Слайд 1Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Анатомия және гистология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
Жыныс жүйесі. Шығу тегі және эмбрионалды дамуы. Жасқа сай өзгерістер. Қынап.
Слайд 2Жоспар:
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім:
2.1. Жыныс жүйесі;
2.2. Шығу тегі және эмбрионалды дамуы;
2.3.
Жасқа сай өзгерістер. Қынап;
III. Қорытынды;
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Слайд 3Кіріспе:
Жыныс жүйелері ағзада репродуктивті қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы.Жүйенің
құрамына жыныс жасушаларын түзетін, гормондар бөлетін жыныс бездері немесе гонадалар мен қосымша мүшелер жатады.Аталық жыныс жүйесіне: ен, тұқым немесе ұрық жүретін жолдар, көпіршікті бездер, қуық түбі безі т.б. жатса ал, аналық жыныс жүйесіне – аналық жыныс безі мен қосымша мүшелері: жатыр, түтігі мен қынап жатады.
Слайд 4Дамуы
Эмбриогенздің 7-8аптасының соңына қарай бездің бастамасы
біліне бастайды.Аналық бездің
құрамындағы мезенхимасының ұрық
дамуы алғашқы бүйрек денесінен бастау алады.
Слайд 5 Ұрықтың 6-аптасының
басына қарай бездің мезонефронынан бөлінуі мен аналық
бездің тамырлы аяқшасының қалыптасуы басталады.6-8 апталық ұрықта
аналық бездің ұыртысты заты біліне бастаса,ал боз заты бұдан кейінірек
дамиды.
Слайд 6 Эмбриогенездің 3-4 айында бездің алғашқы жасушалары немесе
овогонийлердің жылдам
көбеюінің нәтижесінде жыныс жасушаларының мөлшері үдемелі түрде ұлғаяды.Нәрестелік дамудың 3-ші айынан соң овогонийлердің тең жартысын мейоздың үздіксіз фазасында орналасқан біріншілк овоциттерге жіктеледі.Нәрестенің дүниеге келу сәтіне қарай овогонийлердің саны кемиді де,ал бірақ өсу кезеңіне өткен біріншілік овоциттер саны көбейеді.
Слайд 7 Нәрестенің дүниеге келу мезгілінде бездегі жыныс жасушаларының саны
300-400 мыңдай болады,мұны біріншілік овоциттер дейді.Жаңа туған қыз баланың бойында жыныс бездерінің әрі қарай дамуы жалғаса береді.Аналық бездердің эндокриндік қызметі қыз баланың кәмелетке толған кезінде байқалады.Гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлінетін фолликулин (ФСГ) гормонының әсерінен аналық жыныс жасушаларының шапшаң,әрі қарқынды түрде өсуі байқалады.
Слайд 8 Қынап (лат. vagina – қынап) — жыныстық қатынасты қамтамасыз ететін, жатыр
мен несеп-жыныс кіреберісі аралығында орналасқан тақ түтікше мүше.
Слайд 10 Ол жамбас қуысында жатырдан кейін орналасып, ешқандай шекарасыз
несеп-жыныстық кіреберіске өтеді. Олардың шекарасын уретраның сыртқы тесігі белгілеп тұрады. Түтікше мүше ретінде қынаптың қабырғасы: ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті және сыртқы — адвентиция қабықтарынан тұрады. Оның қатпарлы безсіз кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Ортаңғы етті қабығы — ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттері қабаттарынан құралған. Қынаптың сыртқы алдыңғы бөлігін ғана сірiлі қабық, ал қалған негізгі бөлігін — адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы) қабығы қаптап жатады.
Слайд 11Қорытынды:
Ұрық жолдарының кілегейлі қабығының эпителиі барлық бөліктерінде
безді-секреторлы
(әсіресе,бұл ен қосалқысының ұшында айқын білінеді).
Еннің тік түтікшелерінің эпителиі призма тәрізді.Еннің торында бұл
эпителий куб немесе жалпақ болып келеді. Бездің ұрық шығару
түтікшелерінің эпителиінің құрамындағы жасушалары екі түрлі:
кірпікшелі және безді жасушалар түрлері,түтікше қабырғасында кезектесіп орналасады.
Слайд 12Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап»
баспасы. – 2005. - 285 б.
2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.
3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.