Патогенді және шартты патогенді анаэробтар (клостридиальді ж/е клостридиальді емес) презентация

Содержание

Патогенді ж/е шартты патогенді қатаң анаэробтар Спора түзетін Clostridium туыстас бактериялар адамдар мен жануарларда ботулизм, сіреспе, газды гангрена сияқты ауруларды туғызады. Клостридиялар адам мен жануарлардың ішегінде

Слайд 1Дәрістің тақырыбы: “Патогенді және шартты патогенді анаэробтар (клостридиальді ж/е клостридиальді емес)”
м.ғ.к., доцент

Ахметова С.Б.

Слайд 2Патогенді ж/е шартты патогенді қатаң анаэробтар
Спора түзетін Clostridium туыстас

бактериялар адамдар мен жануарларда ботулизм, сіреспе, газды гангрена сияқты ауруларды туғызады.
Клостридиялар адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етеді. Қоршаған ортаға фекальді жолмен тарайды ж/е споралы формаға айналады.

Слайд 3BACILLACEAE ТҰҚЫМДАСЫ

Clostridium туысы
- Cl.tetani сіреспе қоздырғышы,
- C.perfringens, C.novyi,C.septicum,C.histolyticum газды

гангрена қоздырғыштары;
Cl.botulinum ботулизм қоздырғышы;


Слайд 4Cl.tetani сіреспе қоздырғышы

Сіреспе қоздырғышын – C. tetani 1883 жылы Н. Д.

Монастырский және 1884 жылы А. Николайер ашқан. Таза дақылын 1889 жылы С. Китазато бөліп алды.

Слайд 5МОРФОЛОГИЯ
Гр+ таяқшалар;
түйреуіш немесе барабан таяқшалары тәрізді;
Қозғалмалы, жіпшелері бар (перитрихтар)

;
Споралары дөңгелек, терминальды орналасқан;
Капсула түзбейді.

1,2 рис. Cl.tetani


Слайд 6Тыныс алу түрі: газды гангрена қоздырғыштарына қарағанда қатаң облигатты анаэробтар;
Биохимиялық

белсенділігі: әлсіз протеолитикалық қасиеттері бар, желатинді баяу гидролиздейді, индол түзбейді, нитратты нитритке айналдырады.
Антигендік құрылысы. Сіреспе қоздырғышында О- және Н-антигендер бар. Н-антиген бойынша 10 серотип ажыратады, бірақ олар бірдей экзотоксин бөледі.

Cl.tetani


Слайд 7ДАҚЫЛДЫҚ ҚАСИЕТІ
Cl.tetani темір-сульфитты агарда өсуі
Тотығу-тотықсыздану потенциалы төмен орталарда өседі: клостридиум

агары, Вильсон-Блэр агарында, темірсульфитті сүтте.

Слайд 8ПАТОГЕНДІК ФАКТОРЫ
C.tetani – экзотоксин бөледі. Ол екі компоненттен тұрады.

Негізгі патогендік факторы – тетаноспазмин, тетанолизин.
Тетаноспазмин – көлденең жолақты бұлшықеттің тартылуын тудырады. Тетанолизин – эритроцитті гемолизге ұшыратады, ми капиллярының өткізгіштігін бұзады гемолитикалық, кардиотоксикалық, летальді әсер етеді.

Слайд 9ПАТОГЕНЕЗІ
Қоздырғыштардың негізгі ену жолы – тері мен шырышты қабаттың зақымдалған жерлерінен

организмге ену.
Кіру қақпасы ретінде түрлі жаралар болады: қарудан, кесіп алған жер, тікенектер, күйіктер, операциялық жаралар және т.б.

Слайд 10ПАТОГЕНЕЗІ
Сіреспе кезінде адамда инкубациялық период 1-3 күннен 1 айға дейін, және

инкубациялық периоды қысқа болса, ауру барысы өте ауыр өтеді.
Ең бірінші шайнау бұлшықеттерінің және шүйде бұлшықеттерінің спазмы болады. Кейін бет бұлшықеттері – науқастың бетінде күлкі пайда болады(сардоникалық күлкі).
Кейін дене және аяқ-қолдарының бұлшықеттерінің спазмы болады. Токсинмен зақымдалып, жоғары рефлекторлы қозғыш келген қозғалу орталығының сәл тітіркенуі көлденең жолақты бұлшықеттердің тетаникалық дірілдеуіне әкеледі.
Науқас есі ашық болады.
Өлім жүрек парличінен немесе асфиксиядан болады. Температураның жоғарылауы әрқашан бола бермейді.

Слайд 11ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
Инфекция көзі және табиғи резервуары – топырақ.

Зақымдалу жарақаттан кейін пайда болады. Әдетте соғыс кезінде ауру жоғарылайды.
Қауіпті топ – ауылшаруашылық жұмыскерлері.

Слайд 12Микробиологиялық диагностикасы
Зерттелетін материал: тін бөлігі, ірің, таңба материал, жара

бөлігі, топырақ, шаң, ауа.
Зерттеу әдістері:
Бактериологиялық – таза дақылды бөліп алу;
Биологиялық – биосынақ;
Серологиялық – тышқандарға бейтараптау реакциясы.

Слайд 13 Жоспарлы иммунизация: 3-5 ай аралығында – АКДС, АДС.

Шұғыл иммунизация: жараланғанда антитоксикалық сарысу - Безредко әдісі бойынша енгізіледі.Пассивті иммунитет қалыптасады. Сіреспелік анатоксин – активті иммунитет қалыптасады. Ерекше емдеу – сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині н/се жылқының сарысуы Безредко бойынша енгізіледі.

Слайд 14ГАЗДЫ ГАНГРЕНА
Газды гангрена (грекше “gangraina жара) – жаралы инфекцияның өткір поликлостридиальді

адамдар мен жануарлар ауруы. Жұмсақ тіндер некрозға ұшырайды, ағзада жалпы интоксикация байқалады.

Слайд 15ГАЗДЫ ГАНГРЕНА
Алғашқы рет 1562 жылы А. Паре «госпитальдық гангрена» атауымен сипаттама

жасады. Газды гангрена симптомдарына классикалық сипаттаманы 1864 жылы Н. И. Пирогов берді. Ол бұл аурудың соғыспен байланысты екендігін анықтады және оның пайда болатын жағдайларын атап кеткен.
Газды гангрена полимикробты болып табылады. Оның қоздырғыштарына C. perfingens C. Novyi C. septicum C. sordellii C. histolyticum C. difficile және C. sporogenes жатады. Газды гангренаның этиологиясында бірінші орында C. perfingens, екінші - C. Novyi.

Слайд 16ГАЗДЫ ГАНГРЕНА
C. perfingens 1892 жылы М. Уэлч және Г. Наттал ашты.
C.

Novyi 1894 жылы Ф. Нови ашты.
C. septicum-ді 1877 жылы Л. Пастер және Ж. Жубер сиыр өлігінен тапқан.
C. histolyticum-ді 1916 жылы М. Вейнберг пен Е. Сеген ашты.
C. sordellii 1922 жылы Р. Сорделли ашты.
C. sporogenes 1908 жылы И. И. Мечников ашты.
C. difficile 1935 жылы И. Холл және Е. О’Тул ішектің қалыпты өкілі ретінде сипаттама берген.


Слайд 17МОРФОЛОГИЯ
Гр+ шеттері дөңгеленген;
C.perfringens капсула түзеді;
Қозғалмайды;
Споралары сопақша, субтерминальды

орналасқан.



Слайд 18C.рerfringens (таза дақыл) Грам әдісі б/ша бояу
C.рerfringens – Бурри-Гинс әдісі б/ша

бояу (қызыл таяқшалардың айналасында түссіз капсулалар көрініп тұр)

Слайд 19Аралас анаэробты инфекция кезіндегі іріңнен алынған жұғын. Клостридияның әр түрлі 3

түрі көрініп тұр.

Слайд 20C.perfringens. Электронды микроскопия


Слайд 21ДАҚЫЛДЫҚ ҚАСИЕТІ
Cl.tetani темір-сульфитты агарда өсуі
Тотығу-тотықсыздану потенциалы төмен орталарда өседі: клостридиум

агары, Вильсон-Блэр агарында, темірсульфитті сүтте.

Слайд 22Тыныс алу түрі: облигатты анаэробтар;
Биохимиялық қасиеті: көмірсутекті ыдыратып, көп мөлшерде газ

түзеді, жоғары протеолитикалық қасиеттері бар; май-қышөылды ашу жүреді.
Антигені: C. perfingens жоғары инвазивтілік және токсигендік қасиеттері бар. Алғашқысы оның гиалуронидаза және басқа ферменттерді түзуіне байланысты. Басты патогендік факторы – күрделі құрамды экзотоксин. Гемотаксикалық, некротикалық, нейротоксикалық, лейкотоксикалық және летальды әсерлері экзотоксиннің түрлі компоненттеріне байланысты. C. perfingens-тің жеке штамдары әр түрлі құрамды және әр түрлі антигендік қасиетері бар экзотоксиндер синтездейді.
Осыған байланысты қоздырғыштың 6 серологиялық түрін бөлеміз: A, B, C, D, E, F.


Слайд 23C. Novyi
Диаметрі 0,8-1,4 мкм, ұзындығы 1,6-2,5 мкм, полиморфты қалың шеттері дөңгелектенген

грамм теріс таяқша. Споралары сопақша немесе дөңгелек, субтерминальды орналасқан. Капсула түзбейді, қозғалмалы перитрих. Қатаң анаэроб, сұйық ортада сәл лайланып өседі, тұнба түзеді, глюкозаның ыдырауы байқалады. Қанды агарда ортасы шығыңқы сұр бұдырланған колониялар түзеді, глюкоза, мальтозаны ыдыратады, лактозаны ыдыратпайды.


Слайд 24C. Novyi
C. Novyi-дің патогендігі күрделі құрамды экзотоксин бөлуіне байланысты. Токсин гемолитикалық

және летальды қасиетке ие. C. Novyi-ң негізгі 3 түрін ажыратады – А, В, С. А-типі альфа-, гамма-, дельта-, эпсилон- экзотоксиндерін бөледі. Өсудің оптимальды температурасы 40-45С. ДНК-ғы Г+Ц 23% В-типі альфа-, бета-, дзэта-, эта- токсиндерін бөледі. C. Novyi-ң оптимальдық темп-қ оптимумы 37С, 25-45С диапазонында өседі. Ол адамдарда және жануарларда газды гангренаны тудырады. С-типі гамма-токсиннің аз мөлшерін түзеді. Өсу оптимумы 45С. Буйволдардың остеомиелитінде бөлініп алынған.

Слайд 25C. septicum
C. septicum – диаметрі 1,1-1,6 мкм, ұзындығы 3,1-14,1 мкм жіңішке

ұзын полиморфты таяқша, кейде ұзындығы 50 мкм жіптер түзеді, грамм оң, перитрих, капсула түзбейді. Споралары сопақша, субтерминальды немесе ортаға қарай орналасқан, 24 сағат ішінде түзіледі. Сұйық ортада лайлану пайда болады, желатин гидролиздейді, глюкоза, лактоза және мальтозаны ыдыратады, маннит және сахарозаны ыдыратпайды. Қанды агарда колониялар гемолиз аймағымен қоршалған және ұсақ көп өсінділері болады.


Слайд 26C. septicum
C. septicum адам және үй жануарлары үшін қауіпті. Продуцирленетін экзотоксин

некротикалық, гемолитикалық және летальды әсері болады. Жануарлар зақымданғанда бұлшықеттер қызыл түсті, тері асты тіндері мен бұлшықеттерде газ ташылары пайда болады.


Слайд 27C. histolyticum
Ұзындығы 1,6-3,1 мкм, диаметрі 0,6-1,0 мкм түзу таяқша, перитрих, капсула

түзбейді, споралары сопақша, субтерминальды орналасқан, көмірсуларды ыдыратпайды. Сүтті тез пептондайды. Сұйық ортада жалпы лайлану байқалады. Қанды агарда колониялар ұсақ, мөлдір, гемолиз аймағы тар болады.


Слайд 28C. histolyticum
C. histolyticum күшті протеолитикалық ферменттері бар – желатинді тез ыдыратады;

жануарларға жұққанда жұмсақ тканьдердің протеолизі және сүйектердің жұқалануы байқалады. Өндірілетін экзотоксин жануарларға қан арқылы енгізілгенде тез өлімге әкеледі. C. histolyticum табиғатта салыстырмалы аз таралған, топырақта, суда, кейде алам ішегінде кездеседі.

Слайд 29C. sordellii
Диаметрі 1,1-1,6 мкм, ұзындығы 3,1-4,5 мкм қалың грамм теріс таяқша,

3-4 клеткадан тізбек құрады, перитрих, капсула түзбейді, споралары сопақша, субтерминальды немесе ортаға қарай орналасқан; күшті протеолитикалық қасиеті бар, желатинді тез ыдыратады, глюкоза, левулеза, мальтозаны ыдыратады. Өсудің температуралық оптимумы 37С.


Слайд 30C. sporogenes
Диаметрі 0,3-0,4 мкм және ұзындығы 1,4-6,6, грамм теріс, перитрих, капсула

түзбейді, споралары сопақша, күшті протеолитикалық қасиеті бар, субтерминальды орналасқан. Глюкозамы бар сұйық ортада лайлану және газдың түзілуі байқалады. Тығыз ортада «Медуз басы» тәрізді форма болып өседі, жартылай мөлдір. Оптимпльды температура 30-40С, өсу дипазоны 25-45С. C. sporogenes күшті протеолитикалық қасиеті бар, жараларда өлген тіндердің протеолизін тудырады, шіріген иіс пайда болады.


Слайд 31C. difficile
C. difficile – ұзындығы 3,1-6,4 мкм, диаменті 1,3-1,6 мкм грамм

оң таяқша, перитрих, капсула түзбейді, споралары сопақша, субтерминальды орналасқан. Өсудің оптимальды температурасы 30-37С(өсу диапзоны 25-45С). Тығыз ортада колониялар дөңгелек, диаметрі 3-5 мм, шеттері түзу, сәл шығыңқы, ақшыл сұр түсті болады. Қоректік бульонда C. difficile глюкозаны ыдыратып қалыпты өсу береді; қанды агарда көп штаммдар гемолизденбейді. C. difficile-ң патогендік факторы негізінен цитотоксин және энтеротоксиннен тұратын токсикалық комплекске байланысты.


Слайд 32Газды гангрена патогенезі
Клостридиялардың патогендік әсеріне және олардың токсиндеріне байланысты 2 кезеңі

болады:
Ісінудің пайда болуы. Токсиннің әсерінен қан тамырлардың лимфа және қан клеткалары үшін өткізгіштігі артады. Ісінудің пайда болуы тіннің қысылуына әкеледі; сонымен қатар ісінулік сұйықтықпен токсин енеді. Осының барлығы тіннің зақымдалуына және клостридиялардың көбеюіне жол береді.


Слайд 33Газды гангрена патогенезі
2. Газды гангренаның дамуы, яғни бұлшықеттік

және өткізгіш тіндердің некрозы. Газдың түзілуі клостридиялардың ферментативтік белсенділігіне байланысты, ал некроз – токсиндер мен ферменттердің некротикалық әсері. Токсиндер жергілікті әсермен қатар, жалпы интоксикацияға әкеледі (нейротоксикалық әсері). Зақымдалу аймағы үлкендігіне байланысты организмнің интоксикациясы да өзгереді. Осыған байланысты, газды гангренаның клиникасы токсиндер мен ферменттердің жалпы және жергілікті әсеріне және тіндік ыдырау өнімдеріне байланысты.


Слайд 35Клостридия сүтті ірітеді
Көп газдың түзілуіне байланысты агар діңгегінің бөлінуі көрініп тұр


Слайд 36КЛОСТРИДИЯ


Слайд 37Зертханалы диагностика
Зерттелетін материал: – зақымдалған тіндердің бөліктері және ісіну сұйықтығы. Сонымен

қатар кейбір жағдайларда таңу материалдары, киім, топырақ зерттеуге алынады. Микробиологиялық диагностикасы зерттеу материалынан қоздырғышты анықтауға бағытталған. Зерттеу бірнеше кезеңнен тұрады:
Жарадан бөлінген заттың және экссудаттың бактериоскопиясы.
Қоздырғышты бөліп алу және оны анықтау.
Зерттеу материалымен ақ тышқандарды зақымдау;
Клостридия токсинін анықтау.


Слайд 38 Әдістері: микроскопиялық – Ожешко, серологиялық – бейтараптау реакциясы, биологиялық

– биосынақ. Алдын алу: жараны өңдеу, вакцина, сарысу. Ерекше сақтандыру – тірі вакцина, антитоксикалық сарысу, анатоксин. Ерекше емдеу – антитоксикалық сарысу, өлі вакцина.

Слайд 39Ботулизм қоздырғышы

Ботулизм – тағамдық токсоинфекцияның ауыр түрі. Ол C. botulinum-мен жұққан

азық-түліктерден болады және орталық жүйке жүйесін зақымдайды.
Clostridium botulinum қоздырғышын алғаш Бельгия бактериологы Ван Эрменгем
(1869 ж.) ашты.

Слайд 40МОРФОЛОГИЯ
Гр+ шеттері дөңгелектенген таяқшалар;
Қозғалмалы,
(перитрихтар) ;
споралары сопақша, субтерминальды

орналасқан , теннис ракеткасы тәрізді формада болады.
Капсула түзбейді;

Жұғында таза дақылдан алынған, Грам әдісі бойынша боялған Cl.botulinum (боялмаған субтерминальді споралары көрінеді).


Слайд 41ДАҚЫЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Қоректік ортаға талғамсыз. ЕПА-да, қанды агарда, бауыр қосылған агарда, Китта-Торроци

ортасында өсіреді.
Тығыз қоректік орталарда колониялары ұсақ, тегіс, мақта тәрізді.

Сарыуызды ортасында колонияның айналасында лецитиназа тәж (венчик) ретінде көрініп тұр.


Слайд 42Эпидемиологиясы
Ботулизмнің қоздырғышы топырақта кең таралған. Ең қауіптісі ет, балық,

көкөніс консервілері. Қоздырғыштың табиғи резервуары ж/е инфекцияның көзі – топырақ ж/е жануарлар.
Ыстық аймақтарда ауру жиі тіркеледі, ол споралары ұзақ сақталуымен қатар, вегетативті формаларының көбеюімен байланысты.

Слайд 43ЖАРАҚАТТЫ БОТУЛИЗМ
Сирек түрі, нашақор науқастарда кездесуі мүмкін;
Жарақатқа спораның түсуіне

байланысты, ботулизм таяқшасы тудыратын токсиннің әсері себепші;
Инкубациалық кезең жие - 10-14 күн;
Дене температурасы көтерілуі мүмкін, қалған симптомдар кәдімгі;



Слайд 44Антигендік құрылысы:
Антигендік құрылысы аз зерттелген.
Талшықты Н-антигендері – топ ерекшелік;
Түр ерекшелік соматикалық

О-антигендер – 7 сероварын ажыратады (A, B, C, D, E, F, G).
Экзотоксин нейротропты әсер етеді, ОЖЖ (орталық жүйке жүйесін) қабындырады.

Слайд 45Патогенез. Клиникалық сипаттамасы
Инфекция құрамында токсин жинақталған тағамдардан пайда болады.


Инфекция көзі – колбаса, қақталған балық, саңырауқұлақтар, балық өсімдік ет консервілері. Токсин ішекте адсорбцияланады, одан қанға ОЖЖ-не түседі.
Инкубациялық кезеңі – 12-36 сағат.
Симптомы – құсу, жүрек айну, іш, бас ауру, көз көруінің нашарлауы, ауыз құрғап, жұтудың қиындауы. Адамдар әдетте тұншығып өледі. Тыныс алу мускулатурасының тартылуы.
Аурудан кейін иммунитет қалыптаспайды.

Слайд 46Микробиологиялық диагностика принциптері
Зерттелетін материал: қан, зәр, нәжіс, асқазан шайындысы,

құсық, тағам қалдығы, секрециялық материал.
Зерттеу әдістері: бактериологиялық, бактериоскопиялық, серологиялық (ПГАР), биологиялық.
Жедел диагностикада – ИФА;
Қаннан токсинді анықтау үшін биосынақ жүргізеді. Нәжістен бактериологиялық әдіс арқылы қоздырғышты анықтайды.

Слайд 47Биологиялық әдіс
Бақылау тобы (Зерт. материалды енгізеді)
Зерт.материал+
А токсинге қарсы АД
Зерт

.материал+ В токсинге қарсы АД

Зерт.материал+
Е токсинге қарсы АД


Слайд 48 Ерекше емдеу – антитоксикалық поливалентті, моновалентті, гетерогенді жылқы сарысуы.

Безредко бойынша егеді. Сақтандыру – ботулизмге қарсы анатоксин және сарысу. Жалпы сақтандыру: тамақ өнімдерін дайындау барысында міндетті түрде санитарлық-гигиена ережелерін сақтау. Анатоксиннен кейін жасанды активті, сарысудан кейін жасанды пассивті иммунитет қалыптасады.

Слайд 49НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика