Түбір өзектерін пломбылауға(бітеуге) арналған материалдар (силерлер). Жүйесі. Жұмсақ қатаймайтын созылымтал презентация

Содержание

Түбір өзектерін пломбылау асқынған тісжегіні емдеудің соңғы жауапты кезеңі болып табылады және тіс ұлпасы және оның ыдырандысынан тазаланған өзектер инфекция көзі болмау үшін жүргізілетін емдеу шараларының бірі.Түбір

Слайд 1 Түбір өзектерін пломбылауға(бітеуге) арналған материалдар (силерлер).Жүйесі.Жұмсақ қатаймайтын созылымтал материалдар.Құрамы,қасиеттері.Түбір өзектерін

уақытша пломбылау (бітеу).Көрсетілімдері,орындау тәсілі.Түбір өзектерін тұрақты пломбылауға арналған материалдар.Жұмсақ созылымтал,қатаятын материалдар,құрамы мен қасиеттері,пломбылау техникасы. Гуттаперча.Құрамы,қасиеттері.Гуттаперчамен түбір өзектерін бітеу.Түбір өзектерін толтыруға арналған термофилдер жүйесі,пломбылау техникасы.

Дайындаған: Доцент
КУНАНБАЕВА Т. С.


Слайд 2 Түбір өзектерін пломбылау асқынған тісжегіні емдеудің соңғы

жауапты кезеңі болып табылады және тіс ұлпасы және оның ыдырандысынан тазаланған өзектер инфекция көзі болмау үшін жүргізілетін емдеу шараларының бірі.Түбір өзектерінің сапалы пломбылануы немесе толтырылуы (бітелуі) көптеген одонтогендік асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Слайд 3Түбір өзектерін пломбылауға арналған материалдарға қойылатын талаптар :
Өзек қабырғаларына жақсы

жабысу;
өзекті тығыз бітеу (герметизм сақтау),қажет болса өзектен жеңіл шығарылуы;
Рентгенайқындылығы
Қатайғаннан кейін отырмау;
Тіс тіндерін боямау;

Слайд 4Жалғасы:
Бактериялар өсуіне қолайлы ортаға айналмау;
Тіндер сұйығында ерімеу;
Қатаю уақыты өзекті пломбылауға жеткілікті

болу,
Мутагендік қасиеті болмау;
Тіс тіндерімен және тіс төңірегіндегі тіндермен биологиялық сиымдықта (үйлесімділікте) болу,
Аллергиялық реакция туындатпау.


Слайд 5Түбір өзектерін пломбылауға арналған материалдар жүйесі:
1.Жұмсақ қатаймайтын койыртпақтар – уақытша бітеуге

арналған,
2.Жұмсақ созылмалы өз бетімен қатаятын материалдар (силерлер)
3. Біріншілік қатты материалдар (филерлер) немесе штифтер


Слайд 6 гуттаперча альфа және бетта фазалары
Күміс штифтер
Титан штифтер
Акрилді штифтер
Шыны талщықты штифтер


Слайд 7 Түбір өзектерін уақытша пломбылауға арналған жұмсақ созылымтал

материалдар.Олар түбір өзектерін уақытша толтыруға арналған.Көбінесе ұлпаның созылмалы шіри қабынуы,периодонттың жедел жіне созылмалы қабынуларының өршуі кезінде қолданады.

Слайд 8 Abscess remedy - бактерицидті, антисептикалық әсер ететін әсерлі материал өзекте

қатаймайды және оңай алынады. Өзекті зарарсыздандыруға арналған рентгенайқындылығы жоғары.

Слайд 9 Құрамына параформальдегид, формальдегид, креозот, толықтырғыш, тимол және корица майы (коричное

масло)кіреді.Сұйығы және ұнтағы екі құтыда шығарылады.

Слайд 10 Қолдану тәсілі: 3-4 тамшы сұйыққа ұнтақ қосып,біркелкі қойыртпақ алынғанша араластырады

да бір порциясын (бөлшегін) өзекке терең енгізеді де (өзек толтырғыштың,түбір инесінің,файлдың көмегімен) бір аптаға уақытша пломбы қояды.


Слайд 11Қажет болса,өзекті бірнеше күн өткізіп барып,1-2 рет өңдеуге болады.Метриал түбір ұшына

шықпауы керек.

Слайд 12Тіс ұлпасын толық алғаннан кейін,өзекті аbscess remedy-мен бітейді.Келесі қабылдауда оны алып

тастап,өзекті аспаптық және дәрілік өңдеуден кейін тұрақты пломбылайды.


Слайд 13 Iodoform paste- антисептикалық әсері жоғары қатаймайтын,өзекте сорылуы мүмкін материал өзекті

уақытша пломбылауға және емдеуге арналған.
Құрамында йодоформ,ментал парахлорофенол камфора,салмағының 100% дейін толықтырғыш кіреді.
Қойыртпақ аурусыздандырушы және антибактериалды әсер көрсетеді.Қабыну белгілері басынғанға дейін өзекте 20-30 күнге дейін қалдыруға болады.

Слайд 14 Қолдану аясы : түбір өзектері инфекцияға бай тұрақты және сүт

тістеріндегі асқынған тісжегіні емдеу үшін қолдануға болады.Терең пародонтальдық қалталарға да қолдануға болады (емдік таңба ретінде).

Слайд 15Endoseptone- түбір өзектерін зарарсыздандыруға арналған сұйықтық.
Құрамына : р-хлорфенол, дексаметазон ацетат, тимол,

толықтырғыш кіреді.Құрамындағы дексаметазонға байланысты үштік көрсетеді: бактерицидті,тыныштандырушы (седативті),қабылдауға қарсы.
Аллергиялық реакцияның туындау қаупін азайтады.

Слайд 16 Ұлпаның шіри қабынуы кезінде,жіңішке және өте тар,өзектерді зарарсыздандыру үшін қолданылады.Өзек

аузына 2-3 тамшы тамызып,иненің көмегімен сіңіреді де 3 күнге уақытша пломбы қояды.

Слайд 17 Гринозоль (Септодонт) құрамында метрогидазол - анаэробты инфекцияға қарсы әсер етеді,

қабыну альтерациясын азайтады,жедел қабыну сатысында.

Слайд 18 Эндокал -кальйийгидрооксиді негізіндегі гель.2-3 күнге қойылады.
Иодент (Владмива,Ресей) құрамында йодоформ

бар.Сүт тістерінің өзектерін толтыруға арналған.

Слайд 19 Түбір өзектерін тұрақты толтыру үшін арналған жұмсақ созылымтал материалдар немесе

силерлер жүйесі.

Цинк-фосфатты цементтер; қазіргі кезде сирек қолданылады.
Цинкоксиді-эвгенол негіздес қойыртпақтар мен цементтер :
Гроссман пастасы (АҚШ), Nogenol эндометазон, эстезон, эндофил, пропилор, эндомет, мерпазон (Франция),


Слайд 20Жалғасы:
Эвгедонт (Ресей).Цинкоксиді-эвгенолды қойыртпақтар құрамына цинк (мырыш) тотығы-4%, стабелит шайыры -27%, висмут

субкарбонаты-15 %,барий сульфаты-15 %,сусыз натрий бораты-1%.
Эндометазон-цинкоксиді-эвгенолды паста, құрамына гидрокортизон немесе дексаметазон,антисептиктер: дийодтимол,пароформальдегид кіреді.


Слайд 21Жалғасы
Эпоксид шайыры негізді пасталар: AH-2,AH PLUS(Англия).Эндодонт,интрадонт-Д (Ресей).
Резорцин –формалиді шайыр негіздес: фородент

(Чехия); радикскорт (Болгария);SPAD,биопласт,форфенан (Франция).


Слайд 22Кальцийгидроксиді құрамды пасталар (қойыртпақтар): биокалекс (Франция), темпканал-Са (АҚШ); Sealer-2b; CRCS, Sealapex,

Fillcanal, Apexit.
“CRCS-Calcibiotic Root Canal Sealer-цинкоксид-эвгенолды кальций гидроксиді қосылған материал.Басқа материалдар: Диакет (Германия); Крезопаста (Франция).Паста№2 (Sargenti ұсынған).

Слайд 23Минералдар қосылған: Apatite Root Sealer-трикальций фосфат,иодоформ қосылған.
Шыныиономерлі йементтер – « Ketac

Endo».
Дентиндік адгезивтер (композиттер қосылған).


Слайд 24Филерлер немесе біріншілік қатты материалдар:штифтер (гуттаперча,күміс,титан,алтын,пластса)
Гуттаперча штифтер
Гуттаперча-Manilkara

bidentata деген Бразилия ағашының шырынынан алынған,қоюлатылған және арнаулы өңдеуден өтілген латекс.

Слайд 25 Гуттаперча алуға Рауеnа және Paloquium деген Малазия ағаштарының да шырындары

пайдаланылады.Түбір өзектерін пломбылау үшін 100 жылдан аса уақыт пайдаланылып келеді.Гуттаперча жылу әсерінен көлемін ұлғайтады,салқын әсерінен көлемін кішірейтеді.


Слайд 26 Химиялық құрамы жағынан гуттаперча полиизопреннің трансформасы,табиғи каучукке ұқсас (полиизопреннің

cis-формасы).Үлкен бөлігі (60%) кристалқұрылымды,аз бөлігі (40%) аморфқұрылымды.Бөлме температурасында гуттаперча Р-формаға ие.

Слайд 27Гуттаперчаның модификациялары
Альфа формасы 42 -49 о С жұмсарады
Бетта формасы 53-59o C

жұмсарады
Гамма формасы 56-62 oC жұмсарады

Слайд 28 Егер оны 65º жоғары температурада қыздырып,баяу салқындатса (1 секөндте 0,5

º-қа ) 2 –формаға ие болады.Бұл формасы аққыш,жұмсақ және жабысқақ.Егер тез суытса Р-формасына түрленеді.У-формасы 56-62 ºдейін қыздырғанда пайда болады.


Слайд 29Түбір өзектерін толтыру үшін гуттаперчадан штифтер (ISO-стандартына сай) және стандартқа сай

емес гуттаперча конустар дайындайды.

Слайд 30Гуттаперча штифтердің құрамы:
гуттаперча -18,9-21,8% (штифтің формасының тұрақтылығын,көлемін,серпінділігін сақтайды)
мырыш тотығы-59,1-75,3%(минералды толықтырғыш)


Слайд 31балауыз немесе шайыр-1,0-4,1% (жақсы нығыздалғыштық, созымталдық береді)
металдар тұздары (барий тұзы-барий сульфаты)рентгенайқындық

береді.
биологиялық бояғыш заттар және тотығуды тежегіш заттар.


Слайд 32Гуттаперчаның қасиеттері
Биологиялық инертті
Түбір ұшы маңындағы тіндерді тітіркендірмейді
Түбір өзегіне еркін кіреді
Бірқалыпты мөлщері

бар
Рентгенконтрасты
Ылғалдарға төзімді
Тістің түсін өзгертпейді


Слайд 33Гуттаперчаның кемшіліктері
Залалсыздандыруға болмайды
Түбір өзегін өз бетімен бітеуге болмайды
Силлерлермен бірге қолданады
Штифтердің көлемі

эндодонттық сызғыш көмегімен өлшенеді

Слайд 34 Түбір өзектерін гуттаперчамен бітеу немесе пломбылау
Салқын гуттаперча штифтермен пломбылау
Бір штифпен

пломбылау әдісі;гуттаперчаны бүйірлеп нығыздау және оның варианттары
Арнаулы майлармен және еріткіштермен жұмсартылған суық гуттаперчамен бітеу;

Слайд 35Қыздырылған гуттаперчамен бітеу:
Тік нығыздау арқылы
Бөлшектенген гуттаперчамен бітеу
Бүйірлеп және тік нығыздау
Термомеханикалық

нығыздау (гутта-конденсор,ультрадыбысты жұмсартқыш пайдаланып)

Слайд 36Жылумен жұмсартылған гуттаперчамен бітеу.
Шприцтің көмегімен немесе Ультрафил жүйесін қолданып бітеу,екіфазалы гуттаперчаны

қолдану
Қатты стерженнің көмегімен бітеу (Thermafill жүйесін, Successfil жүйелерін қолданып).

Слайд 37 Бір штифпен пломбылау тәсілі
Түбір өзегі бір ғана штифпен толтырылады (бітеледі).Штифтің

өлшемі өзекті жұмысшы ұзындығына дейін соңғы рет өңдеген файлдың өлшеміне сай болуы керек.Штифті енгізер алдында өзек қабырғаларын силермен өңдеп,штифті де силерге батырып алады.Силерді өзекке өзектолтырғышпен немесе түбір инесімен ,файлмен енгізеді.

Слайд 38Салқын гуттаперча штифтерді бүйірлеп нығыздау тәсілімен өзекті толтыру.Көбінесе кең өзектерді пломбылайды

және бірнеше штифт қолданылады.Өзекке негізгі штифті енгізген соң спредермен өзек қабырғасына нығыздап,келесі штифтке орын дайындайды және келесі енгізілген штифтерді рет-ретңмен енгізіп,өзек толық бітелгенше нығыздайды.

Слайд 39Түбір өзегін Thermafill жүйесін пайдаланып пломбылау.
Бұл жүйені 1978 ж.B.W.Johnson ұсынған.Бұл әдіс

түбір өзегін пластмасса немесе болаттан,никель-титаннан жасалған өзекке қондырылған α-фазалы гуттаперчамен пломбылауға арналған.Соңғы уақыттағы Tusia Dental Products,түрлендірген Thermafill жүйесі типіндегі обтуратор ұзындығы бойымен тілігі бар пластмасса өзек (стержень беті α-фазалы гуттаперчамен жабылған ,стержень бір уақытта өзекке гуттаперчаны енгізгіш жіне нығыздағыш қызмет атқарады).

Слайд 40 Түбір өзегін екіфазалы гуттаперчамен бітеу (толтыру)
конденсорды қолдану арқылы жүзеге

асады.Конденсор пломбылық материалды түбірұшы бағытында емес,өзек қабырғалары бағытында нығыздайды және өзектің жақсы бітелуін қамтамасыз етеді.Қыздырылған гуттаперчаның екі фазасын қолданады.Бұл фазалары біріншілік шикізатты әртүрлі тәсілмен өңдеу нәтижесінде алынады.

Слайд 41Алғашында арнаулы қыздырушы аппараттың және шприцтің көмегімен конденсорды гуттаперчанің тығыздау бөлігімен

жабады (Р-гуттаперча),содан кейін сұйықтау қабатпен (α-фаза) жабады.Конденсорды өзекке енгізіп,ұштықты минөтіне 3000-5000 айналымға қосады.Конденсор гуттаперчаны нығыздайды және өзінің конструкциясына байланысты өзек толған соң өзектен өзі шығады.

Слайд 42 Осының нәтижесінде макроканал тығыз гуттаперчамен ,ал микроканалдар (бүйір каналдар),өзектің қабырға

бөліктері сұйық гуттаперчамен толтырылады. Гуттаперчаны жұмсақ созылымтал материалдармен (силерлермен) қатар пайдаланады. Олар Thermaseal,Topseal,AH PLUS, жоғары тұтқырлыққа,жабысқақтық қасиеттерге ие,азғана отырыс береді.


Слайд 43 Әдебиеттер:
Боровский Е.В. Клиническая эндодонтия-М,.1999.


Боровский Е.В. және б., Терапевтическая стоматология. М.Медгиз 2002,2008.
Боровский Е.В.,Барышева Ю.Д., Максимовский Ю.М. Терапевтическая стоматология м.Медицина,1991,2002.
Хоменко Л.А.,Биденко Н.В. Практическая эндодонтия,инструменты,материалы и методы-Москва,2002.
Николаев А.И. Цепов Л.М. Практическая терапевтическая стоматология.Санкт-Петербург,2001.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика