Слайд 1
Орындаған: Оспан Айдана
Факультет: Стоматология
Тобы : Ст 14 - 001 -
01
Тексерген: Малдыбаева Н.М.
Алматы 2017
Розацеа (қызғылт безеу)
Кафедра: Дерматология және Венерология
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Слайд 2Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қызғылт безеудің клиникалық белгісі
2. Этиологиясы мен патогенезі
3. Емі
ІІІ. Қорытынды
Слайд 3Розацеа – (қызғылт безеу)көбінде 40-50 жастағы әйелдерде кездесетін бет терісінің өзіндік
ауруы. Ауру эмоциялық факторлардың, астық және ащы тамақ не кофе, шай, шоколад, арақ шарап ішу, сыртқы температураның қатты өзгеруі әсерінен беттің, әсіресе мұрынның, жақтың, маңдайдың орта бөлігінің терісінің уақытша қызаруынан басталады.
Слайд 4Кейбір жагдайда тұрақты түйіншекті бөртпелерді диоскопия тәсілімен қарағанда, туберкулез жегісінде кездесетін
алманың тоспасына ұқсас, сарғыш-қоңыр не қоңырқай түс байқалады. Кейде патологиялық процеске көз де зақымданады. Бұл коньюктивитпен ,кератитпен, көз қарығуымен ерекшеленеді. Ауру созылмалы дамиды.
Слайд 6Этиологиясы мен патогенезі
Розацеаға үшкіл жүйкенің тарайтын жеріндегі ангионевроз деп қарайды.Конституциональдық ангиопатиялар,нейровегетативті
және эндокриндік өзгерістер осы аурудың дамуына себеп болады.Климакс,дисменорея,бала бітуге қарсы гормональдық препараттар қолданған әйелдерде розацеамен ауыруы мүмкін.
Слайд 7Гиповитаминоз,іштің қатуы,асқорыту жолы қызметінің бұзылуының маңызы зор.Ашық ауада ,әсіресе қыста немесе
ыстық цехта жұмыс жасау аурудың дамуына мүмкіндік тудырады.
Слайд 8Емі
Этиологиялық және басқада себепші болатын факторлардың әсерін тыюға бағытталады.Жеңіл диета
ұсынылады.Іріңді түйінде антибиотиктермен (доксициклин,цепорин,метациклин,эритромицин,метициклин т.б),ал нәтижесіз болғанда фтивазидпен емдейді.
Слайд 9Сыртқы емді колданғанда кремнен бастайды:1)Ac.borici 1,0;Naphthalani 1,5;Lanolini 10; 1.Percicorum,Aq.
Destil.aa 10 ml;
2)Amili trici,Zinci oxydi aa 2,5;Aq.destil, 01 Percicorum aa7,5 ml;Lanolini 10,0.Қабыну процесі басылған соң 5% ихтиолды ,сонан соң күкірттің ”қоспасын” қолданады.Кейін күкіртті қарамайдың қоюлығын 5-15% дейін бірте бірте көтеріп немесе ”ЯМ” майымен емдеуге ауысыды.
Слайд 10“ЯМ” майы –қатты тітіркендіретін май,қабыну процесін тез өршітуіде мүмкін.Сондықтан онымен емдеу
ережелерін қатаң сақтану қажет.Бірінші күні майды 15 минутке жағады да,кейін өсімдік майымен сүртіп, теріге кольдкремді жағады.Май алынған соң күю сезімі 5 мин ішінде байқалмаса ,келесі күні оның экспозициясын 30мин дейін көтереді.Ал күю сезімі ұзақ уақытқа созылса ,бұрынғы экспозицияны қалдырады.
Слайд 11Тамырларға әсер ету үшін алма кезек жылы, суық сумен жуу, эфир
не ацетон қосылған көмір қышқылының қарымен уқалау ұсынылады. Тұрақты қалатын телеангиэктазияларды гальванокаустика әдісімен күйдіреді.
Слайд 12Розацеа тәрізді дерматит
Клиникалық белгілері розацеаға ұқсас , терінің өзіндік дерматиті.Оның
дамуына негізгі себеп :кір жуатын ұнтақ немесе косметикалық заттар ,синтетикалық маталар,тіс жуатын пасталар,фторы бар кортикостеройд майды ұзақ уақыт қолданғанда болатын жанама әсер.
Слайд 13Ауру эритема немесе түйіншекті бөртпелер шығудан басталады.Дерматит дамуының үстіне бөртпелер ,эритеманың
үстінде диаметрі 1-3 мл дейін, жарты шар тәрізді қабынған түйіншектер орналасады.Кейбіреулерінің ортасында іріңдіктер түзіледі.Қышыма мен күю сезімі болуы мүмкін.Розацеа тәрізді дерматит ұзаққа созылады.
Слайд 14Қорытынды
Қорыта келгенде розацеа-қызғылт безеу-көбінде 40-50 жастағы әйелдерде кездесетін бет терісінің
өзіндік ауруы. Ауру эмоциялық факторлардың, астық және ащы тамақ не кофе, шай, шоколад, арақ шарап ішу, сыртқы температураның қатты өзгеруі әсерінен беттің, әсіресе мұрынның, жақтың, маңдайдың орта бөлігінің терісінің уақытша қызаруынан басталады. Сондықтан осы факторлардан қорғанып жүріңіздер.
Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер:
“Тері және венерология аурулары”, З.Б.Есенгараева, Білім 1997
Кожные и венерические болезни
(учебник для медицинских вузов) Скрипкин Ю.Н, Машкиллейсон М., 1995,
www.google.kz