ҰлпАның қабынбалы аурулары презентация

Содержание

Тістің ең маңызды жұмсақ тісндерінің бірі – тіс ұлпасы (пульпа зуба – pulpa dentis). Тіс ұлпасы – дәнекер тінде құрылым тісі қуысында орналасады және екі бөліктен тұрады. Тістің сауыт қуысында жатқан

Слайд 1Орындаған: студент Жұмаханов С.М.
Факультет: Стоматология
Топ: 008 – 005 – 1
ҰЛПАНЫҢ ҚАБЫНБАЛЫ

АУРУЛАРЫ

Слайд 2Тістің ең маңызды жұмсақ тісндерінің бірі – тіс ұлпасы (пульпа зуба

– pulpa dentis). Тіс ұлпасы – дәнекер тінде құрылым тісі қуысында орналасады және екі бөліктен тұрады. Тістің сауыт қуысында жатқан бөлігі сауыт ұлпасы (коронковая пульпа – pulpae coronare), ал түбір өзектерінде жатқан бөлігі түбір ұлпасы (корневая пульпа – pulpae radicis dentis) деп аталады. Біртүбірлі тістерде сауыт ұлпасы анық шекарасыз түбір ұлпасына ауысады, ал көптүбірлі тістерде сауыт және түбір ұлпасының арасында анық шекара – түбір өзектерінің ауызы болып табылады.
Тістің түбірі ұшында орналасқан тесік (түбір ұшы тесігі – верхушечное отверстие) ұлпа мен периодонттың шекарасы болып саналады.

ҰЛПА


Слайд 4Тіс ұлпасы негізгі немесе клеткааралық заттан (основное вещество), клеткалық және талшықты

элементтерден тұратын қан тамырлары мен нервтерге бай борпылдақ дәнекер тінге жатады.
Көптеген зерттеушілер (Файлин Л.И., 1953, Зихерман С.З. 1966) клеткалық құрылымдарының ерекшеліктеріне қарай ұлпада 3 клеткалық қабатты ажыратады: шеткейлік (периферический) немесе одонтобласттық (одонтобластический), одонтобластасты (пододонтобластический) немесе аралық (промежуточный), орталық (центральный).
Шеткейлік қабат арнаулы клеткалардың – одонтобластардың 2-4 қабат құра орналасуы нәтижесінде құрылған. Шағын аймақтың өзінде орналасқан клеткалардың құрылымдары әртүрлі, әлі жете дамыған клеткалармен қатар толық жетілген клеткалар да кездеседі.
Одонтобластар – полярлы құрылымды клеткалар, денеден және екі өсіндіден тұрады (орталық және шеткейлік).
Шеткейлік өсінділері предентин мен дентинде (дентин өзекшелерінде) кіреуке – дентин шекарасына жете, кейде кіреукеге қабатына өтіп барып аяқталады. Орталық өсінділері (1-2) ұлпада орналасады. Жетілген одонтобластардың пішіні цилиндрге ұқсас, адамның ұлпасы ұлғайған сайын пішіні алмұртқа ұқсай бастайды. Одонтобластар қалыпты дентин қабатын сақтауда және екіншілік дентин құруда үлкен рөл атқарады.
Одонтобластарасты қабаты жұлдызға ұқсас пульпоциттерден тұрады. Олар көптеген өсінділерге бай. Бұл клеткалар бір – бірімен және жоғарғы қабаттағы одонтобластармен десмосомдар арқылы бірігеді. Қажет кезінде одонтобластарға айналады.
Орталық қабатта фибробластар, гистиоциттер, плазматикалық клеткалар, лимфоциттер және моноциттер орналасқан және жинақталған атаумен «пульпоциттер» деп аталады.

Ұлпаның гистологиялық құрылысы


Слайд 5Жоғарғы жақ тістерінің ұлпасы қанды әрбір тіске келетін тіс артериясы (зубная

артерия) арқылы a. infraorbitalis және a.a.alveolaris superior et posterioris-дан, ал төменгі жақ тістерінің ұлпасы a.alveolaris inferior-дан алады.
Басты-басты деген қантамырлары (бір артерия, оған ерген екі көктамыр (вена) периоднттан өтіп тістің түбірұшы тесігі арқылы тіс түбіріндегі ұлпаға енеді. Олар ұсақ тамырларға тарамдалып, ұлпаның қантамырлар торын құрайды. Олар ұлпаны қанмен қамтудың негізгі көздері бола тұрса да, түбір ұшындағы өзен ажырауына ұқсас көптеген өзек тармақтары арқылы қосымша артериялар мен веналар енеді және қанмен қамтамасыз етудің қосымша көзі болып саналады. Е.И.Гавриловтың (1969) ұйғаруы бойынша ұлпаның артериялар жабық аяқталатын артериялар (артерии концевого типа) болып табылады, сауыт ұлпасы мен түбір ұлпасы артериялары бір-бірлерімен және периодонт қантамырларымен анастомоз жасайды.


Ұлпаның қанмен қамтылуы


Слайд 6Ұлпа тінінің қоректік заттармен қамтылуы ұсақ қылтамырлар (капиллярлар) деңгейінде жүреді және

ұлпада капиллярлық екі өрім орын алады: біреу одонтобластар қабатына қатар орналасады да одонтобластарасты өрімі, ал екіншісі ұлпаның орталық аймағында орналасады. Ұлпа капиллярларының диаметрі 0,1-3 мкм.

Слайд 7Түбірұшы тесігі арқылы қантамырлармен қатар жоғарғы және төменгі жақ нервтерінің тармақтары

түбір ұлпасының құрамына енеді. Олар алдымен тіске алдыңғы, артқы таңдай, ұрт және тіл жақтарынан жақындап, периодонтқа өтеді, содан кейін миелин текті бірнеше талшықтар қантамырларымен қатар ұлпаға енеді.
Сауыт ұлпасына жақындай келе нерв талшықтарының диаметрі кішірейе түседі, бағыттары тангенциалды бола бастап, предентинге жақындағанда желпуішке ұқсап тарай бастайды. Біртіндеп сауыт ұлпасында миелинді қабықтары жойылады да, миелинсіз талшықтар мен нерв ұштары орын алады. Нерв талшықтары екі өрім құрайды және бұтаға, колбаға (құтыға), тоғаға ұқсаған нерв ұштарымен аяқталады.

Ұлпаның нервтенуі

Ұлпаның лимфалық тамырлар жүйесі де жақсы дамыған.ұлпаның орындайтын қызметтері әртүрлі, олардың ішіндегі ең маңыздылары – трофикалық, пластикалық және қорғаныс немесебарьерлік функциялары. Бұл функциялар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтырады.


Слайд 8Ұлпада қан тамырлар мен лимфалық тамырлар жүйесі жақсы дамыған. Оның негізгі

заты арқылы клеткалық құрылымдарға қаннан – қоректік заттар келеді, ал зат алмасуынан пайда болған керексіз заттар кері көктамырлар жүйесіне түседі. Осы уақытқа дейін мәлім ақиқат – тістің қатты тіндерінде қантамырларының болмауы. Осыған байланысты тіс дентині ұлпадан келетін қоректік заттармен одонтобластар өсіндісі арқылы қоректенеді. Макроэлементтер (кальций және фосфор) кіреукеге ұлпадан да және сілекейден де келеді. Қоректенудің үшінші жолы – тіс тіндеріне қоректік зат периодонт арқылы келуі.

Трофикалық қызметі


Слайд 9Бұл қызмет ұлпада ретикулоэндотелиалдық жүйе клеткаларының көмегімен орындалады. Олардың ішінде ең

негізгілері – гистиоциттер, патологиялық үрдіс кезінде олар жылжымалы макрофагтарға айналып, фагоциттер қызметін атқарады. Ал плазмоциттер антидене құру арқылы қорғаныс қызметін атқарады. Фагоцитоздау және клеткаіштік қорыту қызметін нейтрофильді гранулоциттер де орындайды.

Қорғаныс немесе барьерлік (кедергілік) қызметі.


Слайд 10Пластикалық немесе құру қызметі қорғаныс қызметімен үйлесе орындалады. Пластикалық қызметі тістің

қалыптасуынан басталып, адам өмірінің соңына дейін жалғасады. Тіс тіндерінің даму барысында біріншілік дентин құрылады, тіс шыққаннан кейін бұл үрдіс тоқтамай, екіншілік дентиннің (орнынбасушы дентиннің) құрылумен жалғасады.
Екіншілік дентиннің құрылуы (дентиннің ұлпа жақ бетінде құрылады) біртіндеп тіс қуысының тарылуына, ал кейде бітіп қалуына да әкеп соғады. Үшіншілік немесе иррегулярлы дентин патологиялық тітіркендіргіштер әсерінен құрылады.
Дентин өзекшелерінің тарылуын және үшіншілік дентиннің құрылуын ұлпаны инфекция түсуден және сыртқы әсерлерден қорғайтын тосқауыл деп санауға болады.

Пластикалық қызметі


Слайд 11Ұлпа қабынуы (пульпит - pulpitis) ұлпа тінінің әр-түрлі тітіркендіргіштерге берген жауабы.

Қабыну үрдісінің дамуы және оның қарқындылығы организмнің жалпы қорғаныс факторларының, оның ішінде ұлпаның өзінің жеке қорғаныс факторларына әсер етуші ықпалдың күшіне және әсер етуінің ұзақтығына байланысты. Бұл факторлар қабынудың ағым жылдамдығына да әсерін тигізеді. Зат алмасу үрдісі екпінді жүретін және қорғаныс қасиеттері жоғары жас организмде ұлпадағы қабыну үрдісі жедел ағымды, ал әртүрлі аурулар әсерінен қорғаныс қасиеттері өзгерген организмде созылмалы ағымды болады. Ұлпаның қорғаныс қасиеті көп факторларға тәуелді. Олар: адамның жасы, тұқым қуалаушылық (тегіне тартушылық), тамақтанудың қандылығы, басынан кешірген және бойдағы аурулар, гормондық белсенділік, сенсибилизациялану, пародонттың жағдайы, тісжегінің қарқындылығы, тістердің шайнау қызметі және т.б.

Ұлпада дамитын қабыну үрдістері


Слайд 13Ұлпа қабынуының әртүрлі клиникалық белгілерін белгілі бір жүйеге келтіру көптеген ғалымдарды

ынталандырған және көбіне олар клиникалық, морфологиялық (патологоанатомиялық) белгілеріне негізделген немесе оларды бірге негізге ала отырып жасалған жүйелер ұсынған.
Ұлпа қабынуының алғашқы жүйесін 1886 жылы Аркеви ұсынған. Бұл жүйе ұлпадағы патологоанатомиялық өзгерістерге және ауыру сезіміне негізделген және ұлпаның жедел-созылмалы қабынуларының 12 түрін қамтыған болатын. Автор ұлпа қабынуларының әр түрі бір-біріне ауыспайды, әрқайсысы тәуелсіз дамитын үрдіс деп санады. Аркеви жүйесі өте күрделі болғандықтан тәжрибелік қолдану тапқан жоқ.
Абрикосов А.И. (1914) ұсынған жүйе де ұлпа қабынуының патологоанатомиялық өзгерістеріне негізделген.


Ұлпа қабынуының жүйесі


Слайд 14Могильницкий Б.Н. және Евдокимов А.И. (1925) ұлпадағы өзгерістерді 4 топқа бөлді:
Қантамырлық

өзгерістер (қан құйылу, гиперемиялану);
Қабыну: а) жалқықты (ұлпаның беткей қабынуы, сарысулы жартылай қабынуы, толық іріңді қабынуы); б) пролиферативті (ұлпаның фиброзды қабынуы, ұлпаның гранулематозды қабынуы);
Регрессивті үрдістер (ұлпаның отрофиялануы, некроздануы, шіруі, зат алмасуының өзгеруі, конкрементоз);
Прогрессивті үрдістер (дентиклдер).
Бұл жүйе де өзінің күрделілігі нәтижесінде аса көп қолданыс тапқан жоқ. Мысалы, тек клиникалық белгілеріне сүйене отырып ұлпаның гиперемиялануы, сарысулы қабынуы, атрофиялануы деген диагноз қою қиынға түседі. Бұл өзгерістерді тек патологоанатомиялық зерттеулердің көмегімен ғана анықтауға болады.


Слайд 15Аурудың клиникалық белгілеріне, жайылу ерекшеліктеріне сүйене отырып жасалған клинико-анатомиялық жүйені Гофунг

Е.М. (1927) ұсынған. Бұл жүйе төмегідей:
Ұлпаның жедел қабынуы: а) жартылай жедел қабынуы; б) толық жедел қабынуы; в) толық іріңдей қабынуы;
Ұлпаның созылмалы қабынуы: а) ұлпаның жәй қабынуы; б) гипертрофияланып (өсе) қабынуы; в) гангренозды (шіри) қабынуы.
Гофунг ұсынған жүйенің бір кемшілігі – ұлпаның іріңді қабынуы өте жиі кездеседі және қабыну үрдісінің алғашқы кезеңінде орын алады, өйткені сарысулы жалқық тез арада іріңді жалқыққа айналады.


Слайд 16Ұлпаның жоғары дәрежелі реактивтілігін және қабыну уақытының емдеу әдістерін таңдау үшін

зор маңыздылығын ескере отырып Школяр Т.Т. (1967) өз жүйесін ұсынды:
ұлпаның бастапқы жедел қабынуы;
ұлпаның жедел (іріңді) кешірек анықталған қабынуы;
ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы;
ұлпаның созылмалы жаралы қабынуы;
ұлпаның созылмалы гранулемаланып қабынуы;
түбір ұлпасының созылмалы қабынуы (басқа авторлар бойынша ұлпаның шіри қабынуы);
ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі. Сонымен қатар ұлпа қабынуының басқа түрлерін де ажыратады: гематогендік, ретроградтық, конкрементті, жарақаттан т.б. қабынулары.


