Отбасын жоспарлау презентация

№1 ситуациялық есеп Науқас А, 34 жаста екіншілік бедеулікке байланысты әйелдер кеңесіне қаралуға келді. Арнайы анамнез: етеккірі ең алғаш рет 13 жасында келген, ретті, әрбір

Слайд 1 Семей Мемлекеттік Медицина Университеті

Тексерген: м.ғ.к Профессор РАЕ Әділғожина С.М
Орындаған: Бақдәулетова Ә.Б
539-топ, ЖМФ.

Семей -2017

СӨЖ

Тақырыбы: Отбасын жоспарлау




Слайд 2 №1 ситуациялық есеп
Науқас А, 34

жаста екіншілік бедеулікке байланысты әйелдер кеңесіне қаралуға келді.
Арнайы анамнез: етеккірі ең алғаш рет 13 жасында келген, ретті, әрбір 27-28 күн сайын, 5-6 күннен, шамалы, ауырсынусыз.
Жыныстық қатынас 20 жасынан басталған, некеде тұрады, жүктіліктен сақтанбаған.



Слайд 3Жұбайы тексерілген, фертильді.
2 жүктілік болған, бірінші жүктілік 27 жасында, екінші жүктілік

33 жасында , екеуінде де түтікті жүктілікке байланысты жатыр түтігі алынып тасталған.

Слайд 4Сұрақ
1.Некедегі бедеуліктің себебі?
2. Ерлі-зайыптыларды ары қарай жүргізу тактикасы?
3. Экстракорпоральды ұрықтандыруға көрсеткіштер

қандай?
4. ЭКО-ға қарсы көрсеткіштер?


Слайд 5


Жауаптары:

Абсолютті түтіктік бедеулік
ЭКО, бала асырап алу
Әйел адамының бедеулігі жағынан :
- абсолютті түтікті бедеулік (жатыр түтігінің өтімсіздігі немесе жатыр түтігінің болмауы);
- эндометриозбен шақырылған бедеулік (емдеу нәтижесі болмаған жағдайда);
- эндокринді бедеулік (гормонотерапия нәтижесіз болғанда);
- иммунологиялық бедеулік;
- этиологиясы белгісіз бедеулік.
Ер адам жағынан ЭКО-ға көрсеткіштер:
-олигоастенозооспермия 1-2 дәреже;
-аралас бедеулік
4.ЭКО –ға қарсы көрсеткіштер:
-жатырдың даму ақаулары;
-соматикалық және психикалық аурулар;
-тұқым қуалаушылық аурулары болса;
-аналық без ісіктері.


Слайд 6№2 ситуациялық есеп
Науқас Б, 25 жаста әйелдер кеңесіне 2 жыл бойы

бала көтере алмауына шағымданып келді.
Арнайы анамнез: алғашқы етеккірі 15 жасында келген, тұрақты емес 40-60-90 күн аралығында келеді, келу ұзақтығы 3күн, аз мөлшерде, ауырсынумен.
Жыныстық қатынас 23 жасынан басталған, некеде тұрады, жүктіліктен сақтанбаған.



Слайд 7Жұбайы тексерілген, фертильді, бірінші некеден 1 баласы бар.
Гинекологиялық аурулары болмаған дейді.


Слайд 8Сұрақ
1. Бедеуліктің қандай түрі және оның себебі?
2.Қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?
3.Бедеулікті

емдеу әдістері?
4.Эндокринді бедеуліктің болжамы қандай?


Слайд 9Жауаптары:
1. Эндокринді бедеулік. Себебі:
- гормональды бұзылыстар (әйел адамда овуляцияның ретті болмауына

немесе мүлдем болмауына алып келеді).
2. ФСГ, ЛГ, пролактин, ТТГ, Т3, Т4, гонодотропин деңгейлерін анықтау;
УДЗ: қалқанша без, аналық без, бүйрекүсті безі.
3. Емдеу әдісі:
- етеккір циклін қалпына келтіру,
- овуляцияны стимуляциялау, ол үшін кломифен цитрат препаратын тағайындайды. 50мг (0,05г) күніне 1рет ұйықтар алдында, етеккір циклінің 5-ші күнінен бастап 5 күнге тағайындалады.
4. Гормональды терапиядан кейін 50% жоғары әйел адамдар жүкті бола алады.



Слайд 10 №3 ситуациялық есеп
Науқас С, 20

жаста қазіргі уақытта жүктілікті қаламайтынын және соны алдын алу мақсатында әйелдер кеңесіне келді.
Арнайы анамнез: етеккірі ең алғаш рет 14 жасында келген, ретті, тұрақты, 3-4 күннен, шамалы, ауырсынумен.
Жыныстық қатынас 18 жасынан басталған, некеде тұрады, жүктіліктен сақтанбаған.



Слайд 111 жүктілік болған, осыдан 3 ай бұрын жасанды түсік жасатқан, ешқандай

асқынулар болмаған.

Слайд 12Сұрақ
1. Қандай контрацепция түрлері бар?
2.Сіз қандай түрін ұсынаредіңіз?
3.КОК-ң әсер ету механизмі

мен зиянды әсері қандай?
4.ЖІС-ң әсер ету механизмі мен зиянды әсері қандай?



Слайд 13Жауаптары:


1. Контрацепция түрлері:
-Ішілетін  құрама контрацептивтер;
Инъекцияльқ контрацептивтер;

Имплантанттар (норпланта);
Әйелдердің стерилизациясы.
Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы).
Презервативтер (мүшеқаптар); Жатырішілік заттар;
Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы);
Отбасын жоспарлаудьң табиғи  әдісі  (физиологиялық  әдіс); Лактациялық аменорея әдісі  (ЛАӘ).

Слайд 143. КОК –ң әсер ету механизмі. Овулияцияны төмендету КОК — тың

негізгі механизмдік әсері. Эстраегендер сияқты прогестиндер де гонатропин синтезін төмендетіп, овуляцияны тоқтатады. Жатыр мойны шырышы қоюланып, жабысқақтанады. Цервикальді өзекке сперматозоидтардың жылжуына кедергі жасайды. Прогестин әсерінен эндометрий активтілігін төмендетіп, сонымен бірге бластоцистаны имплантациялауға дайын болмайды.
Зиянды әсері: Төмен мөлшерлі препараттарды жиі қолданғанда қан кетулер немесе аменорея , дисменорея болады. Кейде жүрек айну, дене салмағы жоғарлауы және сүт бездерінің ауырсынуы болады. Бас ауру, ішінің ауруы, құсу басқа аурулармен байланысты болуы мүмкін. Таблеткаларды екі — үш рет қабылдағаннан кейін бұл көріністер жоғалып кетеді.


Слайд 154. ЖІС –ң әсер ету механизмі: Контроцепциялық әсері жатырдағы бөтен дене

қатысуымен жергілікті асептикалық реакцияның болуына байланысты. ЖІС бөтен дене ретінде миометридің жиырылуын шақырып, оны тездетеді. Бір уақытта жатыр түтіктерінің перистальтикасын жоғарлатады, сол себепті ұрықтанған жұмыртқа клеткасы фаллопиев түтігінен тез өтіп, жатыр қуысына имплантациялануына тез түседі, сондықтан бір жағынан жұмыртқа клеткасы әлі толық өсіп жетілмеген, бір жағынан эндометри әлі оны мплантациялауға дайын емес.
Зиянды әсері: Жатырдан қан кету. ЖІС негізгі алып тастау себебі менструацияның тоқтамауы және менструация аралығындағы қан кетулер. Сол кезде міндетті түрде темір препараттарын ішу керек және психотерапия сеансын жүргізу тиіс. Көбінесе бөтен дене жатырға еніп бейімделгеннен кейін қан кетулер азаяды. Егер қан кетулер тоқтамаса жатыр ішілік спиральды алып тастау керек.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика