Мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар презентация

Содержание

Мал дәрiгерiнiң аса жауапты мiндетi – тағамдық өнiмдер арқылы адамға жұғатын аурулардың алдын-алу. Сонымен қатар, мал ауруларын таратпау, сыртқы ортаны қорғау, ауру малдан алынған өнiмдердi залалсыздандыру. Жұқпалы аурумен ауырған мал ұшасы

Слайд 1Дәріс тақырыбы: мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар
Қарастырылатын сұрақтар:
1 боғлама


2 ботриомикоз,
3 стахиоботриотоксикоз
4 сiреспе.


Слайд 2Мал дәрiгерiнiң аса жауапты мiндетi – тағамдық өнiмдер арқылы адамға жұғатын

аурулардың алдын-алу. Сонымен қатар, мал ауруларын таратпау, сыртқы ортаны қорғау, ауру малдан алынған өнiмдердi залалсыздандыру.
Жұқпалы аурумен ауырған мал ұшасы мен ағзаларын малдәрiгерлiк-санитариялық сараптан өткiзгенде, мал дәрiгерi оның сояр алдындағы және сойғаннан кейiнгi балауының ерекшелiктерiне көңiл аударады, малдәрiгерлiк-санитариялық сарапты үлкен ұқыптылықпен жүргiзiп, алынған өнiмдерге тиiстi баға беруі керек.
Лажсыздан сойылған мал ұшасы мен ағзаларындағы патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi тиянақты тексеруi қажет. Сойылған мал ұшасындағы өзгерiстер аурудан өлген мал тәнiндегi өзгерiстермен салыстырғанда әлде қайда көмескi болады, тiптi байқалмауы да мүмкiн. Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптау аса жауапты жұмыс, тағамға пайдалануға болмайтын ауру малдың етiн жеп адам ауруға шалдықса, мал дәрiгерi заң алдында жауап бередi. Осы ретте С.С.Евсеенконың 1884ж. «Адам медицинасы адамды қорғаса, ветеринариялық медицина адамзатты сақтайды» деген өлмес сөзiн еске алғанымыз орынды деп ойлаймыз.

Слайд 3Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптауда малдардың жұқпалы ауруларын адам үшiн қауiптiлiгiне қарай үш топқа

бөлуге болады:
1) Мал өнiмдерi (сүт, ет т.б.) арқылы жұғатын індетті аурулар. Оған топалаң, туберкулез, бруцеллез, аусыл, құтырық, қатерлi iсiк, қойдың жыбырлағы (брадзот), энтеротоксемиясы (секіртпе), қозының анаэробты дизентериясы, Ауески ауруы, шошқа тұмауы, жылқының iндеттi қан аздығы, Ку-қызбасы, лейкоз, сары ауру, листериоз, мелиоидоз (жалған маңқа), некробактериоз, күл, псевдотуберкулез, шошқа тiлмесi, маңқа, тулеремия, хламидиоз, түйе обасы, эпизоотиялық лимфангит (африка маңқасы, ботриомикоз), фузариотоксикоз, малдың хламидиозды іш тастауы жатады.
2) Мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар (боғлама ботриомикоз, стахиоботриотоксикоз, сiреспе).
3) Адам ауырмайтын зооноздар, күлдiреуiктi ауру, вирустiк диарея, шошқаның күлдiреуiктi экзантемасы, шошқаның дизентериясы, диплококк септицемиясы, қатерлi катаралдық қызба, қой мен ешкiнiң iндеттi агалактиясы, шошқаның атрофиялық ринитi, ешкiнiң кебенегi, iрi қараның iндеттi ринотрахейтi, колибактериоз, сақау, iсiк ауру (колиэнтеротоксемия), парагрипп-3 (көлiк қызбасы), паратуберкулез, пастереллез (геморрагиялық септицемия), iрi қара малдың ала өкпесi (перипневмония), стрептококкоз, iрi қараның обасы, шошқа обасы, қарасан, жылқының ринопневмониясы (вирустiк iш тастау), эпизодтық пневмония, шошқаның эпизодтық энцефаломиелитi (Тешен ауруы), шошқаның жыбырлағы (аэробты дизентерия), жылқының делбесi.

Слайд 4Малдың жұқпалы ауруларын осылайша топтау малдәрiгерлiк-санитариялық сарапшылардың аурудың бiрiншi тобына аса

көңiл бөлiп, ол аурулардың таралмауына баса назар аударып, тиiстi шараларды уақытымен жүргiзуiне мүмкiндiк бередi.
Мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар.
Боғлама - (Actinomycosis, актиномикоз). Көбiнесе iрi қара, сиректеу шошқа, қой және жылқыда кездесiп, әр түрлi ұлпалар мен ағзаларда гранулемотоздық ошақтар түзетiн полимикробты созылмалы ауру. Боғламамен адам да ауырады, бұл ауру малдың етi немесе ағзалары арқылы жұқпайды. Аурудың қоздырушысы - Actinomyces bovis дейтiн сәулелi саңырауқұлақ, ол жiңiшке жiп тәрiздес және микрокок түрiнде өседi. 75°С ыстықта қыздырғанда 5 мин, ал қайнатқанда лезде өледi. Кептiру мен суыққа төзiмдi.
Сояр алдындағы диагностика. Актиномиком шоғырланған жерден әр түрлi көлемдегi шар тәрiздi немесе түйiртпек iсiктер табылады. Iрi қара малда зақымдану көбiнесе тiлдiң түбiнде, сиректеу бас терiсi мен мойын терiсiнiң астында, екi жақ сүйектiң арасында, жұтқыншақта, өңеште, кеуде және құрсақ ағзаларында кездеседi. Iрi қара малдың жақ сүйектерi де зақымданады, олардың көлемi ұлғаяды да, бұдырмақтанады және қатаяды да iрiндi жара шығады. Шошқаның желiнi, көмекей безi, жақ сүйектерi, тiлi және кеуденiң жеке сүйектерi зақымданады.

Слайд 5Қой мен ешкi актиномикозбен сирек ауырады. Негiзiнен тiлi, ерiндерi, төменгi жақ

сүйектерi, өкпесi зақымданады. Жылқының пiшкеннен кейiн ен бауы қабынуы мүмкiн.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Актиномикомдарды тiлгенде iшi iрiңге толы кеуектi өлiеттi көруге болады. Кесiндiнiң үстiңгi жағы көтерiлiп, қысқан кезде сызылып пышаққа жұқпайтын жағымсыз иiстi. Iрiңнiң iшiнде, сары түстi түйiршiктер - аурудың қоздырушысы көрiнедi. Бауыры, өкпелерi және басқа ағзалары зақымданғанда iшi iрiңге толы, қолмен басса былқылдап тұрған көлемдi ошақтарды кездестiруге болады.
Санитариялық баға. Актиномикозбен бастың ғана лимфа түйiндерi зақымданса, оларды алып тастайды да өзiн шектеусiз шығарады. Ал, бастың сүйектерi мен еттерi зақымданса, басты техникалық өңдеуге жiбередi. Актиномикозбен шамалы залалданған iшкi ағзаларының зақымданған жерiн алып тастағаннан кейiн шығарады: ал iшкi ағзалары мен тiлi көлемдi зақымданса, оларды түгелiмен техникалық өңдеуге жiбередi. Сүйектерi, ағзалары мен еттерi (өте сирек кездеседi) зақымданып, өрiс алған актиномикозда, ұша мен барлық ағзалары техникалық утилизацияға жiберiледi.


Слайд 6Ботриомикоз - (Botryomycosis) жүзiм шоғырына ұқсап, енген жерiндегi дәнекер ұлпаларын қабындырып

қатайтатын, сирек кездесетiн созылмалы ауру. Жылқы, қой, шошқа ауырады. Қоздырушысы - Botryomyces ascoformans дейтiн ботриомикоздық саңырауқұлақ. Зақымданған жерге iсiк тәрiздi бiтеу жара шығады. Қоздырушысы қышқылдар мен сiлтiлерге төзiмдi.
Сояр алдындағы диагностика. Алғашқысында қоздырушысы енген жерде қатты, өскелең iсiк байқалады, кейiннен ол жарылып ауызы ашылады да, одан қызыл қоңыр немесе қызғылт сары түстi, iшiнде саңырауқұлақ бар, қою iрiң ағады. Патологиялық өзгерiстерi негiзiнен дененiң жарақаттанған жерлерiнде (шоқтық, төс, аяқтарының буындары, пiшiлген малдың ен бауы, кейде, бауыр жағы, желiнi) кездеседi. Аймақтық лимфа түйiндерi ұлғайған, қатты, бұдырлау.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ботриомикоманы кесiп қарағанда ақ-сары, қызыл немесе солғын қызыл түстi қоймалжың массаны көруге болады. Ескi iсiктерде кiлегейлi iрiңге толы тесiктер байқалады. Аурудың асқынған түрiнде өкпе, бауыр, жүрек т.б. iшкi ағзаларының зақымдануы мүмкiн.
Санитариялық баға. Ботриомиком табылғанда, ұшаның зақымданған жерiн алып тастайды да, қалғанын шектеусiз шығарады. Егер, ауру бүкiл денесiн жайлап кетсе (ошарланған), ұша мен ағзаларын техникалық өңдеуге жiбередi.

Слайд 7Стахиоботриотоксикоз - (Stachybotryotoxicosis), stachyobotrys саңырауқұлағымен залалданған азықты жегеннен кейiн пайда болатын

малдың өте жiтi ауруы. Бұл ауру тез тарайды және малдың көпшiлiгi бiрден ауырады. Ауру жылқы, iрi қара мал, қой, шошқада кездеседi. Адамның да ауырып қалуы орын алып жүр. Қоздырушысы - stachyobotrys alternans саңырауқұлақ, табиғатта кең таралған. Қағазда өсiп-өнедi, мақтаны, ағаш түбiрінен жасалған бұйымдарды, сондай ақ джутты (талшықты өсiмдiктердiң бiрi) және кенептi зақымдайды. Саңырауқұлақтың спорасы сабан және шөпте ұзақ сақталады, -35°С суыққа төзiмдi. 120°С құрғақ ыстық 1 сағ, ыстық су 88°С 30 мин өлтiредi. Дезинфекциялық заттарға төзiмсiз. Саңырауқұлақтың шығаратын уытты заты ыстыққа және кептiруге төзiмдi +112°С уыт 2 сағ кейiн залалсызданады.
Сояр алдындағы диагностика. Алғашқыда ерiндерi мен аузының кiлегейлi қабықтары зақымданып ерiндерi жарылады, iседi, кейiннен өлiеттенедi (некроз) зақымданған жердiң терiсi түседi, аузынан сасық иiс шығады, сiлекей ағады. Тұмсықтың төменгi жағы iсiнедi. Бастың лимфа түйiндерi үлкейедi, Ұстап көргенде ауырсынады, кейiннен iшек-қарын зақымданады, дене қызуы 40-42°С дейiн көтерiледi. Буаз малдың iш тастауы ықтимал.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ауыз, ерiн, қарын мен iшектердiң кiлегей қабықтарында некроз ошақтары байқалады. Ұшаның алдыңғы жақ бөлiгiнiң еттерiнде, плеврасында, диафрагманың сiрi қабығының астында, көк бауырдың қабығының астында және

Слайд 8бүйректерi мен қарын және iшектердiң сiрi қабықтарының астында т.б. ноқатты немесе

жолақты қаңталау байқалады. Бас пен мойын лимфа түйiндерi қанталаған, қошқыл қара түстi. Бауыры сары саз балшық түстес, кейде некроз ошағы кездеседi. Өкпесiне қан құйылған, жүрегi ұлғайған.
Санитариялық баға. Некроз ошағы бар ұша мен ағзаларды утильге жiбередi. Патологиялық-анатомиялық өзгерiстер болмаса, бактериологиялық тексерiсте сальмонеллалар табылмаса, ұшаны бас сирақтарымен тежеусiз пайдалануға шығарады да, ағзаларын утильге жiбередi.
Сiреспе - (Tetanus, столбняк). Дененiң бүкiл еттерi немесе жеке еттерi қоздырушы уытының әсерiнен тырысып қалатын, жарақатты инфекция. Ауру ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлерiн және адамды зақымдайды. Табиғи жағдайда көбiнесе жылқы мен қой ауырады. Қоздырушысы - Clostridium tetani - жiңiшке, қозғалатын таяқша, анаэробтық жағдайда өседi, сопақша спора түзедi, ол таяқшаның бiр шетiнде орналасып барабан таяқшасы тәрiздес көрiнедi. Граммен боялады. Қоздырушының вегетативтiк формасы 5 мин қайнатқанда өлсе, спорасы 30-50 мин қайнатқанға шыдайды, ал 115°С 5 мин өлтiредi. Топырақта, қида бiрнеше жыл сақталады.

Слайд 9Кептiрiлген түрiнде 10 жылдан артық сақталады. Сiреспенiң уыты күштiлiгi жөнiнен ботулинус

уытынан кейiн екiншi орында.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал еттерi ширығып, тыртысып қатып қалады. Жылқы аяқтарын талтайтып, басын созып тұрады орнынан әзер қозғалады, ауызы құрысып,ерiндерi тартылған. Бұлшық еттерi тартылған және қатты. Мал қатты терлейдi, iшi қабысады дене қызуы қалыпты жағдайда, тек өлер алдында 42-43°С дейiн көтерiледi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Сiрiспеге тән өзiндiк патологиялық-анатомиялық өзгерiстер байқалмайды. Етiнiң түсi пiскен етке ұқсайды, талшықтары үзiлген, ойдым-ойдым ұсақ қан құйылу байқалады. Бүйректерi мен бауырында кейде азғынды өзгерiстер байқалады, ал плеврасы мен эпикард үстерiне қан құйылған. Әдетте ауруға диагнозды, сояр алдындағы белгiлерiне қарап қояды, ал керек болған жағдайда зертханалық тексерiстер жүргiзедi.
Санитариялық баға. Ұшасы мен басқа сойыс өнiмдерiн утильге жiбередi немесе жояды.

Слайд 10Зооноздар
Қарастырылатын сұрақтар:
1 Паратуберкулез, сақау, қарасан, шошқа обасы, шошқаның атрофиялық риниті, колибактериоз,

делбе
2 Сиырдың індетті ринотрахеитi, сиырдың парагрипi, сиырдың вирустық диареясы, сиырдың аденовирустық індеті, сиырдың ала өкпесі, кебенек, пастереллез, энтерекокты септицемия, ірі қара обасы, жылқы ринопневмониясы, стрептококкоз.
3 Шошқаның энзоотикалық пневмониясы, шошқаның энтеротоксемиясы, шошқаның энзоотиялық энцефаломиелиті, шошқа колибактериозы
4 Мүйізді ірі қара малының аденовирусты індеті, актинобациеллез, компилобактериоз, қой мен ешкінің аденомотозы, висна-маэди, қой мен ешкінің жұғымтал қара сүйелі, шошқа қарыны мен ішегінің вирусты қабынуы

Слайд 11Зооноздар.
Паратуберкулез - (Paratuberculosis) паратуберкулез энтеритi, Йоне ауруы) - күйiстi малдардың

iшiктерi қабынып, тышқақтап, тез арықтатын созылмалы жұқпалы ауруы. Қоздырушысы - M.Paratuberculosis жiңiшке, полиморфты, қышқыл мен спиртке төзiмдi, аэроб таяқшасы, спора мен капсула түзбейдi, Циль-Нильсен әдiсiмен боялады, туберкулез таяқшасының құс типiне ұқсас. Осыған орай, малдың тiрi кезiнде ауруын анықтау үшiн аллергиялық реакцияда құс туберкулинiн пайдаланады. Несепте қоздырушысы 7 күнге, ал қида 11 айға дейiн сақталады. Күн сәулесiнде микробтар 30 мин, ал 600С ысытқанда 2 сағатқа, 85 0С 5 мин шыдайды.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал тышқақтайды, қатты күшенедi, осыған орай омыртқалары доғаға ұқсап, бүкшиiп, сұйық нәжiс атылады. Көтеншектiң жапқышы (сфинктр) жансызданып, нәжiс ерiксiз шыға бередi. Нәжiсi сұйық, жасыл-сары немесе қоңыр түстi, газ көпiршiгi, шырыш қанның iзi бар, иiсi өте жағымсыз. Жүрек жұмысының нашарлануына орай жақ сүйектерiнiң аралығы, омырауда, бауыр жағында және желiн үстiнде iсiктер байқалады. Қойдың паратуберкулезi көпшiлiк жағдайда жасырын түрде өтедi. Ауру малдарда iрi қара мал паратуберкулезiндегiдей белгiлер байқалады.

Слайд 12Ірі қарадағы клиникалық белгілері


Слайд 13Ешкі мен ірі қарадағы клиникалық белгілер


Слайд 14Паратуберкулездің қоздырғышы және ішкі мүшедегі клиникалық белгісі


Слайд 15Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iшектiң кiлегейлi және кiлегей асты қабықтары зақымданады. Негiзiнен

мықын iшек пен аш iшек зақымданады. Зақымданған ішек қабырғалары 5-20 есе қалыңдайды, кiлегейлi қабықтары жиырылған, түсi боз немесе қызыл-сары. Шажырақай лимфа түйiндерi ұлғайған. Қажет жағдайда паратуберкулездiң диагнозын бактериологиялық жолмен аңықтайды. Ол үшiн, нәжістен, зақымданған ішектің кілегей қабығының жұғындысы, зақымданған лимфа түйiндерiнен жұғынды дайындап, оны Циль -Нильсен әдiсiмен бояйды. Кем дегенде 10 жұғындыны тексереді.
Санитариялық баға. Iшектерi, шажырақай лимфа түйiндерi, көмекей, екi жақ сүйектерiнiң арасында патологиялық өзгерiстер табылса, оларды техникалық утильге жiбередi, Ұшасы мен ағзаларын тежеусiз шығарады. Ұша арық, iсiктi және ылғалды болса оны ағзаларымен бiрге утильге жiбередi.Терiсiн тежеусiз шығарады.
Сақау - (Adenitis equorum, мыт). Бұл сыңар тұяқтылардың ауруы, әсiресе құлын мен жабағылар ауруға жиi шалдығады. Денесiнiң қызуы көтерiледi, танауы мен жұтқыншақ кiлегейлi қабықтары қабынады, алқым бездерi iрiндеп, iсiнедi. Қоздырушысы бiрнеше уыттар (гемолозин, лейкоцидин) т.б. шығаратын шар пiшiндi микробтар - Streptococcus equi. Сақаудың стрептококы сыртқы ортаның әсерiне бiршама төзiмдi. 70-75°С қызу 1 сағ өлтiредi, қайнатқанда -лезде, күн сәулесi 6-8 сағ кейiн өлтiредi,

Слайд 16кепкен iрiңде 6 ай, қыйда-1-1,5 ай шөп пен мекенде 18-22 тәулік,

суда -6-35 тәулік, мұзда 6-80 тәулік зардаптылығын сақтайды. 3% креолин, 5% карбол қышқылы, 2% формалин ертiндiлерi сақау стрептококiн өлтiредi. Лиофилдiк әдiспен кептiрiлген қоздырушысы бiрнеше жылға сақталады. Сояр алдындағы диагностика. Дене қызуы тез көтерiлiп 40-41°С жетедi, азық жеуi нашар, жабыраңқы, көздiң дәнекер қабығы қызарады. Жұтқыншақ, көмекей және алқым лимфа түйiндерiнiң кiлегейлi қабықтары iрiндеп қабынады. Қолмен басқанда ауырсынады. Кейiннен iрiндi жара жарылады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Алқым жұтқыншақ лимфа түйiндерi iрiнді лимфаденит. Кейде осындай iрiндi ошақты басқа да лимфа түйіндерінен, кеуде мен құрсақ ағзаларынан, желiнен де табады.
Санитариялық баға. Сақау ауруында малдың басы мен ағзаларын утильге жiбередi, ал ұшасы бактериологиялық тексерiсте сальмонелла мен сақаудың қоздырғышы болмаса тежеусiз шығарады. Ал ұшадан сальмонелла немесе сақау стрептококi табылған жағдайда пiсiру арқылы залалсыздандырылады.



Слайд 17Сақау кезіндегі жылқы


Слайд 18Қарасан - (Jangraena emphysematosa, эмкар) - iрi қараның жұқпалы ауруы (негiзiнен

3 жасқа дейiн ауырады), кейде қойда да кездеседi. Дененің әр түрлі бөлігіндегі бұлшық еттерiнде қолмен басқанда сықырлайтын iсiк пайда болады. Қоздырушысы - Clostridium chauvоei, оттегiсiз ортада өсетiн, түзу немесе аздап иiлген, ұзындығы 2-8 мкм қозғалатын таяқша. Өлексе мен сыртқы ортада спора түзедi. Грам әдiсiмен боялады. Оның споралы түрi сырттағы табиғи құбылыстардың әсерiне өте төзiмдi келедi. Мәселен, кепкен ет iшiндегi спора сол еттi екi сағат қайнатқаннан кейiн өледi, 80°С ыстықтықта 2 сағат, 100°С-20 мин кейiн өледi. Күн сәулесi оны 24 сағат, формальдегидтiң 4 % ерiтiндiсi 15 мин. iшiнде өлтiредi. Кепкен материал iшiнде спора 9-18 жыл тiршiлiгiн сақтайды.
Сояр алдындағы диагностика. Газ көпiршiктерiнiң жиналуына орай сан, иық, мойын немесе жон еттерi күмпиiп iседi, сипап басқан кезде сықырлаған дыбыс шығады.
Тiлi мен көкеті (диафрагма) зақымданған кезде - демалысы қиындап, аузынан шұбырып сiлекей ағады. Қызуы 40-41°С дейiн көтерiледi. Зақымданған бұлшық еттердiң тұсындағы терiсiнiң үстiңгi жағы қарайып кетедi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Зақымданған бұлшық еттердi тiлгенде iшiнен көпiршiген, ашыған май иiстi, газды сұйық шығады. Лимфа түйiндерi ұлғайған, ұлпасына қан құйылған. Тiлi, жұтқыншақ, көмекей iсiңкi келедi.

Слайд 19Қарасанмен ауырған ірі қара


Слайд 20Қарасанның қоздырушысы және клиникалық белгісі


Слайд 21Қан күңгiрт-қызыл түстi, ұйыған. Жүрек бұлшық еттерi божыраған, көк бауыры мен

бауыры, бүйректерi ұлғайған. Кейде ағзалардың зақымданған жерлерi iштерiне газ жиналып некроз ошақтары пайда болады. Тоқ iшек пен аш iшектiң кiлегейлi қабықтары қабынады. Ауруға ажыратып басқа ауруларға (топалаң мен уытты iсiк) ұқсастығын ескеру керек. Бiрақ, топалаңда мал талағы шектен тыс үлкейiп, ұлпасы күштi былжырайды, газ көпiршiктерi болмайды. Ал, уытты iсiкте аурудың қоздырушысы сыртқы жара арқылы денесiне енiп, терi асты қабаты мен бұлшық ет арасындағы дәнекер ұлпасын қатты iсiредi. Нақты диагноз бактериологиялық тексеру арқылы қойылады.
Санитариялық баға. Ауру малдан алынған барлық сойыс өнімдері өртеледі.
Шошқаның обасы - (Pestis suum, чума свиней). Барлық жастағы шошқаның жұқпалы ауруы. Қоздырушысы - РНК-лы вирус. Ол ауру малдың түрлi ағзалары мен ұлпаларында (ет, қан, iшкi ағзалар, лимфа түйiндерi, етi т.б.) зақымдайды. Салқындатылған шошқа етiнде 7 ай, тұздалғанында 3 айға дейiн сақталады. 78°С ыстықтықта бiр сағаттың iшiнде өледi. Кептiрiлген етте 20 тәулiкке дейiн өмiр сүредi. Қыйда, өлекседе 3-5 күннен кейiн өледi. 1-2% күйдіргіш натрий, 5% әк, 5% натрий хлориды 1 сағ өлтіреді.


Слайд 22Сояр алдындағы диагностика. Аурудың жiтi түрiнде денесiнiң ыстығы 41°С дейiн көтерiледi.

Денесiн қызыл-қоңыр дақтар қаптап, қолмен басқанда кете қоймайды. Бiртiндеп тұмсығы, құлағы, бауыры, сирақ терiсi көгередi. Санының iшкi жағыың терiсi, бауыр жағы, мойыны мен құлақ түбi сары суға толып, күлдiрейдi, кейiннен ол қабыршықтанады, құлақ, сирақ, құйрық терiлерiнiң өлiеттенуi (некроз) ықтимал. Малдың жалпы күйi нашарлап, әбден әлсiрейдi, iшi қатады, кейде нәжiсiне қан араласады, көздiң дәнекер қабығы қабынады (коньюнктивит) осыған орай қабықтары жабысып қалады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Обамен ауырған шошқаның ұшасы нашар қансызданады. Қаңқа еттерi болбыр, арасына қанды-сары инфильтрат сiңген. Терiсiнiң үстiнде iрiлi уақты қызыл дақтары бар. Тыныс жолдарының кiлегей қабықтары қанталаған, iсiңкi, бронхтары қабынған. Кiлегей және сiрi қабықтарында, лимфа түйiндерiнде, iшкi ағзаларында қан құйылғаны байқалады. Жүрек етi болбыр, сұр-қызыл түстi. Көк бауыры өзгермегенмен көпшiлiк жағдайда геморрагиялық инфильтрат кездеседi. Бауыры болбыр. Лимфа түйiндерi ұлғайған, қатты, тiлгенде мәрмәр-қызыл түстi. Бүйректiң қабығының астына қан құйылған, құрсақ қуысының кiлегей қабықтары iсiңкi, қызарған. Бүйен мен тік iшектiң шырышты қабықтары iсiңкi, қызарған және дифтериялық некроз ошақтары (бутондары) бар.

Слайд 23Шошқа обасына шалдыққан шошқа


Слайд 24Шошқа обасы кезіндегі ішкі мүшелердегі өзгерістер


Слайд 25Үстiнен кебек тәрiздес немесе фиброзды жұқа қабықпен жабылған. Шошқаның обасын сальмонеллез,

пастереллез сияқты жұқпалы аурулардың бактериялары асқындырады, бұның өзi ағзалар мен ұлпалардағы патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi күшейтедi.
Санитариялық баға. Сезімдік көрсеткiштерi нашар, етiнiң түсi бозғылт-сары, қан құйылған, ет және дәнекер ұлпаларында инфильтрат жиналған және басқа дистрофиялық үрдістердiң белгiсi болса, ұша мен ағзаларды утильге жiбередi. Өзгерiссiз ұша мен ағзаларды бактериологиялық әдiспен сальмонеллаға тексередi. Егер сальмонелла табылмаса, ондай ұшаны пiсiрген және ысталып-пiсiрген шұжық дайындауға немесе қайнатып пiсiруге жiбередi. Ал, ет пен ағзалардан сальмонелла табылған жағдайда ағзаларды утильге жiбередi, етiн пiсiрiп зарарсыздандырады немесе ет нанын және ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. Обаға қарсы егiлген шошқаның дене қызуы көтерiлген болса немесе сойғаннан кейiн обаға тән патологиялық-анатомиялық өзгерiстер табылса, оған берiлетiн санитариялық баға обамен ауырған шошқанiкiндей. Ауру шошқаның терiсiн сыпырмай ыстық сумен жидiтедi немесе үйiтедi. Ал, терiсi сыпырыла қалса, тиiстi ережеге сай залалсыздандырады.



Слайд 26Шошқаның атрофиялық ринит - (Rhinitis atrofica suis, атрофический ринит свиней), шошқаның,

әсiресе сүт еметiн торайлар мен анасынан жаңа айырған торайлардың танау қуысын зақымдап, оның кiлегейлi қабығын iрiңдетiп, кеңсiрiктi семдiртiп, бас сүйектiң пiшiнiн өзгертетiн, созылмалы жұқпалы, тыныс жолының ауруы. Аурудың қоздырушысы - Bordetella bronchiseptіca - ұсақ, қозғалмайтын, граммен боялмайтын, таяқша, спора мен капсула түзбейдi.
Сояр алдындағы диагностика. Ауруға шалдыққан торайлар түшкiредi, тұмсығымен айналадағы заттарды түрткiлейдi, танауынан қою маңқа ағады, оған кейiннен iрiң қосылады. Дене қызуы 40,5°С дейiн көтерiледi, iшi өтедi, танау терiсi жиырылып, астыңғы ерiнi шығыңқырап, азық жеуiне кедергi жасайды. Бас сүйегiнiң маңдай жағы семедi, тұмсығы қисаяды. Ауру торайлар азады. Ересек торайлардың кеңсiрiгi қатты қышып, мазасы кетедi, айналасындағы заттарға тұмсығын үйкейдi, жиi-жиi пысқырады. Жұқпалы атрофиялық ринит бронхопневмония, пневмнония, менингоэнцефалит және жалпы қағындыға айналып малды өлiмге ұшыратады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Аурудың бастапқы кезеңiнде оған тән патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi табу өте қиын. Ұзынан бөлiнген бастан жiтi риниттiң белгiлерiн көруге болады. Ал, ересек торайлардан аурудың жiтiлеу немесе созылмалы түрлерiнiң белгiлерi байқалады. Демек, кеңсiрiк пен торлы сүйек қуысының (лабиринт) семгенiнен, үстiңгi және астыңғы тiстерi қауыспайды. Бастың лимфа түйiндерi ұлғайған. Құлағы зақымданған.

Слайд 27Шошқа және адамдағы аурудың сыртқы клиникалық белгілері


Слайд 28Санитариялық баға. Аурудың өзiне тән белгiлерi болса басын, өкпесiн утильге жiбередi.

Етi азғындамаған (дегенерация) ұшаны, сондай-ақ зақымданбаған ағзаларын тежеусiз шығарады. Зақымданған ағзаларды утильге жiбередi. Терiсiн дезинфекциялайды.
Колибактериоз - (Colibacteriosis). Төлдiң барлық түрлерiнiң (бұзау, құлын, қозы мен торай) және құс балапандарының жiтi жұқпалы ауруы. Жылдың барлық мезгiлiнде кездеседi. Бұл аурудың шығуы малдың (құстың) алғашқы уақыттағы күтiмiмен және азықтандырудың нашарлығымен т.б. себептермен байланысты.
Қоздырушысы - Escherihia coli, iшек таяқшаларының ауру туғызатын (зардапты) түрлерi. Спора түзбейдi, граммен боялмайды, қозғалатын және қозғалмайтын түрлерi бар. Нәжiс және шырышта 30 тәулiк, су iшiнде бiрнеше айға дейiн сақталады. 74-76°С қыздырғанда 30 секундта өледi, ал құстың саңырағында 7-8 айға дейiн сақталады.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал тышқақтайды, уланып денесiнде су балансы бұзылады. Аурудың әлi кетедi, есiнен танады, қағынды тиедi, дене қызуы 41,5-42°С дейiн көтерiледi, тамыр соғысы мен демалысы жиiленедi, ауыз, көз, тұмсық кiлегей қабықтары қанталайды, еттерi дiрiлдейдi және семе бастайды. Ауру көпшiлiк жағдайда малдың өлуiмен аяқталады.

Слайд 29Торай енесiнен айырардың алдында және айырғаннан соң тышқақтай бастайды, нәжiсi сұйық,

ақ-бозғыл түстi, газ көпiршiктерi бар. Мал әлсiзденедi, енесiнiң айналасына үймелейдi, азыққа көңiлi шаппайды, қылдары үрпейедi, терiсiн сары қоңыр жұқа қатпар қаптайды. Құлақ қалқаны, бауыр жағы мен шап тұстары көгередi. Бiрiншi екi тәулiк iшiнде мал өледi. Қозыға қағынды тиедi немесе iшi өтiп тышқақтайды.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Негiзгi өзгерiстi ас қорыту ағзаларынан табады. Бұзау мен қозының ұлтабарынан ұйыған уыз немесе сүт табылады, кiлегей қабығы iсiңкi, шырышты. Шажырқай лимфа түйiндерi iсiнген, тiлген жерi шырышты, қанталаған. Бауыры да iсiңкi, сары балшық түстi. Өт қабы өтке толы. Талағы, көпшiлiк жағдайда үлкеймеген, Ұлпасы былжыр, қара-қошқыл түстi. Эпикардтың астымен эндокардтың үстiнде ноқат және дақты қан құйылған. Кейбiр жағдайда өкпесi iседi және кiлегейлi қабығы қабынады. Колиэнтеротоксемияда (iсiк ауру) торайдың қабақтары iседi, ноғала (коньюнктивит) және терi астында iсiк (жоғары жақ сүйегi, маңдай сүйек тұстары, көзiнiң айналасы, құлақ қалқанының түбi, қарынның қабырғасы) байқалады. Шажырқай лимфа түйiндерi iсiңкi, тiлгенде қошқыл-қызыл түстi, мәрмәрға ұқсайды.
Санитариялық баға. Етiнде азғындық болса ұшасы мен ағзаларын утильге жiбередi. Ал бұндай өзгерiс болмаса, ағзаларын утильге жiберiп, ұшасын пiсiрген соң шығарады.


Слайд 30Қоздырушысы


Слайд 31Сойғаннан кейінгі көріністері


Слайд 32Делбе - (Encephalomyehitis infectiosa equorum, инфекционный энцефаломиелит лошадей) - жылқының жұқпалы

энцефаломиелитi - малдың миын зақымдап, кiлегейлi қабықтарын, шелiн, шандырын, сiңiрiн, сiрi қабықтарын сарғайтып жiберетiн ауру. Табиғи жағдайда 2-12 жас аралығындағы жылқы ауырады. Аурудың қоздырушысы нейротроптық сүзiлгiш әр типтi вирус 65-70°С ыстықтықта, 10 мин қайнатқанда лезде өледi. -10-20°С мұздатқанда вирус 20 күн бойы сақталады. Күн сәулесі 4-8 сағатта өлтіреді.
Сояр алдындағы диагностика. Аурудың клиникалық белгiлерi өзiне тән. Аурудың депрессиялық (күйзелу) түрiнде мал тәлтiректеп жүредi, арт жағының әлi кетедi, басын төмен салбыратып, қозғалмай тұрып алады, кейде айналып қозғалады, кiлегейлi қабықтары сарғаяды, кейде қанталайды, кейде аузынан шұбырып сiлекей ағады, тiстерiн қайрайды. Аурудың елірме түрінде ешқандай кедергiнi елеместен алға ұмтылады, әр түрлі кедергілерге соғысып, әсiресе маңдай жағының терiсi зақымданады, рефлекторлық қозуы күшейедi, бұлшық еттерi дiрiлдейдi. Дене қызуы қалыпты немесе төмендейдi. Көзі көрмей қалады, несеп шығаруы нашарлайды, терлейді, тамыр соғуы жиілейді.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Көзге көрiнетiн кiлегейлi қабықтары, шелi, шандыры, құлақ сiңiрi және сiрi қабықтары сарғайған: бас, аяқтары және омырау асты терiсiнiң тұстарынан лимон түстес сары, кiлкiлдек сiрi геморрагиялық инфильтратты

Слайд 33көруге болады. Қаңқа бұлшық еттерiнде некроз ошақтары байқалады, ет сіресуі нашар

байқалып, жылдам өтеді. Денесiнiң лимфа түйiндерi аздап ұлғайған, кескен кезде қанталағаны көрiнедi, шырынды келедi. Көк бауыры, плеврасына дақ тәрiздi қан құйылған. Өкпесi аздап iсiңкi, ал аурудың созылмалы түрiнде кiлегейлi бронхопневмония байқалады, кейiннен ол гангренаға айналуы ықтимал. Жүрегi ұлғайған, етi босаңсыған, түсi пiсiрген етке ұқсайды. Қарыны мен тоқ iшектерiнде жеген азықтары нығыздалып қалған. Бауыры бiрде кiшiрейсе, кейде ұлғайған. Бүйректерi сарғайған, оның қыртыс қабатына қан құйылған. Санитариялық баға. Ұшасын пiсiрiп зарарсыздандырады, басы мен зақымдалған ағзаларын утильге жiбередi. Терiсiн дезинфекциялайды.
Сиырдың індетті ринотрахеитi - (Rhinotrachetis infectiosa bovium, инфекционный ринотрахеит крупного рогатого скота) - жанасу арқылы жұғатын, жiтi түрде өтетiн ауру. Қоздырушысы - ДНҚ құрамдас герпес вирусы. Ет iшiндегi вирус 56°С ыстықтықта 40 мин, 65°С 10 минут, 70°С-2 минутта өледi. Еттiң дәмдену үрдісiнде 4°С вирус 12 тәулiк бойы, ал 10°С суықтықта 4 ай бойы сақталады.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру малдың танауынан қанды сұйық, кейiнiрек iрiң аралас маңқа ағады. Өкпесi қабынады, жөтеледi, көздiң дәнекер қабығы, қынабы, буындары, миы қабынады. Дене қызуы 41-42°С дейiн көтерiледi, ауа жетпей тұншығуы ықтимал.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Тыныс алу ағзаларының кiлегейлi қабықтары iсiнедi, қанталайды, лимфа түйiндерi iсiнiп қызарады, эпикард астында бүйрек паренхимасы қанталаған.


Слайд 34Сиырдың парагрипi - (көлiк қызбасы, парагрипп крс) - Paragrippus bovium. Өте

жiтi өтетiн жұқпалы ауру, негiзiнен 6 ай мен 2 жыл арасындағы жас мал ауырады. Қоздырушысы - парамиксовирустер тұқымына жататын РНК құрамдас вирус. 50-56°С ыстықтықта 1 сағ өледi, ал мұздатқанға -7°С шыдамды. Еттегi вирус 70°С ыстықтықта 30 мин iшiнде өледi, ал -10-20°С мұздатқан ет пен ағзалар iшiнде 3-5 айға дейiн сақталады.
Сояр алдындағы диагностика. Дене қызуы 40-42°С дейiн көтерiледi. Тыныс жолдары қабынып кiлегейленедi, iрiңдейдi. Өкпе мен бронхтардың лимфа түйiндерi қабынады, жөтеледi, өкпесiнен сырыл естiлiп, танауынан маңқа шұбырады, кейіннен қан аралас iрiң ағады, көздiң дәнекер қабығы қабынады, көздерiнен жас ағады. Кейбiр мал шырыш араластырып тышқақтайды, ұршық буын мен иық буыны және жота еттерi зақымданады (жұмыстары бұзылады). Мал арықтайды.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Жұтқыншақ артындағы көкiрек қуысындағы және бронх лимфа түйiндерi iсiңкi және қызарған. Сiрi қабықтар, эндокард, бронхтың, ұлтабар мен iшектiң кiлегейлi қабықтарында қан құйылған. Плевра қуысында жалқаяқ байқалады. Тұмсық, көмекей, кеңiрдек, бронх кiлегей қабықтары қабынған, үстерiн iрiңдi шырыш жапқан. Өкпенiң диафрагмалық бөлiгi iсiңкi, қатқыл.

Слайд 35Сиырдың вирустық диареясы - (вирусная диарея крупного рогатого скота) - (Diarrhea

viralis bovur).
Iрi қара мал, оның iшiнде төлi көп ауырады. Қоздырушысы - РНК - құрамдас энтеровирус. Вирус 40С температурада 6 ай, 37°С жылылықта 5 тәулiк, мұздатылған етте 3-5 айға дейiн сақталады,75°С ыстықта 15 мин, 500С – 1 сағат, тұздалған етте 5-7 күн сақталады.
Сояр алдындағы диагностика. Дене қызуы 42,0°С-қа дейiн көтерiледi. Кiлегейлi қабықтарында, тұяқтарының арасында эрозия және уытты жара пайда болады, көздiң дәнекер қабығы қабынады, қасаң қабығы бұлдырланады, жөтеледi. Аурудың 1-4 тәулiгiнен малдың iшi өтедi,ол 1 аптадан 4 аптаға дейiн созылады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iшектiң кiлегейлi қабықтарының үстiне қан құйылады, iседi, эрозия мен уытты жара пайда пайда болады, кейде ол некрозға айналады. Бауырында некроз ошақтары байқалады немесе майлы азғындайды (жировая дегенерация). Бауырдың түсi қызғылт-сары.
Сиырдың аденовирустiк індеті - (Boviпe adenоvirae infection, аденовирусная инфекция крс). Жiтi түрiнде өтiп, iрi қараның әсiресе бұзаудың тыныс, ас қорыту және көру мушелерiн зақымдайтын ауру. Қоздырушысы - аденовирус туыстығына, мастадено вирус тұқымына жататын вирус.

Слайд 36Сояр алдындағы диагностика. Дене қызуы 41,5°С дейiн көтерiледi. Малдың азыққа тәбетi

шаппайды, көздерiнен жас ағады, танауынан шырышты iрiң немесе таза iрiң ағады, демалысы қиындайды, жөтеледi, iшi өтедi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Геморрагиялық катаральдық гастроэнтериттiң белгiлерi байқалады, өкпесiнде эмфизема пайда болады, ринотрахеит, парагрипп, вирустық iш өту және аденовирус жұқпалы ауруларындағы белгiлер байқалады.
Санитариялық баға. Ринотрахеит, парагрипп, вирустық және сиырдың аденовирустiк індеті ауруларымен ауырған немесе ауруға күмәндi малдардың ұшасы мен ағзаларын шикi түрiнде шығаруға тиым салынады. Ветеринариялық-санитариялық сараптау қорытындысында тағамға пайдалануға болады деген ұша мен ағзаларды пiсiрген және ыстап пiсiрген шұжық, ет нанын және ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. Ұшасы мен ағзаларынан патологиялық-анатомиялық өзгерiстер табылса, микробиологиялық тексеруге жiбередi. Егер сальмонелла табыла қалса, iшкi ағзаларын утильге жiберiп, ұшасын пiсiргеннен кейiн шығарады немес ет қалбырларын және ет нанын дайындауға жiбередi. Басын, кеңiрдегiн, жұтқыншақ, қуығы, етi сылынып алынған сүйектердi, қанын, патологиялық өзгерiстер табылған ұлпаларды, мүйiзi мен тұяқтарын утильге жiбередi. Терiсiн қаныққан тұз ерiтiндiсiне 1% тұз қышқылын қосып 24 сағат бойы дезинфекциялайды. Дезинфекциялық ерiтiндiнiң Қылшықты (түк) температурасы 109-111°С дезинфекциялық камераға салып 30 минут дезинфекциялайды.

Слайд 37температурасы 15-18°С, сұйықтық коэффициентi 1:4, кейiннен 6% тұз ерiтiндiсiне 0,5% кальцийленген

сода қосып бейтараптайды. Сиырдың ала өкпесi - (Pleuropneumonia contagiosa bovium, перипневмония крупного рогатого скота, контагиозная плевропневмония). Iрi қара малмен қатар бұл аурумен қодас, енеке және зебу ауырады. Өте жіті, жiтi, жiтiлеу және созылмалы түрiнде өтедi. Өте жұқпалы, бiрақ адамға қауiпсiз. Қоздырушысы - Mycoplasma mycoides, қозғалмайтын, кокк, диплококк, жіпше, жұлдызша түрінде де кездеседі, аэроб, 58°С ыстықта 1 сағатта өледi, 5-60С 3 айға дейін сақталады.
Сояр алдындағы диагностика. Дене қызуы 41-42°С дейiн көтерiледi, жиi-жиi қатты жөтеледi, азыққа тәбетi шаппайды, күйiсiнен жаңылады, демалысы қиындайды, қабырға аралықтарын қолмен басқанда ауырсынады, танауынан iрiңдi маңқа ағады, әукесi мен аяқтары iседi. Ауру мал жатады, ыңыранады және тұншығады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Сойғаннан кейiнгi өзгерiстер негiзiнен өкпесiнде болады. Ол қолмен ұстағанда қатты, кескенде мәрмәр түстес, капсуласының iшiнде некроздар көрiнедi. Көкiрек қуысы мен бронхтар, лимфа түйiндерi ұлғайған.
Қой мен ешкiнiң агалактиясы - (Agalactia infectiosa ovium et caprarum) Тез тарайтын энзоотия түрiнде өтетiн, көбiнесе қой қоздап болғаннан кейiн шығатын ауру. Қоздырушысы - M.agalactiae, әр-түрлi пiшiндi 50°С температурада 1,5 сағ, 53°С 10 мин. 60°С 5 мин., ал 70°С 30 сек кейiн өледi; 4°С 330 тәулiк, топырақта 25 тәулiк, қида 5 тәулiк тiршiлiгiн сақтайды.

Слайд 38Сояр алдындағы диагностика. Аурудың алғашқы кезеңінде мал жуасиды, мезгiл-мезгiл қызуы көтерiледi,

азыққа тәбетi шаппайды. Сонан соң, сауын малдарының кiлегейлi немесе паренхималық желiнсау пайда болады (дамиды), желiнi ұлғайған, ыстық, қол тигiзгенде мал ауырсынады. Сүтi қоюланады, дәмi ащы, тұзды, кейiннен сұйылады, соңынан сүт орынына түйiршегi бар бұлыңғыр, сонан соң мөлдiр сұйықтық шығады, желiнi семедi, қатаяды, сүт шығуы бiрте-бiрте тоқталады. Емшектерiнде қатты түйiн, некроз, суық абцесс пайда болады, олардан шырыш пен iрiң шығады. Буаз малдың iш тастауы ықтимал. Буындары зақымданған мал ақсайды. Ал, ауру күшейгенде полиартрит, спондилит, анкилоз, парез және ойылу кездеседi. Көздерi зақымданғанда жас ағады, көздiң дәнекер қабығы қабынады, қабықтары iседi. Қошқарлар мен текелердiң енi мен енбауы қабынады (орхит және эпидидимит).
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Шелi мен бұлшық етiнен абцесс (бiтеу жара) табылады. Лимфа түйiндерi ұлғайған және iсiңкi. Көк бауыры ұлғайған, көк шандыр мен жүрек қабының сiрi қабықтары қабынған. Желiнi қатты, оның ұлпасы сүзбе сияқты затқа толы болады. Көздiң дәнекер қабығы зақымданған. Көздiң қасаң қабығы бұлдырланып, ақ түседi. Аяқ буындары қабынған.
Кебенек - (Pleuropnemonia infectiosa caprarum, плевропневмония коз). Ешкiнiң алаөкпесi. Малдың өкпесi мен плеврасы фибриндi және сiрi-фибриндi қабынып шапшаң тарайтын жұқпалы ауру.

Слайд 39Көбiнесе 5-8 айлық ешкiлер ауырады. Қоздырушысы - Мycoplasma mycoides var.capri -

iрi қара алаөкпесiнiң қоздырушысына ұқсас. Шіріген ұлпада 3 күн, минус 1+20С 2 айға дейін зардаптылығын сақтайды, 58-60°С ыстық 30 мин, креолиннің 1% ерітіндісі – 5 мин, фенолдың 0,25% - 48 сағ. өлтiредi.
Сояр алдындағы диагностика. Дене қызуы кенеттен көтерiлiп 41-42°С дейiн жетедi. Ешкi салғырттанып азық жемейдi, қатты шөлдейдi, жиi-жиi жөтеледi, өкпесi қабынады, сырылы мен шуы естiледi. Қабырға арасына қол салса мал ауырсынады. Кейбiр ешкiлердiң қабақтары iседi, көздерiнен кiлегейлi iрiң ағады. Буаз ешкiнiң iш тастауы ықтимал.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Плевра мен жүрек қабының беттерi қоймалжың массамен жабылған, өкпесiнде үлкендi-кiшiлi некроз ошақтары бар, зақымданған өкпе ұлғайған, нығыз, тiлiп қарағанда түсi мәрмәр тәрiздес. Лимфа түйiндерiн тiлiп қарағанда некроз ошақтарын көруге болады. Тұмсық, көмекей, кеңiрдек кiлегейлi қабықтары қызарған, үстерiн қызғылт түстi көбiк жапқан. Көк бауыры iсiңкi. Бауыры аздап үлкейген, босаңдау. Бүйректерi ұлғайған, оның қабаттарының шекарасы байқалмайды.
Санитариялық баға. Кебенекпен, алаөкпе, агалактиямен ауырған малдардың ұшасын және зақымданбаған ағзаларын пiсiруге немесе пiсiрiлген шұжық, ет консервiлерiн дайындауға жiбередi.

Слайд 40Патологиялық өзгерiстерi бар ағзалар утильденедi. Iшектерiн өңдеп және тұздағаннан кейiн пайдаланады.

Алаөкпе мен кебенек ауруларымен ауырған мал терiсiн дезинфекциялайды.
Пастереллез - (Pasteurellosis) немесе қанталап қағыну (геморрагиялық септицемия) сүт коректiлер мен құстың жұқпалы ауруы (холера). Адам үшiн қауiпсiз. Қоздырушысы - Pasteurella mulltocida, граммен боялмайтын, қозғалмайтын, спора түзбейтiн бактерия, олар жеке немесе қосақтасып орналаса бередi, ал қайсiбiрде тiзбектелiп жатады. Құс саңғырығында 72 тәулiк, суда - 25 тәулiк, топырақта 3 айға дейiн өмiр сүредi. 70°С ыстық 5-10 мин, қайнату - лезде, тiке түскен күн сәулесi - 10 мин өлтiредi, 20°С суықтыққа шыдамды келедi, ал 14-16°С мұздатылған құс етiнде 1 жылға дейiн тiршiлiк етуi мүмкiн.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру өте жіті, жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтуі мүмкін. Аурудың жiтi түрiнде дене қызуы кенет көтерiледi, жабырқанады, көздiң дәнекер қабығы қабынып, тiлi iседi, демалысы қиындайды, жөтеледi, әукесiнiң тұсы iседi. Iшектерi зақымданса iшi өтедi, шөлдей бередi, арықтайды, кiлегейлi қабықтары бозарады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Аурудың жiтi түрiнде тыныс жолдары, ағзаларында қан құйылғаны байқалады. Жақ сүйектердiң арасында қоймалжың инфильтрат байқалады. Бастың, мойынның, кеуде қуысының, iшектiң лимфа түйiндерi ұлғайған, қызарған (қан құйылған) көк бауыры негiзiнен өзгерiссiз.

Слайд 41Қоздырушысы


Слайд 42Ауру кезіндегі өзгерістер


Слайд 43Бауыры ісінген, капсуласының астынан некроз түйiндерi көрiнедi. Бүйректерi қанға толы, капсуласының

астына ноқатты қанталаған. Өкпесi қанға толы, некроз ошақтары бар. Iшектiң кiлегейлi қабықтары қабынған, нүкте сияқты немесе жол-жол болып қан құйылған. Аурудың созылмалы түрiнде өкпесi мәрмәрға ұқсайды.
Санитариялық баға. Етi мен iшкi ағзаларында инфильтрат немесе азғындағаны (дегенерация) байқалса, ұшасы мен ағзаларын утильге жiбередi. Егер де, сезімдік көрсеткiштерi жақсы болып, бактериологиялық тексерiсте сальмонелла табылмаса, ұша мен iшкi ағзаларды пiсiрген шұжық дайындауға жiбередi. Ал, сальмонелла табылса етiн пiсiрiп зарарсыздандырады немесе ет консервiлерiн, ет нанын дайындауға жiбередi. Iшкi ағзаларын утильге шығарады. Терiсiн тәулiк бойы 20% ас тұзы ерiтiндiсiне 1% тұз қышқылын қосып дезинфекциялайды. Ет пен ағзаларын шикiлей шығаруға рұқсат етiлмейдi.
Энтерококты (диплококты) септицемия - (Diplococcosis) - төлдердiң (бұзау, қозы, торай, сиректеу құлын) жiтi тұрiнде өтетiн жұқпалы ауруы. Пневмония, энтерит, полиартрит, қағыну түрлерiнде кездеседi. Қоздырушысы - Д серотобының стрептокогы (энтерококк) -60°С ыстықтықта 2-3 мин iшiнде өледi. Төменгi температура мен кептiру де жағымсыз әсер етедi. Граммен оң боялады, қозғалмайтын стрептокок.

Слайд 44Сояр алдындағы диагностика. Буындары, тыныс алу және ас қорыту ағзалары зақымданады.

Өкпесi қабынады. Iшектерi зақымданғанда азыққа көңiлi шаппайды, қан мен шырыш араласып iшi өтедi. Дене қызуы 42°С дейiн көтерiледi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Құрсақ қуысында қанды жалқаяқ жиналады. Ұлтабардың кiлегейлi қабықтарында қан құйылған, бауыры мен көк бауыры iсiңкi, ұлғайған. Өкпесi қаттылау. Бронхтың лимфа түйiндерi ұлғайған, қызарған. Буындары зақымданып, шемiршектерiнде ойық жара кездеседi.
Санитариялық баға. Еттерi азғынданса (дегенерация) ұшасы мен ағзаларын техникалық пайдалануға жiбередi. Етiнде патологиялық өзгерiстер болмаса, iшкi ағзаларын утильге жiберiп, етiн пiсiрген соң шығарады.
Iрi қараның обасы - (Pestis bovina, чума крс). Жұқпалы ауру, ауырған малдардың қаны қағынады. Iрi қара малмен қатар енеке, қодас, зебу, түйе, қой, ешкi, бұғы т.б. жануарлар ауырады. Шошқа мен жылқы бұл ауруға шалдықпайды. Қоздырушысы- Rinderpest morbillivirus, РНК құрамдас вирус. Ол ауру малдың қанында, миы мен жұлын сұйықтықтарында, iшкi ағзаларында, нәжiсiнде болып, несебi, сүтi арқылы бөлiнедi. Балауса етте 4 тәулiк, күштi тұздалған етте 28 тәулiк тiршiлiк етедi. 60% ыстықтықта бiрнеше секунд, ал тiке түскен күн сәулесi 5 сағаттың iшiнде өлтiредi. Тұздалған терi мен көлеңкеде кептiрiлген терiде 24-48 сағат, мұздатылған ағзалар мен қанда 3-6 ай сақталады. Біздің елімізде оба жойылған.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру малдың дене қызуы 41-42°С дейiн көтерiледi, кiлегейлi қабықтары iшек-қарыны қабынады. Мал жабырқанады, азық жемейдi, суға қанбайды, денесi дiрiлдейдi. Ерiнi мен қызыл иегi, ұрты, таңдайы, тiлiнiң кiлегейлi қабықтарының үстiнде сұрғылт-сары дақтар немесе түйiндер пайда болады. Өлi эпителилер сыдырылып түскеннен кейiн орыны қызарып қалады. Аузынан сасық иiс шығады, ауыз айналасының терiсiн шырыш пен қан араласқан көбiк басады. Көздiң дәнекер қабығы, танаудың кiлегейлi қабығы және сарпайы қабынады. Ауру малдың басы салбырап есiнейдi, тiсiн қайрайды. Аурудың бастамасында нәжiсi қалыптасқан, бірақ шырышты болса, кейiннен тышқақтайды. Нәжiсiне қан араласқан, иiсi жағымсыз. Ауру мал тез арықтайды да 7-10 тәулiктен кейiн өледi.

Слайд 45Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ұшасы өте арық. Көзi үңiрейiп iшiне кiрiп кеткен,

көздiң дәнекер қабағы iсiңкi, қанталаған. Ауызы, көзi, танауы, сарпайының айналасы жасыл-қоңыр түстi кеуiп қалған шырышты-iрiң қабыршықтарымен қоршалған. Шелiнде жалқаяқ кездеседi, қан құйылған. Ерiнi, ұртының iшкi жағында, тiлi мен қызыл иегiнiң үстерiнде эрозия және фибрин шөгiндiлерi мен ойық жара бар, сiлекейi қою, созылмалы. Таңдайы жұмсақ, көмекей қақпағы iсiңкi, қызарған, үстерiн дифтериялық қабыршықтар басады. Осындай өзгерiстер тыныс жолы кiлегейлi қабықтарында да кездеседi. Бастың лимфа түйiндерi ұлғайған, қан құйылған. Өкпесi қабынған. Жүректiң үлпершегiнiң асты iсiңкi, жүрек етi болбыр. Көкiрек қуысы арасындағы лимфа түйiндерi ұлғайған, iсiңкi. Бауырында айта қоярлықтай өзгерiс жоқ. Өт қабы қан аралсақан өтке толы. Ұлтабардың кiлегейлi қабығы қызарған, қан ошақтары бар. Тоқ iшектiң кiлегейлi қабықтарына қан құйылған, некроздың ошақтары бар. Тоқ iшекте осы айтылған өзгерiстер кездеседi, бiрақ бәсеңдеу. Шажырқайдың лимфа түйiндерi ұлғайған, қанталаған, кейде қан құйылған.
Санитариялық баға. Обамен ауырған малды союға болмайды. Ал қапылыста сойыла қалса, сойыс өнiмдерiн толығымен жояды.

Слайд 46Жылқының ринопневмониясы - (Rhinopnevmoniae equorum) - вирустық iш тастау. Ауырған жылқының

денесiнiң қызуы көтерiлiп ауызы мен танауының және жоғарғы тыныс алу жолдары, көздiң кiлегейлi қабықтары қабынады, буаздығының соңғы сатысында, яғни 8-11 айлығында бие кенеттен iш тастайды. Қоздырушысы - герпесвирус. Оның құрамында дезоксирибонуклейн қышқылы (ДНК) бар. Дезинфекциялық заттардың әсерiне төзiмсiз, қайнатқанда лезде, 60°С-қыздырғанда 10 минуттың iшiнде өледi. Төменгi температураға шыдамды келедi. Сояр алдындағы диагностика. Денесiнiң қызуы көтерiледi, жабырқанады, көз, тұмсық, көмекей, жұтқыншақтың кiлегей қабықтары қабынады, мұрынынан шырышты су ағады, жөтеледi, тынысы тарылады. Алқым лимфа түйiнi ұлғаяды. Бие ешқандай белгiсi бiлiнбей кенеттен iш тастайды, жатырдағы төл шаранасымен бiрге шығады. Бiрақ-та ринопневмонияға сояр алдында диагноз қою оңайға түспейдi, оның белгiлерi басқа вирусты ауруларға ұқсас. Сондықтан да, зертханалық тексеру қажет болады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Басын тексергенде, жоғарғы тыныс жолдары мен көздiң кiлегей қабықтарының қабынғаны байқалады, танауында сiрi және iрiңдi сiрi жалқаяқ болады. Танау, жұтқыншақ, кейде кеңiрдек пен ауа қуыс қапшықтарының кiлегейлi қабықтарының үстерiнде бөртпе түйiн, ұсақ ойық жара байқалады. Бастың лимфа түйiндерi мықтап ұлғаяды.


Слайд 47Санитариялық баға. Ауру немесе ауруға күмәндi жылқы ұшасын пiсiредi. Ағзалары мен

сүйектерiн утильге жiбередi. Терiсiн дезинфекциялайды.
Стрептококкоз - (Streptococcosis) - Ауыл шаруашылық малдары төлдерiнiң ауруы. Бұл аурумен бұзау мен қозы жиi ауырады, торай мен құлын сирек ауырады. Негiзiнен ауруға жасы 15 тәулiк пен 2,5 ай арасындағы төлдер шалдығады. Аурудың қоздырушысы – streptococci. Грамм бойынша оң боялады, қозғалмайды, жеке-жеке, екi-екiден және тiзбектелiп орналасады. 55°С ыстықтықта 10 минутта өледi, ал 2% карбол қышқылының ерiтiндiсi 5 мин кейiн өлтiредi.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру жiтi түрiнде өтсе, қан қағынуының белгiсi байқалады, буындары қабынады, ал жiтiлеу және созылмалы түрлерiнде өкпесi мен iшектерi қабынады. Дене қызуы 41-42°С дейiн көтерiледi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ағзалары мен ұшасын тексерген кезде кiлегейлi және сiрi қабықтарының үстерiнде қан құйылғаны байқалады. Талағы ұлғайған қошқыл-қызыл түстi капсуласы жиырылған, жиектерi жұмырланған, консистенциясы нығыз. Шажырқайдың лимфа түйiндерi ұлғайған, шырышты және қанталаған. Аурудың созылмалы тұрiнде плеврасы, жүрек қабы қабынған.
Санитариялық баға. Етiнде азғындағанның белгiсi байқалса, ұшасы мен ағзаларын утильге жiбередi. Ал, етiнде патологиялық өзгерiстер болмаса, ұшаны пiсiргеннен кейiн шығарады да, ағзаларын утильге жiбередi.

Слайд 48Қоздырушысы


Слайд 49Сойғанға дейінгі өзгерістер


Слайд 50Сойғаннан кейінгі өзгерістер


Слайд 51Шошқаның энзоотикалық пневмониясы - (Pneumonia enzootica suum, энзоотическая пневмония свиней) -

жас торай, енесiнен айырған торай және 6-7 айлық марқа торайлардың созылмалы жұқпалы ауруы. Ересек шошқалар сирек ауырады. Қоздырушысы - Mycoplasma hyopneumoniae, грамммен оң боялады, ұсақ дөңгелек пiшiндi, сақина тәрiздес 50°С ыстықтықта лезде өледi.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру малда бронхопневмонияның белгiлерi байқалады, оқтың-оқтың денесiнiң қызуы көтерiледi, жөтеледi, арықтайды. Аурудың алғашқы кезеңінде аздап дене қызуы көтерiледi, түшкiредi және жөтеледi. Аурудың екiншi сатысында жөтел үдей түседi, әсiресе ертеңгi мезгiлде, азықтандырған уақытта және серуен кезiнде. Демалысы ауырлайды және жиiленедi, торайлар жуасиды, азықты нашар жейдi, арықтайды, өсуi нашарлайды. Көпшiлiк жағдайда ноғала мен көлемдi экзема байқалады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Өзгерiстi негiзiнен өкпесiнен табады, оның зақымданған жерi нығыздалады. Бронх лимфа түйiндерi қатты ұлғаяды. Алқым және жұтқыншақ лимфа түйiндерiнiң ұлғаюы ықтимал. Оларды тiлген кезде түсi қызыл және шырышты келедi.
Санитариялық баға. Еттерi азғындаған ұшаны iшкi ағзаларымен бiрге утильге жiбередi. Егер де, еттерiнде өзгерiс болмаса ағзаларын утильге жiбередi де, ұшасын пiсiргеннен кейiн шығарады.


Слайд 52Шошқаның энтеротоксемиясы - (Аэробтық дизентерия) - Enteromoxaemia suum - Dysenteria bacteriales

suum (porcellorum). Аурудың қоздырушысы - Cl.perfringens С типi - аэроб, жуан қозғалмайтын таяқша, капсула мен спора түзедi, оның шығарған бета -уты организмге күштi әсер етедi. Қоздырушысының вегетативтiк түрi төзiмсiз, ал спорасы ұзақ уақыт топырақта сақталады.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру шошқалар әсiресе торайлардың дене қызуы көтерiлiп, қан тышқақтайды, жабырқанады, дiрiлдейдi, сал болады.
Санитариялық баға. Энтеротоксемия мен ауырған малды союға рұқсат етпейдi. Сойғаннан кейiн ауру анықталса, ұшасын терiсiмен бiрге ағзаларын қоса утильге жiбередi.
Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелитi - (Тешен ауруы) -Enceрhalomyelitis enzootica suum. Енесiнен айырған және 2 ай мен 6 айлық аралығындағы марқа торайлардың жұқпалы ауруы. Ауруға үй және жабайы шошқалар шалдығады. Аурудың қоздырушысы - Porcine enterovirus. Ол 60°С дейiн қыздырғанда 15 минутта өледi, қайнатқанда бiрнеше секундта өледi. Мұздатқан күйiнде жылдап сақталады, ал залалданған қида 6-8 апта бойы өмiр сүредi.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру жiтi түрiнде өтiп ауырған малдың 95% өлiмге ұшырауы мүмкiн. Өте сирек жағдайда аурудың

Слайд 53жiтiлеу, созылмалы және жасырын тұрлерi кездеседi. Жiтi түрiмен ауырғанда дене қызуы

41-42°С дейiн көтерiледi. Мал әлсiзденедi, азықтан бас тартады, танауының кiлегейлi қабығы қабынады, сiлекей ағады, тiсiн шықырлатады, құсады. 2 тәулiктен кейiн дене қызуы төмендегенмен жалпы жағдайы нашарлайды, орталық жүйке жүйесiнiң зақымданған белгiлерi байқалып, мазасы кетедi, елiредi, қозғалысы бұзылады. Ауру 2-4 тәулiк созылады. Аурудың жiтiлеу түрiнде де аурудың осы айтылған белгiлерi солғындау бiлiнгенмен 6-10 тәулiкке қарағанда бұлшық еттерiнiң жұмысы нашарлап, кейiн аяқтары жансызданады (әсiресе ұршық буыны). Мал қозғала алмай қалады. Ауырған малдың 50% өледi. Аурудың созылмалы түрi бiрнеше аптадан бiрнеше айға дейiн созылады, көпшiлiгiнде ересек доңыздарда кездеседi. Ауру мал әзер қозғалады, жалпы жағдайы нашарлайды, арықтайды, етi семедi, ұршық буыны жансызданады. Сойғаннан кейiнгi диагностика. Аурудың жiтi түрiнде негiзiнен мидың мишық тұсындағы жұмсақ қабығы қанталайды және iседi, кейде жұлынына нүкте тәрiздi қан құйылады. Кеңсiрiк, маңдай және жоғарғы жақ қуыстарының кiлегейлi қабықтары қабынады. Iшкi ағзаларында ауруға тән патоморфологиялық өзгерiстер көп байқалмайды. Жүректiң сыртқы және iшкi астар қабықтарында, плеврасында, қуықтың шырышты қабығында нүкте тәрiздес және теңбiлденiп қан құйылады. Кейде өкпесi қанға толып iсiп кетедi, кейде жансызданған жерлерiнiң еттерi семiп қалады. Диагноз қойғанда Тешен ауруын Ауески, листериоз, құтырық, оба және азықпен уланудан ажырату керек.



Слайд 54Санитариялық баға. Арық және етi азғындаған ұшаны iшкi ағзаларын қоса утильге

жiбiрелi. Ауру немесе ауруға күмәндi шошқалардың ұшасы мен ағзаларын сезімдік көрсеткiштерi дұрыс болса пiсiрген, пiсiрiп-ыстаған шұжық, ет консервiлерiн дайындауға жiбередi немесе оларды пiсiрiп зарарсыздандырады. Қаны, миы мен жұлыны, iшек-қарындарын утильге жiбередi. Терiсiн дезинфекциялайды. Шошқаның колибактериозы - Эшерихи, колидиарея, iсiк ауруы (Colibacteriosis suum) тек қана шошқаны оның iшiнде марқа торайларды зақымдайды. Қоздырушысы колибактериоздың патогендiк типтерi /0139; 0133;-0141; 026/. Гемолитикалық iшек таяқшалары ыстыққа шыдамды токсин шығарады. Ауру қоздырушысы нәжiсте, топырақта, суда бiрнеше ай сақталады. 60°С ыстықтықта 15 мин өлсе, қайнатқанда лезде өледi.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру шаруашылықта кенеттен шығады, өте жiтi, жiтi, жiтiлеу тұрiнде өтедi. Аурудың бастамасында қаны қағынады, бiрнеше торайлар ешқандай клиникалық белгiлерi бiлiнбестен өлiп қалады. Өте жiтi және жiтi түрлерiнде денесiнiң қызуы 40,1-41,1°С дейiн көтерiледi, көбi өлiп кетедi. Азықтан бас тартады, жуасиды, жүрiсi бұзылады, кейiн iшi өтедi, шелi iседi, бұлшық еттерi дiрiлдейдi, аяқтары жансызданады, кейiн құсады. Дауысы қырылдайды, жүрек жұмысы бұзылады, демалысы қиындайды. Ауру торайлар жатып алады да, бiрнеше сағаттан кейiн, кейде 2-4 тәулiктен кейiн өледi.

Слайд 55Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ағзалары мен ұлпалары iседi, iшек-қарыны қабынады, венада қан

iркiледi, кейде қабақтары, маңдайы, құлақ қалқаны, бауыр жақтары iседi. Сондай-ақ қарынның қабырғасы, шажырқай, өкпесi де iседi. Бауыры қанға толы. Миы қанталаған, iскен. Лимфа түйiндерi ұлғайған, iсiңкi, аракiдiк қызарған.
Санитариялық баға. Бактериологиялық тексерiсте сальмонелла табылмаған ұша мен өзгермеген ағзаларын пiсiрілген немесе пiсiрiп-ысталған шұжық дайындауға жiберiп, өзгерген ағзаларды утильге жiбередi. Ал сальмонелла табылған жағдайда ұшаны пiсiрiп пайдаланады да ағзаларын утильге жiбередi. Етi азғындаған арық ұшаны ағзаларымен бiрге утильге жiбередi. Мүйiздi iрi қара малының аденовирусты індеті - (Аденовирусная инфекция крс – Bovine adenovirae infection). Аурудың қоздырушысы -аденовирус. Ауру жiтi өтiп, тыныс алу, асқорыту мүшелерi және көздерiнiң зақымдануымен сипатталады. Көбінесе 2-4 айлық бұзаулар ауырады. Ересек малда негізінен жасырын түрде өтеді.
Аденовирус iндетi шошқа, қой, жылқы, құс, сол сияқты ит, маймыл, тышқан т.б. тiркелген. Сонымен қатар, аденовирустар адамдардан да бөлiнiп алынған (32 серотипi бар). Аденовирустың диаметрi 70-90 мкм және ол ДНК-сы бар ақзатты капсуламен қапталған. Малдың аденовирусы физикалық, химиялық әсерге, трипсинге, эфирге және хлороформға төзiмдi. Вирус төзiмдiлiгi серотиптерiне қарай әр түрлi

Слайд 56келедi. Олар - 30оС ұзақ сақталады, 4оС жарты жылдан аса шыдайды,

үй температурасында 1-4 ай және 36оС 15-60 күн, құрғақтылықты жақсы көтередi. Олар қайталап мұздату мен ерiтуге төзiмдi.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру малдың дене қызуы 41,5оС дейiн көтерiлуi, көзiнен жас, танаудан су ағады, жөтеледi, демалысы қиындайды, iшi өтедi. Ауру малдың тәбетi төмендейдi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Бұзауларда патологиялық-анатомиялық өзгерiстер жүрек-тамыр, лимфа жүйесi, тыныс алу мүшелерi және iшек-қарын жүйесiнде байқалады. Өкпесi қабынады.
Санитариялық баға. Ауру немесе ауруға күдiктi малдан алынған ет және басқа да өнiмдердi шикiлей таратуға болмайды. Оларды пiскен және пiсiрiп-ыстаған шұжық өнiмдерiн, ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. Егер де, ұша мен iшкi мүшелерден патологиялық өзгерiстер табылса, онда микробиологиялық тексеру жүргiзiледi. Сальмонелл табылған жағдайда iшкi мүшелердi утилге жiбередi де, ұшаны қайнатып пiсiредi немесе ет консервiлерiн дайындайды. Терi мен жүндi дезинфекциялайды.

Слайд 57Гемофилездi плевропневмония (Рleuropneumoniae hacmopilosis suum). Шошқаның контагиоздi жұқпалы ауруы, аурудың жiтi

өтуiнде өкпе геморрагиялық қабынып плеврофибриноз байқалады, ал созылмалы түрiнде ошақты, сiрiңдi плевропневмония немесе фибринозды плевритке айналады. Ауру қоздырушысы майда, Грамм әдiсiмен боялмайтын, жылжымайтын коккобактериялар.
Қоздырушының төзiмдiлiгi: +4оС салқындатылған етте 15 күнге дейiн өлмейдi, мұздатылған етте 6 айға дейiн сақталады. Жалпы ережемен дайындап пiсiрiлген шұжықта (батон, iшiнде +70оС болғанда) өмiр сүре алмайды.
Терiнi 20%-ды натрий хлоридiң ерiтiндiсiне 1%-ды хлорлы сутегi қышқылын қосып дезинфекциялағанда 24 сағат iшiнде өледi. Ағаш, металл, бетон, резiңке беттерiнде және мал төсенiшiнде қыста –93 тәулік, көктемде 51 тәулік, жазда 47 тәулік және күзде 48 тәулікке дейiн өзiнiң тiршiлiгiн сақтайды.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру өте жiтi, жiтi, жiтiлеу және созылмалы түрде өтедi.
Өте жiтi түрде өтуi 12-25 күндiк торайлар арасында кездеседi. Ауырған шошқаның дене қызуы 41-41,7оС дейiн көтерiледi, күйзеледi, тыныс алуы ауырлайды. Ауыз қуысы мен танауынан қан араласқан көбiктi сұйық шығады, денесiнiң кей бөлiктерi көгередi. Ауру шошқаның отырысы шоқиып отырған итке ұқсайды. Жiтi тұрiнде осы белгiлерi байқалады (демалысы жиi, ауырсынған жөтел). Дене қызуы

Слайд 5840,5-41,5оС. Аурудың бұл түрiнде ауыру ұзақтығы 2-5 тәулiк. Созылмалы түрiнде дене

қызуы оқтын-оқтын көтерiледi, азыққа тәбетi төмен, арықтайды. Аурудың ұзақтығы 6-15 күн. Сойғаннан кейiнгi диагностика. Гемофильдi плевропневмонияда негiзгi өзгерiстер өкпе, кеуде және өкпе пердесiнiң мойынның беткi лимфа түйiндерiнде болады.
Санитариялық баға. Дистрофиялық немесе патологиялық өзгерiстер бар ұша, iшкi мүшелерiмен бiрге утильге жiберiледi. Патологиялық өзгерiстерi жоқ ұша мен мүшелердi бактериологиялық зерттеулердiң нәтижелерiне сүйенiп шешiм қабылдайды. Егер де, ет немесе iшкi мүшелерден сальмонелла табылса iшкi мүшелердi утильдейдi, ал ұшаны қайнатқаннан соң пайдаланады немесе ет консервiсi мен ет нанын дайындауға жiбередi. Сальмонелл болмаған жағдайда ұша мен iшкi ағзалардан пiскен немесе пiсiрiп ыстаған шұжық дайындайды. Терiсiн дезинфекциялайды.
Актинобациллез - псевдоактиномикоз, параактиномикоз, Actinobacillosis -малдың созылмалы жұқпалы ауруы, бастың және мойынның лимфа түйiндерi мен жұмсақ ұлпалардың iрiңдi зақымдануымен сипатталады. Қоздырушысы -Actinobacillus lignicresi, syn.Proactinomyces lignieresi) - актиномикоциттер класына жатады. А. lignieresi гранулемасының iшiнде майда, диаметрi 1 мкм болатын сүттен ақ немесе сұр түйiршiк (друза), актиномикоздан айырмашылығы тас байланбайтын енi 0,3-0,5 мкм, ұзындығы 3 мкм кокк тәрiздес майда таяқша, кейде тiзбектелiп орналасады. Топырақ

Слайд 59және қида төменгi температурада 6 айға дейiн, ал жаз мезгiлiнде қорада

40-45 тәулік тiршiлiк етсе, күн сәулесi 15-25 тәулікт өлтiредi. Актинобациллезге ошақтылық тән, онымен қой, iрi қара мал, жылқы, шошқа, ит, бұғы кейде адам ауырады. Сояр алдындағы диагностика. Малдың ерiнi iседi, алқым және жұтқыншақ лимфа түйiндерi қол тигiзгенде суық, бұдыр және бұлтылдамайды, iскен жерi жарылып, одан сарғыш жасыл iрiң шығады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Патологиялық анатомиялық өзгерiстер бастың лимфа түйiндерiнде шоғырланады, ауруы тым асқынса өкпесi мен бауыры зақымданады.
Санитариялық баға. Бастың тек қана лимфа түйiндерi зақымданса, зақымданған жерi тазартылып басты пiсiргеннен кейiн пайдаланады. Ал сүйегi мен еттерi зақымданған басты, зақымданған iшкi мүшелер және бұлшық еттерi де утильге жiберiледi.
Кампилобактериоз - (Campylobacteriosis, вибриоз) - негiзiнен iрi қара мал мен қойдың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы - сиырда Campylobacter subspecies fetus, қойда – C. fetus subsies intestinales - әр түрлi микроорганизмдер, үтiрге ұқсас, қысқа иiлген таяқша, ұшқан шағала немесе S әрiпi сияқты. Ұзындығы 0,5-5 мкм, енi 0,2-0,8 мкм. Спора және капсула түземейдi, қозғалмайды, Грамм әдiсiмен боялмайды.


Слайд 60Сояр алдындағы диагностика. Ауру бедеулiк, түсiк тастау, шудың кешiгiп түсуiмен, вагинит

және эндометритпен сипатталады.
Сойғаннан кейiнгi диагногстика. Жатырда қабыну ошағы, қағанақта ақ-сұр түстi өлiеттенген немесе қалыңдаған жерлер кездеседi.
Санитариялық баға. Ұша мен басқа сойыс өнiмдерiн пiсiрiлген шұжық және ет консервiлерiн дайындауға немесе қайнатып пiсiруге жiбередi. Зақымданған мүшелер мен ұлпаларды утильге жiбередi. Висна-маэди - малдың артқы аяқтарының салдануы және өкпенiң қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырушысы - ретровирус тұқымына жататын РНК-вирус. Сыртқы ортаның әсерiне шыдамды, формалин, фенол ерiтiндiлерi тез өлтiредi. Негiзiнен қой ауырады. Дегенмен, iрi қара малдың ауыратыны туралы деректер бар.
Сояр алдындағы диагностика. Малдың артқы аяқтары жансызданады, тұра алмайды, демiгедi.
Сойғаннан кейiнгi диагногстика. Бұлшық еттерi семидi. Өкпесi үлкейген, лимфа түйiндерi зақымданған.
Санитариялық баға. Қойдың арық ұшасын, басын және iшкi мүшелерiмен бiрге утильге жiбередi. Патологиялық өзгерiстерi жоқ ұша мен iшкi мүшелерi пiсiрiлген, пiсiрiп-ысталған шұжық өнiмдерiн, ет наны немесе ет консервiлерiн дайындауға пайдаланады. Терi және жүндi дезинфекциялайды.


Слайд 61Қой мен ешкi аденоматозы. Қой және ешкi аденоматозы баяу өтетiн контагиозды

iсiк түзiлетiн ауру. Қоздырушысы герпес және ретро типтi вирустар.
Сояр алдындағы диагностика. Аурудың жасырын кезеңi бiрнеше айдан бiрнеше жылға дейiн созылады. Ауру малдың тыныс алуы қиындайды, танау қуысынан кiлегейлi сұйық (секрет) шығады.
Сойғаннан кейiнгi диагногстика. Өкпеден бозғылт қызыл түстi, үлкендiгi 1см-ден асатын қатты iсiктi түйiн байқалады. Бронх және көкiрек қуысы аралығы лимфа түйiндерi ұлғайған.
Санитариялық баға. Арық қойдың ұшасын, басы және iшкi мүшелерiмен қоса утильге жiбередi. Патологиялық өзгерiстерi жоқтарын пiсірілген және пiсiрiп-ысталған шұжық өнiмдерiн, ет нанын және ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. Терiсi мен жүнiн дезинфекциялайды.
Қой мен ешкiнiң жұғымтал қара сүйелi. (Dermatitis pustulosa contagiosa (ectyma) ovium et caprarum, контагиозный, пустулезный дерматит (эктима) овец и коз) өте жұғымтал, жiтi өтетiн ауру. Оның қоздырушысы - эпилиотропты ДНК-сы бар вирус. Ол сыртқы ортаның әсерiне төзiмдi. Қора-жайда – 3 жыл, жайылымда –270-300 күн, топырақта 120-200 тәулік сақталады. Малдың ерiн терiлерi, сирақтары, ауыздың кiлегей қабаттары қабынады. Бұнымен көбiнесе қой ауырады, оның iшiнде енесiнен айырған қозылар жиi ауруға шалдығады. Бұл аурумен адамның ауыруы да мүмкiн.

Слайд 62Сояр алдындағы диагностика. Ауру малдың ауыз қуысының кiлегей қабығы, басының терiсi,

ерiнi, толарсығы, тұяқтың жұлығы зақымданады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Зақымдану өзгерiстерi ерiн, қызыл иек, тiл және таңдайда ойық жара көрiнедi. Осы сияқты өзгерiстер iшек-қарын жолында да байқалады.
Гистологиялық зерттеуде эпидермистiң шамалы немесе түгелдей зақымдануы байқалады, эпидерма қабатының астында және бұлшық ет арасындағы қатпарларда әр түрлi ядролы лейкоциттер, гистиоциттi-лимфоидты торшалар шоғырланады. Ойық жара беттерi құрылымсыз масса және iрiңдi денешiктермен қапталған. Миды зерттегенде үлкен жарты шар қыртысының самай тұсында лептомененгит, көру дөңесiнде, жолақты денеде, төрт төмпешiкте ошақты энцефалит байқалады. Жүректiң оң жақ қуысы кеңейген, жүрек етiнде дистрофия немесе ошақты қабыну бiлiнедi. Бауырдағы капсула астында және паренхима iшiнде ошақты өлiеттену көлемiнiң диаметрi 0,5-1см. Жансызданған жерлерi сары сұр iрiмшiктi немесе кiлегей тәрiздес массаға ұқсас, олар жiңiшке тығыз капсуламен немесе бауырдың үлпершектi элементтерiмен қоршалған.
Санитариялық баға. Аурудың жеңiл түрiнде ұша мен ағзаларының зақымдалған жерлерiн алып тастағаннан кейiн пайдаланады. Ал, геморрагиялық және гангреноздық түрлерiнде ұшаны ағзаларымен бiрге утильге жiбередi. Терiнi дезинфекциялайды.

Слайд 63Шошқа қарыны мен iшегiнiң вирусты қабынуы. (Вирусный гастроэнтерит свиней) Қарын-iшектiң вирусты

қабынуы (Доил және Хатчанге ауруы) - организмнiң сусыздануы, құсу, iш өтуiмен сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл ауру Алмания, Франция, Италия, Дания, Жапония және басқа елдерде тiркелген. Ауру қоздырушысы құрамында РНК бар корона вирус. Оны 80-100о С дейiн қыздырғанда 5 минут, 50-60оС 1 сағат iшiнде өледi. Мұздатылған вирус 1,5 жыл, ал +4оС (тоңазытқышта) 1 жылға дейiн сақталады. Ол қышқылдық ортаға төзiмдi. Вирус тiкелей түскен күн сәулесiнде 6 сағатта, көлеңкеде 3 күн iшiнде белсендiлiгiн жоғалтады.
Шошқа қарын - iшегiнiң қоздырушысы етте 56оС белсендiлiгiн 100 минут, 65оС -75 минут, 75оС -60 минут iшiнде жояды. Пiсiрiлген шұжық өнiмдерiн дайындауда батон iшiндегi температура 70-72оС-да 2-2,5 сағат пiсiргенде ғана тiршiлiгiн тоқтатады.
Сояр алдындағы диагностика. Iшек-қарын жұмысы бұзылады. Азықтануы төмендейдi, бiрнеше сағаттан соң лоқсиды, диарея, жағымсыз иiстi қоймалжың сары сұр немесе жасыл түстi садыра шығады. Ауру мал тез ариды. Малдың жалпы жағдайы төмендейдi, жүрiсi бұзылады. Аналық шошқалардың сұтi азаяды немесе суалып кетедi; сақа шошқаларда өлiм сирек болғанымен торайларда тым көп кездеседi.

Слайд 64Сойғаннан кейiнгi диагностика. Құлағы, бауыр жағы, төменгi жақ аралығында қызыл-күлгiн теңбiлдi

көруге болады. Мал арықтайды. Қарында кiлегейлi фибринозды геморрагиялық өзгерстер байқалады. Аш iшек қабынады, оның қабырғалары болбыр, iшi азыққа толы, ойық жаралары бар, шажырқай сөл түйiндерi қанға толы. Бауыры азғындаған, талақта қан ұйыған төмпешiктер кездеседi. Қуықтың кiлегей қабығы қанталайды.
Санитариялық баға. Ауру және ауруға күдiктi шошқалардың етi мен субөнiмдерiн ет консервiлерiн және пiсiрiлген, пiсiрiп-ыстаған шұжық дайындауға жiбередi. Егер, шұжықты өңдеуге мүмкiндiк болмаған жағдайда ет пен субөнiмдердi қайнатып залалсыздандырады немесе сiлiкпе дайындайды.
Ауру шошқаның iшегi, қуығы және өңешiн утильге жiбередi. Ауру жұққан немесе ауруға күдiктi шошқаның iшегi, қуығы және өңешiн, сол сияқты ауырып жазылған малдыкiн бiр сағаттай 0,5%-ды формальдегид ерiтiндiсiмен өңдеп, онан кейiн жуып шұжық қабығына пайдаланады.
Майын алған сүйек, қан және тұяқтан ет-сүйек ұнын дайындайды.
Ауру және күдiктi мал терiсiн дезинфекциялайды, ауырып жазылған мал терiсiн шектеусiз шығарады

Слайд 65Тақырыбы ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАРДА ЕТ ПЕН ЕТ ӨНІМДЕРІН МАЛДӘРІГЕРЛІК-САНИТАРЛЫҚ САРАПТАУ.
1 Мал өнімдері

арқылы адамға жұғатын инвазиялық аурулар
Қазақстанда малдың инвазиялық аурулардың көптеп кездесетіні белгілі. Кейбір инвазиялық аурулар адам үшін де аса қауіпті.
Трихинеллез. Trichinellsis азықты талғамайтын және ет коректі жануарларға тән жіті және созылмалы түрінде кездесетін антропозооноз ауру. Аурудың қоздырушысы жұмыр құрттар тұқымдасы – Trichinellidae. Сойыс малынан шошқа ауырады. Табиғи жағдайда көптеген жабайы хайуандар: аю, жабайы кабан, борсық, түлкі, қасқыр, сусар, сасық күзен, күзен, сондай-ақ кеміргіштерде (егеуқұйрық, тышқан, сасық құндыз т.б.) трихинеллезбен ауруы мүмкін. Солтүстік аймақтығы теңіздің сүт коректілерінде де (поляр дельфині, морж, итбалық) бұл ауру кездеседі. Жоғарыдағы айтылған хайуандар адам үшін өте қауіпті инвазияның табиғи көзі. Соңғы кезде Францияда жылқының да трихинеллезбен ауырғаны туралы мәлімет бар. Бұл негізінен жануарлар тектес азықты мол пайдаланудан деп есептеледі.
Паразиттiң iшектiк (жыныстық жетiлген) және бұлшық еттiк (личинка-балаң құрт) екi формасы болады. Жыныстық жетiлген трихинеллалар ет қоректi жануарлардың iшектерiн мекендейдi, олар iшiнде паразиттiң қабықшалы тiрi личинкасы бар залалданған еттi жеп

Слайд 66зақымданады. Қарынның iшiнде қабығы жарылып iшiнен балаңқұрт шығады да он екi

елi iшекке енiп, 30-40 сағаттан кейiн ересек (iшектiк) трихинеллаға айналады. Трихинеллалар айырым жынысты, ұрғашысының ұзындығы -3-4 мм, еркегi-1,4-1,6 мм. Ұрғашысы бас жағымен кiлегейлi қабыққа енiп еркегiмен ұрықтанады, сонан соң еркегi өлiп қалады, ал ұрғашысы 6-7 күннен кейiн тiрi личинкалар туады.
8-10 апталық өмiрiнде әр ұрықтанған трихинелла ұзындығы 0,08-0,12 мм және енi 0,006 мм 1500 ден 4000 дейiн личинкалар туады, олар алдымен сөл, сонан соң қан жүйесiне енiп, қан айналысымен бүкiл денеге тарайды. Сөйтсе де трихинелланың личинкалары көлденең жолақ бұлшықеттер талшықтарының iшiнде өсiп-өнедi Бiрiңғай салалы етте және жүрек етiнде, сондай-ақ үлпершектi ағзаларда трихинелланың личинкалары өспейдi. Қабық iшiндегi трихинелла май ұлпасында да болмайды, бiрақ шел майының қалдық еттерiнде кездеседi, ет талшықтары майланғанда немесе азғындағанында да тiршiлiгiн сақтайды.
Капсуланың iшiндегi қуыста трихинелланың личинкалары спираль тәрiздес ширатылған, паразит (15.2-сурет) капсуласы сопақ немесе домалақ пiшiндi, қуысы мөлдiр сұйықтыққа толы, оның iшiнде әдетте бiреу, кейде 2-3 паразит орналасады.


Слайд 67Қуыстың диаметрi 0,2 мм, сондықтан да оның iшiндегi трихинеллалар, сығылған бұлшықет

кесiндiлерiн 50-75 рет үлкейткенде жақсы көрiнедi. Диафрагманың етегi жиi зақымданады, сонан соң диафрагма етi, тiл, көмекей, мойын, қабырға аралық және құрсақ еттерi зақымданады. Бiрегей бұлшық еттiң бiр жерi күштi зақымданса, екiншi бiр жерiнде трихинелла болмайды, көбiне бұлшықеттiң сiңiрге жақын жерi зақымданады. 6-айдан соң капсула iшiне әк тұздары шоғырлана бастайды да, 15-16 айдан кейiн олар әктенедi. Осындай капсуланың iшiнде трихинелланың личинкалары 20 жылға дейiн (онан да артық) өмiр сүредi.
Трихинелласы бар ет адамға өте қауiптi, паразит токсин (уыт) түзедi. Ет талшықтарында болатын өзгерiстер осы токсинмен байланысты деп есептеледi. Токсин, еттi термиялық өңдеуден өткiзгенде де жойылмайды, трихинеллезде етке өте қатаң санитариялық баға берудi осымен түсiндiруге болады. Бұлшық ет трихинеллалары сыртқы ортаның әсерiне де төзiмдi, 60-700С қыздырғанда ғана өледi. Төменгi температура (-18-190С) трихинеллаларды 10-20 күннен кейiн өлтiредi. Трихинелланың тiршiлiк ұзақтығы еттiң майлылығы және личинканың даму сатысымен байланысты. Тұздаған етте трихинелла 14 күннен кейiн өледi деген де хабар болған. Бiрақ та кейiннен тұздаған және ыстаған сан еттерде тiрi трихинелланың болатыны дәлелдендi және бұндай еттi жеп адамдардың залалданғаны анықталды.

Слайд 68Сойғаннан кейiнгi диагностика. Трихинеллезге сойғаннан кейiн диагноз қоюдың ең жақсы әдiсi

бiздiң елiмiзде заңданған (дүние жүзiнiң көпшiлiк елдерiнде) шошқа және тағамға пайдаланатын жабайы ет коректi жануарлардың (жабайы қабан, аю, және басқалары) ұшасын сараптаудан өткiзгенде еттi трихинеллоскоптау болып табылады. Торайдың ұшасын 3-апталықтан бастап трихинеллезге тексередi. Трихинелоскоптау үшiн диафрагманың екi етегiнен массасы 25 г дейiн еттiң екi тiлiмiн алады. Егер де бұндай үлгiнi алуға мұмкiндiк болмаса, басқа бұлшық еттерден (диафрагманың қабырға бөлiмi, қабырға аралық, белдеме, жақ және мойын, белдеме, тiл, өңеш еттерi) алады.
Алынған үлгiлерден компрессориумға мiндеттi түрде 24 кесiндi (әр үлгiден 12 кесiндi) дайындайды. Компрессориум iшiнде қысылған кесiндiлердi микроскоппен (трихинеллоскоппен) кiшi үлкейткiште (50-70 рет) немесе проекциялық трихинеллоскоппен қарайды, проекциялық трихинеллоскоптың, әдеттегiден артықшылығы көп. Бұл әдiспен зерттеушi экранға түскен кесiндiнi толық көрiнедi, көз шаршамайды, сағатына 45-60 ұлгiнi тексеруге болады. Казiргi кезде көптеген ет комбинаттарында шошқа етiн трихинеллезге тобымен тексередi. Ол бiрнеше шошқа ұшасынан (20 және онан артық) жиналған диафрагманың етегiнен алынған ет ұлпасы үлгiлерiн арнайы сұйықтықпен өңдеп, дайын болған тұнбадағы (өңделген масса) трихинелланың личинкаларын табуға негізделген

Слайд 69Ажырату диагнозы. Тексерiстегi етте екi емiзiкшелi (двуустка) бұлшықет паразитi (Adamodistomum suis)

- болуы мүмкiн. Бiрақ ол шошқа етiнде сирек кездеседi де, көбiне батпақты жердi мекендейтiн жабайы хайуандардың етiнен табылады. Двуустка ет аралығындағы дәнекер ұлпаларда орналасады. Оның личинкасы қозғалады, жалпақ, мөлдiр, сұр түстi, ұзындығы 0,4-0,7 мм, көлденеңi 0,2 мм. Двуустка ұлпада бос түрiнде орналасады, ал кейде сыртынан қабықпен қапталады, әктенедi. Ет аралығындағы дәнекер ұлпалардан, iшiнде тас байланған сыртынан капсуламен қоршалған, жетiлмеген цистицерктер де табылады. Осындай кiшкене түйiндердi жай көзбен көруге болады. Бұндай тас байланған цистицерктердi тұз қышқылының 20% немесе сiрке қышқылының 80% ерiтiндiлерiмен домдап, микроскоппен қарағанда сколекстiң хитиндi iлмектерiн көруге болады. Тас байланған саркоцистер - Мишер қапшығы (шошқалар жиi зақымданады) зақымданған трихинеллез капсуласына ұқсас. Тұздалған шошқа етiнде және шикiлей ысталған майлы етiнде, тас байланып ақауланған трихинеллез капсуласына сырттай ұқсайтын, тирозиннiң кристалдарының кездесуi мүмкiн, олар ақшыл түйiншектерге ұқсайды сондықтан да көзбен көруге болады.
Балауса, консервiленген, тұздалған, тоңазытылған және шошқа шпигiн тексеру, сондай-ақ трихинелланы, цистицерк, саркоцист, тас байлану т.б. ажырату әдiстерi мен техникасы зертханалық сабақтарда әңгiмеленедi.

Слайд 70Санитариялық баға. Компрессориумдағы еттiң 24 кесiндiсiнен бiр ғана трихинелла табылса да

(өлi не тiрi) ұшаны және ет ұлпасы бар ағзаларды, сондай-ақ өңеш, тiк iшек және араласып кеткен өнiмдердi техникалық өңдеуге жiбередi. Шел майды (шпик) сылып алып шыжғырады. Шыжғырылған майдың температурасы 20 минут бойы 1000С кем болуы керек. Iш майы шектеусiз шығарады. Iшектерiн, тiк iшектен басқасын, әдеттегiдей өңдегеннен кейiн шектеусiз пайдаланады. Терiсiнен ет ұлпаларының қалдығын алып техникалық өңдеуге жiбередi. Цистицеркоздар - (финноздар ет құрты) – Cysticercosis - гельминтiнiң личинка формасы (көпiршiк) малдың бұлшықетiнде немесе iшкi ағзаларында мекен ететiн инвазиялық ауру.
Iрi қара цистицеркозының қоздырушысы - Cysticercus bovis личинкасы. Ересек формасы - T.aeniarinchus saginatus (өгiз таспа құрты) -адамның iшегiнде тiршiлiк етедi. Iрi қарадан басқа енеке, қодас және зебу ауырады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Дөңгелек немесе сопақ пiшiндi, ақ-сұр түстi, көлемi түйреуiштiң басынан бұршақтың үлкендiгiне дейiн жететiн мөлдiр көпiршiк сияқты цистицерктi (финн) ұшадан табуға негiзделген. Олар сыртынан iшiндегi паразит көрiнетiн, нәзiк дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалған. Сұйыққа толы көпiршiктiң құйрық жақ iшiнде басы мен мойыны iшке қарай иiлген. Көпiршiктi қысқанда, онан басы (сколекс) шығады. Лупа немесе микроскоптың кiшi

Слайд 71үлкейткiшiмен қарағанда жақсы жетiлген, iлгексiз төрт емiзiкшелерi жақсы көрiнедi. Цистицерктер етаралық

ұлпаларда өседi, демек бұлшықет талшықтарының арасында жатады, бұны трихинеллезден ажыратқанда ескеру керек.
Iрi қара малда цистицеркоздар жүрек етiнде жиi кездеседi, жақ, тiл, сондай-ақ белдеме, шынтақ, мойын,және бауыр жақ еттерiнен табылады. Кейбір байқауларға қарағанда мойын, өңеш және диафрагма еттерiнен басқа олар ми, өкпе, өте сирек бауыр және талақта да кездесiп жүр.
Сойғаннан кейiнгi сараптауда iрi қара малдың цистицеркозын анықтау үшiн жақ және жұрек, қаңқа бұлшықеттерiн, ағзаларын тексередi. Шошқаның цистицеркозы - Cysticercus cellulose (целлюляр цистицеркi). Жыныстық жетiлген формасы - Taenia solium (шошқа таспа құрты) - адам iшегiнде тiршiлiк етедi. Шошқадан басқа, жабайы қабан, аю, түйе, ит, мысық, қоян аралық иесi бола алады, яғни цистицеркозбен ауырады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iрi қара малдiкiндей жүргiзiледi. Целлюляр цистицеркi домалақ немесе эллиппiс пiшiндi, көлемi 0,5-0,8 см жартылай бұлыңғыр көпiршiк. Көпiршiктiң iшiнде бүгiлген сколекс ақ нүкте сияқты көрiнедi. Микроскоппен 50-70 рет үлкейткенде ауыз тесiгiн (ботрия), төрт емiзiкшесiн және екi қатар орналасқан 28-32 хитиндi iлмектерiн көруге болады.

Слайд 72Шошқада әсiресе жақ, анконеус, жүрек және тiл, белдеме, мойын және жауырын

бұлшықеттерi зақымданады. Көпшiлiгiнде ұшаның алдыңғы бөлiгiнiң бұлшықеттерi зақымданады, ал артқы жағы (сан және бөксе бұлшықеттерi) аз зақымданады. Личинка мида да кездеседi. Еттi тексергенде кейде сыртынан дәнекер ұлпалы капсуламен қапталған казеозды азғындаған, әктенген цистицерктер табылады. Кейде цистицерктерге ұқсас қосындылар байқалады. Оларды кесiп, айналасындағы ұлпалардан тазалап, компрессориумның екi әйнегiнiң арасына салып қысады да трихинеллоскоппен тексередi. Азғындаған болса сколексi ыдырайды. Дегенмен етке санитариялық баға бергенде өлген цистицерктермен қатар, тiрiсi де болатынын есте ұстау қажет. Iрi қара мал, шошқа цистицеркоздарында ұша мен ағзаларға санитариялық баға. Бас пен жұректiң бұлшықеттерiн тiлгенде цистицерктер табылса, мойын, жауырын, шынтақ, жота, артқы аяқтары, диафрагма еттерiн қатарлап екi рет кеседi. Ұша және ағзаларын бағалау зақымдану дәрежесiне қарай жүргiзiледi. Егер де бас немесе жүрек бұлшықеттерiнен немесе ұша бұлшықетiнiң бiр тiлiгiнде кескен (көлемi 40 см2) жерiнен үштен артық тiрi немесе өлi личинка табылса, ұшаны, басты және iшкi ағзаларын (iшектен басқасы) техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Iшкi және терi асты майын (шпик) шыжғырады (тоңазытуға немесе тұздауға жiберуге болады).


Слайд 73Бастың жақ етiнiң кесiлген 40см2 жерiнен үштен кем тiрi немесе өлi

цистицерк табылып, ал ұша тiлiктерiнен табылмаса немесе саны үштен аспаса басы мен жүрегiн қайта өңдеуге жiбередi, ал ұшасын және басқа ағзаларын (iшектен басқасы) пiсiредi, тоңазытады немесе тұздайды.
Еттi қайнатып залалсыздандыру үшiн, оны массасы 2 кг, қалыңдығы 8 см аспайтын бөлiктерге бөлiп ашық қазанда 3 сағат, ал жабық қазанда будың артық қысымын 0,5 МПа жеткiзiп 2,5 сағат қайнатады. Егер, еттiң iшкi температурасы 800С кем болмаса, шошқа етiн кескенде, кесiндi ақшыл-сұр түстi болып, қан қалдықтары байқалмаса, кесiндiден аққан сөл түссiз болса, ет залалсызданды деп есептеледi. Ет комбинатында газды пештер болса, мұндай ет, ет нанын дайындауға жiберiледi. Сонымен қатар, ет консервiсiн дайындау талаптарына сәйкес келсе, консервi дайындауға болады. Цистицеркозбен зақымданған еттi тоңазыту арқылы залалсыздандыру төмендегi тәртiппен жүргiзiледi. Шошқа етiн, оның қалың қабатындағы температурасын –100С дейiн төмендетiп, камерадағы температураны минус 120С-қа дейiн асырмай 10 тәулiк немесе ет температурасын минус 120С-дейiн төмендетiп, температурасы минус 130С аспайтын камерада 4 тәулiк ұстайды. Сиыр етiн залалсыздандыру үшiн оның температурасын минус 120С жеткiзгеннен соң шығарады, немесе температурасы минус 60С дейiн төмендетiп, температурасы минус 90С аспайтын тоңазытқыш

Слайд 74камерасында 24 сағат ұстайды. Ет температурасы жамбас етiнiң 7-10 см қалыңдығында

анықталады. Залалсыздандырылған ет (тоңазытқан, тұздаған) фаршталған шұжық, фаршталған консервi өндiрiсiнде пайдаланылады, ал субөнiмдерiнен ливер шұжығын дайындайды. Мұндай еттi тұздау арқылы залалсыздандыру үшiн массасы 2,5 кг аспайтын бөлiктерiн, ет массасына есептеп 10% тұз, себедi, кейiннен тұзы 24% тұздық құйып 20 күн ұстайды. Залалсызданған iшкi мүшелер өндiрiстiк өңдеуге жiберiледi. Iшектерi мен терiсiн цистицеркозбен зақымдану дәрежесiне қарамастан әдеттегi өңдеуден кейiн шектеусiз шығарады.
Токсоплазмоз – Toxoplasmosis - үй хайуандарының көптеген түрлерiнде және жабайы жануарларда, сондай-ақ адамда кездесетiн протозооз ауруы. Ауру қоздырушысы - Toxoplasma gondii қарапайымдыларға жататын торша iшiнде болатын паразит.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ауруға тән өзiндiк патологиялық-анатомиялық өзгерiстерi байқалмайды. Сойыс малдарының шырышты қабықтарының сарғайғанын және бас пен мойынның лимфа түйiндерiнiң ұлғайғанын байқауға болады. Өкпесi iсiңкi және плевра астына қан құйылған, бронх пен кеуде қуысы лимфа түйiндерi ұлғайған, нығыз. Бауыр болар-болмас ұлғайған, некроз ошақтары бар және капсуласының астына қан құйылған. Көк бауыры ұлғайған, қарақошқыл түстi, қан құйылған және инфаркт болады. Бүйректерi ұлғайған, iшкi қабатында сақина және нүкте тәрiздi қан құйылған.


Слайд 75Диагнозды тиянақтау үшiн материалды (жүрек, бұлшықет) малдәрiгерлiк зертханасына, токсоплазманы табу үшiн,

гистологиялық тексерiске жiбередi. Санитариялық баға. Ауру малдың ұшасын пiсiргеннен кейiн шығарады, миы және iшкi ағзалары қайта өңдеуге жiбередi.
Саркоцистоз - Sarcocystosis тұқымына жататын қарапайым жәндiктер тудыратын клиникалық белгiсi байқалмайтын ауру. Алғашқы рет бұл паразиттi -Мишер 1843 ж тышқанның бұлшықеттерiнен тапқан, сондықтан да оны Мишер қапшасы деп атаған. Осы ауруды тудыратын қазiргi уақытта 30 шақты саркоцистiң түрлерi бар. Аурудың қоздырушысы малдың көлденең жолақ бұлшықеттерiн және дәнекер ұлпаларын мекендейдi. Ауру шошқа, iрi қара және ұсақ малдар,енеке, жылқы, түйе, бұғы, үй қояны, ақ бөкен, елiк, кенгуру, қоян, үй және жабайы құстар, ит, мысық, егеу құйрық, тышқан, сондай-ақ бауырымен жорғалайтындар және балықта кездеседi. Қазақстанның кей облыстарында қой, iрi қарада 70-100% дейiн кездеседi. Саркоцистiлер бұлшықет талшығында ұзындығы 0,4-4 мм және енi 0,3-3мм ақшыл немесе ақшыл-сары түйiршiк сияқты болып орналасады. Малдың түрiне қарай паразит жиi мекендейтiн жерi болады. Iрi қара малда оларды жиi өңештiң қабырғасынан және оған жақын орналасқан дәнекер ұлпалар, диафрагма, қабырға аралық бұлшық ет, тiл, жүрек, ал сиректеу басқа жердегi бұлшық еттерден табады.


Слайд 76Шошқа саркоцистi диафрагма, қабырға аралық, сондай-ақ сауыр және жота бұлшық еттерiнен

табылады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Паразиттiң жиi орналасатын жерiндегi бұлшықеттерiн және өңеш, жұтқыншақ, тiлдi тексередi. Бұлшық еттерi күштi зақымданғанда және саркоцистiге тас байланғанда ұшада склерофициралық миозиттiң белгiсi байқалады. Шошқаның бұлшықетiндегi саркоцистiң микроскопиялық формасын, еттi трихинеллезге тексергенде байқауға болады. Саркоциста мен трихинелланы ажырату балауы трихинеллездi жазғанда айтылған.
Санитариялық баға. Бұлшық еттерiнен саркоцист табылғанымен, оларда азғындау өзгерiсi болмаса ұшаны шектеусiз шығарады. Бұлшық еттерiнiң түсi және консистенциясы айтарлықтай өзгерген ұшаны техникалық өңдеуге жiбередi. Майды, iшектi шектеусiз пайдаланады.
Лингватулез - Linquatulosis. Аурудың қоздырушысы өрмекшi тәрiздi паразит Linquatula serzata ит, қасқыр және кейде адамның кеңсiрiк қуысын мекендейдi. Ауру iрi қара мал, сиректеу қой мен ешкiде кездеседi. Лингватулалар балаң құрты залалданған малдың өкпесiнде, бауырында және лимфа түйiндерiнде болады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Шөпкоректi жануарлардың шажырқай лимфа түйiндерi, бауыр және өкпесiнен жас, қозғалатын ақ түстi, домалақ немесе ұзынша келген, сыртында дәнекер ұлпалы қабығы бар паразит табылады.

Слайд 77Санитариялық баға. Ұшасы және зақымдалмаған ағзалары шектеусiз шығарылады. Ағзаларының зақымдалған жерлерiн

және шажырқай лимфа тұйiндерiн техникалық өңдеуге жiбередi.
Спаргоноз. Үй және жабайы шошқа, ет қоректілер, құс, бауырымен жерғалаушылар, амфибиялар және адамның Spirometra erinacel europaci цестодының балаңқұрты тудыратын ауруы.
Құрттың ақырғы иелері ет қоректілер –қасқыр, түлкі, қарсақ, ит, мысық т.б. Жыныстық жетілген гельминт бұл жануарлардың ішегін мекендеп, сыртқы ортағы жұмыртқа шығарады.
Аралық иелері - әр түрлі циклоптар денесінде процеркейд өседі. Ал гелминттің залалды балаңқұрты плероцерконд немесе спарганум қосымша аралық иелері амфибиялардың (қос мекенділер), бауырымен жорғалаушылар, сүт қоректі жануарлардың адамның ішкі ағзаларында, дене қуыстарында, тері асты клетчаткасында өсіп-өнеді. Ақтық иелеріне түскен плероцеркоид 11-14 күн ішінде жетілген гельминтке ауысады. Адам зақымданған қос мекенділер мекендеген суды пайдаланғанда немесе плероцеркоидпен (ет, ағзалар) жұқтырады.
Аурудың клиникалық белгілері инвазияның интенсивтілігі мен зақымды орнына байланысты инвазиямен зақымдану жоғары болмаса ауру клиникалық көрініссіз өтеді. Ауру күшті болғанда-шошқаның өсуі тежеледі, ішек-қарын жұмысы бұзылады және арықтайды.
Сойғаннан кейін тері асты клетчаткасын, май, ұлпасын, ішкі ағзаларын, құрсақ, кеуде қуыстарын мұқият плероцеркоидқа тексереді.
Санитариялық баға. Егер тері асты клетчаткасында етте, ішкі ағзаларда не болмаса басқа жерлерінде аздаған плерцеркоидтар (1-3) табылса және құрт жолы (свищевый ход) болмаса тазартылғаннан кейін ұша өндірістік өңдеуге жіберіледі, ал зақымданған ағзаны утильдейді, зақымданбағанын - қайнатып залалсыздандырады.
Егер плероцеркоидтар етте, ішкі ағзаларда, тері асты клетчаткасында 4 тен көп болса ұша мен ағзалар утильге жіберіледі.

Слайд 78Спаргоноз. Үй және жабайы шошқа, ет қоректілер, құс, бауырымен жорғалаушылар, амфибиялар

және адамның Spirometra erinacel europaci цестодының балаңқұрты тудыратын ауруы.
Құрттың ақырғы иелері ет қоректілер –қасқыр, түлкі, қарсақ, ит, мысық т.б. Жыныстық жетілген гельминт бұл жануарлардың ішегін мекендеп, сыртқы ортағы жұмыртқа шығарады.
Аралық иелері - әр түрлі циклоптар денесінде процеркейд өседі. Ал гельминттің залалды балаңқұрты плероцерконд немесе спарганум қосымша аралық иелері амфибиялардың (қос мекенділер), бауырымен жорғалаушылар, сүт қоректі жануарлардың, адамның ішкі ағзаларында, дене қуыстарында, тері асты клетчаткасында өсіп-өнеді. Ақтың иелеріне түскен плероцеркоид 11-14 күн ішінде жетілген гельминтке ауысады. Адам зақымданған қос мекенділер мекендеген суды пайдаланғанда немесе плероцеркоидпен (ет, ағзалар) жұқтырады.
Аурудың клиникалық белгілері инвазияның интенсивтілігі мен зақымды орнына байланысты инвазиямен зақымдану жоғары болмаса ауру клиникалық көрініссіз өтеді. Ауру күшті болғанда-шошқаның өсуі тежеледі, ішек-қарын жұмысы бұзылады және арықтайды.Сойғаннан кейін тері асты клетчаткасын, май, ұлпасын, ішкі ағзаларын, құрсақ, кеуде қуыстарын мұқият плероцеркоидқа тексереді.

Слайд 79Санитариялық баға. Егер тері асты клетчаткасында етте, ішкі ағзаларда не болмаса

басқа жерлерінде аздаған плерцеркоидтар (1-3) табылса және құрт жолы (свищевый ход) болмаса тазартылғаннан кейін ұша өндірістік өңдеуге жіберіледі, ал зақымданған ағзаны утильдейді, зақымданбағанын - қайнатып залалсыздандырады.
Егер плероцеркоидтар етте, ішкі ағзаларда, тері асты клетчаткасында 4 тен көп болса ұша мен ағзалар утильге жіберіледі.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика