Жасуша патофизиологиясы презентация

Содержание

Жоспар: 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім Жасуша бүліністерінің этиологиясы  Жасуша бүліністерінің жалпы даму жолдары Дистрофиялар Дисплазиялар Некроз. Апоптоз. Жасуша бүліністерінің түрлері. Бүліндіргіш ықпалдарға жасушаның бейімделу жолдары. Жасуша бүліністерін емдеу жолдарының негіздері 3.Қорытынды

Слайд 1Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті

Қабылдаған:Таубекова М.
Дайындаған:Асабай А.
Тобы: ЖМ-212
Тақырып:Жасуша патофизиологиясы.


Слайд 2Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Жасуша бүліністерінің этиологиясы 
Жасуша бүліністерінің жалпы даму жолдары
Дистрофиялар
Дисплазиялар
Некроз. Апоптоз.
Жасуша бүліністерінің

түрлері.
Бүліндіргіш ықпалдарға жасушаның бейімделу жолдары.
Жасуша бүліністерін емдеу жолдарының негіздері
3.Қорытынды

Слайд 3 Кіріспе
Жасуша – тірі организмдердің құрылымының

ең қарапайым бөлігі. Жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе.


Слайд 4Жасуша бүліністерінің этиологиясы
Жасуша бүліністеріне көптеген себепкер ықпалдар әкеледі. Оларды сырттан әсер

ететін- экзогендік және организмнің өзінде пайда болатын – эндогендік– деп екі үлкен топқа ажыратады.


Слайд 5 Экзогендік
●биологиялық ықпалдар (микробтар, вирустар, қарапайым жәндіктер, майда саңырауқұлақтар, аутоантиденелер

мен цитотоксиндік иммундық глобулиндер т.б.);
 физикалық ықпалдар (иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр соққы, электромагниттік толқындар т. б.);
 механикалық ықпалдар (жарақат, жаншылу, қысылу т.б.);
  химиялық ықпалдар (органикалық немесе бейорганикалық улы заттар, кейбір дәрі-дәрмектер, гипоксия, реоксигенация т.б.)
  психогендік ықпалдар ( жан жарақаты, рухани күйзелістер, ауыр эмоциялар т.б.) – жатады.


Слайд 6Эндогендік


Туа біткен себепкер ықпалдарға жасуша мембранасындағы тұқым қуалайтын ақаулардың болуы

жатады. Бұл кезде мембрананың құрамында кейбір нәруыздар, фосфолипидтер немесе ферменттер болмауы ықтимал.


Жүре пайда болған эндогендік себепкер ықпалдарға:
● жүйкелік эндокриндік реттелулердің біріншілік бұзылыстары;
● иммундық бұзылыстар немесе аллергиялық үрдістер;
● зат алмасу өнімдерінің (Н+, К+, Са2+, асқын тотықтар т. б.) жиналып қалуы;
● организмде су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары;
● бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі;
● ағза қызметінің тым қатты көтерілуі немесе ұзақ мерзім болмауы;
● жасушаның қартаюы т. т. - жатады


Слайд 7  Жасуша бүліністерінің жалпы даму жолдары мына бұзылыстардан байланысты болады:


Слайд 8Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары мына жағдайларда байқалады:


Слайд 9МЕМБРАНА БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ (ПАТОГЕНЕЗІ).
.
 
Биологиялық мембраналардың бүліністері мына 4-жолмен дамуы ықтимал:
 ●

мембранадағы еркін радикалды тотығу мен майлардың асқын тотығуынан;
 ● фосфолипаза, липаза, протеаза ферменттерінің артық әсерленіп кетулерінен;
 ● мембраналардың механикалық (осмостық) бүліністерінен;
 ● иммундық (аллергиялық) әсерлерден

Слайд 10
Жасуша мембраналарының бүліністерінде майлардың асқын тотығуы екі түрлі жағдайларда болуы

ықтимал:
● біріншісі, бос радикалдардың тым артық өндірілуінен ;
● екіншісі, антиоксиданттық жүйелердің жеткіліксіздігінен.
Осыған байланысты организмде белсенді бос радикалдар артық өндірілуі мына жағдайларда:
♣ организм улы заттармен уланғанда;
♣ механикалық жарақат, жан-дүниелік күйзелістер т. б. ауыртпалықтар кездерінде катехоламиндерден бос радикалдар құрылғанда;
♣ иондағыш сәулелермен сәулеленгенде;
♣ оттегімен уланғанда;
♣ тіндер қабынуға ұшырағанда;
♣ фагоцитоз кезінде;
♣ гипоксия және реоксигенация кездерінде – тым артып кетеді.

Слайд 11 Биологиялық ықпалдар (жұқпалар, жылан және ара улары т. б.);
 Ишемия;
 Са2+ иондарының

жасуша ішінде артық жиналуы фосфолипаза А мен липазаны

Осыдан мембраналарда фосфолипидтер, майлар, гликолипопротеидтер ыдырайды, босаған қанықпаған май қышқылдары асқын тотығуға ілігеді және артық бос май қышқылдарының өздері мембранаға тікелей бүліндіргіш әсер етеді, қышқыл протеазаларды қатты әсерлендіреді


ФОСФОЛИПАЗА, ЛИПАЗА, ПРОТЕАЗА ФЕРМЕНТТЕРІНІҢ АРТЫҚ ӘСЕРЛЕНІП КЕТУІ.


Слайд 12Гендік құрылымдарының бұзылыстары
ДНК молекуласының құрылымы бұзылуы немесе оның ыдырап кетуі жасуша

тіршілігінің жоғалуына жиі әкеледі
Себептері мыналар:
● ДНК молекуласына өте күшті иондағыш сәулелер, бос радикалдар, майлардың гидроасқын тотықтары т.б. әсер етулерінен оның құрамбөлшектері бүлінеді;
 
● нуклеаза ферменттері қатты әсерленіп кеткенде ДНК ыдырайды;
 
● белсенділігі қатты көтерілген трансфераза ферменттерінің әсерлерінен нуклеотидтердің арасындағы байланыстар үзіліп, ДНК молекуласын ыдыратады

Слайд 13Гендік құрылымдарының бұзылыстары
Гендердің мутациясы;
Дерттік гендердің (мәселен, онкогендердің, апоптоздық гендердің) әсіреленіп

кетуі;
Тіршілікке маңызды (мәселен, ферменттердің түзілуін қадағалайтын) гендердің белсенділігі төмендеп кетуі;
Геномға бөтен текті ДНК (мәселен, вирустың ДНК-сы) еніп кетуі (трансфекция);
Бүлінген ДНК молекуласының қалпына келуі бұзылуы – тектік ақпараттың бұзылыстарына әкеледі


Слайд 14Жасуша қызметтері реттелулерінің бұзылыстары.
Тін жасушалары жүйкелік-эндокриндік, паракриндік және аутокриндік жолдармен реттелінеді.

Осыған байланысты ағза мен тіннің жүйкеленуі бұзылғанда жасушаларда дистрофия дамып, мүшенің семіп қалуы болады. Ішке сөлденістік бездердің гормондарының тым артып кетуінен немесе олардың болмауынан жасушалардың дамуы, жетілуі және нақтылануы бұзылады. Паракриндік реттелу – деп көршілес орналасқан жасушалардың әртүрлі гормондық заттар, цитокиндер, өсу факторларын т.б. кесек молекулалар бөліп шығарып, нысана жасушалардың өсіп-өнуін, жетілуі мен нақтылануын, өзіне тән міндеттемелерін атқаруын реттеуді айтады

Слайд 15Дистрофиялар
Дистрофиялар – деп жасушаларда зат алмасуларының бұзылыстарынан олардың тіршілігі өзгеруіне әкелетін

құрылымдық және функциялық өзгерістерді айтады
Олар мына жолдармен дамуы мүмкін:
қалыпты жағдайларда жасушаларда кездеспейтін ауытқыған заттардың түзілуімен
бір қоспалардың басқа қосындыларға артық ауысып кетуімен
жасуша ішілік құрылымдардың немесе заттардың ыдырап кетуімен
жасушалар мен жасуша аралық заттарда органикалық және бейорганикалық қоспалардың сіңбелері пайда болуымен
Зат алмасуларының бұзылу түрлеріне қарай нәруыздық (диспротеиноздар), майлық (липидоздар), көмірсулық, пигменттік, минералдық дистрофияларды ажыратады

Слайд 17Дисплазиялар


Дисплазиялар - жасушалардың құрылымы, зат алмасулары мен атқаратын міндеттемелерінің тұрақты өзгерістерімен

қабаттасатын олардың дамуындағы нақтыланудың бұзылыстары.Жасушаның нақтылануы оның тектік ақпаратына байланысты.
Жасушалық дисплазия өспе өсуіне тән құбылыс. Бұл кезде жасушалардың көлемі ұлғаяды, пішіні өзгереді, олардың ішінде әртүрлі қоспалар пайда болады. Жасуша ішілік құрылымдардың арақатынасы өзгереді.
Дисплазиялардың бір түрі болып метаплазия есептеледі. Метаплазия - деп белгілі ағза жасушаларының басқа тін жасушаларына айналып кетуін айтады. Мәселен, асқазан жасушалары ішек жасушаларына айналып кетеді.

Слайд 19.Жасушалардың тіршігін жоғалтуы некроздық және апоптоздық жолдармен болады


Слайд 20Некроз
Некроз (грек. песгоs - өлі) - деп жасуша тіршілігінің қайтымсыз

жоғалуын айтадыОл дистрофияның соңғы сатысында немесе төтенше бүліндіргіш ықпалдың тікелей әсерінен дамиды. Тіршілігін жоғалтқан жасушалардың айналасына фагоциттер шоғырланып, қабыну үрдісі байқалады. Некрозға ұшыраған жасушалар лизосомалық ферменттердің және оттегінің белсенді бос радикалдарының қатысуымен ыдыратылады. Жасуша құрылымдарының осындай жолдармен өзін-өзі ыдыратуын аутолиз дейді. Бүлінген және некрозға ұшыраған жасушалардың ыдыратылуы фагоциттердің және микробтардың протеолиздік ферменттерінің қатысуымен болады.


Слайд 21Некроз


Слайд 22Апоптоз
Апоптоз- жасушаның алдын-ала бағдарланған гендік ақпараты бойынша тіршілігін жоюы. Оның дамуын

қадағалайтын екі түрлі гендер белгілі. Апоптоз дамуын тежейтін ген Bcl-2 қадағалауымен антиапоптоздық нәруыз түзіледі. Ол митохондрийлардың мембранасының өткізгіштігін төмендетіп, жасуша цитоплазмасына, апоптозды сергітетін фактор - цитохром С шығарылуын азайтады. Апоптозды күшейтетін нәруыз Bad, Bax гендерімен және супрессор гендер Rb (ретинобластома), p53 гендерімен қадағаланады. Осы нәруыздың түзілуінен эндонуклеаза ферментінің белсенділігі артып, ДНК молекуласы бөлшектеліп кетеді.

Слайд 23Жасуша бүліністерінің түрлері.
Жасушаның бүліністері: жіті және созылмалы, біріншілік (тікелей себепкер ықпалдан)

және салдарлық (себепкер ықпалдан пайда болған белсенді биологиялық әсерлі заттардың ықпалдарынан), толық және үлестік (жасуша бөлшектерінің), қайтымды және қайтымсыз, спецификалық және бейспецификалық болып ажыратылады.
Спецификалық бүліністер деп туындатқан себепкер ықпалға ғана тән өзгерістерді ұғады. Бұндай бүліністер сирек кездеседі. Мәселен, осмостық қысымның көтерілуі қандай да болмасын жасушаның ісінуіне, қабығының керілуіне және оның тұтастығының бұзылуына әкеледі.
Көпшілік жағдайларда әртүрлі бүліндіргіш ықпалдар әсер еткеннен кейін жасушаларда біркелкі өзгерістер дамиды. Бұндай өзгерістерді бейспецификалық өзгерістер дейді. Оларға жоғарыда көрсетілген мембрананың өткізгіштігі көтерілуі, рецепторлық, насостық, каналдық қызметтерінің бұзылыстары және мембраналық потенциалдың өзгерістері т.с.с. жатады.


Слайд 24  Бүліндіргіш ықпалдарға жасушаның бейімделу жолдары.
Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуіне қажетті:
жасуша глюкозаны

оттегісіз ортада ыдыратып (анаэробтық гликолиз) шамалы болса да энергия (АТФ) түзеді;
тотығу-фосфорлану үрдістеріне қатысатын ферменттердің белсенділігін арттырады;
митохондрийлар ұлғайып, олардың гипертрофиясы дамиды;
жасуша ішінде АТФ энергиясын тасымалдауға қатысатын ферменттер (адениннуклеотидтрансфераза, креатинфосфокиназа) әсерленеді;
АТФ энергиясын пайдалануға қажетті ферменттердің (АТФ-азалардың) белсенділігін күшейтеді;
жасуша өзінің атқаратын қызметін шектеп, энергияға деген мұқтаждығын азайтады;
жасушада, энергия жұмсауды қажет ететін, түзілістік үрдістер азаяды.


Слайд 25 жұқпаларға, химиялық улар мен уыттарға қарсы:
 
микросомалық ферменттердің белсенділігі артып,

уытты заттарды тотықтыру, тотықсыздандыру, метил тобынан айыру т.б. жолдармен уытсыздандырады; 
эндоплазмалық торшалардың, рибосомалардың, Голдж кешенінің қызметтері артуы ауру туындататын инфекциялық, химиялық заттарды ыдырататын ферменттердің, нәруыздардың, гормондардың, вирустарға қарсы интерферондардың түзілуін күшейтеді; 
жасуша буферлік жүйелерін қосып, қышқылдық-сілтілік үйлесімді реттейді. 

Слайд 26  ЖАСУША БҮЛІНІСТЕРІН ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Жасуша бүліністерін емдеу ең алдымен шақырған себепкер ықпалды аластауға бағытталуы қажет. Сонымен бірге бүлінген жасушалардың мембраналарын тұрақтандыратын дәрі-дәрмектер пайдаланылады. Мембраналардың бүліністерінің негізінде еркін радикалды тотығу мен май қышқылдарының асқын тотығуы болғандықтан оларды ескертетін табиғи және жасанды антиоксиданттар қолданылады.

Слайд 27Қорытынды
 
Осы келтірілгендермен бірге бүгінгі күні жасушаға бүліндіргіш ықпал (температураның өзгерістері, гипоксия,

химиялық заттар, вирустық жұқпа т.с.с.) әсер еткенде арнайы бір нәруыздар өндірілетіні белгілі болды. Бұл нәруыздар жасушаны бүліндіргіш ықпалдардан қорғап, оның тіршілігін сақтап қалуға көмектеседі

Слайд 28Пайдаланылған әдебиеттер
Патофизиология. Аділхан Нұрмұхамбетұлы
Google.kz


Слайд 29Назарларынызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика