байқалады.


Слайд 20Жедел жəрдем көрсету тактикасы
1. Асфиксияның көзін жою жəне алдын алу-ауыз қуысындағы

бөгде заттардан жəне мұрын қуысындағы қан ұйындыларынан тазарту.
2. Іш перде жарақаты бар кездегі ассептикалық танбалар.
3. Іштің ашық жарақаты кезіндегі геморрагиялық шок белгілері, интроперитональды көп мөлшердегі қан кетуге күдіктену керек: омыртқаға қарай іш пердесінің алдыңғы қабырғасын екі алақанмен күштеп басу; көмекші бір алақанын содан екінші алақанын ауыстырып, алақан астына іштің алдыңғы бетіне сəкес келетін жұмыр затты салады (фанера, кітап) содан кейін қойылған затты ременмен денені айналдыра фиксациялау керек.
4. Іш перд шарбы майы жəне ішектің ілмегі жарақаты арқылы енген эвентрациясы кезінде құрсақ қуысынан шыққан мүшелерді орнына қайтадан қоймайды, тек бірнеше қабатты ылғалды стерильді таңғыштармен қатты тартпай денесіне айналдыра фиксация жасайды.


Слайд 215. Кең көлемді құрсақ қуысы мүшелерінің эвентрациясы кезінде (2 мл -

0,005% фентанил ерітіндісінен кейін,1мл-0,1% атропинді енгізу) құрсақ қабырғасының ақауынын шетін көмекші екі қолмен ұқыптап ашып, сыртқа шығып кеткен мүшелерді құрсақ қуысына салып қоюға тырысады да бинтпен қатты тарпай денесіне асептикалық айналдыра таңғыш салады.
6. Ішек ілмегінің бір бөлігі құрсақ қабырғасынан шығып кетуі немесе қысылуы болса ( 2 мл - 0,005% фентанил ерітіндісінен кейін кейін 1 мл-01% ерітіндісін еңгізу) қысылуды болдырмау үшін кішкене тілім жасау керек.
7. Қабырғадан шығып кеткен мүше болған жағдайда, аталған мүшені кішкене көтеріп құрсақ қуысына, мүшелердін ары қарай еніп кетпеуі үшін асептикалық таңғышпен таңу керек.
8. Жансыздандыру: 2 мл - 0,005% фентанил ертіндісінен кейінгі 1 мл - 0,1% атропин ерітіндісін енгізу.
9. АҚК-н толтыру үшін қан тамыр ішіне кристаллойдты жəне каллоидты ерітіндіні енгізу ( егер АҚҚ анықталмаса онда инфузия жылдамдығын 300-500 мл/мин) ал шок кезінде І-ІІ дəрежесінде көк тамырға жайлап 800-1000 мл-ден полиионды к/т еңгіземіз, қан айналымның айқын бұзылысында декстрандар мен гидроксиэтилкрахмалды 5- 10 мл/кг АҚҚ қалыпқа келгенше жай ағыспен көк тамырға еңгізеді).


Слайд 2210. Науқасты стационарға алып бара жатқанда гемодинамиканы төмен көрсеткіштерінде, регидротацияға қарамастан –

вазопрессорлы жəне глюкокортикоидты препараттарды жүректің жұмысы тоқтап қалмауы үшін уақыт ұтып, допамин 200 мг/ 400 мл плазма алмастырушы ерітінді түрінде к/т жылдам тамшылатып, преднизалон 300 мг дейін к/т енгізу керек.
11. Психоматорлы қозу кезінде седативті препараттар енгізу.
12. Жедел тыныс жетіспеушілігі дамыған кезде, оттегі маскасы арқылы тыныс алу.
13. ЖӨЖ-гі апноэ, тыныс алу ритмінің бұзылысында, жедел тыныс жетіспеушілігінің декомпенсация сатысында (ТҚЖ 12 ден аз 30 дан көп) жарақаттық шоктың 3 сатысында кеңірдек интубациясын жасайды.
14. Əсерлі қан айналымның тоқтауы болғанда – ресусситационды шаралар қолданылады.
15. Көліктік иммобилизация (көрсеткіштер бойынша).
16. Жарақаттанушының горизантальды қалыпта мамандандырылған ауруханаға тасымалданады.

Слайд 23 Кеткен қанды толықтыру:
1. Артериалды қан қысым анықталмаған жағдайда инфузия жылдамдығы

300-500 мл/мин – пентакрахмалды 500,0 мл енгізу.
2. І-ІІ –ші дəрежедегі шок жағдайында көк тамырға тамшылатып полиионды ерітіндіні (ацесоль, трисоль, лактасоль) 800-1000 мл енгізу.
3. Қан айналымның айқын бұзылыстарында 400,0 мл полиглюкин жəне пентакрахмалдың 400,0 мл–н қан қысымы (90-100 мм.с.б.б.) тұрақталғанша көк тамырға тамшылатып енгізу.
4. Гемодинамиканың төмен көрсеткішінде регидратацияға қарамастан – 200 мг дофаминді 400 мл 0,9% натрий хлоридін көк тамырға тамшылатады, 300 мг преднизалонды көк тамырға енгізу.


Слайд 24Өкпенін жасанды вентиляциасына көрсеткіштер:
- апноэ;
- жедел дамиты тыныс алу ритмінің бұзылыстары;
-

декампенсирленген жедел тыныс жетісепеушілігі (тыныс алу қимылының жиілігі 12ден аз 30 дан көп);
- травматикалық шок ІІІ дəрежесі.  
Шұғыл госпитализациялау үшін көрсеткіштер: іштің тұйық жəне ашық жарақаттары міндетті түрде госпитализацияланады.

Слайд 25Негізгі дəрі - дəрмектер тізімі:
1.*Пентакрахмал 500,0 мл,фл.
2.*Декстроза 5%-400,0 мл,фл.
3.*Лорноксикам 8 мл,фл.
4.*Фентанил

0,005%-2,0 мл,амп.
5.*Атропин сульфаты 0,1%-1,0 мл,амп.
6.*Натрий оксибаты 20%-10,0 мл,амп.
7.*Ацесоль 400,0 мл,фл.
8.*Допамин 0,5%-5 мл,амп.
9.*Преднизалон 30мг,амп.
10.*Натрий хлориды 0,9%-5,0мл,амп.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:


1. Полиглюкин 400,0 мл,фл.
2.*Натрий хлориды, калий хлориды, натрий гидрохлориді 400,0 мл, фл.
3. Лактасоль 400,0 мл,фл.


Слайд 26III. Қорытынды
Іштің зақымдануын жабық (тері бүтіндігінің бұзылуынсыз) және ашық жаралар болып

ажыратылады. Сонымен қатар алдыңғы құрсақ қабырғасының және құрсақ қуысы ағзаларының зақымдалуын ажыратады. Құрсақ қуысы ағзаларының зақымдалу ерекшелігіне байланысты оқшауланған (бір ағзаның зақымдалуы) немесе көптеген зақымдануы (бірнеше ағзаның зақымдалуы) болып бөлінеді. Іштің жарақаты кезінде жарақат механизмі жарақаттаушы агенттің күші және сол мезеттегі құрсақ қабырғасының жағдайы серпімділігі, шел қабаты, бұлшық еттер тонусы және де қуысты ағзалардың толуы үлкен рол атқарды. Жарақат механизімін біле отырып тексеру кезіңде ішкі ағзалардың зақымдалу белгілері аз немесе жоқ болса да олардың зақымдалу сипатын болжауға болады. Бұл дәрігерге аз уақыт ішінде дұрыс диагноз қойып және соған сәйкес емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Слайд 27IV. Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 -

2007, №165 - 2012)
Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Хирургия катастроф. Х.А. Мусалатов. Москва, «Медицина», 1998 год 2. Руководство по скорой медицинской помощи. Багненко С.Ф., Верткин А.Л, Мирошниченко А.Г., Хабутия М.Ш. ГЭОТАР-Медиа, 2006 г. 3. Доврачебная помощь при неотложных критических состояниях. И.Ф. Богоявленский. Санкт-Петербург, «Гиппократ», 2003 г. 4. Диагностика и лечение ранений. Под ред. Ю.Г. Шапошникова. Москва, «Медицина», 1984 год 5. Повреждения живота. Ю.Г. Шапошников и др. Москва, «Медицина», 1986 год 6. Доврачебная помощь при неотложных критических состояниях. И.Ф. Богоявленский. Санкт-Петербург, «Гиппократ», 2003 г. 7. Feliciano, Mattox, Moore. Trauma. McGraw-Hill Company, 2004 8. Greaves, Porter, Ryan. Trauma Care Manual. London, 2001 9. Henderson. Emergency medicine. Texas, 2006 10. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 11. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика