Вегетариандық тамақтану және шикілей жеу презентация

«Дені саудың - жаны сау» (лат. «Mens sana in corpore sano») — латынның қанатты сөзі. Тұжырымдамасы: өз денесін саулықта сақтайтын адам өз жанының саулығын да сақтайды.

Слайд 1Казахский Национальный Медицинский
Университет имени С.Ж.Асфендиярова

Кафедра: Нутрициология кафедрасы

Тақырыбы: «Вегетариандық тамақтану және шикілей жеу»

С.Ж.Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Орындаған: Мақсұт Нұрлы
Тобы: ҚДС 15-001-02
Курс: 3
Тексерген: Бердіғалиев А. Б.

Алматы, 2018 ж


Слайд 2«Дені саудың - жаны сау» (лат. «Mens sana in corpore sano»)

— латынның қанатты сөзі. Тұжырымдамасы: өз денесін саулықта сақтайтын адам өз жанының саулығын да сақтайды.

Слайд 3
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім:
Терминнің шығу тарихы мен вегетарианшылдықты ұстанудың

себептері
Вегетариандықтың түрлері
Вегетариандықтың пайдасы мен зияны
3. Қорытынды бөлім



Жоспары


Слайд 4


Кіріспе

Вегетарианшылық  — қандай

да болсын жануардың етін тамақтануда тұтынбауды ұстанатын  өмір салты. Ал вегетарианшылықтың қатал түрі - веганшылық ұстанушылары жануар өнімдерін (сүт, жұмыртқа, жүн, тері т.б.) ас қабылдауда және тұрмыста пайдаланудан бас тартады.

Слайд 5 Терминнің шығу тегі

Оксфорд

сөздігіне сүйене отырып vegetarian (вегетарианшыл) термині ағылш. Vegetable өсімдік, көкөніс деген сөздерден шыққанын көре аламыз. Сөздікте бұл сөз 1847 жылы вегетариандық қоғам құрылғаннан кейін танымал болып кетті деп белгіленген, алайда бұл сөздің одан да бұрын пайдаланған кездер де бар екені дәлелденген.
«Вегетарианшыл» термині бізден шықты деген вегетариандық қоғам бұл сөздің шығу тегі лат. vegetus (тірі, жаңа, сергек) дейді 



Слайд 6

Тарихы

:

Вегетарианшылық буддизм, индуизм мен джайнизм сияқты үнді діндері дамыған мемлекеттерде мың жылдықтар бойы пайдаланылып келді. Сонымен қатар әртүрлі пәлсапалық мектептерді жақтаушылар да вегетарианшыл болды, мысалы пифагореизмшілдер. Кейбір мағлұматтар бойынша Үндістанда халықтың 20% дан 40% дейін адам вегетарианшылықты ұстанады. Сол себепті «вегетарианшылық» термині пайда болғанға дейін бұл емдәм «үнділік» не болмаса «пифагореизмшілдік» деп аталып келді.

Алғашқы вегетариандық қоғам 1847 жылы Англияда пайда болды. Кейбіреулердің сендірулері бойынша бұл жерде вегетарианшылық ағылшын отарлаушылары Үндістаннан әкелген буддизм мен индуизмнің ықпалынан тарады. Қазір Англия Еуропадағы вегетарианшылық емдамды жақтайтын адамдар саны бойынша бірінші орында тұрған мемлекет. Бұл елдегі халықтың 6% соғымдық астықты пайдаланбайды.


Слайд 7 Тарихы
Ресейде вегетарианшылық қозғалыс ХIХ ғасырдың соңында басталды. 1901

жылы Санкт-Петербургте бірінші вегетариандық қоғам тіркелді. Көп кешікпей революцияға дейінгі Ресейдің әртүрлі қалаларында жаңа саяси дәуірдің келісімен жабылған вегетариандық қоныстар, мектептер, бала бақшалар мен асханалар пайда болды. Мұндағы белгілі рөлді орыс жазушысы Лев Толстойдың үлкен ықпалы ойнады. Толстойдың жұмыстарының бірі «Бірінші саты» («Первая ступень») эссесінің негізгі тақырыбы - Вегетарианшылық болып табылады. 2010 жылы Лев Толстойдың өлімінің 100 жылдығына орай «Неизвестный Толстой. Первая ступень» кітабы басылып шығарылды. «Неизвестный Толстой. Первая ступень» кітабы - осы тақырыптағы Толстойдың шығармалары мен хаттарының жинағы. Лев Толстойдың вегетарианшылыққа қатысты көз қарасын көркемдейтін аса ерекше пікір:

« Сиырын сені және балаларыңды он жыл бойы тамақтандырды, қойын өзінің жүнімен сені киіндіріп суықтан сақтады. Осының бәрі үшін оларды қандай марапат күтуде? Бауыздап жеп қою ма?

Слайд 8Вегетарианшылдық емдәмді ұстана бастаудың себептері


этикалық (моральді) — жануарларға азап көрсетпеу

үшін, өлтірулер мен қанаудан қашқақтау үшін;
медициналық — вегетарианшылдық емдәм атеросклероз, қылтамақ, бірнеше жүрек-тамыр аурулары мен асқазан жолының ауруларының болу қатерінің алдын ала алады;
діни нанымдар (буддизм, индуизм, джайнизм, жетінші күннің адвентистері, растафарианшылдық);
экономикалық — вегетарианшылдық емдәм ет азықтарын пайдалануда кететін қаржыны үнемдеуде көмегін тигізеді деген пікірге сенушілік;
экологиялық— жануарларды асырау экологияға жаман әсерін тигізеді деген пікірге сенушілік;
басқалар — өсімдік адам ағзасына табиғи болып келеді деген пікірге сенушілік;


Слайд 9 Вегетарианшылықтың түрлері
Вегетарианшылықтың әртүрлі салаларында пайдаланатын азықтардың түрлері


Слайд 10

Жалпы мағлұматтар

Вегетарианшылдар ет, құс, балық және жануарлық теңіз өнімдерін азық ретінде пайдаланбайды. Сүт өнімдері мен жұмыртқаны вегетарианшылдардың бір бөлігі ғана өздерінің ас мәзіріне қоспайды.
Кейбір вегетарианшылдар белгілі тамақ түрлерімен қоса басқа да өнімдерді қолданудан бас тартады. Олар:

малдың терісі мен жүнінен жасалған киімдерді және басқа өнімдер;
құрамына малдың компоненттері кіретін өнім. Мысалы глицерин мен желатин;
жануармен тестіленген, тексерілген өнім.


Слайд 11 Күнделікті ет жеп дағдыланған кісіге бірден вегетариандық тамақтануға көшуге болмайтынын

ұмытпаңыздар.

Слайд 12Көбірек су ішеміз
Бұлшық еттің 70 пайызы судан тұрады, сондықтан суды жиі

ішу бұлшық еттеріңіздің көлемі мен күшін көбейтуге көмектеседі.

Слайд 13Вегетариандық түрде тамақтану жүктілік кезінде қауіпті дейді, Осы рас па?
Егер

вегетариандық диетада болып, еттен ғана бас тартып, ал жұмыртқа, сүт өнімдері және балық секілді тағамдарды жеп тұрсаңыз, және қосымша дәрумендер мен минералды заттарды(йод, темір, мырыш, кальций) қабылдасаңыз, вегетариандық тамақтар балаңызға ешқандай зиянын тигізбейді.

Вегетариандықтардың арасында тым қаталдары бар . Оларды «вегандар» деп атайды. Олар жануарлардың ешқандай өнімін пайдаланбайды. Веган адам олай ету арқылы ағзаға қажетті В12 дәруменінен қағылады. Өйткені ол дәруменнің барлығына жуығы жануар өнімдерінен келеді. Сондай-ақ Д дәрумені азайып кетеді. Минералды заттардан темір мен кальцийдің мөлшері төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда жүкті болу балаңыз үшін өте қауіпті.

Слайд 14Вегетариандықтарда темір, кальций, цинк секілді дәрумендер тапшы. Ал, оларды басқа өсімдіктерден

алу мүмкін емес екен. Сонымен қатар, рибофлавин жетіспейді. Рибофлавинді де жеміс-жидектен кездестіре алмайсыз. Еттен ғана кездестіреміз деп айтуға болады.

Слайд 15 Вегетариандық пайдалы ма?



Кейбір дәрігер мамандар вегетариандықты шипалы дауа ретінде қабылдамайды. Вегетариандықты қатаң ұстанушылардың рационы дұрыс емес болады деп санайды олар. Вегетариандықтар ағзаға өмірлік қажетті микроэлементтер мен дәрумендерден бас тартады, ослайша бедеулік, қан аздық, жүйке аурулары, уақыттан бұрын қартаю, шаш пен тырнақтың әлсізденуінен зардап шегеді. Етте бар B12 дәрумені, ақуыздар, кальцийды қажетті мөлшерде қабылдамаған адамдар жүдеу мен ауру шегінде болады.


Слайд 16 Ал басқа дәрігерлер керісінше вегетариандықты қолдайды. Олардың айтуынша, ет

тағамдарынан шектеліп, сергек, сау өмір сүруге әбден болады. Вегетариандықтар басқаларға қарағанда жүрек-тамыр ауруларына, гастрит, астма, тіпті қатерлі ісікке кемірек шалдығады. Олардың өмір жасы да ұзағырақ екен. Бұның себебі вегетариандықтар етпен бірге берілетін токсиндері қабылдамайды. Қазіргі бройлер балапандары мен тез өсу әдісімен өсірілген мал еті - гормон, антибиотик, химияның қайнар көзі болғандықтан, вегетариандықтар бұл зиян заттардан аулақ болады.

Вегетариандық пайдалы ма?


Слайд 17 Қорытынды бөлім

Вегетариандықтардың ет жемеуінің

бір себебі, олар жануарларды сойып жеу, оларға көрсетілген зорлық, жәбірлеу, қиянат деп түсінеді екен. Бұл буддизм, индуизм, жайнизм деген ағымдардың діни түсінігінен шыққан деседі. Алла Тағала бұл дүние тіршілігіндегі барлық жандыны жаратып, солардың ішіндегі жеуге рұқсат еткендерін неге жемеске?! Еуропалықтар түрлі себептермен вегетариандық атанады екен. Мысалға, ет жемейтін адамдарда қатерлі ісік, атеросклероз, жүрек, асқазан аурулары аз кездеседі. Бірақ бұл аталған аурулар ет жеудің себебінен деген қате пікір қалыптаспау керек. Бұған нақты дәлел жоқ. Тағы бір себебі, алдында айтқанымыздай жануарларға жәбір көрсетпеу. Одан кейін экономикалық жағын ескеріп, ақшаны үнемдеу мақсатымен көп адамдар вегетариандық атанып жатыр. Америкалық диетология ассоциациясының мамандары вегетариандық жолмен арықтаудың тиімді екенін алға тартып отыр.



Слайд 18Қолданылған әдебиеттер тізімі

  10 құіцк вегетаріан фацтс, парт 1  (ағыл.) . Басты дереккөзінен мұрағатталған 24

тамыз 2011. Тексерілді, 12 наурыз 2011.
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/5456/
http://anamenbala.kz/tag




Слайд 19НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика