Слайд 1Мальабсорбция синдромы
Мырзағали Жадыра 704-ЖТД
Слайд 2
Мальабсорбция синдромы
Мальабсорбция синдромы - аш ішекте ас қорытылуы
мен сіңірілуінің бұзылысы.
Ол диареямен, дене салмағының төмендеуімен және тамақтың жеке компоненттерінің тапшылығымен, жеке алғанда темірдің жетіспеуінен гипохромды анемия дамиды. Ас қорытылу процессі қуыстық және іргелік (мембраналық) фазалардан тұрады.
Слайд 3
Қуыстық ас қорытылуының бұзылысы аш ішекте ұйқы безі ферменттерінің жетіспеушілігінен дамиды,
ұйқы безінің ауруларынан сыртқы секрециясы жетіспеушілігінен (созылмалы панкреатит, ісік, муковисцидоз), өт жолдарының бітелуіне байланысты өт қышқылы тұздарының жетіспеушілігінен немесе бауыр ішілік холестазға байланысты.
Слайд 4
Іш өту, дене салмағының төмендеуі, терінің, тырнақ-шаштардың трофикасының бұзылуы (шаш түскіш,
сынғыш, тырнақ сынғыш, жарылғыш, тері қүрғақ, жарылғыш болады), гипо- және диспротеинемия, гипохолестеринемия, гиповитаминоз (В ь В2, С және Р), анемия (В12-және фоль жетіспеушілігі, темір жетіспеушілік), электролитті баланстың бүзылуы (гипонатриемия, гипокалиемия, гипокальциемия), эндокринді бүзылыстар (гипокортицизм, гипогонадизм).
Слайд 7Болжамы
Егер бұл транзиторлық ауру болса диетотерапия көмектеседі.
Себебін шектеген соң
4-6 тәулік ішінде симптомдар жойылады.
Кей жағдайда ағзаның қалпына келуі 2 айға дейін созылуы мүмкін.
Слайд 8Негізгі диагностикалық шаралар
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
• бағалау
кестесі бойынша қауіп-қатер тобындағы балаларды таңдау;
• қарау (антропометрия, іш айналымы, 10 жастан асқан балаларда жыныстық жетілуін бағалау);
• ЖҚТ;
• қанның биохимиялық талдауы (жалпы ақуыз, глюкоза, сарысулық темір, калий, натрий, кальций, фосфор);
• нәжісті зерттеу (копрограмма);
Слайд 9Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
• нәжісті дисбактериозға бактериологиялық зерттеу;
• іш
қуысы ағзаларының УДЗ.
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі:
• ЖҚТ;
• патогенді және шартты-патогенді микрофлораға бактериологиялық зерттеу;
• перианальды қырындыны зерттеу.
Слайд 10Мальабсорбция синдромымен жүретін ауруларының дифференциальді диагностикасы
Слайд 11Муковисцидоз (аралас,ішектік формасы)
Себебі: Ішек шырышты қабатының және ұйқы безінің экзокриндік бұзылысы.
Тұқым қуалау: жақан
туыстарының муковисцидозбен ауруы.
Аурудың басталуы: көбіне емшекпен емізуден аралас тамақтандыруға көшкенде.
Клиникалық көріністері: сырт көрінісі: құрғақ сұр-жер түстес тері, аяқ-қолдарының арықтығы, саусақтарының «барабан таяқшалары» тәрізді өзгеруі,
Өзгерген кеуде қуысы, іш кепкен, бауыр ұлғаюы.
Созылмалы бронх-өкпелік үрдіс, іш өтуі, полифекалия, жаман ерекше иісі бар, жылтыр нәжіс, стеаторея, тік ішектің түсуі мүмкін.
Диагностика әдістері:
нәжістегі панкреатикалық эластаза-1ге: деңгейі төмендеген;
копрограмма: бейтарап майлардың жоғары, қорытылмаған талшықтардың болуы, рН<5,0;
нәжістегі трипсин шоғырлануын анықтау: төмен не нөлдік;
Дуоденальды сұйықтықты зерттеу:
липаза төмендеуі не болмауы, амилаза, дуоденальды сұйықтықтағы трипсин тұтқырлығының жоғарылау;
Ұйқы безінің УДЗ: ацинустардың атрофиясы мен фиброзы,
микрокисталлдардың болуы ;
тері тесті: оң (тердегі хлоридтер мөлшері 60 ммоль/л жоғары).
Слайд 12Сиыр сүті ақуыздарын қабылдай алмау
Себебі: сиыр сүтіндегі ақуызға иммунды реакция.
Тұқым қуалау жақын
туыстарында аллергиялық аурулар болса.
Ауру басталуы: жасанды тамақтандыруға көшкенде дамиды.
Клиникалық көріністері: сиыр сүтін қабылдаған соң 1-3 сағаттан кейін кекіру, құсу, іш ауруы, шырыш не қан аралас іш өтуі, гипотензия, аллергияның терілік не респираторлы көрінуі. Ауыр жағдайда энтеропатиялық синдромдамиды: диарея нәтижесінде салмақ тастау, анемия, гипопротеинемия, гипоальбуминемия, гипопротромбинемия.
Диагностикалық әдістер:
Диеталық әдіс: күдіктенген ақуыз тағам құрамынан алып тастаса, көріністердің жойылуы;
иммунологиялық тест: тағамдық аллергендерге спецификалық Ig (казеинге, альфа- және бета-глобулиндерге); сарысулық IgG антиденеге;
копрограмма: сілтілі реакция, май қышқылдарының көбею көрінісіндегі стеаторея, белок пайда болуы мүмкін, трипсин активтілігі төмен;
ФЭГДС және ЖІШҚ биоптатының гистологиялық зерттеуі: шырышты қабық ойық жаралы, тез жараланады, ішек емізікшелерінің субтотальды атрофиясы байқалады. Интраэпителиалды және өзіндік пластинкада қабынулық және некротикалық өзгерістер, эозинофильді және плазмалық инфильтрация.
Слайд 13Дисахаридті жеткіліксіздік
Себебі: лактоза мен сахарозаны ыдырататын ферменттер синтезінің генетикалық ақауы.
Тұқым қуалау: жақын
туыстарында лактаза жетіспеушілігі.
Ауру басталуы: лактозаны қабылдай алмаушылық баланы емшекпен емізгенде бірден дамиды, ал сахароза қабылдай алмаушылық сүт ботқаларын, жеміс шырындарын қабылдағанда көрінеді.
Клиникалық көріністері: бала беймаз, кекіру, жиі, сұйық, көпіршікті, қышқыл иісті нәжіс, метеоризм, іш кебуі, ауруы. Диарея нәтижесінде дегидратация, гипотрофия, гиповитаминоз және т.б. жетіспеушіліктер дамиды.
Диагностикалық әдістер:
диетодиагностика: дисахаридты қабылдамаса диспепсиялық симптомдардың жойылуы;
жүктемелік тесттер: дисахаридтармен
2 г/кг мөлшерде жүктеме жасағанда
тегіс гликемиялық қисық (гликемия өсуі 1,1 ммоль/л-ден кем);
нәжістегі жалпы көмірсу мөлшерін анықтау: қалыптыда 1 жасқа дейінгі балаларда
0,25% 1 жастан асқанда теріс болады;
копрограмма: крахмалдың, талшықтардың, шырыштың көбеюі, рН<5,0;
ЖІШҚ биоптат белсенділігін анықтау:
лактаза, сахароза активтілігі болмауы;
тыныс алатын ауадағы сутегі, метан, көзделген көмірсу көлемін анықтау: лактозамен жүктемеден кейін ауадағы сутегі мөлшерінің 20 ррm ұлғаюы.
Слайд 14Экссудативті энтеропатия
Себебі лимфангиэктазия дамуымен жүретін лимфа тамырларының тума ақауы.
Тұқымқуалау: анықталмаған.
Ауру басталуы: өмірінің алғашқы
кезеңдері.
Клиникалық көріністері: гипопротеинемиялық ісіну, құсу, тәбеттің төмендеуі, бұлшықеттік гипотония, физикалық даму артта қалуы, дистрофиялық өзгерістер, остеопороз, жиі, сұйық нәжіс.
Ауру созылмалы ағымда өтеді, баяу дамиды.
Диагностикалық әдістері:
Қанның биохимиялық талдауы: гипопротеинемия, гипоальбуминемия,
гипогаммаглобулинемия, гипохолестеринемия, гипокальциемия;
копрограмма: бейтарап майлардың, май қышқылдарының жоғарылауы;
иммунограмма: Ig G, Ig A төмендеуі;
жіңішке ішектің экскреторлы қызметін радиоизотопты зерттеу:
нәжіс радиобелсенділігінің жоғарылауы және сарысулық альбуминді тамырішілік енгізгенде қанның радиоактивтілігінің тез төмендеуі;
ЖІШҚ биоптатын гистологиялық зерттеу: лимфа тамырларының кеңеюі, тіндік қабынулық инфильтрациясы. Кеңейген лимфа тамырларда протоплазмасында май түйіршіктері бар липофактар болады.
Слайд 15Емі
Диета:
• алғашқы 2–3 күн 2 жасқа дейін қоспа түрінде қабылданатын астың
1/3–1/2 бөлігін (ОТТ негізінде); 4-күні күріштен ботқа, екі рет тартылған сиыр етінен фарш, қайнатылған алма сусыны қосылады; Сүт және сөт өнімдерінен жасалған асты қабылдауға болмайды;
• АГД №1 (ақуыз мөлшері қалыпты, майды 15%-ке, көмірсуды 25%-ке азайту) аурудың 10-14-күндері тағайындалады. Ас езілген түрде беріледі, көкөніс, қант, жеміс, шырын, сүт қолданылмайды. Ұзақтығы – 1 апта;
• АГД №2 мәзірге сүзбе, айран, ет, жұмыртқа қосу есебінен ақуыз 10-15% көбееді. Сүт 6 айға дейін шектелген. Құрамында лактозасы жоқ не аз, казеин гидролизаты немесе сарысулық ақуызы бар қоспалар беріледі. Ұзақтығы 2-6 ай;
• АГД №3 ақуыз көлемі клиникалық қалпына келтіру болғанда, 15-25% көбейген, көмірсу мен май қалыпты мөлшерде тағайындалады. Ас ұсақталмайды және көкөністер, шырын, сүт өнімдері қосылады.
Слайд 16Гипопротеинемияны түзету:
• онкотикалық қысымды сақтау үшін плазмоза алмастырғыш препараттар:
10% альбумин ерітіндісі
10 мл/кг артық емес;
• парентеральды тамақтануға арналған: аминқышқылды ерітінділер 2-5 жастағы балаларға 15 мл/кг/тәулігіне, 6-14 жас–10 мл/кг/тәулігіне;
• метаболизмді жақсартатын, қандағы ақуызды қалпына келтіретін препараттар: калий оротаты таблеткалары 10-20 мг/тәулігіне 3 рет 3-5 апта; левокарнитин ерітіндісі 1-3 жас – 75 мг, 3-6 жас– 100 мг, 6-12 жас – 200-300 мг тәулігіне 2-3 рет 1 ай бойы;
• анаболикалық стероидты препараттар (көрсетімдер бойынша): нандролон деканоаты 0,4 мг/кг әр 4 апта сайын.
Су-электролит бұзылысын түзету:
• парентеральды регидратационды терапия 0,9% натрий хлорид ерітіндісіне, 5-10% глюкоза ерітіндісі қосылады, қатынасы дегидратация деңгейімен анықталады;
• калий деңгейін көтеру үшін парентеральды калий препараттары (мөлшері қандағы калий мөлшеріне байланысты) 10% глюкоза ерітіндісі + инсулин;
Асқорыту бұзылысын түзету:
• ферментті препараттар: жоғары белсенді микрокапсулданған панкреатикалық ферменттер 1000– 2000 ХБ /кг/тәу в 3– 4 тамақтану кезінде қабылдау.
Слайд 17Дисбиотикалық бұзылысты түзету:
• пробиотиктер, құрамында
–лактобактерия (L.acidophilus, L. rhamnosus, L. bulgaricus, L.
Reuteri, L.casei), Bifidobacterium spp 2-4 апта;
–патогенді емес ашытқылар Saccharomyces boulardii: 1- 3 жас 1 капсула 2 рет/тәулігіне, 3 жас 1– 2 капсуладан 2 рет/тәулігіне 5–7 күн;
• пребиотик, құрамында ішек микрофлорасының сулы субстраты бар: 2 жасқа дейін 15– 30 тамшы, 2-12 жас 20–40 тамшы. Жағдайы жақсарса мөлшерді 2 есе төмендету, курс ұзақтығы 2-4 апта.
Микроэлемент тапшылығын түзету:
Кальций препараттары:
• 10% кальций глюконаты ерітіндісі т/і (құрысу дайындығында, остеопороз) 6 айға дейін 0,1-1 мл, 6-12 ай 1-1,5 мл, 1-3 жас 1,5-2 мл, 4-6жас 2-2, 5 мл, 7 – 14 жас 1 рет тәулігіне 3 – 5 мл .
• Кальцийдің құрамдастырылған препараттары
Слайд 18Амбулаториялық деңгейдегі емнің басқа түрлері:
• емдік дене шынықтыру 10 күн жылына
4 рет;
• жалпы ұқалау 10 күн, жылына 2 рет;
• ремиссия кезінде физиотерапия жылына 1–- 2 курс:
– іш аймағына СМТ 8–10 емшара
–электрофорез 2% магний сульфаты ерітіндісімен, бірінші қабырға доғасы аймағына 8–10 емшара (көрсетім бойынша);
• психологта психологиялық түзету көрсетім бойынша);
Стационарлық деңгейдегі емнің басқа түрлері: жоқ
Жедел шұғыл көмек көрсетудегі дәрі-дәрмекпен емдеу: жоқ