Слайд 1Дәріс тақырыбы
Организмнің реактивтілігі
Слайд 2
Дәріс жоспары:
Организм реактивтілігі туралы түсінік, анықтамасы;
Реактивтіліктің көріну түрлері;
Организм төзімділігі, түрлері;
Реактивтіліктің
түрлері, сипаттамасы.
Даралық реактивтілікті анықтайтын ықпалдар:
Тұқым қуалаушылықтың маңызы;
Дене бітімінің маңызы;
Жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелердің маңызы;
Адамның жас мөлшері мен жынысының маңызы.
ліктегі маңызы.
лат.: re – қарсы; action- әрекет
Реактивтілік – организм-нің қоршаған орта ықпа-лдарына белгілі бір жол-мен жауап қайтару қасиеті.
(Н.Н.Сиротинин).
Слайд 4
Реактивтілік- сыртқы орта ықпалдарына тұтас органи-змнің, оның жекелеген ағза-лары мен
жүйелерінің тірші-лігін өзгертіп жауап қайтару қабілеті немесе қасиеті.
Слайд 5 Реактивтілікті – белгілі бір ықпалға жауап ретінде организмде қабыну,
қызба, иммунитет, жараның бітуі, лейкоцитоз, фагоцитоз т.б. даму жылдамдығы, қарқыны мен ұзақтылығы бойынша анықтайды.
Слайд 6Көріну түрлеріне қарай:
Реактивтілік
нормергия
патергия
Слайд 7
Патергия:
Гипер-
ергия
Дизергия
Гипергия
Анергия
Слайд 8ГИПЕРЕРГИЯ
- қоршаған орта ықпалдарына орга-низмнің жауап қайтару қабілетінің көтерілуі. Ол
ауру туындататын әсер-лерге дене қызымы қатты көтерілуі-мен, қабыну қарқынды дамуымен, қабынулық сіңбенің тосқауылдық қызметі артуымен, фагоцитоз және антиденелер өндірілуі күшеюімен, жараның бітуі тездеуімен көрінеді.
Слайд 9Гипергия
- қоршаған орта ықпалдарына организмнің жауап қайтару қабі-летінің төмендеуі. Ауру
туында-татын ықпалдардан қабыну сылбыр өтеді, дене қызымы онша көтерілмейді, жараның бітуі баяулайды.
Слайд 10АНЕРГИЯ
- қоршаған орта ықпалдары-на организмнің жауап қайтар-мауы (шала туылған нәресте-лерде, қарттарда,
терең кома, сілейме, наркоз кездерінде).
кейбір адамдардың бактерия тасымалдаушылығы.
Слайд 11ДИЗЕРГИЯ
- қоршаған орта ықпал-дарына организмнің бұрмаланған түрде жауап қайтаруы (аллергия,
тербелістік ауру, климакс кездерінде)
Слайд 12Төзімділік (резистенттілік)
- дерт туындататын ықпалдарға организм-нің тұрақтылығы неме-се қарсы тұруы (төзімді
болуы).
Слайд 13Төзімділіктің түрлері
Спецификалық
Бейспецификалық
- дене шынықтыру,
- суық суға жаттықтыру,
- гипоксияға бейімдеу,
- бейдәстүр-лік емдеу
тәсілдері.
Жүре пайда болған төзімділік
Белсенді
(қорғану-икемделу тетіктері қатысуы-мен)
Жүре пайда болған тө-зімділік
Туа біткен төзімділік
Туа біткен төзімділік (иммунитет)
Енжар
Белсенді
Жасанды иммунитет
Енжар:
- биология-лық тосқау-ылдар,
- қорғаныс-тық рефле-кстер
Табиғи иммуни-тет
Слайд 14
Бақыт іздеп мал бақ, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт
іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
(Мұқағали Мақатаев)
Слайд 15Реактивтіліктің түрлері:
Түрлік
Топтық
Фиэиоло-гиялық
Дерттік
Даралық
Физиоло-гиялық
Бейспецификалық
Спецификалық
Дерттік
Аллергиялық
Слайд 16Түрлік реактивтілік:
Жануарлар әлемінің жекелеген түрлерінің реактивтілігі. Жыл маусымдарына қарай жануар-лардың мекен
жайын ауысты-руы, түстерін өзгертуі, құста-рдың күйдіргі ауруымен, адам-ның ірі қара мал мен иттердің обасымен ауырмауы т.с.с. жатады.
Слайд 17Топтық реактивтілік:
Адамдардың тұрған мекен-жайына, қан топтарына, дене бітіміне, тін үйлесімділік антигендеріне,
жынысына, жас мөлшеріне т.с.с. қарай бөлінген топтарының қорша-ған орта ықпалдарына жауап қайтару қабілеті.
Слайд 18Даралық реактивтілік:
- қоршаған орта ықпалда-рына әрбір жеке адамның жауап қайтару қабілеті.
Слайд 19Дерттік реактивтілік:
- әдеттегі немесе дерт туындататын ықпалдарға организмнің ауытқыған, өзгерген түрде
жауап қайтару қасиеті.
Слайд 20Дерттік реактивтілік байқалады:
Тұқым қуалаушылыққа бейімділігі, аллергиялық болмысы бар адамдарда;
Қоршаған ортаның
химиялық улы немесе радийбелсенді заттармен ластанулары;
Сүлде дерттер болуы;
Шала туған жас балалар мен қарттарда;
Ұзақ ашығу;
Ұзақ гиподинамия т.б. кездерінде.
Слайд 21Даралық реактивтілік:
Адамның тектік және дене бітімдік ерекшеліктеріне;
Жүйкелік, эндокриндік, иммун-дық жүйелерінің жағдайына;
Өмір
сүретін ортасының жағдайларына;
Жас мөлшеріне және жынысына т.с.с. жағдайларға байланысты.
Слайд 22Тектік ерекшеліктерінің маңызы:
Ауру дамуына бейімділігі бар адамдарға тегімен берілетін бейімділік гендері
бар, тектік ерекшеліктері қолайсыз қиысты-рылған адамдар жатады.
Бейімділік гендері – адамның туылуына және туғаннан кейінгі өміріне аса теріс ықпал етпейтін, бірақ белгілі бір қолайсыз жағдайларда ауру туындауына әкелетін қалыптыдан ауытқыған гендер.
Слайд 23Тектік ерекшеліктеріне қарай:
Дерт туындататын (жұқпаларға, улы заттарға, дәрі-дәрмектерге, т.б.) ықпалдарға “төзімді”
және “сезімтал” адамдарды ажыратады. Соңғылары дерт дамуына бейім адамдарға жатады.
Слайд 24
Химиялық және дәрілік заттар орга-низмнен N-ацетилтрансфераза фер-ментінің қатысуымен ацетилденіп шығарылады. Осы
реакцияның жылдамдығына қарай: жылдам, баяу, аралық ацетилдейтін адамдар деп үш фенотипке бөледі. Жылдам фенотипке қалыпты аллелі бойынша гомозиготтылар, баяу фенотипке ауытқыған аллелі бойынша гомози-готтылар, аралық фенотипке гетеро-зиготтылар жатады.
Слайд 25
Жеке дара адамның генотипін немесе гендердің қадағалауымен түзілетін өнімдерін (ферменттер, нәруыздар)
анықтау арқылы оның белгілі дертке тұқым қуатын бейімділігін аңғаруға болады. Мәселен, альфа-антитрип-син жетіспеуінен қабынулық аурула-рға, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығынан эритроциттердің артық гемолизіне т.с.с. бейімділік болады.
Слайд 26
Ауру дамуына тұқым қуатын бейімділікті алдын-ала аңғарып, сол дерттен сақтан-дыру жолдарын
қарастыра-тын медицина саласын предиктивті медицина дейді
Слайд 27
Даралық реактивтілікке әсер ететін жағдайлар?
Слайд 28 Дене бітімінің дерт дамуындағы маңызы
Дене бітімі (ағылш.- somatotype)
- тұқым қуалайтын және жүре пайда болған қасиеттері негізінде қалыптасқан адам денесінің құрылымдық, функциялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Слайд 29Дене бітімінің жіктелулері
ТЫНЫСТЫҚ
АС ҚОРЫТУЛЫҚ
БҰЛШЫҚЕТТІК
МЫЙЛЫҚ
1. СИГО БОЙЫНША:
Слайд 302. КРЕЧМЕР БОЙЫНША:
а) астениялық (шизоидтық)
б) атлеттік (эпилепсиялық)
в) пикниктік (циклоидтық)
Слайд 31М.В. Черноруцкий бойынша жіктеменің
құрылымдық-функциялық ұстанымы
АСТЕНИК
НОРМОСТЕНИК
ГИПЕРСТЕНИК
Слайд 32 АСТЕНИК
Кеудесінің көлденеңдігі-нен ұзындығы басым,
денесі арық, аяқ-қолдары ұзын, қарын-үстілік бұрыш сүйір, жүрегі тік («тамшы» тәрізді) орналасқан, құрсақ көлемі кішкене
Слайд 33 ГИПЕРСТЕНИК
Кеудесінің ұзындығынан көлденеңдігі басым, денесі толық, аяқ-қолдары мен
мойыны қысқа, қарын үстілік бұрыш доғал, жүрегі көкетке көлденең орнал-асқан, құрсағы кең және үлкен
Слайд 36 Дене бітімінің ерекшеліктеріне байланысты ауру даму жиілігі:
Артериялық гипотензия, гипогликемия,
гипоацидтік гастрит, асқазанның ойық жара ауруы, сүлде колит, анемия, туберкулез
АСТЕНИК
Артериялық гипертензия, қантты диабет, семіздік, атеро-склероз, жүрек-тің ишемиялық ауруы, қан тамы-рларының тром-бозы, өт-тас ауруы
ГИПЕРСТЕНИК
Слайд 37Организм реактивтілігіндегі жүйке жүйесінің маңызы
Жоғары жүйке әрекеттерінің өзгерістерінен ішкі ағзалар мен
мүшелердің реттелуі өзгереді, оларда дистрофия дамиды. Осындай ауруларды психосоматикалық аурулар дейді.
Слайд 38Жоғары жүйке әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай И.П.Павлов:
Күшті
Әлсіз
Жігерлі
Ұстамсыз
Ұстамды
Салмақты
Адамдар
Слайд 40Организм реактивтілігінде эндокриндік жүйенің маңызы
“гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты» жүйесі қоршаған
орта ықпалдарына организмнің бейімделуінде маңызды орын алады;
Қантты диабет, тиреотоксикоз, гипотиреоз т.б. эндокриндік аурулар реактивтілікті бұзады.
Слайд 41Организм реактивтілігіндегі иммундық жүйенің маңызы
Иммундық жүйенің біріншілік немесе салдарлық тапшы-лықтарынан бактериялық,
вирустық жұқпаларға органи-змнің төзімділігі төмендейді, қатерлі өспелер өсуі жиілейді.
Слайд 42Организм реактивтілігінде қоршаған орта ықпалдарының маңызы
Дем алатын ауаның, ішетін тамақтың
және ауыз судың химиялық улы заттармен, ауыр металдармен ластанулары;
Өмір сүретін ортаның иондағыш сәулелермен және радийбелсенді заттармен ластанулары - организм реактивтілігін бұзады.
Слайд 43Организм реактивтілігіндегі қоректенудің маңызы
Тамақта нәруыздардың тапшылы-ғынан анемия дамиды, организмнің бейімделу
қабілеті төмендейді, иммунитет әлсірейді;
Тағамда витаминдер мен микроэле-менттер жетіспеуінен тіндерде зат алмасулары бұзылады, анемия дамиды, реактивтілік төмендейді.
Слайд 44Жас балалар реактивтілігінің ерекшеліктері:
ОЖЖ және ІШКЕ СӨЛДЕНІС БЕЗДЕРІ ЖҮЙЕСІНІҢ жете дамымауы
ИММУНДЫҚ
ЖҮЙЕНІҢ ЖЕТІЛМЕУІ
БИОЛОГИЯ-ЛЫҚ ТОСҚАУЫЛ-ДАРДЫҢ ЖЕТІЛМЕУІ
Слайд 45БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАРДЫҢ ЖЕТІЛМЕУІНЕН:
Организмге дерт туындататын қоздырғыштардың жеңіл өтіп кетуі;
Жұқпалар мен уыттар
бүкіл денеге тарап кетуі;
Улы заттарға, дәрілерге организмнің сезімталдығы көтерілуі – байқалады.
Слайд 46Ауыру сезімі әлсіз болады;
Рефлекстік бейімделулік серпіліс-тер жеткіліксіз болады;
Икемделудің жедел дамитын тетік-тері
айқын болмайды;
Жалпы серпілістер басым болады.
ОЖЖ ЖӘНЕ ІШКЕ СӨЛДЕНУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖЕТЕ ДАМЫМАУЫНАН:
Слайд 47Иммундық жүйенің жетілмеуінен:
Қанында бактерия жоятын фермент-тер (лизоцим) мен нәруыздар (комп-лемент) аз
болады;
Фагоцитоз аяқталмаған болады;
Жұқпаларға қарсы антиденелер аз өндіріледі;
Жас балалар жұқпалы және вирустық аурулармен жиі ауырады;
Аллергиялық серпілістер айқын болмайды.
Слайд 48Қарттық жастағы реактивтіліктің ерекшеліктері
Жүйке, эндокриндік жүйелердің кері дамуынан жүйкелік-сұйықтық реттелулердің кемуі,
ағзалар мен жүйелердің функциялық белсенділігін төмендетеді
Қарттық жас – 75 жастан жоғары
Слайд 49Аурудың көріністері әлсіз болады;
Бір өзінде бірнеше дерттер болады;
Ауру созылмалы түрде өтеді;
Ауру
барысында икемделу жүйелері тез қалжырайды;
Иммундық жүйе кері дамиды;
Өспелер өсуі жиілейді.
Жалпы серпілістер айқын болмайды;
Слайд 50Егде және қарттық жастың аурулары:
Жүрек жеткіліксіздігі;
Артериялық гипертензия;
Жүректің ишемиялық ауруы;
Қатерлі өспелер;
Қантты диабет;
Қуық
асты безінің аденомасы;
Паркинсонизм;
Тұнжырау синдромдары;
Қарттық психоздар;
Қарттық алжу;
Альцгеймер ауруы;
Қарттық катаракта;
Сүйек қуыстануы және буын сүйектерінің қабынуы
Слайд 51
Денсаулықтың жаңасын,
Ақшаға қайдан аларсың?
(даналардан қалған сөз)
Слайд 52
ЖЫНЫСТЫҢ РЕАКТИВТІЛІКТЕГІ МАҢЫЗЫ
Әйелдердің реактивтілігі оларда екі ХХ хромосомасы болуымен
айқындалады, ол анатомиялық-физиологиялық ерекшелік-терді, гормондық жағдайды қалыптас-тырады;
Бұл екі ХХ хромосоманың біреуі өзгеріске ұшырағанның өзінде екінші Х хромосома организмнің төзімділігін қолдап тұрады;
Әйелдер өмірінің орташа ұзақтығы еркектерге қарағанда ұзағырақ болады. (Казақстанда ол: әйелдерде – 71 жыл, еркектерде – 60 жасқа жетер-жетпес)
Слайд 53
Арулар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар,
Арулар – тіршілікке күре
тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
(Мұқағали Мақатаев)
Слайд 54 Әйелдерде:
● мый сыңарлары әрекетін біріктіруге жауапты нейрондардың саны, еркектерге
қарағанда, 23% ға көп болады;
мый қыртысының қыртыс асты құры-лымдарға тежеуші әсері аздау болады. Содан мыйдың сезім билеуге жауапты орталықтары (лимбикалық жүйе) тежеуші ықпалдан жиі шығып кетеді;
түйсіну жылдамдығы, санау, қол жылдамдығы бойынша шапшаң және үздік шешендік өнерге шеберлік болады.
Слайд 55Жүктілік, бала емізу кездерінде және ай сайын-ғы жыныстық гормондардың оралымды түрде
өндірілуінің өзгерістері эндокриндік бездердің қызметтеріне ауыртпалықтар жүктейді; сол себепті, әйелдерде эндокриндік аурулар жиі дамиды (тиреотоксикоз еркектерге қарағанда 10 есе жиі кездеседі).
Әртүрлі ауыртпалықтарға ұшыраудан «гипота-ламус-гипофиз-бүйрек үсті бездері» жүйесінің белсенділігі жоғары болуы нәтижесінде әйел-дер гипоксияға, суыққа, аштыққа, қансырауға төзімдірек келеді.
Әйелдерде темір тапшылықты анемия жиі кездеседі.
Слайд 56 ● Еркектердің реактивтілігі XY хромосома-ларымен айқындалады, оның негізінде анатомиялық -
физиологиялық ерекше-ліктер қалыптасады;
Еркектер кеңістікті жақсы тұспалдайды, қозғалу жылдамдығы, үйлесімділігі жоға-ры, математикалық ойлау қабілетіне бейім;
Еркектердің ауыртпалықтарға төзімділігі аздау, оларда дезадаптациялық аурулар: атеросклероз, ЖИА, гипертензиялық ауру, асқазанның ойық жарасы жиірек кездеседі.
Слайд 57
Организмнің даралық реактив-тілігіне көптеген ықпалдар, сола-рдың ішінде оны бұзатын, жағда-йлар әсер
етеді. Мәселен, негізгі ауруынан басқа сүлде дерттердің (қантты диабет, туберкулез, сүлде гепатит т.б. қабыну ошақтары) болуы реактивтілікті бұзады.
Сондықтан, “айқындалған дертті ғана емдемей, тұтас науқас адамды емдеу” қажет!