Мейіргерлік үрдіс және оны тәжірибеге енгізуде қиындықтар презентация

Содержание

Слайд 1Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика

Академиясы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған:Халикулова М
Тобы:302 МІК.
Қабылдаған:Оразбаева Э.А


Тақырыбы:Мейіргерлік үрдіс және оны тәжірибеге енгізуде қиындықтар

Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен


Слайд 2Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім

Мейірбикелік үрдістің кезеңдері
Мейірбикелік көмекті жоспарлау
Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы

III

Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3Кіріспе
Мейірбикелер — бұл мейірбикелік, акушерлік, емдеу

ісі белгіленген мамандыққа жіберілген, мамандықтар бойынша медициналық білімі бар қызметкерлер. Мейірбикелер әр-түрлі қызметтерді атқарады, факторларды түсінуді, денсаулыққа әсерлер, аурудың себептері, оларды емдеу және сауықтыру қабілеттері, сондай-ақ экологиялық, қатарлыларды талап етеді.
Халықтың денсаулығын тексеріп, нығайту жолында оларға қол жетімді ,тиімді медициналық көмек беруде , өз уақытының 80 пайызын науқаспен бірге өткізетін медбике қызметінің рөлі өте маңызды.

Слайд 5Мейірбикелік үрдіс

Мейірбикелік үрдіс – кәсіптік мейірбикелік күтімді ұйымдастыру

мен орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты – ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.
Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүру үшін өз
мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет.

Слайд 6 Медбикелік үрдіс кезеңдері

Емделушінің денсаулығы жайлы

ақпарат жинау;
Медбикелік диагноз (диагностика);
Күтімді жоспарлау;
Жоспарлауды жүзеге асыру;
Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.

Слайд 7 Науқас

туралы ақпарат көзі

1. Емделушіден сұрастыру
2. Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру
3. Дәрігермен сұхбаттасу
4. Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу
5. Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.
6. Емделушінің ауру тарихымен танысу

Слайд 8 Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді,

яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.
Дәрігердің міндеті – дұрыс диагноз қойып, ем тағайындау.
Медбикенің міндеті – емделушіні толық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз
ету, өзінің медбикелік міндетімен шектелген көмегін беру. Мейірбикеге аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы: демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.

Слайд 9 Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын, ойландыратын мәселелерді

жазады, артықшылықтарын айрықша белгілейді.
Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынға қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе болып саналады.
Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойса да болады. Синдром бір
себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары
емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т.б.
белгілерге шағымданады.

Слайд 10Мейірбикелік көмекті жоспарлау
Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар

міндетті түрде нақты болу керек.
Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:
1. жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;
2. қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.
Мақсат қоюдың талаптары:
1. мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.
2. әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.
Жоспар түрлері:
- Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.
- Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т.б. бағытталған.

Слайд 11 Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа алады.

Стандарт дегеніміз – берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.
Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс -әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды.
Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.

Слайд 12Жоспарлауды жүзеге асыру
Медбикелік іс - әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:

·тәуелді
·тәуелсіз
·өзара тәуелді


Слайд 13 Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр

4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т.б.

Слайд 14Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге

асырылатын іс-әрекеттер.
Мысалы:
·емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.
·емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
·емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;
·емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т.б.

Слайд 15Өзара тәуелді қатысу – дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа
маманымен бірлесіп

қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т.б.

Слайд 16Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау
Медбике қойылған мақсаттарға жетіп,

мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.
Мейірбикелік процесс – медбикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.

Слайд 17Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы

1. Медбикенің жауапкершілігі артады;
2. Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан

қарауға
мүмкіндік береді;
3. Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;
4. Күтімді дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді;
5. Пациенттер белсенді түрде дем алады.

Слайд 19 Медбике асфиксияны емдеудің қатаң жүйелілікте үш негізгі

ережені орындаудан тұратынын білуі тиіс:
1. Тыныс алу жолдарын босату. Нәресте басы туысымен тыныс алу жолдарын вакуум-аппаратқа жалғанған резеңке катетер көмегімен шырыш, қан, қағанақ суларынан босату керек;
2. Тыныс алуды қалыпқа келтіру. Нәресте дем алмаған жағдайда тез арада дем алдыру шараларын орындау керек. Бұны өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар көмегімен орындауға болады. Жасалған шаралар жеткіліксіз болған жағдайда нәрстені барокамераға жатқызады. Өкпені жасанды желдетумен қатар нәрестенің кіндік тамырына түрлі ерітінділер енгізеді: глюкоза, аскорбин қышқылы, натрий гидрокарбонаты, т.б.
3. Қан айналымын қалыпқа келтіру. Жүрегі тоқтағанда жүрек сыртынан кеуде торын басу арқылы (минутына 100 қозғалыс) массаж жасайды. Бұдан нәтиже болмаса, адреналин енгізеді.

Слайд 20 Тәжірибе-адамдардың материалдық,мақсат қоюшы іс-әрекеті,объективті болмысты игеруі және түрлендіруі,адам қоғамы

мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі.Мейіргерлік үрдісті тәжірибеге енгізудегі қиыншылықтар,олар мейірбике қызметкерлерінің білімінің төмендігі,олардың жұмыстары,науқастарға деген күтімі,қарым-қатынасы этика ,эстетика,деонтологияға сай келмеуі,заманауи медициналық технологиялардың жетіспеушілігі,стационардың,жұмыс істеу орнының талапқа сай келмеуі,келген емделушілердің сана сезімінің төмендігі мейіргерлік үрдістің тәжірибеге енгізілуіне қиындық тұғызады деп ойлаймын.

Слайд 21 Өмірде ардақты да құрметті мамандықтар

баршылық. Соның бірі – дәрігерлер. Ақ халатты абзал жандардың көмегі мен қамқорлықтарының арқасында ауру жандар сырқатынан айығып, денсаулықтың қадірін түсініп жатады.
Медицинада науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буын қызметкер – мейірбике екенін бәріміз де білеміз. Ия, науқасқа сырқатының салдарын тауып, оның емдеу жолдарын айқындап беруде дәрігер бағыт-бағдар берсе, оның әрі қарай емделіп, пациентке ықыласы мен мейірімін төгіп, олардың көңіл-күйіне әсер ететін медициналық көмек көрсететін ол - мейірбике. Науқастың жай-күйі мейірбикелердің жанкешті еңбектеріне тікелей байланысты. 80% науқастың емін тауып кетуіне септігін тигізетін мейірбикелер десек артық айтпағанымыз.

Слайд 22Пайдаланылған әдебиеттер
Санов С. Науқас адамдарды жалпы күту Қарағанды, 2013ж
Мұратбеков С.К. Мейірбике

ісі негіздері Астана, 2007ж
Биназаров Н.Д. Мейірбике ісінің негіздері Алматы, 2004ж
www.google.ru
www.referat.kz

Слайд 23Назарларыңызға
рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика