Шизофрения туралы түсінік. Диагностикалық критерийлері презентация

Содержание

Жоспары Шизофрения туралы түсінік Диагностикалық критерийлері Типті синдромальды түрлері Атипті түрлері Клиникалық көріністері Диф.диагностикасы Емі.

Слайд 1Шизофрения


Слайд 2Жоспары
Шизофрения туралы түсінік
Диагностикалық критерийлері
Типті синдромальды түрлері
Атипті түрлері
Клиникалық көріністері
Диф.диагностикасы
Емі.




Слайд 3

Шизофрения – жиі жас кезде

пайда болатын созылмалы психикалық эндогенді үдемелі ауру.
1911 жылы О.Бейлер «Шизофрения» терминін ұсынған (гр.тілінен schiso-ыдырау, phren – жан деген мағынаны білдіреді ).

Слайд 4О.Бейлер бойынша шизофренияның диагностикалық критериялары «4А»
Аутизм

Аффекттің төмендеуі (эмоциональды кедейлену, апатия)

Ассоциациялар тәртібінің

бұзылуы (ойлау бұзылысы)

Амбиваленттілік

Слайд 5МКБ-10 бойынша шизофренияға 1 айдан кем емес уақытқа созылған мынадай психоз

көріністері жатады:

Әсер ету сандырағы немесе басқа тұрақты сандырақ ойлар
Ойлау үрдісінде бөтен араласулар сезімі
Тұрақты вербальды галлюцинациялар (псевдогаллюцинациялар)
Ойлау үрдісі формальды мағынасыз логика мазмұнын алады (резонерлік, үзілу, паралогия, символизм)
Кататониялық синдром
Аутизм, апатия, эмоциональды тұрақсыздық, оғаш қылықтар, әрекетсіздік



Слайд 6Клиникалық көріністері
Әдетте ауру салыстырмалы түрде балалық шақта дұрыс даму

фонында пайда болады. Науқастанғанға дейін жиі ата-анасына аса жақындық, әдептілік, жеке отырып айналысатын істерге қызығушылық, қиялдауға бейімділік т.б.
Аурудың кенеттен басталуы сирек кездеседі. Аурудың басталуының алғашқы белгісі пациент өміріндегі түпкілікті өзгеріс болып табылады. Ол өзінің сүйікті ісіне қызығушылығын жоғалтады, кенеттен достарына, туыстарына деген көзқарасы өзгереді, тұйықталады, шыдамсыздық, қаталдық танытады.


Слайд 7 Науқас үнемі жаңа қызығушылықтар – психология, философия, поэзия, космологияны зерттеумен

айналысады.
Науқаста бұрын соңды болмаған діншілдік пайда болады немесе секталарға кіріп не дінге сенімін жоғалтуы мүмкін.
Кейбір науқастар өз денсаулығына аса көңіл бөлуі мүмкін (ипохондрия), түсініксіз диеталар ұстайды. Аурудың басталуында науқастар өзінің өзгергендігіне - «деперсонализация» шағымданады.

Слайд 8Типті формалары

Параноидты
Кататониялық
Гебефрениялық
Қарапайым түрі


Слайд 9Параноидты формасы
Ең жиі кездесетін түрі. Бұл формада бұзылыстардың ішінен

алғашқы орынға сандырақ шығады. Сандырақтардан (соңына түсу,шығармашылық, ипохондриялық, дисморфоманиялық) жиі кездесетіні әсер ету сандырағы.
Сандырақ пайда болуы алдында аса бағалы идеялар орын алады, олар қысқа уақытта паранояльді синдромға айналады. Сандырақ ойлар тұрақты, науқастар жүйелі дәлелдеп бере алады. Аз уақыттан кейін параноидты синдромға айналады, оның негізгі мазмұны психикалық автоматизм (Кандинский-Клерамбо синдромы) болып табылады.

Слайд 10Науқастар ерекше бір қашықтықтан әсер ету көздемесі болып табылатындығына сенімді (сәулелер,

гипноз, телепатиялар т.б), өздерінің соңына түсушілермен қарым-қатынасқа түседі (псевдогаллюцинациялар).

Слайд 11 Аурудың соңғы сатысында үдей түсетін бейғамдық орын алады –

бұл парафренді синдром болып табылады. Әсер ету сандырағына орынсыз ұлылық сандырағы қосылады.
Науқастар өздерінің өзкені жайында адам сенгісіз әңгімелер айтады (конфабуляциялық сандырақ). Сандырақ өзінің реттілігін жоғалтады, науқастар өздерінің сөздеріне дәлел іздеп мазаланбайды.
Бұл форма ағымы жиі үздіксіз үдемелі болып келеді. Жиі 25-40 жаста кездеседі. Эмоциональды ақау біртіндеп басталатындықтан, науқастар әлеуметтік байланыстарын жоғалтпайды, еңбекке қабілетті, жаұясын сақтап тұрады. Ал жасөспірім шақта басталса, керісінше, ауру ағымы қатерлі болады.

Слайд 12Кататониялық формасы
Айтарлықтай сирек кездеседі (1-3%). Люцидті кататония синдромы көрінісінде басты

орын алады. Қозғалыстық бұзылыстар ступор немесе қозу түрінде болады.
Кататониялық ступор – науқастың ұзақ уақыт шаршау сезімінсіз, жиі ыңғайсыз қалыпты сақтайтынымен ерекшеленеді (мысалы, жастықтың үстінде басын көтеріп жатады «ауалы жастық симптомы», басын жаялықпен бүркеп алады «капюшон симптомы», құрсақтағы қалыпты алады). Бұлшықеттер тонусының күрт жоғарылауымен науқастарды қандай да бір қалыпқа келтіруге болады (каталепсия- балауыздық иілгіштік). Жиі примитивті рефлекстер тежеусізденеді (ұстап алу, тұмсық симптомы). Негативизм – инструкцияларды орындамау немесе қарсы әрекет жасау және мутизм – айтқан сөзді түсіну, бірақ сөйлеудің болмауы.

Слайд 13 Бұл жағдай кататониялық қозуға ауысуы мүмкін. Науқастар себепсіз агрессия кқрсетуі

мүмкін. Кататонияға әігімелесушінің қимыл-әрекетін, мимикасын, сөздерін қайталау (эхопраксия, эхолалия, эхомимия), айналадағылардың талаптарын орындау тән.
Кейде тағам қабылдаудан бас тарту болады.
Люцидті кататония – қатерлі ағымды шизофренияның бір варианты. Жиі жасөспірім шақта басталып, үдемелі ағыммен өтеді.
Терең апато-абулиялық ақау түзіледі.

Слайд 14Гебефрениялық формасы
Ең қатерлі түрі болып табылады. Балалық немесе жасөспірім шақта

басталады. Диагноз анықталғанға дейін науқастар айрықшалықпен, инфантильділікпен, нашар үлгеріммен, құрдастарымен тіл табыса алмайтындығымен ерекшеленеді. Кейбір істерге таңдамалы қызығушылық танытады (мағынасыз коллекция, стереотипті ойындар).
Аурудың күрделенген фазасында басты бұзылыс гебефрениялық синдром болып табылады. Ол өнімсіз, мағынасыз қозумен, балаларға тән алаңғасар әрекеттермен, қисаңдаулармен, орынсыз күлкі, негативизммен көрініс береді.
Науқастардың көңіл-күйін бейғам деп бағалауға болады. Науқастар өзгелердің сұраныстары мен кеңестерін тыңдамайды, балағат сөздер айтады.

Слайд 15 Жиі науқастар өз әуестіктерін басқара алмайды, гиперсексуальдылық, мешкейлік бақыланады.

Психикалық ақау аутизм, апатия және абулияның типті көріністерімен қатар жиі интеллектуалды жеткіліксіздік дамиды. Органикалық зақымдануларға ұқсас ауру үрдісінің қатерлілігі де анықталады.
Еріктің күрт төмендеуі және ауыр апатиядан оларға үнемі күтімді қажет етеді, 1-топ мүгедектік беріледі.

Слайд 16Қарапайым формасы
Өзге варианттердан айырмашылығы аурудың бүкіл ағымында продуктивті симптоматика

(сандырақ, қозу, галлюцинациялар) көрініс бермейді немесе әлсіз көрініс береді. Үнемі негативті көрініс басым болады – апато-абулиялық синдром.
Қарапайым шизофренияда ол басты және дара көрінісі болып табылады. Продуктивті симптоматика эпизодты түрде пайда болады, тұрақсыз жиі ем қолданбай-ақ өздігінен жоғалады.
Ауру ағымы ремиссиясыз өтеді.

Слайд 17Атипті формалары
ХАЖ-10 бұл варианттар шизофренияға жатқызылмағанымен, олар жиі шизофрениямен науқастардың

туыстарында кездесуі мәлім және кейбір науқастарда айқын шизофренияға ұласуы мүмкін.
Шизоаффективті психоз – клиникасы бойынша МДП-ға ұқсас. Психоз шыңында онейроид түрінде сана күңгірттенуі мүмкін. Ремиссия кезінде науқас өзінің дертін толықтай түсінеді. Апато-абулиялық синдром дамымайды.

Слайд 18 Шизотипті бұзылыс (баяу ағымды шизофрения) – тек невротикалық деңгейдегі

симптомдармен көрініс береді. Ойлау бұзылыстары жабысқақтықтармен және аса бағалы идеялармен шектеліп, ешқашан сандыраққа ұласпайды.
Невроз тәрізді шизофрения – неврозды еске түсіретін симптомдармен көрініс береді (обсессиялар, фобиялар, ипохондрия, субдепрессия, деперсонализация). Невроздан айырмашылығы ауру көрінісі психотравмалық ситуациямен байланысы жоқ.

Слайд 19 Психопатия тәрізді шизофрения – асоциальды жүріс-тұрыспен, әуестіктердің тежеусіздігімен, орынсыз

үйден кетулермен, мотивсіз қаталдықпен көрініс береді. Психопатиядан айырмашылығы жүріс-тұрыспен және жанұядағы қарым-қатынасқа байланысты емес.
Фебрильді шизофрения – өте сирек кездеседі.1-ші ауру ұстамасында немесе бірнеше сандырақтық пссихоздардан кейін пайда болады. Науқас қоршаған ортадан ажыраған күйде болады. Күрделі соматикалық бұзылыстар болады: дене қызуы – 40 С, тахикардия, сусыздану симптомдары, нүктелі қан құйылулар, ми ісіну белгілері.

Слайд 20Диф.диагностика жиі атипті варианттарында жүргізіледі:
Органикалық сандырақтық психоздармен (эпилепсия, жарақаттар, интоксикациялар, ісік,

инфекциялар, дегенеративті аурулар)
Тәуелділік аурулары (алкоголизм, накоманиялар, токсикаманиялар)
Психогенді аурулармен (реактивті параноид, истериялық сандырақ, невроздар)
Эндогенді аффективті психоздар: МДП(биполярлы психоз)
Олигофрениялармен

Слайд 21Емі
Нейролептиктер
Психомоторлы қозуда (хлорпромазин, клозапин,сультоприд)
Сандырақ, кататонияда (галоперидол, рисперидон, оланзапин т.б)
Негативті симптоматикада қазіргі

кезде атипті нейролептиктер (клозапин, рисперидон, сульпирид т.б)
Созылмалы ағымында бірнеше препаратты тағайындау керек
Неврологиялық жанама әсерлер болған кезде паркинсонизмге қарсы заттар: циклодол, акинетон
Қосымша транквилизаторлар, антидепрессанттар, ноотроптар қолданылады.

Слайд 22Пайдаланылған әдебиеттер
Назарларыңызға рахмет!
1. Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия: Учебник. – М.

Медицина, 2007 г. – 532 с.
2. Н.Н. Иванец Н.Н., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия и наркология: учебник. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006. – 832с.
3. Коркина М.В., Лакосина Н.Д., Личко А.Е., И.И. Сергеев. Психиатрия: Учебник для студентов медвузов. – М., МЕДресс-информ, 2004. -576с.
4. Нурмагамбетова С.А. Лекции по психиатрии.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика