Слайд 1Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академияы
«Жұқпалы аурулар және дерматовенорология» кафедрасы
Презентация
Тақырыбы:Көкжөтел ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. DOTS – бағдарламасын қазіргі кездегі көзқарас; туберкулезбен күресу қағидалары, туберкулездің ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және туберкулез ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар. Герпес инфекцияларына жалпы сипаттама: этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы. Цитомегаловирусты инфекциялар мен 1 және 2 типті герпес инфекциялары кезінде алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.
Орындаған : Серікбай Г.Ж.
Тобы: 506 ҚДС
Қабылдаған :
Шымкент 2017ж
Слайд 2Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Көкжөтел ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар.
2.
Туберкулезбен күресу қағидалары, туберкулездің ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және туберкулез ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар.
3.Герпес және цитомегаловирусты инфекцияларға жалпы сипаттама және эпидемиологиясы .
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Слайд 3
I.Кіріспе
Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда
өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
II.Негізгі бөлім
Көкжөтел - жас балаларда кездесетін жедел жұқпалы ауру, циклдық дамуы, спазмалы ұстамалы жөтелмен сипатталады.
Қоздырғышы - Bordetella pertusіs - алғаш рет 1900 ж. бала қақырығында тапқан, сосын таза өсіндісін 1906 ж. Ж.Борде мен О.Жангу бөліп алды. Көкжөтелге ұқсас, бірақ женіл өтетін ауру қоздырғышын - Bordetella parapertussіs - 1937ж. Г.Эльдеринг пен П.Кендрик ашты, олардан бөлек осы жылы - 1937ж. У.Бердфорд пен Б.Славинде дәлелдеді. Bordetella bronchіseptіca - адамда сирек кездесетін көкжөтелге ұқсас ауруының қоздырғышы 1911 ж. Н.Ферри иттерден тапты, ал адамдардан - 1926ж. Браун. 1984 ж. жа”а түрін анықтады - Bordetella avіum, адамға патогенділігі әлі анықталған жоқ.
Слайд 5 Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғышы сыртқы қоршаған орта жағдайына тұрақты емес. 560С
қыздырғанда микроорганизмдер 20-30 мин. жойылады. Көкжөтел және паракөкжөтел бактериялары төменгі температурада бірден өледі. Тура күн сәулесі 1-2 сағатта бордетеллаларды жояды, ультра күлгін сәулесі бірнеше минітта. Құрғап қалған қақырықта бактериялар бірнеше сағат тіршілік ете алады. Дезинфекциялайтын ертінділер 3% хлорамин ертіндісі, сулема (1:1000) көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштарын тез өлтіреді.
Слайд 6Эпидемиологиясы. Инфекцияны жұқтыру көзі науқас адам, жұғу механизмі ауа-тамшы. Бордетеллалар
макроорганизмні” респираторлы трактысыны” эпителийіне сезімтал. Инфекцияға барлық адамдар сезімтал, бірақ жиі жас балалар 1 жастан 10 жасқа дейінгілер.
Слайд 7Клиникасы:
1. Жасырын кезеңі 3 күннен 15 күнге дейін, орта есеппен 5-8 күнге созылады.
2. Катаральды
кезең 1-2 аптаға созылады. Ауру біртіндеп басталады, әуелі құрғақ жөтелпайда болады, ол түнге қарай үдей түседі, баланың аздап дене қызуы көтеріледі, мұрны бітеді, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, 1-2 жұмаға созылады.
Булықпа жөтел кезеңі-кенет басталады, бала терең дем алғаннан кейін бірнеше жөтел қимылдарын жасайды, бұл қимылдар бірінен кейін бірі ішіне алған ауа біткенше өтеді, бала көгеріп барып ысқырып дем алады.
Слайд 8Булықпа жөтелдің жиілігіне байланысты көкжөтелді 3 дәрежеге бөледі:
1. Жеңіл түрі-булықпа жөтел
сөткесіне 5-15 рет, қысқа болады.
2. Орташа түрі-сөткесіне 15-20 рет, ұзағырақ болады.
3. Ауыр түрі-сөткесіне 25-30 рет, жөтел ұзақ 10-15 минутқа созылады, бала әлсіз, құсады, тәбеті төмендейді.3-ші кезең 2-8 айға созылады.
Слайд 9 Инфекция ошағындағы шаралар:
1. Ауырған баланы булықпа жөтел басталғаннан бастап 30
күнге оңашалау, немесе ауру басталған күннен бастап 40 күнге оңашалау.
2. СЭС-ке №58 формамен хабар беру.
3. Ауру баламен қарым-қатынаста болған, бұрын көкжөтелмен ауырмаған 7 жасқа дейінгі балаларға 14 күнге карантин белгіленеді. Карантин кезінде балаларды бақылап, жаңадан балалар қабылдауға тиым салынады.
4. Көкжөтелмен ауырған адам болған бөлме дымқыл шүберекпен сүртіліп жуылады, ауасы барынша тазартылады.
5. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.
Слайд 10 Профилактикасы: Әдейіленген профилактика көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасымен /АКДС/ бала 2,3,4,18 айға толғанда
өткізіледі 0,5мл б/е.
Әдейіленбеген профилактика – ауру ошағында эпидемияға қарсы шараларды уақтылы және дұрыс өткізу.
Слайд 11 Туберкулез - микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауру
ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі.
Слайд 12 Аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериялары немесе КОХ таяқшалары.Оларды 1882
жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады.Олар өте төмен температурада, кепкен күйінде де тіршілігін сақтайды, әртүрлі қышқылдар, негіздер және спирт те әсер етпейді. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы алдымыздағы 20 жылдың ішінде туберкулезбен тағы 200 миллион адам ауырып, 70 миллион адам өлуі мүмкін деп ескертеді.
Слайд 13 Туберкулездың арнайы алдын алуы.
Бала туылғаннан кейін 2-4 күндері перзентханада
0,05 мг (0,1мл) тері ішіне БЦЖ вакцинасы егіледі.
БЦЖ ревакцинациясы бала мектепке барғанда 1 сыныпта қыркүйек айында жүргізіледі.
Дәрілік ем:Антибактериальды- кейінгі жылдары итальяндық ғалымдар жүргізген көптеген лабораториялық және клиникалық зерттеулерден соң ең тиімді, ең таңдаулы 5 түрлі дәріге тоқталған: рифампицин, стрептомицин, пиразинамид, изониазид, этамбутол.
Слайд 14
ДОТС жоспарымен емдеу. Туберкулезді ДОТС жоспарына сәйкес емдеудің негізгі
принципі – тікелей бақылаулы, қысқа мерзімнің ішінде қарқынды, белсенді ем жүргізу болып табылады. Микобактериялардың сыртқа бөлінуі тоқтағанша арнайы туберкулез диспансерінде, одан кейін бактериялар толық жойылғанша амбулаториялық жағдайда ем жалғастырылады. Ем жүргізу үшін жоғарыда аталған негізгі 5 препарат қолданылады:H-изониазид, R-рифампицин, Z- пиразинамид, S- стрептомицин, E- этамбутол.
Слайд 15 Манту белгісін қою үшін туберкулин препараты қолданылады. Белгіні білектің
іщкі жағының ортаңғы бөлігіне тері ішіне, арнайы туберкулин шприці мен инесі арқылы 1 балаға 0,1 мл дозада егу түрінде жүргіземіз. Белгі дұрыс қойылса, егілген жерде лимонның қабығы тәрізді төмпешік ( папула) пайда болады. Манту белгісінің нәтижесі 48-72 сағаттан кейін оқылады. Ол үшін, мөлдір пластмасса сызғышпен егілген жердегі пайда болған ісік (папула) немесе қызарудың диаметрін өлшеу керек.
Слайд 16 Туберкулезді санитарлық алдын алу-туберкулез инфекциясының ошағындағы туберкулезге қарсы
эпидемиялық алдын алу шарттары.
Туберкулез инфекциясының ошағы деп- бактерия бөлушінің тұратын жері(жекеменшік үйі,пәтері,жатақханадағы бөлмесі),оқу , жұмыс істеу,демалу орындары болып табылады.
Слайд 17Туберкулез ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар: алғашқы,кезекті және қорытынды болып бөлінеді.
Алғашқы
шараға науқасты оқшаулау және кезекті дезинфекцияны жүргізу мен бақылау және туберкулез науқастарын туберкулезге қарсы мекемелерге есепке алып,тексеру жатады.
Бактерия бөлуші науқасты есепке алғаннан кейінгі алғашқы үш күн ішінде ошақта алғашқы эпидемиологиялық дезенфекция жүргізіп, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің 2005ж 8 шілдесіндегі №332 « Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттамаларын бекіту» бұйрығына сәйкес,эпидемиологиялық тексерудің картасы (330-у) толтырылады.
Слайд 18Ошақтағы ең тиімді кезекті дезенфекциялық шара болып,бөлмені жиі желдету болып табылады(күніне
2-3 рет,30-40 минуттан).
Кезекті дезенфекцияны және оның дұрыс жүргізілуін ТҚМ анықтайды,бұл науқастарға ҚР-ның аймағында қолданатын қақыруға арналған түкіргіш зат (2-ден кем емес) пен дезенфекциялық заттар беріледі. Науқастың емханалық картасына аймақтық дәрігер кезекті дезенфекцияның жүргізілген күні мен аяқталған күндерін белгілеп, шараның толық және сапалы өтуіне жауапкершілік міндетін алады. Кезекті дезенфекцияны науқас немесе оның жанұя мүшелерінің біреуі жүргізеді (балалар мен жасөспірімдерден басқа).
Слайд 19 Ошақтардағы қорытындаы дезенфекцияны туберкулезге қарсы диспансерлерден сұраныс келгеннен кейін 6
немесе 12 сағат ішінде дезенфекциялық станцияның,дезенфекциялық бөлімнің және Мемлекеттік санитарлы –эпидемиологиялық бақылау Департаментінің қызметкерлері жүргізеді.Қорытынды дезенфекцияны жүргізетін жағдайлар:
Науқас кеткеннен кейінгі барлық жағдайда;
Тұрғылықты жері өзгертілсе,көшсе ( пәтерді немесе бөлмені заттарымен қосып,залалсыздандыру).
Слайд 20Herpesviridae тұқымдасы вирустарымен шақырылатын контактілі, аэрогенды және жыныстық қатынас арқылы жұғатын, көбінесе
тері мен шырышты қабаттарды зақымдап, латентты, локальды және жайылған клиникалық түрлерінде өтетін, кең тараған антропонозды инфекциялық ауру.
Қазіргі күнде анықталған герпес вирустардың саны 80-нен астам, оның ішінде сегізі адам ағзасынан бөлінген, қалғандары әр түрлі жануарлардан табылған.
Слайд 21Этиологиясы: HSV I HSV II-Alphaherpes – Viridae тұқымдасқа кіреді. Зақымдайтын жасушаларды лезде
жоюмен, қысқа мерзімді репродуктивті циклмен, жүке жүйесінің ганглийларында латентті түрінде ұзақ сақталуымен сипатталады.
Жоғары температурада лезде жойылады (50-52С-30), төмен темпертураларда ұзақ сақталады.
Эпидемиологиясы:
Инфекция көзі:
- әр түрлі клиникалық түрлерімен ауыратындар
- вирус тасымалдаушылар
Таралу жолдары:
- тұрмыстық қатынас
- ауа-тамшылы
- жыныс қатынас арқылы
- вертикальды жолмен (берілуі мүмкін)
- интранатальды жолмен (көп жағдайда)
Слайд 22 Цитомегалия кең тараған вирусты ауру, көбінесе ерте жастағы балаларда
клиникалықформалардың көп түрімен сипатталатын жеке бір типті морфологиялық көрінісімен — ядролы жеке цитоплазмалық қосындыларының, гигантты клеткалардың тізілуімен.
Этиологиясы. Цитомегалияның қоздырғышы - вирус — Неrреs vіrіdае тұқымдастығына жатады. Бірінші бөліп алған 1956 жылы М. Smіtһ. Осы вирустың екі серотипі белгілі. Морфологиялық қасиетіне қарағанда жай герпеске ұқсас. Клиникалық цитогендік әсері бар, және көбейгенде гиганттық клеткалар пайда болады.
Слайд 23Алдын — алу шаралары
Барлық жүкті әйелдерді цитомегалияға тексеру,
жаңа туған баланы күтуде, гигиена ережелерін дұрыс сақтау.Парентеральды жұғу жалпы алдын — алу үшін донорларды тексеру.Егерде туа пайда болған ЦМВИ ауру бала туса (ауру шешеден), онда келесі жүктілік кезінде 2 жыл уақыттан соң болуы керек (вирустың персистәнция уақыты).Белсенді алдын - алу үшін тірі және өлі вакциналар қолданылады.
Серологиялық: РСК, РН, РПГА, ИФА. Әсіресе ең сенімді тәсіл больш ИФА әдісі саналады, онда спецификалық антиденелер ІgМ және ІgG анықталады.
Слайд 24 Цитомегаловирусты инфекцияның алдын алуды, қауіпті топқа жататын адамдарға жүргізген
орынды болмақ. Оған АИТВ жұқтырылған, әсіресе ЖИТС бар адамдар; ішкі органдарын трансплантация жасатқан адамдар; басқа да себептерден иммунды тапшылықпен зардап шегетін адамдар жатады. Өте тиянақты түрде жеке басы гигиенасының ережесін сақтаудың өзі, цитомегаловирусты жұқтырмауын болдырмауға мүмкіндік бермейді, себебі,вирустар барлық жерге бірдей тарайды және әуе-тамшысы жолымен беріледі. Сондықтан да қауіпті топтағы науқастар бойындағының алдын алу, вирусқа қарсы препараттармен: ганцикловирмен, фоскарнетпен, ацикловирмен жүргізіледі. Бұдан бөлек, ішкі органдары мен жұлын ауруының қайталанғандары арасында цитомегаловирусты инфекцияның пайда болу ықтималдығын төмендету үшін, осылардың цитомегаловирусты инфекцияны жұқтырылғыштығын есепке ала отырып, донорларды мұқият іріктеп алу ұсынылады.
Слайд 25Қорытынды
Қорытындылай келе, көкжөтел - жас балаларда кездесетін жедел жұқпалы
ауру, циклдық дамуы, спазмалы ұстамалы жөтелмен сипатталады. Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын. Герпес тұқымдасы вирустарымен шақырылатын контактілі, аэрогенды және жыныстық қатынас арқылы жұғатын, көбінесе тері мен шырышты қабаттарды зақымдап, латентты, локальды және жайылған клиникалық түрлерінде өтетін, кең тараған антропонозды инфекциялық ауру.Жалпы эпидемиологиясына келіп тоқталатын болсақ ауру ошағын айқындап залалсыздандыру қажет,және де керек болған жағдайда карантин жариялау қажет.Дезенфекциялау жұмыстарын тиянақты түрде жүргізу қажет.
Слайд 26Пайдаланған әдебиеттер
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология.
– Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалыаурулардыңстандарттықанықтамасыжәнеатқарылатын
шараларалгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалыаурулардыңстандарттықанықтамасыжәнеатқарылатын
шараларалгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
4. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемилогия. –
Шымкент: Кітап, 2013. - 544 б.
5. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелікқұрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.
Слайд 27 Назар аударғандарыңызға рахмет!!!