Слайд 1Тақырып: Патологиялық анатомияның даму тарихы
СӨЖ
Семей қаласының мемлекетік медицина университеті
Патологиялық медицицна, сот
медицина және гистология кафедрасы
Патологиялық анатомия-1 пәні
Орындаған: Құдайбердинов Қ.Қ.
ЖМФ, 214 топ
Тексерген: Омарбаев А.С.
2017 жыл
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Патологиялық анатомия пәнінің даму тарихы.
Қазіргі уақыттағы патологиялық анатомия
және оның емдік және диагностикалық үрдістегі маңызы.
Аурудың өмірлік диагностикасындағы биопсияның маңызы.
Зерттеудің гистохимиялық әдістері: дәнекер тінді, липидтерді анықтау.
Аутопсия, және оның маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе бөлім
Патологиялық анатомия– адамдар мен жануарлар организмінде ауруға байланысты дамитын патологиялық
процестердің морфологиялық негіздерін зерттейтін ғылым. Қазіргі кезде патологиялық анатомия ауру морфологиясын организмдік, органдық (ағзалық), тіндік, клеткалық және клеткаішілік деңгейлерде зерттей алады.
Патологиялық анатомияның зерттеу әдісінтеріне: аутопсия (мәйіт), биопсия және тәжірибелік әдіс жатады. Соңғы әдіс патологиялық анатомияда жиі қолданылады. Мысалы, қатерлі ісік тудырушы (канцерогендік) заттардың, аса улы химикалық қоспалардың, қоршаған ортаның зиянды әсерлерін осы әдіспен анықтайды.
Слайд 4Негізгі бөлім
Патологиялық анатомияның басты әдісі мәйітті жарып көру деп есептесек, тарихи
кезеңдерге қарағанда, осыдан 4,5 мың жыл бұрын Қытайда, Египетте өлікті бальзамдау үшін осы әдісті қолданғаны белгілі. Бірақ та дам денесін жарып көру адам денесінің құрылысын жете білу үшін суретшілер тарапынан ғана пайдаланылған болатын.
Слайд 5
Діни көзқарастарға байланысты адам мәйітті жарып көрген адамдардың өлім жазасына кесілуі
қаупі болғандықтан, негізгі анатомиялық өзгерістер әртүрлі жануарларды тексеру нәтижесінде анықталды. Ол кездегі студенттер анатомияны түн жамылып, көмілген өліктерді қазып үйренуге тура келді немесе сол заманда өлікті ұрлап сатуды кәсіп қылған адамдардың (рессурекционистердің) қызметін пайдаланды. Дегенмен, XVIII ғасырдың басында-ақ кейбір ауруханаларда жарып көру әдісінауру өлімінің себептерін анықтау мақсатында кеңінен қолдана бастады. Ресейде осы жұмыстар әскери ауруханада І Петрдің рұқсаты бойынша 1706 жылдан бастап жүргізілді.
Слайд 6
Медицина саласының жеке бір пәні ретінде тарихы Италия анатомы Джованни Батиста
Морганьи (1682-1771) «Аурулардың анатом анықтаған даму орны мен себептері» деген еңбегінің (1761) жарық көруімен басталды. Морганьи өзінің зерттеулері негізінде жңне басқа да мәліметтерді пайдалана отырып, мәйітті жарып көрудің клиникада қаншалықты қажеттілігін, патологиялық анатомияның клиникалық пәндер арасындағы орнын алғаш рет ашып көрсетті.
Слайд 7
Морганьидің басқа зерттеушілерден өзгешелігі – ол өз жұмысында әрбір аурудың клиникалық
белгілерін, жарып көру кезіндегі табылған анатомиялық өзгерістермен салысстыра зерттеді, көоптеген белгілі аурулардың (бауыр церозының, бүйрек тасы ауруының,қатерлі ісіктердің және т.б.)анатомиялық көріністерін жазудың тамаша үлгісін көрсетті.
Слайд 8 Патологиялық анатомияның тарихи дамуындағы екінші бір кезең. Вена ғалымы Карл Рукитанскийдің
атымен байланысты. Осы ғалымның “Патологиялық анатомияның жеке бөлімі бойынша нұсқау” деген көлемді еңбегі 60 мыңнан астам мәйіттерді ашып көру негізінде жазылған, онда қазіргі кезде белгілі көптеген патологиялық үрдістердің көрініс белгілерін анықталған.
Бұл еңбегі ғылыми теориялық тұрғадан сынауға болғанымен, оның мол анатомиялық материалдары патологиялық анатомияны жеке пән есебінде және бір сатыға көтерді десек қателеспейміз.
Карл Рукитанский
Слайд 9
Осы жаңа дәуірдің ең белгілі ғалымы Рудольф Вирхов (1821-1902) барлық аурудың
негізінде клетка патологиясы жатады деген даналық пікірге сүйеніп, өзінің «Целлюлалық (клеткалық) патология» деген ұлы еңбегін жазды(1858).
Р.Вирховтың бұл еңбегі тек патологиялық анатомияның ғана емес, тіпті бүкіл медицинаның дамуында прогрессивті рөл атқарды. Осы кезеңде Ресейде да патологиялық анатомия өз алдына отау тігіп шыға бастады.
Слайд 10
1849 жылы Москва университетінде алғаш рет патологиялық анатомия кафедрасы ашылды, кафедраның
меңгерушісі профессор А.И.Полунин (1820-1888) мәскеулік патолог анатомдар мектебінің іртасын қалаушысы болып есептеледі. Кеңес дәуірінде оссы мектептен белгілі академиктер А.И.Абрикосов, И.В.Давыдовский, М.А.Скворцов, А.И.Струков, Н.А.Краевский және басқалар шыққан. Петербургтің медициналық-хирургиялық академиясында патологиялық анатомия кафедрасы 1859 жылы жеке бөлініп шықты. Петербург мектебінің негізін салушы М.М.Руднев (1837-1879) болатын. Осы мектептен шыққан белгілі ғалымдар қатарына Г.В.Шор, В.Г.Гаршин, В.Д.Цинзерлинг және басқалар кіреді. Кейінірек патологиялық анатомия кафедралары Қазанда, Харьковте, Томскіде және де басқа қалаларда ашыла бастады.
Патологиялық анатомияның Қазақстанда дамуы кеңес дәуіріне тура келеді. Алматы мемлекеттік медицина институтында патологиялық анатомия кафедрасы 1933 жылы ашылды.
Слайд 11
1938 жылдан 1969 жылға дейін осы кафедраны, Харьков мектебінің түлегі, проф.
П.П.Очкур басқарды. Қазақстанда патологиялық анатомияның негізін қалаушы осы кісі болды. П.П.Очкурдың оқушылары, профессорлар С.Ф.Серов, Х.С.Нугманова, Н.И.Колычева, М.Л.Ефимов, Л.П.Царевский осы күні Қазақстандағы патологиялық анатомия кафедраларын, лабораторияларын басқарып келеді. Патологиялық анатомия саласында медицина ғылымдарының докторы атағын алған өз бауырларымыздың саны да көбейіп келеді. Олар А.С.Толыбеков, И.С.Иржанов, М.Рысұлы, С.Г.Ахметқалиев.
Патологиялық анатомияның Қазақстанда жеке ғылым себінде ары қарай дамуы медицина және ветеринария институттарының кафедралардың және қылыми зерттеу институттарындағы ірі лабораториялардың жұмыстарына байланысты.
Слайд 12
Биопсияның мақсаттары мен міндеттері:
дигностикалық биопсия жүргізу кезінде алынған биопсиялық материалын зерделеуде
(эндоскопиялық биопсия, трепанбиопсия, жатыр қуысынан қырып алу, паренхиматоздық ағзалардан жіңішке инемен биопсия алу және т.б.). Бұл зерттеудің мақсаты диагнозды қою және анықтау болып табылады;
диагнозды анықтау мақсатында отадан кейінгі материалды зерделеуде (ағзаларды, тіндерді қырып және кесіп алып тастау) ауру сатысын, жүргізілген химиотерапиялық емдеудің тиімділігін бағалау; жүргізілген отаның түбегейлілігін бағалау;
өлімнің себебтерін белгілеу, сол немесе басқа кезеңде жіберліген қателерді анықтау, жүргізілген емнің дұрыстығын бағалау үшін қайтыс болған науқастың ауруының тарихын талдауға қосатын аутопсиялық зерттеу жүргізуде мәйітті ашу және алынған нәтижелерді салыстыру.
Слайд 13Аурудың өмірлік диагностикасындағы биопсияның маңызы.
Биопсия (био және грек. opsіs — көру) — аурудың сипатын
анықтау үшін науқас адамның зақымданған тінін кесіп алып, морфологиялық әдіспен тексеру.
Биопсия әдісі 19 ғасырдың ортасынан медицинаға ене бастады. Биопсия арқылы алынған затты биоптат деп атайды. Оны әр түрлі жолдармен кез келген органнан алуға болады.
Биопсия,негізінен, хирургияда, урологияда, онкологияда,гастроэнтерологияда және пульманологияда кеңінен қолданылады. Ішек-қарын және тыныс алу жолдарынан биоптат аспирация жолымен алынады, яғни зақымданған органдарға жарық беретін, ұшында арнайы пышақшалары бар жіңішке түтікше аспаптар (гастрофиброскоп, бронхоскоп) енгізіледі, сол жерден кішігірім тін кесіп алынады. Бауыр, бүйрек, талақтан пункция әдісімен (теріні жуан инемен тесу арқылы) сұйық зат сорылып алынады.
Слайд 14
Гистохимиялық әдістер клетканың, ұлпаның құрамындағы химиялық заттардың мөлшерін, саласын тексеруге мүмкіндік
береді. Бұл әдіс химиялық реакциялар арқылы клеткалар мен ұлпалардың құрамындағы қосылыстарды тексереді.
Қазіргі кездерде қолданылып жүрген тәсілдер арқылы клетканың құрамындары белоктарды, нуклеин қышкылдарын (ДНҚ, РМҚ), ферменттерді анықтауға болады. Мұндай заттарды анықтау үшін химиялық қосындылар мен клеткалардың немесе ұлпаның арасындағы реакцияның нәтижесінде заттардың боялып көрінуін қамтамасыз ету керек.
Мысалы, клетканың құрамындары РНҚ-ны анықтау үшін — галлоцианин бояуы қолданылады, ал оның клеткада барын білу үшін рибонуклеазамен РНҚ-ны ажыратады (немесе жояды). Сәуле спектрін өзіне сіңіру арқылы клетканың құрамындағы химиялық заттардың мөлшерін есептеуге негізделген приборды цитоспектро-фотометр деп атайды. Бұл әдіс абсорбция заңына бағынады
Слайд 15
Аутопсия (грекше autopsia – өз көзімен көру) деп өлу себептерін анықтау
үшін мәйітті ашып көру әдісі аталады. Аутопсия көпке дейін көру арқылы көптеген патологиялық өзгерістерді анықтауға болады. Қазіргі таңда ауруханада өлген әрбір науқас осы әдіспен тексеріліп, клиникада қойылған диагноздың дұрыс не қате екендігін, қолданылған емнің қаншалықты пайдалы және уақытылы болғандығы, аурудың асқыну белгілірі, өлу себептері анықталады. Аутопсия кезінде ауру белгілерін тек көзбе көріп қана қоймай, алынған материалдыжан-жақты гистологиялық, гистохимиялық, иммуноморфологиялық, керек болған жағдайда, электронды микроскоппен тексеру мүмкіндігі бар. Кейде ауру диагнозын анықтау үшін бактериологиялық, вирусологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылыды.
Слайд 16
Егерде ашып көру нәтижесінде ауру диагнозы уақытылы қойылмағаны немесе қолданылған ем
дұрыс еместігі анықталса, ол жіберілген қателердің барлығы клинико-анатомиялық коференцияда жан-жақты талқылыады.
Слайд 17Қорытынды
Патологиялық анатомия – патологияның бір бөлімі; ол биология мен медицинаның уруларды
әр түрлі қырынан зерттейтін ауқымды саласы болып табылады. Онда аутопсия, биопсия және экспериментальды әдістер кеңінен қолданылады.
Патологялық анатомияның ғылыми және қолданбалы пән болғандықтан, оның деректері медицинаның теориясында да, клиникалық жұмысында да қызмет етеді.
Міне осы жолмен патологанатом клиника жұмысына , диагноз қою, емдеу үрдістеріне қатыса алады.
Слайд 18Пайдаланылған әдебиеттер
Патологиялық анатомия. Оқулық: /А.И.Струков, В.В.Серов, Қазақшаға аударған М.Т.Айтқұлов,. бесінші басылым
«ГОЭТАР – Медиа»2013 .- 984 бет
Патологическая анатомия. Курс лекций: Учебное пос. (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева.- М.: Медицина, 1998.- 640с.:ил.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов)
Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том I, 2. М.: Медицина, 2001.
Абдуллахождаева М.С. Основы патологии человека. – Ташкент, 1998. – 300с.
Интернет желісі www.Google.kz