Слайд 17Сонымен қатар Ресейдің Орталық ғылыми зерттеу стоматология институты (ЦНИИС) да төменгі

жүйені ұсынды:
1) ұлпаның жедел ошақты сарысулы қабынуы (острый серозный очаговый пульпит);
2) ұлпаның жедел ошақты сарысулы-іріңді қабынуы (острый серозно-гнойный очаговый пульпит);
3) ұлпаның жайыла жедел іріңді қабынуы (острый гнойный диффузный пульпит);
4) ұлпаның созылмалы жәй қабынуы (хронический простой пульпит);
5) ұлпаның созылмалы гранулемалы қабынуы (хронический гранулематозный пульпит);
6) ұлпаның созылмалы шіри қабынуы (хронический гангренозный пульпит);
7) ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі (обострение хронического пульпита).


Слайд 18Ұлпа қабынуының Платонов Е.Е. (1968) ұсынған жүйесі:
ұлпаның жедел қабынуы:
а) ошақты;


б) диффузды (жайыла);
ұлпаның созылмалы қабынуы:
а) фиброзды;
б) гангренозды (шіри);
в) гипертрофияланып (өсе) қабынуы;
г) ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі.

Қазіргі кезде Семашко Н.А. атындағы Мәскеудің мемлекеттік медициналық стоматология университететінде (ММГСУ) осы жүйені ұстанады және оған тағы бір нозологиялық атау енгізілген: ұлпаны жартылай және толық алғаннан кейінгі жағдай.


Слайд 19Бұл жүйелердің қатарына ДДҰ (ВОЗ, 1975) ұсынған жүйені де келтірген дұрыс

болар:
ұлпаның қабынуы: жедел, созылмалы (гипертрофияланып, жаралы, іріңді);
ұлпаның некроздануы – ұлпаның шіруі (гангрена пульпы).
ұлпаның қайта жаңаруы (перерождение пульпы) – дентиклдер, ұлпаның кальцификациялануы;
ұлпада қатты тіннің ауытқыған құрылымдары.


Слайд 20Қазақтың Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасында Гофунг және Школяр жүйелері

негізінде құрылған жаңа жүйе қолдау тапты. Ол төмендегідей:
ұлпаның жедел қабынуы (острый);
ұлпаның жартылай жедел қабынуы,
ұлпаның толық жедел қабынуы;
ұлпаның жедел іріңді қабынуы;
Ұлпаның созылмалы қабынуы:
ұлпаның созылмалы жәй қабынуы;
ұлпаның созылмалы өсе қабынуы;
ұлпаның созылмалы шіри қабынуы;
ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі
ұлпаның гематогендік қабынуы;
ұлпаның ретроградты қабынуы;
ұлпаның конкрементті қабынуы;
ұлпаның жарақаттан қабынуы;


Слайд 21Ұлпаның қабынуы тісжегінің асқынған түріне жатады және стоматологиялық ауруларды емдеумен айналысатын

дәрігердің тәжрибесінде жиі кездеседі. Стоматологиялық көмек алуға келген науқастар арасында ұлпа қабынуымен келгендер 14-20% құраса, әрбір аймақтарда тісжегінің таралу көрсеткіші әртүрлі болғандықтан, оның асқынуы болып табылатын ұлпа қабынуының үлесі де әртүрлі болуы мүмкін.
Тіс ұлпасын тісжегі ошағында құрылатын зиянды агенттердің (дентиннің ыдырауы әсерінен туындаған заттар микроорганизмдердің уыттары) периодонтқа өтетін жолындағы физиологиялық тасқауыл (барьер) немесе қақпа деп түсінуге болады. Ал ондағы қабыну үрдістері біртұтас организмге әсер ететін одонтогендік инфекцияның көзі болып табылады. Ұлпадағы патологиялық өзгерістердің мәнін түсіну үшін оның гистологиялық құрамы мен физиологиялық ерекшеліктерін жақсы білу керек.

Ұлпаның қабынуы


Слайд 23Ұлпадағы қабыну үрдістері көбінесе тісжегі қуысы арқылы ықпал ететін әртүрлі тітіркендіргіштердің

әсерінен дамиды. Оларды ішінде ең бірінші орында микроорганизмдер мен олардың уыттары, дентиндегі органикалық заттың ыдырауынан пайда болған зиянды заттар.
Микроорганизмдер ұлпаға тісжегі қуысынан көбіне дентин өзекшелері арқылы өтеді. Сонымен қатар қан және лимфа тамырлары арқылы да (жедел жұқпалы аурулар, сепсис кезінде) өтуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ретроградты жолмен немесе кері жолмен (пародонталдық қалталар аймағында түбір бетіндегі цементтің ыдырауы кезінде ашылған дентин өзекшелері арқылы, ал қалталар тереңдеген кезде өзек тармақтарының немесе түбір ұшы тесіктері арқылы) де түсуі мүмкін.
Көптеген ғалымдардың ұйғаруынша, ұлпа қабынуын туындатушылар – гемолиздеуші және гемолиздемеуші стрептококктар болып саналады. Дегенмен де қабыну кезінде ұлпада диплококтар, стафилококтар, грамон таяқшалар, лактобациллалар, саңырауқұлақтар да анықталған.

Ұлпа қабынуының себептері (этиология пульпита)


Слайд 24Ұлпа қабынуы кезінде В.П.Бережной (1985) 19 түрлі микроорганизмдерді анықтаған. Олар: стафилококктар

(алтынға ұқсас, ақ, сары), стрептококтар (гемолиздеуші, жасылданатын, гемолиздемеуші), ішек таяқшасы, тетракоктар, Candida типті саңырауқұлақтар, микрококтар, стрептобациллалар, сарциналар, актиномицеттер, дифтероидтар, көкшілірінді таяқшалар, диплобациллалар, диплококтар.


Слайд 25Тітіркендіруші факторларға химиялық әсерлерді (әртүрлі тамақтар құрамындағы заттар, олардың қалдықтарының тісжегі

қуысында ыдырауынан пайда болған қышқылдар, пломбылық материалдардың құрамындағы зиянды ингредиенттер), механикалық және температуралық әсерлерді жатқызуға болады.
Механикалық және температуралық әсерлердің қатарына тісжегі қуысына түскен қатты тағам түйірлерін, қабылдаған астың жоғарғы және төменгі температурасын атауға болады. Сонымен қатар тісжегі қуысын егеп-тазалағанда, тісті жасанды сауыт кигізуге дайындағанда емдеу шараларын дұрыс жүргізбеу ұлпаның әртүрлі зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Ұлпаға әсерін тигізетін тағы да бір химиялық факторлар – асқынбаған тісжегіні емдеген кезде тісжегі қуысын ұлпаны қатты тітіркендіретін дәрілермен (спирт, эфир, жоғары концентрациялы антисептиктер) өңдеу.
Біраз ғалымдар ұлпа қабынуының дамуында аллергиялық факторлардың (дәрілердің, микробтық аллергендердің) рөлін де атап көрсетеді. Сонымен қатар ұлпада әртүрлі жағдайларда пайда болатын жаңа құрылымдар (дентиклдер мен петрификаттар) тіс қуысында біртіндеп қалыптасып, нерв ұштарын тітіркендіріп, қан тамырларына қысым түсіре отырып, қан айналысын нашарлатып, дистрофиялық өзгерістер туындатуы да мүмкін. Бірақ мұндай өзгерістерді тек таза қабыну үрдісіне жатқызуға болмайды.


Слайд 26Ұлпа қабынулары кезінде басқа ағзалар қабынуы кезіндегідей белгілер: ісіну (припухлость), домбығу

(отек), ауыру сезімі (боль), қызару (краснота, гиперемия), қызметінің бұзылуы (нарушение функции) байқалады.
Ұлпаның жедел қабынулары кезінде ауыру сезімі өз бетімен ешбір себепсіз дамиды (самопроизвольная боль). Ауыру сезімі қабыну кезіндегі қан тамырларының кеңеюі, қанның ұлпадан кері ағуының қиындауы, жалқықтың жиналып, ұлпаға қысымның артуы, ыдыраған тіндерден бөлінген уытты заттардың нерв ұштарын тітіркендіріуі әсерінен туындауы мүмкін.
Ұлпа қабынуының алғашқы сатысында ауыру сезімі азғана уақытқа созылады, ал ауыруаралық уақыт (межболевой период) барынша ұзақ болады. Қабыну үрдісінің біртіндеп жайылуына байланысты ауыру уақыты ұзарып, ауыруаралық уақыт тарыла бастайды.
Ұлпа қабынуының тағы бір ерекшелік белгісі – ауыру сезімінің түн кезінде көбірек мазалауы.
Түн кезінде адам көбінесе тік жүрмей, жататын болғандықтан, кейбір авторлар ауыру сезімінің күшеюін ұлпаға қанның көбірек келуімен байланыстырады. Ал енді басқа авторлар мұны ми қыртысының түнде және күндіз әртүрлі жағдайда болуымен, түн кезінде парасимпатикалық нерв жүйесінің (кезеген нервтің – n. vagus ) қызметі симпатикалық нерв жүйесінің қызметінен басым болатындығымен байланыстырады.

Ұлпаның қабынуының клиникасы


Слайд 27Платонов Е.Е. (1968) ұлпаның қабынуы кезінде түнде ауыру сезімінің күшеюін түн

кезінде қан айналымының баялауы нәтижесінде пайдаланылған қанның ұлпадан кері қайтуының тежеліп, зат алмасуынан шыққан зиянды заттардың жиналуымен түсіндіреді.
Ұлпа қабынуына тән тағы бір клиникалық белгі – ауыру сезімінің әртүрлі тітіркендіргіш әсерлерден (механикалық, температуралық, химиялық) туындауы немесе күшеюі және әсер тоқтағаннан кейін де біраз уақытқа созылуы.
Ұлпа қабынуы кезінде ауыру сезімі өте әлсіз тітіркендіргіштер әсерінен де дамиды. Егер қалыпты ұлпа 50-60º температураны жылы, ал 15-20º температураны суық ретінде қабылдаса, қабынған ұлпа аздаған температуралық ауытқуларға жауап береді және 28-30º температурадағы сумен әсер еткенде ауыру сезімі пайда болады.


Слайд 28Тісі сырқат адам өз бетімен мазалайтын ауыру сезіміне және біраз уақытқа

(10-20 минөт) созылып барып басылатынына шағымданады. Ауыруаралық уақыт ұзаққа созылады (2-3 сағатқа), кейде тіс түн кезінде ғана мазалап, күндіз тек әртүрлі ықпалдардың әсер етуінен ауыруы мүмкін. Бірақ ықпалдың әсері тоқтаған кезде де ауыру сезімі біраздан кейін саябырлайды. Ауыру сезімі көбіне жан-жаққа таралмайды, тек сырқат тіспен шектеледі.
Қарап тексергенде, сырқат тісте терең тісжегі қуысы анықталады, ішінде астың қалдықтары мен жұмсарған дентин сақталған. Қуыс табанын сүңгілеп байқағанда бір немесе екі нүктеде ауыру сезімі байқалады (қабыну ошағы орналасқан ұлпа мүйізшелері тұсында).

Ұлпаның жартылай жедел қабынуы (острый частичный пульпит – pulpitis acuta partialis).


Слайд 29Егер жұмсарған дентин қабаты өте қалың болса, ауыру сезімі болмауы да

мүмкін. Ауыру сезімін алу үшін қуыс табанын қатты сүңгілеп, ұлпа мүйізшесін ашып алмау үшін, алдын-ала қуысты жұмсарған дентиннен мүмкіндігінше аршығышпен (экскаватормен) тазартқан жөн (өте-мөте табан аймағын). Қағып тексергенде тіс ауырмайды. Егер тіс сырқат адам дәрігерге ауыруаралық уақытында келген болса, суық немесе ыстық сумен әсер еткенде, қуысқа қыздырылған гуттаперча салса, қатты ауыру сезімі пайда болады және біраз уақытқа созылады. Тістің электрқозғыштығы – 20-30 мка және әртүрлі көрсеткіш алуға болады (қабыну ошағында төмендеуі, ал басқа аймақтарында қалыпты көрсеткіш сақтауы мүмкін).
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы 1-2 тәулікке созылуы мүмкін (организмнің және ұлпа тінінің реактивтілігіне байланысты) және біртіндеп ұлпаның толық жедел қабынуына ауысады.
Ұлпаның жартылай жедел қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның толық жедел және созылмалы қабынуынан ажыратады немесе сараптамалық нақтамасын осы аталған аурулармен жүргізеді. Сараптамалы нақтама жүргізу үшін олардың ұқсас белгілерін салыстыра отырып, ерекшелік белгілеріне жете мән береді.


Слайд 30Қабынудың бұл түрі уақытында емделмеген ұлпаның жедел жартылай қабынуынан дамиды (аурудың

анамнезін анықтаған кезде ескерген жөн).
Тісінің ұлпа қабынуы бар сырқат адам ауық-ауық жиі қозатын және ұзаққа созылатын (2-3 сағатқа) ауыру сезіміне шағымданады. Ауыруаралық уақыт (межболевой период) немесе интермиссиялық уақыт аса ұзақ емес 30-40 минөттен аспайды. Түн кезінде пайда болған ауыру сезімі ұзаққа созылып тісі сырқат адамның ұйқысын қашырайды.
Тітіркендіргіш ықпалдар ауыру сезімін қайта қоздырады немесе күшейте түседі. Ауыру сезімі сырқат тіс аймағымен шектелмей, үштік нерв тармақтарының бойымен таралады. Жоғарғы жақ тістерінің ұлпасы қабынған кезде ауыру сезімі шықшытқа, самайға, көз, бет, мұрын аймақтарына, Гаймор қуысына, қарама-қарсы жақ және төменгі жақ тістеріне беріледі.

Ұлпаның толық жедел қабынуы (острый общий пульпит – pulpitis acuta totalis).


Слайд 31Кейде тісі сырқат адам өз бетімен ауырмайтын, тек тісжегі қуысы бар

қарама-қарсы жақ тісін көрсетіп, тәжрибесі аз дәрігерді қателестіруі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда дәрігер-стоматолог өз мүмкіндігін, білімін барынша тиімді пайдалағаны жөн.
Төменгі жақ тістерінің ұлпа қабынуы кезінде ауыру сезімі шүйдеге, мойынға, құлаққа, төменгі жақасты, иекасты аймақтарына, жоғарғы жақ және қарама-қарсы жақ тістеріне (алдыңғы тістердің ұлпасы қабынған кезде) беріледі. Науқастың жалпы жағдайы, жұмыс қабілеті төмендейді, көңіл-күйі нашарлайды. Бұдан бір-екі бұрын тісінің өз бетімен аз уақыт қана ауырып, ұзақ уақыт мазаламағандықтан, дәрігерге келмегенін айтады.
Қарап тексергенде сырқат тісте терең тісжегі қуысы анықталады, сүңгілеп тексергенде қуыстың табанының барлық аймағында ауыру сезімі байқалады. Суық сумен әсер еткен кезде тіс қақсап ұзақ ауырады. Қағып тексергенде аздаған ауыру сезімін анықтауға болады (сау тіспен салыстыра қағып тексергенде). Тістің элекрқозғыштығы төмендеген 30-40 мка дейін, кейде одан да төмен болуы ықтимал.


Слайд 32Ұлпа қабынуының бұл түрін басқа аурулардан ажырата білу керек (салыстырмалы нақтама

жүргізу керек). Ол аурулар: ұлпаның жартылай жедел қабынуы, ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі, периодонттың жедел қабынуы, үштік нерв невралгиясы, Гаймор қуысының жедел қабынуы немесе тіс ұясының (альвеоласының) қабынуы.
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы кезінде ауыру сезімі сирек туындайды және ұзаққа созылмайды, сырқат тіс аймағымен ғана шектеледі.
Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі кезінде аурудың анамнезіне мән беру керек: тісінің бұдан бұрын әртүрлі тітіркендіргіштерден ұзақ ауырғаны, қарап және сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы мен сауыт қуысы арасында байланыстың болуы және ауыру сезімінің пайда болуы аталмыш ауруға тән белгілер екендігі еш күмән туғызбайды.
Периодонттың жедел қабынуы кезінде тістің ауруы әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен күшеймейді және электрқозғыштығы төмендейді (көрсеткіш 100 мка жоғары болады).

Слайд 33Үштік нерв невралгиясы кезінде түнде ауыру сезімі мазаламайды, тістің электрқозғыштығы өзгермейді.

Бет аймағындағы үштік нерв тармақтары нервтендіретін белдеулерге (курковые зоны – серіппелі белдеулер) тиіп кетсе (жуынған, тіс тазаланған кезде, кейде жамылған көрпе тиіп кетсе), ауыру сезімі қатты-қозып, жан-жаққа таралады. Мимикалық еттер жиырылған кезде де (күлген кезде) ауыру сезімі туындауы мүмкін.
Гаймор қуысының жедел қабынуы және созылмалы қабынуларының өршуі кезінде дене қызуы көтеріліп, бас қатты ауырып, қуыс жақтағы бет аймағында, ауырлық сезіну (ощущение тяжести), жақын орналасқан тістер ауырғандай сезім мазалауы мүмкін. Гаймор қуысы қабынған жақтағы мұрын бөлігімен демалу қиындайды және одан сарысулы немесе іріңді жалқық бөлінуі мүмкін. Рентгендік суретте қабыну үрдісі бар Гаймор қуысында қара көлеңкелену белгісі орын алады.
Тіс альвеоласының қабынуы диагнозы аурудың анамнезін анықтау арқылы (тісі жұлынғалы аз уақыт болған), тіс ұясында ұйыған қанның болмауы, қабырғаларының сұр-қоңыр түсті өліетті жұқа қақпен жабылуы, төңірегіндегі жұмсақ тіндерде қабыну белгілерінің байқалуы сияқты негіздерге сүйене отырылып қойылады.


Слайд 34Бұл – ұлпаның қабынуының клиникалық әдістермен сирек анықталатын түрі. Себебі, стоматологиялық

көмек көрсету қиын алыстағы ауылды мекен тұрғындары болмаса, стоматологиялық немесе тіс емдеу кабинеттері бар елді мекендерде тұратын адамдар тістері қатты ауыра бастасымен-ақ қатты ауыруға шыдамай, дәрігерге келуге тырысады. Осыған байланысты ұлпа қабынуы кезінде пайда болған сарысулы жалқық іріңді жалқыққа ауыспай тұрып-ақ дәрігерлік көмек ала алады деуге болады.

Ұлпаның жедел іріңді қабынуы (острый гнойный пульпит – pulpitis acuta purulenta)


Слайд 35Ұлпаның жедел іріңді қабынуы жиірек кездеседі, себебі, сарысулы жалқықтың іріңді жалқыққа

ауысуы аз уақыт ішінде байқалады (ұлпа қабынуы басталғаннан кейін бір тәуліктен соң).
Дегенмен ұлпаның іріңді қабынуының клиникалық белгілері кешірек ұлпа қабынуы басталғаннан 3-5 күн өткен соң ұлпада іріңді ошақ (абсцесс) қалыптасқаннан кейін немесе ұлпа жартылай іріңді ыдырауға ұшыраған соң біліне бастайды. Сондықтан, қабыну жалқығының ерекшелігіне сүйене құрылған ұлпа қабынуының жүйелерінде клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың үйлеспеушілігі 75-80 % жағдайда кездеседі.
Ұлпаның жедел іріңді қабынуы кезінде сырқат тіс өте қатты солқылдап, жұлқылап, кернеп, үзгілеп қатты ауырады және ауыру сезімі үштік нерв тармақтарының бойымен кең таралады. Бұл кезде ауыруаралық уақыт немесе кезең болмайды, ауыру сезімі тек суықтың әсерінен аздап саябырлайды. Сондықтан өте ертеде шығарылған оқулықтарда кейбір авторлар «тісі сырқат адам стоматолог-дәрігерге барғанда өзімен бірге суық су құйылған құтыны ала жүріп, ауық-ауық ауызына суық су ұрттап алып, ауыру сезімін жеңілдетеді» деп жазылған.
Ұлпаның жедел іріңді қабынуы кезінде ауыру сезімінің таластамауының, ал суықтан аздап саябырлауының себебі толық дәлелденбеген.

Слайд 36Ұлпаның жартылай жедел қабынуы кезінде қабыну ошағының аумағы аса үлкен емес,

ал пайда болған жалқықтың мөлшері де аз болғандықтан, ол ұлпа үстінде орналасқан дентин өзекшелеріне, жұмсарған дентин қабатына тез сіңіп кететіндіктен, сауыт қуысы ішіндегі қысым азайып, ауырусыз уақыттың қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Ұлпа толық жедел қабынған кезде жалқықтану үрдісі басым болып, жалқық дентин өзекшелеріне толық сіңе алмауы нәтижесінде ауыру сезімі ұзаққа созылып, ауыруаралық уақыттың қысқару мүмкіндігі туындайды. Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы кезінде жалқықтың қоюлығын ескерсек, ондай жалқық дентин өзекшелеріне сіңе алмай, ұлпаға көрсетілетін қысымды жоғары ұстап тұратын болса, бұл кездегі ауыру сезімінің толастамауын қысымның әсерінен деп түсіндіруге болады. Ал суық әсерінен ауыру сезімінің саябырлауын қан тамырларының тарылып, ұлпаға көрсетілетін қысымның аз да болса төмендеуінен деп болжауға болады.


Слайд 37Ұлпаның жедел іріңді қабынуы кезінде толассыз дамитын және өте қатты ауыру

сезімі науқастың жалпы жағдайын да өзгертуі мүмкін: басы ауырып, асқа тәбеті шаппайды, көңіл-күйі нашарлап, жұмыс қабілеті төмендейді, кейде аз уақытқа дене қызуы да жоғарылауы мүмкін. Тісі сырқат адам сөйлеуге, ас қабылдауға жүрексінбейді.
Қарап тексергенде, сырқат тісте терең тісжегі қуысы анықталады, табанында және қабырғаларында қалың жұмсарған дентин қабаты бар. Аса қысым көрсетпей сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі жоқ (іріңді жалқық орналасқан мұйізше тұсында), үшкір сүңгі аса жұмсарған дентинге тереңірек батып кетіп, сауыт қуысының төбесі оңай тесіледі және қанды-іріңді жалқық шығып, ауыру сезімі аздап басылғандай жеңілдік сезіледі. Ашылған ұлпаға сүңгінің ұшы тиіп кетсе, қатты ауыру сезімі туындайды.
Ұлпа қабынуының ұзақтығына байланысты, түбір ұшы периодонтын қабыну ошағынан бөлінген уытты заттардың тітіркендіруі әсерінен қағып тексергенде әртүрлі деңгейде ауыру сезімі пайда болады.

Слайд 38Түбір ұшы толық қалыптаспаған тістерде периодонт қабынуы да орын алуы мүмкін

(көбінесе балаларда). Бұл кезде тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндерде (ауыспалы қатпарда) қызару, домбығу белгілері анықталады және тісті қағып тексергенде ауыру сезімі күштірек болады. Тістің электрқозғыштығы төмендеген (40-50 мка шамасында).
Тіс ұлпасының электрқозғыштығын анықтаған кезде көптеген жергілікті факторлармен (пародонт аурулары) жалпы факторларға (орталық жүйке жүйесі, эндокриндік жүйе аурулары) көңіл бөлу керек. Жас ұлғайған сайын ұлпаның электр тогына сезімталдығы өзгереді. Жас адамдарда ұлпаның электрқозғыштығы 4-6 мка тең болса, 61-70 жастағы адамдарда 40-50 мка, ал 81-90 жаста 50-55 мка тең болады. Ұлпаның электрқозғыштығы тістердің патологиялық қажалуы кезінде, тіс қуыстарында конкременттер құрылған кезде де өзгеруі мүмкін. Ұлпаның жедел қабынуы бір-екі тәуліктен 10-14 күнге созылады (емдемеген кезде).
Ұлпаның жедел іріңді қабынуын ұлпаның созылмалы қабынуының өршуінен, периодонттың жедел қабынуынан, Гаймор қуысының қабынуынан, жұлынған тіс ұясының қабынуынан (альвеолиттен) ажырата білу керек.


Слайд 39Ұлпаның созылмалы қабынуының әр түрлеріне тән ортақ белгі – аурудың ұзақтығы

(бірнеше аптадан бірнеше айға немесе жылға дейін), тістің қатты бұзылуына қарамай, ауыру сезімінің оншалықты мазаламауы. Тітіркендіруші ықпалдар әсер ете алмайтын аймақтарда орналасқан тісжегі қуыстары кезінде (көбінесе жоғарғы тістерде) ауыру сезімі болмауы да мүмкін.
Ұлпаны созылмалы қабынулары кезінде ауыру сезімі аса күшті емес, көбінесе әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен дамиды және әсер тоқтағаннан кейін де біраз уақытқа созылады. Егер созылмалы қабыну емделмеген жедел қабынудың нәтижесі болса, аурудың анамнезін анықтаған кезде ертеректе сырқат тіс өз бетімен қатты ауырып мазалағаны белгілі болады. Қарап тексергенде көпшілік жағдайда сауыт қуысы тісжегі қуысымен байланысқан болады.

Ұлпаның созылмалы қабынуы.


Слайд 40Клиникалық көрінісі. Сырқат тісте әртүрлі тітіркендіргіштерден (көбінесе механикалық және температуралық) аса

қарқынды емес, баяу дамитын, сыздаған ауыру сезімі пайда болады және әсер тоқтағаннан кейін біразға созылып барып, баяу басылады. Температуралық әсердің кенет ауысуы (ыстық астан кейін суық су ішкенде, жылы бөлмеден суыққа шығып ауа жұтқанда) ауыру сезімін тез туындатады және ауыру сырқат тіспен шектеледі. Аурудың даму тарихында (анамнезінде) өз бетімен мазалаған ауыру сезімі болғаны анықталады (созылмалы қабыну уақытында емделмеген жедел қабынудан дамыған кезде). Егер созылмалы қабыну біріншілік болса (көбінесе реактивтілігі төмен адамдарда), өз бетімен мазалайтын ауыру сезімі болмағаны, сырқат тісінің тек тітіркендіргіштер әсерінен ауырып, ауыру сезімінің тез басылғандығы жөнінде мәлімет алынады.

Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы (хронический простой пульпит – pulpitis chronica simplex).


Слайд 41Қарап тексерген кезде сырқат тісте терең және кең тісжегі қуысы табылады,

ішінде біраз мөлшерде астың қалдығы және жұмсарған дентин болады. Сүңгілеп байқағанда қуыстың табанында бір мүйізше тұсында ұлпаның ашылғаны анықталады, сүңгі ұшы тиген сауыт ұлпасы қатты ауырады және қанайды (бұл кезде қанның түсі қызыл-қошқылдау, ал кездейсоқ ашылған ұлпадан аққан қан ашық-қызыл түсті болады). Ұлпаның созылмалы қабынуы сауыт қуысы жабық кезде де дамуы мүмкін. Бұл кезде тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланыспаған, табаны жұмсақ,, сүңгілеп байқағанда табанының барлық аймағында ауыру сезімі бар. Тістің электрқозғыштығы төмендеген (20-40 мка). Рентгендік суретте периодонт саңылауы деформацияға ұшырағаны анықталуы мүмкін.
Ұлпаның созылмалы жәй қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның созылмалы шіри қабынуынан ажырата білу керек.


Слайд 42Ұлпаның бұл қабынуы кезінде емделмеген ұлпаны жедел (көбінесе іріңді қабынуынан) және

созылмалы жәй қабынуларынан дамиды және анаэробты микроорганизмдердің қатысумен жүреді. Тісі сырқат адам тісінің әртүрлі тітіркендіргіштерден (көбінесес ыстықтан, ыстық пен суық кенет алмасқан кезде, ас түйірі қуысқа түскен кезде) ұзақ сыздап ауыратынына шағымданады. Кейде тістен ұнамсыз иіс шығып мазалауы да мүмкін. Егер тісжегі қуысы тітіркендіргіштер әсер ете алмайтын аймақта орналасса, ұлпаның көп бөлігі шіріп өліеттенген болса (сауыт ұлпасы), ауыру сезімі болмауы да мүмкін.

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы (хронический гангренозный пульпит – pulpitis chronica gangraenosa)


Слайд 43Қарап тексергенде, сырқат тісте сауыт қуысымен кең байланысқан терең тісжегі қуысы

анықталады, сауыт ұлпасының шіріп-өліеттенуіне байланысты, ашылған сауыт қуысын сүңгілеп байқағанда әртүрлі тереңдікте, кейде өзек сағасында ауыру сезімі байқалады. Ұлпаның шіри қабынуының ұзақтығына байланысты сауыт ұлпасы әртүрлі деңгейде, кейде толығымен өліеттеніп шіруі мүмкін. Осыған байланысты сүңгінің ұшына жабысқан ұлпа ыдырандысы ұнамсыз иіс береді.
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде сауыт қуысы жабық болуы да мүмкін. Бұл кезде тісжегі қуысының табанын сүңгілеген кезде ешқандай ауыру сезімі болмайды. Ұлпаның электрқозғыштығы 50-90 мка арасында ауытқиды және ұлпада әртүрлі деңгейде некроздану (өліеттену) үрдісі барлығын көрсетеді. Жаңа басталған шіри қабыну кезінде электрқозғыштық көрсеткіші 30-50 мка тең болуы да мүмкін.
Ұзақ уақыт емдеусіз дамыған ұлпаның шіри қабынуы кезінде периодонтта әртүрлі созылмалы қабынуға тән деструкциялану үрдістері байқалады. Түбір ұшы төңірегіндегі сүйек тінінің сорылуынан пайда болатын және рентгендік тексерудің көмегімен анықталатын қара-көлеңке ошақтар С.И.Вайстың ұйғаруынша 14-18 % жағдайда кездеседі.
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның созылмалы жай қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуынан ажырата білу керек.

Слайд 44Ұлпа қабынуының бұл түрі көбінесе ұлпаның созылмалы жәй қабынуынан дамиды (ұлпа

беті біраз аймақта ашылған кезде). Әртүрлі тітіркендіргіштердің (көбінесе механикалық) әсеріне ұшыраған ұлпа тінде өсу үрдісі (проферациялану) басым болады.
Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы көбінесе балалар мен жас өспірімдерде кездеседі. Тісі сырқат адам тісінің ас шайнағанда ауыратынына, қанайтынына және ішінен «жабайы ет» («дикое мясо») өсіп шыққанына шағымданады.

Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы (хронический гипертрофический пульпит – pulpitis chronica hypertrophica)


Слайд 45Қарап тексергенде, сырқат тісте үлкен тісжегі қуысы анықталады, қуыста әртүрлі деңгейде

орналасқан (жартысына дейін немесе толығымен алып жатқан) шикі ет түсті саңырауқұлақ басына ұқсаған жұмсақ құрылым немесе өсік анықталады (сауыт ұлпасынан дамыған жас грануляциялық тін) (сурет) аздап қозғалмалы, консистенциясы бірде жұмсақ, кейде тығыздау, әртүрлі дәрежеде қанағыштығы байқалады. Кейде өсіктің беті эпителий қабатымен жабылуы мүмкін. Ол кезде түсі қызғылт, консистенциясы тығыздау, онша қанағыш болмайды. Сүңгілеп байқағанда беткей аймақтары онша ауырмайды, тереңдеу орналасқан аймақтарында (аяғы тұсында – в области ножки) ауыру сезімі күштірек. Рентгендік тексеру кезінде периодонтта аса көп өзгеріс анықталмайды, ал сауыт қуысының тісжегі қуысымен байланысты анықталады.


Слайд 46Ұлпаның өсе қабынуын (ұлпа өсігін) қызыл иек бүртігінің өсе қабынуынан (қызыл

иек өсігінен), түбір ашалары аймағында сауыт қуысы табаны тесілген кезде периодонт тінінен өскен өсіктен (периодонт өсігінен) ажырата білу керек.
Қызыл иек бүртігі көбінесе тістердің жанасу бетінде орналасқан тісжегі қуысына қарай өседі. Сондықтан тісті мойын бөлігінде сүңгімен айналып өтуге болмайды (қызыл иек өсігі кедергі жасайды), кейде өсікті шымшуырмен ұстап, тісжегі қуысынан тартып шығаруға болады.
Периодонттан шыққан өсікті ажырату үшін рентгендік тексеру жүргізу керек. Тістің рентген суретінде түбір ашалары аймағында (область бифуркации корней) дентин және цемент бұзылғаны және сауыт қуысы мен периодонт маңылауы арасындағы жалғастық немесе байланыс анықталады. Кей кездерде өсікті құрылымдардың қайдан өскеннін анықтау қиын болса, оларды кесіп немесе диатермокоагуляциялап алып тастағаннан кейін тісжегі қуысын, сауыт қуысын мұқият қарап, сүңгілеп тексеру қажет болады.

Слайд 47Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуіне көптеген жағдайлар себепкер болады: сырқат тіске шамадан

тыс күш түсуі, жарақаттың әсері, тісжегі қуысына қатты ас түйірі түсіп немесе жұмсарған дентин жылжып сауыт қуысының ашық аймағын жауып қалуы, организмнің суыққа шалдығуы, шаршау, эмоционалдық толқулар, жүйкелік күйзелістер бактериалдық және вирустық аурулар. Осылардың барлығы организмнің реактивтілігін төмендетіп, созылмалы қабынуы бар ұлпадағы микроорганизмдердің патогендік қасиетін жоғарылатады.

Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі (обострение хронического пульпита – pulpitis chronica exacerbata).


Слайд 48Өршу үрдісіне жиірек ұшырайтын ұлпаның созылмалы қабынулары – ұлпаның созылмалы жай

және шіри қабыну. Бұл кезде сырқат тісте өз бетімен пайда болатын, қайта-қайта қозатын немесе толассыз мазалайтын, жан-жаққа таралатын күшті ауыру сезімі пайда болады. Механикалық және температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі күшеюі мүмкін. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде өршу үрдісінің нәтижесінде ұлпа толығымен өліеттенуге ұшыраса, әртүрлі тітікендіргіштерден ауыру сезімі туындамайды және күшеймейді. Аурудың анамнезінде аталған ұлпа қабынуларының біріне тән клиникалық белгілер анықталады. Қарап тексергенде сауыт қуысы ашық немесе жабық болады, қағып тексергенде ауыру сезімі білінеді. Тістің электрқозғыштығы төмендеген .
Ұлпаның созылмалы қабынуларының өршуін ұлпаның жедел іріңдей қабынуынан, периодонттың жедел және созылмалы қабынуларының өршуінен ажырата білу керек.
Периодонттың жедел және созылмалы қабынуларының өршуі кезінде сырқат тіс өз бетімен ауырады, ас шайнағанда, қарама-қарсы тіс тигенде ауыру сезімі күшейе түседі, температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін тудырмайды. Тістің электрқозғыштық көрсеткіші 100 мка жоғары болады.
Стоматологиялық көмек алуға тіс ұлпасының қабынуымен келген адамдар арасында ұлпаның созылмалы қабынуының үлесі 68%, ал жедел қабынуының үлесі 32% құрайды. Уақытында емделмеген ұлпа қабынулары ұлпаның өліеттенуіне әкеп соғады. Мұның өзі инфекцияның периодонтқа тікелей өтуіне жол ашады және периодонттың әртүрлі қабынуларының дамуына себепкер болады.



Слайд 49Ұлпаның ретроградтық және конкрементті қабынулары көбінесе созылмалы түрде дамып, ауық-ауық өршуге

ұшырап тұрады. Мұның бір дәлелі – бұзылмаған, бірақ төңірегінде әртүрлі тереңдікте пародонталдық қалталары бар немесе рентген суретінде тіс қуысында конкременттер анықталған тістердің температуралық тітіркендіргіштерден ұзақ қақсап ауыруы немесе жоғары және төмен температураның ауысуына аса сезімталдығы. Созылмалы қабыну өршіген кезде сауыты бұзылмаған тістерде өз бетімен қатты ұзаққа созылатын немесе толастамайтын ауыру сезімдері пайда болады, ыстық пен суық әсерінен күшейе түседі.
Өршуі үрдісі басталғаннан біраз уақыт өткен соң (бірнеше сағаттан бір сөткеге дейінгі уақытта), тісте ас шайнағанда ауыру сезімі күшейе түседі және қағып тексергенде де тісінің ауыратындығы анықталады (шектелген тіс қуысы ішінде жиналған жалқық, уытты заттар дереу периодонтқа ауысуы әсерінен). Сырқат тістің электрқозғыштығы төмендейді. Ретроградтық қабыну кезінде тістің төңірегінде пародонталдық қалта, пародонт тіндерінде қабыну үрдістері анықталады. Конкрементті қабыну кезінде тіс сауыты бұзылмаған тістің қуысында конкремент анықталады (рентгендік суретінде).
Ұлпаның жарақаттан қабынуы терең тісжегіні егеп-тазалағанда ұлпаны кездейсоқ ашып алу кезінде, тіс сауыты жарақат әсерінен әртүрлі деңгейде сынып, ұлпа ашылған жағдайда дамуы мүмкін. Мұндай кездерде ұлпа тек жарақат әсерінен ғана қабынбайды, ашылған ұлпаға температуралық, химиялық факторлар, микроорганизмдер әсер етеді және патологиялық үрдіс созылмалы қабынуға тән ерекшеліктермен дамиды.


Слайд 50Ұлпа қабынуын емдеуді бастау алдында қойылатын мақсаттар:
Тіс қатты ауырып мазалаған жағдайда

ауыру сезімін басу және ұлпадағы қабыну ошағын жою;
Ұлпаның қайта қалпына келу және дентин құру мүмкіндігін күшейту (ұлпаны сақтап емдеу әдісі кезінде);
Қабыну үрдісінің периодонтқа ауысуын тежеу;
Тістің анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіру.

Ұлпа қабынуын емдеу


Слайд 51Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұлпа қабынуын емдеу әдістерін төмендегідей жүйелеуге болады:

І.

Ұлпаның өміршеңдігін сақтап емдеу (метод сохранения жизнеспособности пульпы)
1. Ұлпаны толық сақтап емдеу (метод полного сохранения пульпы) немесе биологиялық (консервативтік) әдіс.
2. Ұлпаның жартылай сақтап емдеу әдісі (метод частичного сохранения пульпы) немесе консервативті-хирургиялық әдіс, кейде тірілей ампутациялау әдісі (витальная ампутация) деп атауға да болады.


Слайд 52ІІ. Ұлпаны алып тастап емдеу немесе хирургиялық әдістер (метод удаления пульпы

или хирургические методы)
1. ұлпаны толық алу немесе экстирпациялау әдісі (метод полного удаления пульпы или метод экстирпации пульпы). Бұл әдіс ұлпаны алу тәсіліне байланысты екі түрге бөлінеді:
а) ұлпаны тірілей толық алу немесе ұлпаны тірілей экстирпациялау әдіс (метод витальной экстирпации пульпы).
б) ұлпаны өліеттендіріп толық алу немесе ұлпаны өліеттендіріп экстирпациялау әдісі (метод девитальной экстирпации пульпы).
2. Ұлпаны жартылай алу әдісі немесе ұлпаны ампутациялау әдісі. Бұл әдіс те ұлпаны жартылай алу тәсіліне байланысты екі түрге бөлінеді.
а) ұлпаны тірілей жартылай алу немесеұлпаны тірілей ампутациялау әдісі (метод витальной ампутации).
б) ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі немесе ұлпаны өліеттендіріп ампутациялау әдісі (метод девитальной ампутации).
ІІІ. Аралас хирургиялық әдісі (смешанный хирургический метод).

Слайд 53Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (метод полного сохранения пульпы) ұлпаның кездейсоқ

ашылуы, ұлпаның жартылай жедел қабынуы, созылмалы жай қабынуы кезінде қолданылады.
Сонымен қатар бұл әдісті қолдануға қойылатын шектеулер де бар: емдеу әдісі жүргізілетін адамның жасы 40-тан аспауы керек, бойында созылмалы сырқаттардың болуы (гипертония, атеросклероз, қант диабеті, ревматизм, витаминдер тапшылығы), емделетін тіс төңірегіндегі пародонтта патологиялық өзгерістердің болуы, тісжегі қуысының тістің мойын бөлігінде орналасуы, тістің электрқозғыштығының 25-мка жоғары болуы, жасанды сауыттармен жабылатын, ортопедиялық конструкциялар бекітілетін тістер, ауыру сезімін басу үшін қатты тітіркендіретін дәрілерді тісжегі қуысына қойып (аспирин, спирт) пайдаланған кезде.
Ұлпаны сақтап емдеу үшін құрамында микробтарға қарсы әсер ететін, ауыруды басатын дәрілер, антибиотиктер, ферменттер, витаминдер, иммунитет реттеуші дәрілер, кортикостероидтар, кальций су тотығы бар емдік қойыртпақтар кең қолданыла бастады. Солардың ішінде кең қолданыс тапқан микробтарға, қабыну үрдісіне қарсы және одонтотропты (дентин құрушы) қасиеттері жоғары кальцийсутотығы құрамды қойыртпалар.

Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (биологический, консервативный метод).


Слайд 54Әдісті орындау тәсілі. Қажет болса ұлпаны уақытша жансыздандырып алады, тісжегі қуысын

ас қалдықтарынан тазартып алған соң (аршығыштың көмегімен), антисептиктердің әлсіз ертіндісімен (хлоргексидин, диоксидин, фурацилин, фурагин, лизоцим, фуразолидон, этакридин лактат) жуып кептіріп, егеп-тазалауға кіріседі.
Тісжегі қуысын ашу және кіреуке жиегін өңдеу үшін ғана турбиналық ұштықты қолдануға болады, ал жұмсарған дентин бормашинаның 6000-10000 айналымында зарарсыздандырылған бұрғылармен (борлармен) тазаланады. Сондықтан ұлпаға жақындаған сайын пайдаланылған борларды тазасына ауыстырып отырады. Тіс ұлпасын ашу міндет емес (кездейсоқ ашылып қалмаса).
Дайын болған тісжегі қуысын физиологиялық ертіндімен немесе дистилденген сумен жуып, зарарсыздандырылған мақта анжымен кептіреді және қуыс табанына емдік төсем салып уақытша пломбы қояды. Қойылған емдік дәрілер ұлпаға тікелей (ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезінде, ұлпа кездейсоқ ашылған болса, сауыт ұлпасын алып тастап, түбір ұлпасын сақтаған кезде) және тікелей емес дентин арқылы әсер етеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын емдік төсемдер ұлпаны тікелей жабу үшін (для прямого покрытия пульпы) және ашылмаған ұлпаны жабу үшін (для непрямого покрытия пульпы) деп екі топқа бөлінеді.

Слайд 55Биологиялық әдіс бір қабылдауда немесе 2-3 қабылдауда жүргізіледі. Бір қабылдауда бұл

әдіспен көбінесес ұлпаның кездейсоқ ашылуы емделеді. Бұл кезде қуыстың табанына емдік төсем ретінде одонтотропты қойыртпақтар (кальмецин, «Life», «Dycal», цинк-эвгенол қойыртпағы)төселіп, аралық төсеммен жабылған соң тұрақты пломбы қойылады.
Екі қабылдауда бұл әдіспен ұлпа қабынуы емделеді. Бірінші қабылдауда ұлпадағы қабыну үрдісін тежеу үшін құрамында антибиотиктер, антисептиктер, ферменттер, глюкокортикоидтар, анестетиктер бар күрделі емдік төсемдер қуыс табанына қойылып, уақытша пломбымен жабылады.


Слайд 56Әртүрлі ғалымдар ұсынған емдік қойыртпақтардың құрамдары төмендегідей:
Иванов В.С., лейбуру Э.Э. ұсынған:
Колимицин

100 000 ЕД
Гидрокортизон 0,01-0,5 (немесе преднизолон 0,005)
Ақ топырақ 0,5
Шабдол майы (персиковое масло) керегінше.

Эргешов ұсынған:
Колимицин 100 000 ЕД
Триамцинолон 0,002
Гексакаин 0,1
Ақ топырақ 0,5
Эвгенол керегінше (қойыртпақ дайындау үшін)

Кириленко И.И. ұсынған:
Левомицетин 0,01
Химопсин 0,002
Норсульфазол 0,2
Натрий хлоридініің изотониялы ертіндісі 2,0
Ақ топырақ керегінше (қойыртпақ дайындау үшін)


Слайд 57Күрделі емдік төсемдерді тісжегі қуысында ұзақ қалтыруға болмайды, себебі, белгілі уақыттан

кейін олардың белсенділігі жойылады. Сондықтан антибиотиктер мен ферменттерді 24-48 сағатқа, кортикостероидтарды 3 тәулікке дейін қалдыруға болады, одан ұзаққа қалса, ұлпаның реактивтілігі төмендейді.
Ұлпадағы қабыну үрдістері тоқтағаннан кейін (белгіленген уақыт өткен соң клиникалық белгілеріне сүйене отырып), екінші қабылдауда сырқат тіске тұрақты пломбы қойылады. Алынып тасталған күрделі емдік төсемдердің орнына одонтотропты қойыртпақтар төселеді.
Құрамында кальций суоксиді бар қоспалармен қатар, коллагенді қойыртпақ, сүйек ұны, лизоцим-витаминді қойыртпақ және гиалурон қышқылының туындыларының да одонтотропты қасиеттері бар.
Егерде ауыру сезімі азайғанымен қабыну үрдісі толық басылмаған болса, екінші қабылдауда уақыты біткен емдік төсемді басқа дәрілер қоспасынан тұратын төсеммен ауыстуруға болады және тұрақты пломбы үшінші қабылдауда қойылады. Емдік төсемдер екі рет ауыстырылып емдеу жүргізілген жағдайда да ауыру сезімі мазалайтын болса, дәрігер-стоматолог басқа емдеу әдісін таңдауға мәжбүр болады.
Биологиялық емдеу әдісінің нәтижелі шығуы үшін дәрілік заттармен қатар физикалық әдістерді: азэнергиялы гелий-неон лазерінің сәулесін, азжиілікті ультрадыбысты, микротолқынмен емдеуді пайдаланған тиімді болады.
Егерде биологиялық емдеу әдісі жүргізілген тісте ешқандай ауыру сезімі болмаса, электрқозғыштығы қалпында сақталса, біраз уақыт өткеннен кейін (1-2 жыл өткен соң) тістің рентгендік суретінде түбір ұшы периодонты өзгермесе, емнің барысын нәтижелі деп санауға болады.



Слайд 58Бұл әдіс – сауыт ұлпасына қарағанда өзгеріске аз ұшырайтын, клеткалық құрылымдары

аз, керісінше талшықты құрылымға бай, сондықтан өміршеңдігі жоғары түбір ұлпасын сақтауды мақсат етіп қоятын әдіс. Бұл әдіс жақсы нәтиже береді. Көптүбірлі тістердегі ұлпа қабынуын емдеу кезінде қолданған. Себебі бұл тістерде сауыт ұлпасы мен түбір ұлпасының арасында анық шекара (өзектер сағалары) бар.
Бұл әдісті қолданатын кездер: ұлпаның кездейсоқ ашылуы, ұлпаның жартылай жедел қабынуы (биологиялық әдіс нәтижесіз болған кезде) ұлпаның созылмалы жай қабынуы (тістің электрқозғыштық көрсеткіші 40 мка дейін болса).
Бұл әдістің мақсаты көбірек өзгеріске ұшырайтын, қабыну үрдісіне төзімсіз сауыт ұлпасын алып тастап, түбір ұлпасын сақтау болғандықтан (мұнда хирургиялық және биологиялық емдеу әдістерінің қағидалары бірге кездеседі) оны биологиялық-хирургиялық әдіс немесе консервативті-хирургиялық әдіс деп атауға болады.

Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі (метод частичного сохранения пульпы или метод витальной ампутации)


Слайд 59Әдісті орындау тәсілі. Алдын-ала белгілі және тиімді ұлпаны уақытша жансыздандыру

әдісін жүргізгеннен кейін тісжегі қуысын асептика қағидаларын сақтап егеп-тазалап алады да, тісжегі қуысын антисептиктердің жылы ертіндісімен жуып алады. Тісжегі қуысын егеп-тазалауды турбиналық ұштықтың көмегімен орындауға болады. Зарарсыздандырылған шарға ұқсас бормен ұлпа мүйізшесі тұсында сауыт қуысын тесіп, күмбезін алып тастайды (бұл кезең турбиналық немесе баяу айналатын (6000-10000 айналым/мин.) ұштықтардың көмегімен орындалады). Ашылған сауыт ұлпасының жоғарғы бөлігі сауыт қуысын ашқан кезде алынып кетеді, ал қалған бөлігін аршығыштың немесе бордың көмегімен алады және өзек сағасын кеңейтеді. Осыдан кейін керіконусқа ұқсас бордың көмегімен өзек сағасында баспалдаққа ұқсас шағын аймақ қалыптастыра отырып, саға ұлпасын тереңірек алып тастайды (ұлпаны терең ампутациялау – субтотальная резекция).

Слайд 61Кейде өзек сағасы ұлпасын кесіп алмай-ақ, диатермокоагулятордың көмегімен (екі-үш секөнд уақыт

шамасында) қуырып тастауға болады. Қажет болса қан тоқтатып (арнаулы сорғыш, капрофер, оксицелодекс қолдану арқылы), сауыт қуысын антисептиктер ертіндісімен жуып, кептіреді және түбір ұлпасына қысым көрсетпей емдік төсеммен жабады. Көптеген ғалымдар емдеу әдісін бір қабылдауда жүргізуді ұсынады. Егер ондай шешім қабылданған болса, емдік төсем ретінде одонтотропты қойыртпақтар қолданылып, аралық төсем төселген соң, тұрақты пломбы қойылады (сурет). Ал екі қабылдауда емдеу жүргізілетін болса, емдік төсем ретінде дәрілердің күрделі қоспалары пайдаланылып, уақытша пломбы бір аптадан 3-4 аптаға дейін қойылады. Екінші қабылдауда тіске ешқандай шағым болмаса, уақытша пломбы тұрақты пломбыға ауыстырылады және өзек сағасына одонтотропты қойыртпақтар төселеді. Көптеген гистологиялық зерттеулер нәтижесі ұлпа жартылай кесіліп алынған аймақта дентинге ұқсас қатты тіннің құрылатынын, оның астында түбір ұлпасы сақталатынын немесе дәнекер тінге ауысатынын көрсетті.
Өміршеңдігі сақталған түбір ұлпасы микроорганизмдерді периодонтқа жібермейтін «қорғаныс қалқан» болып қалады.
Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі балалардың сүт және тұрақты тістерінің түбірлері сорылу кезеңінде және толық қалыптасып бітпеген жағдайларда кеңірек қолданылады.

Слайд 621. Уақытша немесе тұрақты пломбыны қойғаннан кейін ауыру сезімінің күшеюі. Себебі:

емдеу әдісін көрсетілімдеріне сай және дәрілерді дұрыс таңдамау, асептика ережелерін сақтамау, жұмсарған дентинді толық алмау, борды дұрыс қолданбау (қыздырып алу), тісжегі қуысын өңдеуге жоғары концентрациялы антисептиктер ертіндісін қолдану. Мұндай жағдайда емдік төсемдер үшін қолданылатын дәрілер құрамын өзгерту немесе ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісін қолдану керек (ұлпаны толық сақтап емдеу жүргізілген болса). Егер ол да нәтижесіз болса (ұлпаны жартылай сақтап емдеу кезінде 25% жағдайда түбір ұлпасы өліеттенуге ұшырайды), ұлпаны толық алып емдеу әдісін қолданады.
2. Сауыт ұлпасын алғаннан кейін түбір ұлпасынан қан ағып тоқтамауы (диатермокоагуляциялағаннан кейін де). Қан тоқтататын дәрілерді қайта қолдану немесе диатермокоагуляциялауды қайталау арқылы қан тоқтату.
3. Емдік төсем құрамындағы дәрілер мен анестетиктерге аллергиялық реакцияның дамуы. Себебі: аллергологиялық анамнезді дұрыс жинамау және алғаш рет қолданылатын дәрілермен сынама жүргізбеу. Аллергиялық реакцияның түріне және ауырлығына қарай жедел жәрдем көрсетіледі.
4. Ұлпаны жартылай сақтап емдегеннен кейін біраз уақыт өткен соң тісінің температуралық тітіркендіргіштер әсерінен ауыруы. Себебі: өзек сағасынан ұлпаның толық алынбауы немесе түбір ұлпасының қабынуы (остаточный пульпит). Бұл кезде сақтап қалдырылған ұлпаны толық алып тастау керек.

Ұлпа қабынуын ұлпаны толық және жартылай сақтап емдеу кезіндегі жіберілетін қателіктер мен асқынулар.


Слайд 63Ұлпаны тірілей толық алу әдісі немесе виталды экстирпациялау әдісі (метод прижизненного

полного удаления пульпы или витальная экстирпация пульпы). Бұл әдіс - қазіргі кезде көбірек қолданылып жүрген әдістердің бірі. Ұлпаның жедел және созылмалы қабынулары кезінде толық немесе жартылай сақтап емдеу әдістерін жүргізу мүмкіндігі болмаған кезде түбір өзектері жақсы өтетін тістерде қолданылады.
Қорыта айтқанда ұлпаны тірілей толық алу әдісі ұлпа қабынуының барлық түрлері кезінде (гематогендік, конкрементті, ретроградтық, жарақаттан қабынуын қоса) түбір өзектері жақсы өтетін тістерде қолданылады. Сонымен қатар бұл әдіс ортопедиялық және хирургиялық емдеу шараларын жүргізер алдында, пародонт қабынуы кезінде тіс ұлпасын алу қажет болған жағдайда да жүргізіледі. Бұл әдіс – ешбір асқынулар болмаса, ұлпа қабынуын бір қабылдауда емдеп бітіруге болатындығымен ұтымды.
Бұл әдістің кең қолданыла бастауына мүмкіндік тудырған – жақсы анестетиктердің (лидокоин мен тримекаиннің 2% ертінділері) және премедикациялау шараларының (тыныштандырушы дәрілердің көмегімен жүйке жүйесіне әсер ету) стоматологиялық тәжрибеге енгізілуі.

Ұлпа қабынуын емдеудің хирургиялық әдістері


Слайд 64Виталды экстирпациялау әдісі


Слайд 65Ұлпа қабынуын ұлпаны тірілей толық алу әдісімен (виталды хирургиялық әдіс) емдеу

кезеңдері:
Уақытша жансыздандыру. Қажет болған жағдайда оған дейін премедикациялау шараларын қолдану;
Тісжегі қуысын түбір өзектеріне еркін енетіндей жағдай жасай отырып егеп-тазалау;
Сауыт қуысын тесу және ашу;
Сауыт ұлпасын алу (ампутациялау);
Өзек сағаларын кең ашу;
Түбір ұлпасын алу (экстирпациялау);
Түбір өзегінің ұзындығын анықтау (оны түбір ұлпасын алудан бұрын немесе алу кезінде де анықтауға болады);
Түбір өзегін ұсақ аспаптармен және дәрілер ертінділерімен өңдеу;
Түбір өзегін пломбылау;
Тіске пломбы қою.


Слайд 66Ұлпаны уақытша жансыздандыру үшін инфильтрациялық, өткізгіштік, интралигаментарлық (айналма байламіштік) жансыздандыруды (анестезияны),

ал кейде жалпылай ауырусыздандыру (общее обезболивание) әдісін де қолдануға болады. Ұлпаны алу кезінде ауыру сезімі болған жағдайда ұлпаіштік жансыздандыруды қосуға болады. Жансыздану уақытының ұзаққа созылуы үшін құрамына вазоконстрикторлар (қан тамырларын тарылтатын дәрілер) қосылған дәрілер қолданылады (мепивакаин, примекаин, артикаин туындылары).
Тісжегі қуысын егеп-тазалау кезеңі әр уақытта тіс қуысын дұрыс ашып, түбір өзектеріне еркін ену мүмкіндігі ескеріле отырып орындалады.
Алдыңғы топ тістеріндегі III және IV кластық тісжегі қуыстары терең болған кезде оларды егеп-тазалап алған соң таңдай немесе тіл жақ беттеріне шығарып, ұлпаның тіс бетіне ең жақын орналасқан аймағына дейін созып(сурет), осы аймақта сауыт қуысын теседі (өткір шарға ұқсас бордың көмегімен) және жасалған тесікті сауыт қуысының пішінін еске ала отырып кеңейтеді.

Слайд 67Сауыт қуысы күрек тістерде таңдай жағынан қарағанда табаны тістеу қырына қараған

ұшы кесілген конусқа ұқсас болғандықтан, жасалған тесікті қуыстың алдыңғы және бүйір қабырғаларына дейін, тістеу қыры бағытында қуыс күмбезіне жеткенше кеңейтеді (сурет). Жасалған тесік арқылы түбір өзегіне өтіп, түбір ұлпасын алуға болады, бірақ сауыт ұлпасы толық алынбай қалады. Кейінрек толық алынбаған сауыт ұлпасы ыдырап, құрамындағы пигментті заттар тістің түсін өзгертуі мүмкін.
Бұл топтағы тістердің таңдай беттеріндегі ұлпаға ең жақын аймақты табу үшін тістің алдыңғы және бүйір беттерінің мойын бөліктерінен қарама-қарсы тістеу бұрышына дейін ойша түзу жүргізу керек. Екі түзудің бір-бірімен қиылысқан нүктесі аталған аймаққа сай келеді.
Сүйір тістердің сауыт қуыстарын тесу және ашу тәсілдері де жоғарыда айтылғандай, бірақ таңдай немесе тіл жақ беттерінде жасалған тесікті тістеу төмпешігі бағытында конусқа ұқсас пішін бере отырып кеңейтеді.


Слайд 68Егер III және IV кластық тісжегі қуыстары аса терең емес және

көрші тіс болмаған кезде оларды егеп-тазалап пломбылап алады да, тіс қуысын бұзылмаған таңдай жақ (тіл жақ) беттерін тесу (трепанациялау) арқылы ашады. Ол үшін жоғарыда көрсетілген аймақта карборунд тастың немесе алмасты бордың көмегімен кіреуке бетін ойып ала отырып, дентинді ашып алады және шарға немесе конусқа ұқсас бормен дентин арқылы тереңдеп сауыт қуысын теседі және ашады. Бұл кезде тістің ұзын өсіне параллелді бағытта айнала жұмыс істеу қажет. Бүтін тіс сауытын тесіп, ұлпаны алу (депульпирование) әдісі әртүрлі ортопедиялық емдік мақсаттарды жүзеге асыру үшін де қолданылады.
Кіші және үлкен азу тістердің шайнау беттерінде орналасқан тісжегі қуысы (І кластық) аса үлкен болмаса, оны егеп-тазалағаннан кейін сауыт қуысын дұрыс ашу үшін шайнау бетіне ұлпа мүйізшелерінің проекциясын ойша түсіріп алу керек. Ол үшін шайнау бетінің орталық нүктесінен төмпешіктер шыңдарына түзу жүргізеді, сол түзудің тең ортасында (төмпешік ылдиының ортасында) әрбір төмпешікке сай мүйізшелер проекциялары орналасады. Сондықтан егеп-тазаланған тісжегі қуысын ұлпа мүйізшелері проекцияларына дейін кеңейтеді және ең жоғары орналасқан мүйізше тұсында тіс қуысының төбесін тесіп, жасанды тесікті әр мүйізше бағытында кеңейту арқылы сауыт қуысын ашады. Сауыт қуысын ашудың екінші тәсілі – тісжегі қуысының табанында әр мүйізше тұсында қуыс табанын тесіп, пайда болған тесіктерді бір-бірімен қосу арқылы сауыт төбесін алу.

Слайд 69Аталған тістердің жанасу беттерінде орналасқан тісжегі қуысы (ІІ кластық) кезінде сауыт

қуысын дұрыс ашу үшін оны шайнау бетіне шығарып, жоғарыда көрсетілген тәсілмен ұлпа мүйізшілері проекциясы бағытында кеңейтіп, тіс қуысын теседі және ашады. Дұрыс ашылған сауыт қуысының қабырғалары тегіс және тісжегі қуысы қабырғаларының жалғасы болып табылуы керек, сауыт қуысы төбесі (күмбезі) толық алынуы керек және қуыс табанында өзек сағалары айқын көрініп, эндодонттық аспаптар түбір өзегіне иілмей, түзу және еркін енуі керек (сурет). Егер тіс қуысы толық ашылмаса, түбір өзегіне ұлпаалғышты, түбір инесін және басқа ұсақ аспаптарды дұрыс енгізу мүмкіндігі болмай, олардың өзекте сынып қалуы мүмкін.
Тісжегі қуысы кіші азу тістердің мойын бөлігінде орналасқан кезде (Vкласс), оны егеп-тазалап пломбылайды да, сауыт қуысын бұзылмаған шайнау беттерінің орталық аймағында немесе табиғи жүлгесінде тесу арқылы ашады.
Жасы ұлғайған және қарт адамдардың тұрақты тістерінде патологиялық қажалуға ұшыраған тістердегі сияқты тіс қуысы сауыт бөлігінде тарылып, кейде толығымен жабылып қалады (екіншілік дентиннің құрылуы нәтижесінде), ал өзек сағалары және өзектердің өздері жабылып, кейде толығымен бітіп те қалады. Сондықтан әртүрлі топтағы тістердің анатомиялық ерекшеліктерімен қатар тіс қуыстарының топографиясын жас ерекшелігіне байланысты жақсы білу керек.

Слайд 70Сауыт қуысын тесуді және ашуды зарарсыздандырылған борлардың көмегімен орындайды. Сауыт қуысы

толық ашылғаннан кейін тісжегі қуысын антисептиктер ертіндісімен жуып, сауыт ұлпасын таза бормен немесе өткір аршығышпен алып тастайды (ампутациялайды). Түбір ұлпасын алар алдында өзек сағасын шарға ұқсас бордың немесе өзек кеңейткіш бұрғылардың (ұштықтың көмегімен айналатын) көмегімен кеңейтіп алады.
Түбір ұлпасын алуды (экстирпация, пульпэктомия) ұлпаалғыштың (пульпэкстрактор) көмегімен орындайды. Өзек диаметріне сай ұлпаалғышты өзек сағасына енгізген соң, біртіндеп аса күш түсірмей, жылжытып отырады. Біраз тереңдікке өткеннен кейін тірелу сезімі пайда болғанда жылжытуды тоқтатып, ұлпаалғышты өсімен 2-3 рет айналдырып барып, өзектен ептеп шығарып алады. Толық алынған ұлпа қансызданған, ұшы жіңішкелей келген ұлпаалғыш тістеріне оралған үзіксіз жіпке ұқсайды, ал кейде ұлпа толық алынбай, үзік-үзік болып шығады. Мұндай кезде ұлпаалғышты бірнеше рет өзекке қайталап енгізіп, ұлпаны толық алуға тырысады. Ұлпаалғыштың орнына кейде жіңішке түрпі бұрғыны (К-файлды) пайдалануға болады. Периодонтқа шығып, оны жарақаттап алмау үшін тістің ұзындығын (түбір өзегінің ұзындығын) ескере отырып, шектеуіші бар аспаптарды қолданған жөн.


Слайд 71Ұлпаны толық алғаннан кейін түбір өзегінің ұзындығын анықтайды (ол үшін арнаулы

тереңдік өлшегіштер-глубиномерлер қолданылады, олар жоқ болған кезде түбір инесін де пайдалануға болады). Өзек ұзындығын анықтау үшін алдымен тістің жалпы ұзындығын анықтап алады және есептеуді алдыңғы тістерде тістеу қырынан, ал азу тістерде бір шайнау төмпешігінің шыңынан бастайды. Алынған ұзындықты эндодонтық сызғыштың (эндодонтическая линейка) көмегімен есептеп, арнаулы таблицадағы көрсеткіштермен салыстырады. Ұзындық туралы толық мәліметті апекслокатордың немесе визиографтың көмегімен де алуға болады.
Осыдан кейін түбір өзегін ұсақ аспаптармен және дәрі-дәрмектермен өңдейді. Өзекті ұсақ аспаптармен өңдеудің негізгі мақсаты – оған үрмеге (воронкаға) ұқсас пішін беру және пломбылауға дайындау. Ол үшін арнаулы өткіш, (дрильбор), кеңейткіш (корневой бурав, рашпиль) бұрғылар және тегістегіштер (развертки) қолданылады.
Түбір өзегін ұсақ аспаптармен өңдеген кезде өзек қабырғасындағы әлі минералданбаған дентин (предентин) және ұлпа қалдықтары толығымен алынады.

Слайд 73Эндодонттық аспаптармен жұмыс істеген кезде белгілі бір реттілік (бірізділік) сақтау керек:

алдымен өткіш бұрғымен (дрильбор немесе ремер) белгілі ұзындыққа дейін өтіп барып, кеңейткіш сүргі бұрғы (бурав), түрпі бұрғы (рашпиль) немесе файлдармен өзек қабырғасын қырады және тегістейді.
Эндодонттық аспаптармен өңдеу біткен соң, өзекті антисептиктер ертіндісімен жуып, кептіреді. Ол үшін сутегінің асқын тотығының 3% ертінідісі, натрий гипохлоридінің 2-3% ертінділері, хлоргексидиннің 0,2-0,3% етріндісі, 96º спирт, эфир пайдаланылады. Түбір өзегі аталған дәрілермен суланған мақта біліктердің немесе қағаз штифтердің көмегімен жуылады және жақсы өңделген өзектен біліктер таза және құрғақ болып шығады (спиртпен және эфирмен кептіргеннен кейін).
Ұлпа қабынуын ұлпаны толық алып емдеудің соңғы және жауапты кезеңі – түбір өзегін пломбылау. Оның сапалылығы емдеудің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Түбір өзегін пломбылау үшін қойыртпақтар, штифтер, сирек жағдайда цементтер пайдаланылады. Кең өзекте қойыртпақ пен штифтерді қоса қолдануға болады. Түбір өзегін түбір инесінің немесе өткіш бұрғының (дрильбор) көмегімен қолмен пломбылауға немесе арнаулы өзектолтырғыштың (каналонаполнитель – Zentulo spirals) көмегімен де пломбылауға болады.


Слайд 74Түбір өзегін толтыруға арналған арнаулы қойыртпақтармен (пасталармен) өзекті пломбылау тәсілі: өңделген

және кептірілген өзек қабырғасына қойыртпақ дайындалатын сұйықтан жағады (инеге оралған мақта біліктің көмегімен). Цинкэвгинолды қойыртпақпен, эндометазонмен, эстезонмен, эвгедентпен пломбылаған кезде эвгенол жағады. Осыдан кейін дайын болған қойыртпақтың кішкентай бөлшегін ине ұшына іліп алып, өзекке енгізген соң инені айналдыра және ілгері жылжыта отырып өзек қабырғаларын жабады. Пломбылық материалдың жаңа бөлшектерін осы тәсілмен қайталап енгізіп отырып, өзекті толтырады. Өзектің кең бөлігін инеге оралған мақта біліктің көмегімен толтырады және нығыздайды. Өзектің түбір ұшы бөлігін толтыратын қойыртпақтың консистенциясы аздап сұйықтау (қою кілегейдікіндей), ал кеңдеу бөлігін толтыратыны – қою (қамырға ұқсас) болғаны жөн.


Слайд 75Түбір өзегін өзек толтырғышпен пломбылау тәсілі:
Өңделген және кептірілген өзек сағасына сүңгінің

ұшына іліп немесе тегістегішпен қойыртпақтың кішкене бөлігін апарады да, өзек ауызына кіре бере айналысқа қосылатын (800-1000 айналым минөтіне) өзек толтырғыштың көмегімен өзек қабырғаларын жаба отырып, түбір ұшына жылжытады және оны айналған бойы өзектен шығарып алады және бормашинаның жұмысын тоқтатады. Осы әрекетті бірнеше рет қайталай отырып, түбір өзегін толтырады. Ең соңында білік оралған инемен қойыртпақты нығыздап тастайды. Өзектолтырғышпен жұмыс істегенде қойыртпақтың консистенциясы аздап сұйықтау болады (қою кілегейдей).


Слайд 76Түбір өзегін қойыртпақпен қоса гуттаперчадан жасалған штифтпен пломбылау тәсілі:
Осыған дейін жақсы

кеңейтілген және өңделген өзекке өзектолтырғыштың көмегімен қойыртпақты екі-үш бөлікпен апарып, қабырғасына жақсылап жағады да, өзек диаметріне сай таңдалып алынған штифті енгізіп, кедергі кездескенше жылжытады (оның диаметрі өзекті соңғы рет түбір ұшына дейін өңдеген файлдың өлшеміне сай болу керек). Штифтің өзектен шығып қалған бөлігін қыздырылған аршығыштың көмегімен кесіп алып тастайды. Бұл әдісті түбір өзегін бір штифтпен пломбылау әдісі (метод одного штифта) деп атайды.


Слайд 77Түбір өзегін бүйірден нығыздап пломбылау әдісі (метод боковой-латеральной конденсации):
Жақсы өңделген өзекке

қойыртпаққа (силерге) батырылған (штифт жақсы сырғу және түбір өзегін тығыз толтыру үшін) штифт енгізіліп, өзек қабырғасымен түбір ұшына қарай жылжытады. Штифт одан әрі жылжымайтын болса, тік нығыздаушы аспаптың (ручной конденсор-плагер) көмегімен қолмен нығыздайды. Одан кейін ұшы үшкір бүйірлеп нығыздағыш аспаптың көмегімен (боковой конденсор-спредер) өзек қабырғасына қарай нығыздайды. Бүйірлеп нығыздағышты өзектен шығарғаннан кейін босаған орынға екінші штифті енгізіп, жоғарыда айтылған тәсілмен нығыздайды және өзек толық бітелгенше қайталайды. Штифтердің өзекке симай қалған бөлігін қыздырылған аршығыштың көмегімен кесіп алып тастайды. Штифті нығыздауды ұштықпен айналатын нығыздағыштың (конденсор) көмегімен де орындауға болады. Өзекте баяу айналған конденсор қыза келе гуттаперчадан жасалған штифті жұмсартады және түбір ұшына қарай жылжытады.

Слайд 78Гутаттаперчадан жасалған штифтерді тоңазытқышта сақтайды. Олар қатты болу үшін арнаулы қатыратын

сұйықтармен (спреймен) өңдейді және спиртпен зарарсыздандырады.
Түбір өзектерін пломбылаған кезде (өте-мөте штифтермен пломбылаған кезде) тістердің ұзындықтарының (түбір ұзындықтарының) орта шамасы берілген таблицаны пайдаланған тиімді болады.
Түбір өзегінің дұрыс немесе сапалы пломбыланғанын (толтырылғанын) анықтайтын әдіс – рентгенографиялық және рентгенфизиографиялық әдістер. Өзектің жақсы пломбылануының көрсеткіштері: пломбылық материал рентгенсуретте өзекте тұтас, қабырғаларына тығыз жанаса, біркелкі толтыра, физиологиялық тесікке жетіп (анатомиялық тесікке дейін немесе түбір ұшына дейін 0,5-0,6 мм жетпей) орналасқан. Егер түбір ұшы сыртына пломбылық материалдың кішкентай бөлшегі шығып кетсе және қатты ауыру сезімін тудырмаса, оны үлкен қателік деп есептеуге болмайды. Ең үлкен қателік – түбір өзегінің толық пломбыланбай қалуы (түбір ұшына дейін 1,5 мм-ден көп бөлігі бос қалуы) немесе түбір сыртына пломбылық материалдың біраз мөлшерінің шығып кетуі.

Слайд 79Тісті пломбылау. Аршығыштың немесе мақта анжының көмегімен тіс қуысынан пломбылық материалдың

қалдығын алып тастап, аралық төсем салып (шыныиономерлік, цинкфосфатты цементтерден), тұрақты пломбы қояды. Егер өзек эвгенол негізді қойыртпақтармен пломбыланған болса, өзек сағасын суға шыланған дентинмен жабу керек. Себебі, эвгенол шыныиономерлік цементтің және композиттік материалдардың жақсы қасиеттеріне нұқсан келтіреді.
Ұлпаны уақытша жансыздандырып алу әдісінің тиімді тәсілі – ұлпаны диатермокоагуляциялап барып (жоғарғы температурада қуырып) алу. Бұл тәсілді орындау аса қиын емес және жақсы өтетін өзектерде қолданылады. Ұлпа тінін коагуляциялау үшін арнаулы ДКС-1, ДКС-2 маркалы айнымалы токпен жұмыс істейтін аппарат пайдаланылады.
Ұлпаны уақытша жансыздандыру үшін жүргізілген әдістен кейін (өткізгіштік немесе инфильтрациялық жансыздандыру әдістерінен соң) 5-10 минөт өткен соң (кейде 10-15 минөттен кейін) сауыт ұлпасын алып тастап, өзек сағасына аппараттың қыздырылған электродын енгізіп, өзек бойымен түбір ұшына дейін 3-4 секөнд жылжытады және аппаратты сөндірмей тұрып, электродты өзектен шығарып алады. Коагуляцияланған ұлпаны (құрғақ ақ жіпке ұқсас) ұлпаалғыштың көмегімен алып тастап, өзекті антисептиктер ертіндісімен жуып-кептіріп,физиологиялық тесікке дейін пломбылайды.
Егер ұлпасы толық алынатын тісте өтпейтін өзектер болатын болса, өзек сағасындағы ұлпаны алғаннан кейін, түбір ұлпасын өліеттендіру үшін иодтың 5-10% спирті ертіндісімен электрфорездеу әдісін қолдануға болады. Ол үшін арнаулы аппараттың (Поток-1, Поток-2 маркалы) пассивті (енжар) электродын науқастың қолына бекітіп, активті (белсенді) электродты тісжегі қуысына ерітілген балауызбен бекітеді. Оған дейін сауыт қуысына иодтың 5-10% спиртті ертіндісімен суланған мақта анжы қойылады және белсенді электродтың тығыз жанасуын қамтамасыз ету керек. Пайдаланатын тұрақты тоқтың күші 2-5 мА, жүргізу уақыты-15-20 минөт. Екі-үш рет электрфорездеуден кейін ұлпа өліеттенеді, одан кейін импрегнациялау әдістерін қолдануға болады. Ескерте кететін жай, электрфорездеу әдісін міндетті түрде өтетін өзектерді пломбылап алғаннан кейін жүргізеді.

Слайд 80Ұлпа қабынуын ұлпаны уақытша жансыздандырып алу кезінде жіберілетін қателіктер мен асқынулар:
1.

Сауыт және түбір ұлпасын алу кезінде қатты ауыру сезімінің болуы. Себеі - ұлпаның уақытша жансыздануын күтпей, ұлпаны алуды ертерек бастау. Емі: белгіленген уақытты сақтау, одан кейін де ауыру сезімі болса, уақытша жансыздандыруды қайталау немесе ұлпаны өліеттендіріп алу әдісін қолданып емдеу.
Сауыт қуысы қабырғасын немесе табанын тесіп алу. Себебі - тіс қуысының топографиясын жақсы білмеу. Тесікті шыныиономерлі цементпен немесе күміс амальгамасымен жабады.
2. Эндодонттық аспапты өзекте сындырып алу. Себебі - пайдалану ережесін дұрыс сақтамау немесе бір аспапты бірнеше рет қолдану. Мүмкіндігінше алуға тырысу керек, алынбаған жағдайда өзектерде импрегнациялау әдісін жүргізу қажет.
3. Диатермокоагулятор қолданып емдеген кезде периодонтты және тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндерді күйдіріп алу. Себебі – токтың күшін тым жоғарылатып жіберу, инені периодонтқа өткізіп жіберу, аса ұқыпты болмау. Емдеу шараларын периодонттың қабынуы және ауыздың кілегей қабығының физикалық әсерлерден жарақаттануы бөлімдерінен қара.
4. Түбір өзегін толық пломбыламау. Рентгендік тексеру әдісімен дәлелденген жағдайда пломбылық материалды алып тастап, өзекті қайта пломбылау.
5. Ұлпаны толық алып емдегеннен кейін екінші күні тісінің аздап өзбетімен сыздап және ас шайнағанда ауыруы (периодонттың тітіркену симптомы). Себебі – периодонтқа ұсақ аспаптармен әсер ету нәтижесі, периодонтқа қан құйылуы, пломбылық материалдың түбір сыртына шығып кетуі. Мұндай асқынулар 17-20% жағдайда кездеседі және ауыруды басатын дәрілер ішкенде, ауызды жылы ертінділермен булағанда көбіне өз бетімен 2-3 күнде басылып кетеді. Ал қатты ауыру сезімі мазалап, тез арада басыла қоймаса, тіс тұсындағы ауыспалы қатпарға 30% линкомицин ертіндісімен (1 мл) 2% новокаин ертіндісін (1мл) қосып, инъекция жасауға болады (күніне бір рет 3-5 күн қатарынан). Сонымен қатар физиотерапиялық емдеу шараларын (микротолқынмен емдеу, дарсонвализациялау, флюктуоризациялау) қолдануға да болады..
Жақын арада немесе біраз уақыт өткен соң пломбының түсіп қалуы. Себебі – тісжегі қуысын дұрыс егеп тазаламау, пломбыны қою ережесін сақтамау. Емі: тісжегі қуысын қайтадан егеп-тазалап, жаңадан пломбы қою.

Слайд 81Бұл әдіс қазіргі уақытта да қолданылып жүрген әдіс, өйткені 100% жағдайда

ұлпа қабынуын ең озат әдіс деп саналатын виталдық хирургиялық әдіспен емдеу мүмкіндігі жоқ. Себебі, әлі де көптеген стоматологиялық науқастарда ұлпаны жансыздандыратын анестетиктерге аллергиялық реакциялар байқалады және көптеген адамдардың жалпы және психикалық жағдайлары бұл әдісті жүргізуді көтере бермейді.
Ұлпа қабынуын девиталдық хирургиялық әдіспен емдеудің қалыптасуына негіз болған 1836 жылы американ дәрігері Спунер ұсынған мышьяк ангидриді (мышьяк қышқылы). Мышьяктың көптеген қосындыларының ішінен тіндерге көбірек жергілікті әсер ететін мышьяк ангидриді (As2O3). Ол беті ашық жағдайда ауадан өзіне ылғал тартып, мышьяк қышқылына айналады (мышьяковистая кислота-acidi arsenicosi).

Ұлпаның қабынуын ұлпаны өліеттендіріп алу әдісі мен емдеу (девиталды хирургиялық әдіс)


Слайд 82Әртүрлі клиникалық зерттеулер анықтағандай, мышьяк қышқылының белгілі мөлшерін (0,0006-0,0008г.) белгілі уақытқа

(2 сөткеге дейін) ұлпа бетіне қойса, периодонтқа зиянды әсерін тигізбей, ұлпаны толық өліеттендіре алады екен.
Мышьяк қышқылының ұлпаны өліеттендіру механизмі туралы әртүрлі көзқарастар бар. Ұлпа тінімен тікелей жанасқан жерінде ұлпаны күйдіре өліеттендіреді (некроздайды), ал мышьяк өте бастаған ұлпаның төменгі қабаттарында қан тамырлары кеңейіп, қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауы нәтижесінде қан құйылу ошақтары пайда болып, нерв талшықтарында миелінде қабықтың түйіршікті ыдырауы, өстік цилиндрдің варикозды жуандауы, нерв талшықтарының жойылып кетуі де (гибель) байқалады. Ұлпаның толық өліеттенуі көбінесе мышьяк ангидридінің тотықтырушы ферменттерді тежеуі әсерінен тотығу үрдісі бұзылып, ондағы жасушалық (клеткалық)және тіндік құрылымдардың бұзылуы (гибель) нәтижесінде дамиды.

Слайд 83Мышьяк қышықылының зарарсыздандырушы қасиеті жоқ және жоғарыда айтылғандай, оның әсерінен қабынған

ұлпада жалқықтану үрдісі күшейіп, тіс қуысы ішінде қысым жоғарылай түседі. Осыған байланысты ұлпаны өліеттендіретін мышьяк қышқылы күрделі қойыртпақтың (мышьякты пастаның) құрамында қолданылады:
Rp: Acidi Arsenicosi 3,0
Cocaini hydrochloridi
Thymoli āā 0,5
M.f. pasta
Ds. стоматологиялық кабинет үшін.

Тимол қойыртпаққа антисептикалық қасиет береді, ал кокаин ұлпаның өліеттенуі кезіндегі қатты ауыру сезімін басады. Аталмыш қойыртпақ бірінші қабылдауда ұлпасы қабынған бір түбірлі тіске 24 сағатқа , ал көптүбірлі тіске 48 сағатқа қойылады.
Егер тісі сырқат адам белгіленген уақытта екінше қабылдауға келе алмайтын болса, ұлпаны ұзақ уақытта өліеттендіретін мышьяк қойыртпағын қолдануға болады:
Rp: Arsenicosi 5,0
Acidi tannici 2,5
Olei caryophyllori q.s.
Ds: ұлпаны баяу өліеттендіру үшін.
Бұл қойыртпақ сырқат тіске бірінші қабылдауда 7-15 күнге дейін қойылады.

Слайд 84Ұлпаны өліеттендіру үшін параформальдегид де (триоксиметилен) қолдануға болады. Дене температурасында ол

деполимеризациялауға (жібуге) ұшырап, құрамынан формальдегид молекулаларын бөледі. Ал бөлінген молекулалар ұлпаны құрғатып, мумификациялануға ұшыратады.
Ұлпаның өліеттенуі баяу жүретіндіктен, құрамына ауыру сезімін басатын дәрі қосылған арнаулы қойыртпақ дайындайды:
Rp: Paraformaldegidi 9,0
Anaesthesimi 1,0
Eugenoli q.s.
Ds: стоматологиялық кабинет үшін.
Қойыртпақ тек майға шыланады, егер суға шыланса параформальдегид формальдегид ертіндісіне айналады.
Бұл қойыртпақты уы бірінші қабылдауда сырқат тіске 7-14 күнге қоюға болады. Баяу әсер ететіндіктен тісжегі қуысында қойыртпақ төрт аптаға дейін қалғанда да периодонтқа уытты әсері байқалмаған.

Слайд 85Емдеу тәжрибесінде Ярас И.И. (1956) ұсынған қойыртпақты да қолдануға болады. Оның

құрамына мышьяк қышқылының бір бөлігі, кокаиннің бір бөлігі, параформальдегидтің 3-4 бөлігі кіреді және қойыртпақ шығуы үшін эвгенолға немесе фенолға араластырады. Бұл қойыртпақты 4-7 күнге қоюға болады.
Сирек жағдайларда (ұлпаның созылмалы шіри қабынуы, ұлпа қалдығының қабынуы кезінде ұлпаны тірідей алған кезде өтпейтін өзектерден ұлпаны алу мүмкіндігі жоқ кезде) ұлпаны өліеттендіру үшін сұйық дәрілер қоспасы (фенол-формалин, камфора-фенол, резорцин-формалин сұйығы) пайдаланылады және олар өзек сағаларына мақта анжымен қойылады (2-3 күнге).
Ұлпаны өліеттендіріп алу әдісін ұлпа қабынуының барлық түрлерінде қолдануға болады және ол үш түрге бөлінеді: 1) ұлпаны өліеттендіріп толық алу (девиталды экстирпациялық әдіс); 2) ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу (девиталды ампутациялау); 3) ұлпаны өліеттендіріп аралас алу (девиталды ампутациялы-экстирпациялық әдіс).


Слайд 86Ұлпаны өліеттендіріп толық алу әдісі (метод девитальной экстирпации пульпы) түбір өзектері

жақсы өтетін немесе кеңейту арқылы өтуге болатын өзектері бар тістерді емдеу үшін қолданылады, ал түбірлері толық қалыптаспаған тістерде (уақытша және тұрақты), түбірлері сорылу сатысындағы және түбір өзектері өтпейтін тістерде қолданылмайды.
Бұл әдісті орындау бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Тісжегі қуысын егеп-тазалап, өліеттендіруші қойыртпақ қоюға дайындау;
Тіс қуысын тесіп, қойыртпақты қою;
Сауыт қуысын ашу, өліеттенген сауыт және түбір ұлпасын алу;
Түбір өзегін (өзектерін механикалық әдіспен және дәрілермен өңдеу);
Түбір өзегін пломбылау;
Тісжегі қуысын пломбылау.


Слайд 87Ұлпаны өліеттендіруші қойыртпақ бірінші қабылдауда қойылады. Ол үшін тісжегі қуысы мұқият

аршығыштың және борлардың (бұрғылардың) көмегімен тазаланады (толық егеп-тазалау міндет емес). Көруге және енуге қиындық туғызатын тісжегі қуыстары тіс қуысын тесуге қолайлы сауыт беттеріне шығарылады. Тісжегі қуысын дентин үгінділерінен тазалап алып және кептіріп, 2-3 минөтке қуыс табанына уақытша жансыздандырушы дәрілер ертіндісімен мақта анжы қояды. Ұлпаның жоғарғы қабаты жансызданатындай уақыт өткен соң, ең кішкентай өткір және таза шарға ұқсас бордың көмегімен ұлпаға ең жақын аймақта (мүйізше тұсында) сауыт қуысын тесіп, жалқық шыға қалса оны құрғатып, мышьяк қойыртпағын қояды (сурет). Қойылатын қойыртпақтың көлемі №1 шарға ұқсас бордың көлеміндей болу керек және оны ашылған ұлпа бетіне сүңгінің ұшымен немесе кішкентай мақта анжының көмегімен апарып қояды.
Мышьяк қышқылы қабынған ұлпада жалқықтану үрдісін күшейтіндіктен, ол әсер ете бастасымен тісте қарқындылығы және ұзақтығы әртүрлі ауыру сезімі пайда болады. Осы ауыру сезімін азайту үшін де сауыт қуысын тесуге тура келеді және қойыртпақтың құрамына ауыру сезімін басатын дәрілер қосады. Ауыру сезімін мүмкіндігінше азайту үшін қойыртпақтың үстіне әртүрлі ауыруды басатын дәрілермен (қалампыр майы, эвгенол, Платонов сұйығы, камфора-фенол, пульпоперил т.б.) суланған мақта анжы қойып, тісжегі қуысын аса қатты нығыздамай суға шыланған дентинмен (уақытша пломбы) жабады. Бір түбірлі тістерде қойыртпақ 24 сағатқа, ал көптүбірлі тістерде 48 сағатқа дейін қойылады. Егер тісі сырқат адам көрсетілген уақытта келе алмайтын болса, ұзақ әсер ете өліеттендіретін қойыртпақтарды қояды. Бұл кезде баяу әсер ететін мышьяк қойыртпағының мөлшері № 1 немесе №2 шарға ұқсас бордың, ал параформальдегидті қойыртпақтың мөлшері №9 шарға ұқсас бордың бастарының көлеміндей болады. Шетелдік фирмалар бұл қойыртпақтардың қолдануға ыңғайлы болу үшін мөлшерленіп бөлінген түрлерін шығарады.


Слайд 88Өліеттендіруші қойыртпақтарды қояр алдында ұлпа қабынуының барлық түрлері кезінде сауыт қуысын

тесу міндетті емес (ұлпаның жартылай жедел қабынуы кезінде). Қабыну үрдісі басталғалы біраз уақыт өтіп, периодонттың тітіркендіруін туғызған жедел қабынулар кезінде (ұлпаның толық жедел қабынуы, жедел іріңді қабынуы) сауыт қуысын тесіп, ішінде жиналған жалқықтың тісжегі қуысына шығуына мүмкіндік туғызған жөн. Ұлпаны созылмалы қабынулары кезінде онсыз сауыт қуысы көбінесе ашық болады. Ескере кететін бір жай, ұлпаның созылмалы өсе қабынуы кезінде, қойыртпақ қоярдан бұрын аппликациялық (жапсырмалық) анестезия жасап, ұлпаның тісжегі қуысындағы өскен бөлігін кесіп алып немесе диатермокоагуляциялап тастайды.
Екінші қабылдауда ешқандай ауыру сезімі болмаса, уақытша пломбы сақталып, тіс ұлпасы толық өліеттенген жағдайда ұлпаны толық алуға кіріседі. Ол үшін уақытша пломбыны алып, тісжегі қуысын толық егеп-тазалап, сауыт қуысын ашады. Таза шарға ұқсас бормен немесе өткір аршығышпен сауыт ұлпасын алады. Түбір ұлпасын алу, дәрілермен өңдеу және пломбылау тәсілі ертеректе айтылған (ұлпаны уақытша жансыздандырып алу әдісін қара).


Слайд 89Бұл әдіс сирек және көбінесе әртүрлі жүйелер ауруларының декомпенсациялану сатылары бар,

обыр, инсульт, миокард инфарктымен ауырған, ауыр операциялар жасалған адамдарда қолдануға болады. әртүрлі себептерден ауыз ашуы шектеліп қалған адамдарда да (микростома, шайнау бұлшық еттерінің жиырылып қалуы - тризм) қолдануды қажет етеді. Сонымен қатар түбір өзектері бітеліп, өтпей қалған қарт адамдардың тістерінде де қолдануға болады және көбінесе үлкен азу тістерде жүргізіледі.
Бірінші қабылдауда тісжегі қуысын тазалап, сауыт қуысын тесіп, өліеттендіруші қойыртпақ қояды. Екінші қабылдауда тісжегі қуысын толық егеп-тазалап, сауыт қуысын ашып, ұлпаны ампутациялайды, өзек сағаларын кеңейтіп, импрегнациялау болмаса электрфорездеу немесе депофорездеу әдістерін жүргізеді.

Ұлпа қабынуын ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі (метод девитальной ампутации пульпы).


Слайд 90Түбір өзектерін импрегнациялау әдістерінің ішінде кеңірек қолданылатын 1913 жылы Альбрехт ұсынған

– резорцин-формалиндеу әдісі. Ол үшін резорциннің формальдегидтің 40% ертіндісінде қанықтырылған ертіндісі пайдаланылады. Бұл ертінді таза шыны бетінде резорцин кристалдарын формальдегид ертіндісіне біртіндеп қосу арқылы дайындалады (резорцин кристалдарының сұйықта еруі баяулай бастағанға дейін біртіндепқосып, аралстырып отырады) және резорцин-формалин сұйығы деп аталады.
Өтпейтін өзек сағасына (аузына) 1-2 тамшы сұйықты апарып тамызып, жіңішке түбір инесімен 2-3 минөттей уақытта өзекке итеріп сіңіреді және 2-3 рет қайталайды, сұйықтың сіңбей қалған бөлігін сорғызып алып, өзек ауызында осы сұйықпен ылғалданған мақта анжы немесе асбест кесегін қалдырып, тісжегі қуысын уақытша пломбымен жабады. Қалдырылған және енгізілген сұйық алынбаған түбір ұлпасына сіңіп, феноформальдегидті шайырға айналып, біртіндеп қатаяды (полимеризацияланады). Ол қатаю кезінде көлемі кішірейеді, сондықтан келесі қабылдауда өзекті импрегнациялауды қайталаған жөн.

Слайд 91Келесі қабылдауда (үшінші қабылдауда) уақытша пломбыны алып, қатайған шайыр мен өзек

қабырғалары арасында пайда болған саңылауды (қатайған шайыр көлемі кішірейіп, қабырғадан ажырау барысында) толтыру үшін импрегнациялау әдісін қайталайды. Шайырдың тез қатаюы үшін оған бір тамшы катализатор қосады (антиформин, сілтілер - KoH, NaoN 10% ертінділері).
Сұйықтың артығын мақта анжыға сіңіріп алған соң, өзектің өтетін бөлігін резорцин-формалин қойыртпағымен пломбылайды (қойыртпақты сұйыққа мырыш тотығын қосу арқылы дайындайды) және аралық төсем төсеп, тұрақты пломбы қояды.
Нашар өтетін түбір өзектерін мумификациялау үшін параформальдегидті қойыртпақты немесе прополистің 10% спиртті ертіндісін мырыш тотығымен араластырып қолдануға болады (Митина В.И., Марченко А.И., 1970). Өтпейтін түбір өзектерін жақсы зарарсыздандыру үшін (көбінесе ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде) 1913 жылы Гоу ұсынған күмістеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдістің Я.С.Пеккер жетілдірген және оңтайландырған түрі үшін азот қышқылды күмістің (күміс нитратының) 30% судағы ертіндісі және 4% гидрохинон ертіндісі пайдаланылады. Кеңейтілген және өңделіп құрғатылған өзек сағасына 1-2 тамшы күміс нитратының ертіндісін тамызып, 1-2 минөт түбір инесінің көмегімен итеріп, өзекке сіңіреді және 2-3 рет қайталайды. Сіңбей қалған сұйықты мақта анжымен сорып алып,гидрохинон ертіндісін тамызып (1-2 тамшы), оны да инемен итеріп сіңіреді және қайталайды. Гидрохинон ертіндісінің тотықсыздандыруы әсерінен ертіндіден таза металл күміс бөлініп шығып дентиннің құрамындағы белокпен қосылып, күміс альбуминатын түзеді және өзек қабырғалары мен ұлпа бетінде берік, жұқа жарғақ құрай шөгеді. Бұл әдіс түбір өзегін жақсы зарарсыздандырғанымен, өліеттенген ұлпаны болашақта ыдыраудан сақтай алмайды. Сондықтан, бұл әдіспен қатар резоцин-формалиндеу әдісін жүргізген өте тиімді болар еді.
Осы мақсатта өтпейтін түбір өзектерінде Рубин Л.Р (1967) ұсынған иод-электрофорездеу және депофорездеу әдістерін қолдануға болады.


Слайд 92Бұл әдісті девиталды ампутациялы – экстирпациялық әдіс деп те атауға болады

және көбінесе жақсы өтетін және өтпейтін өзектері бар көптүбірлі тістерде ұлпа қабынуының барлық түрлерінде қолдануға болады. Емдеу әдісі екі немесе үш қабылдауда жүргізіледі. Ертеде айтылғандай, бірінші қабылдауда сырқат тіске өліеттендіруші қойыртпақтар қойылады. Екінші қабылдауда сауыт және түбір ұлпасы алынып (жақсы өтетін өзектен), өзек өңделіп, пломбыланады. Өтпейтін өзектерде импрегнациялау әдісі жүргізіліп, тіске уақытша пломбы қойылады. Екінші қабылдауда уақытша пломбы алынып, импрегнациялау әдісі қайталанады, өзек сағалары антисептикалық қойыртпақтармен жабылып, аралық төсем салынады және тұрақты пломбы қойылады.

Ұлпа қабынуын девиталды аралас хирургиялық әдіспен емдеу (девитальный смешанный хирургический метод).


Слайд 93Кейбір жағдайларда жақсы өтетін өзектерді бірінші немесе екінші қабылдауда (девиталды экстирпациялау

әдісін жүргізгенде) пломбылау мүмкіндігі болмай қалады (дәрігердің уақыты жетпейді немесе тісі сырқат адам тез шаршап қалады, сонымен қатар әйелдердің «жүкті» кезінде және өзекті жақсылап зарарсыздандыру қажет жағдайда).
Бұл кезде түбір өзектерінде арнаулы антисептиктермен шамалы суланған мақта біліктер қалдырылып, 2-3 күнге уақытша пломбы қойылады. Ондай антисептиктер қатарына эвгенолды, қалампыр майын, фено-формалинді, камфора-фенолды, шетелдік заттардан крезофенді (дексаметозон, парахлорфенол, тимол қоспасы), пульпоперилді (прокаин, фенол, креозот, эвгенол,хлороформ қоспасы), гипохлоридтің 5% ертіндісін жатқызуға болады.


Слайд 94Ұлпа қабынуын ұлпаны толық алып емдеудің қай тәсілінің болса да нәтижелілігі

түбір өзегін сапалы пломбылаумен тікелей байланысты. Тіс ауруларын емдеумен айналысатын дәрігер-стоматологтың түбір өзегін пломбылауға арналған материалдар (жадығаттар) туралы мәлімет алғаны дұрыс. Қазіргі кезде қолданылып жүрген материалдар белгілі шартты талаптарға жауап берулері керек. Олар:
өзек қабырғаларына жақсы жабысу;
өзекке оңай енгізіліп, қажет болса оңай шығарылу;
негізгі өзекті және оның тармақтарын жақсы толтыру;
қатайғаннан кейін көлемін кішірейтпеу;
тістің түсін өзгертпеу;
бактериялар өсетін ортаға айналмау;
тіндер сұйықтарында ерімеу;
мутагендік және тісжегі туындататын қасиетінің болмауы;
рентгенанықтық қасиетінің болуы;
тіс тіндерімен және жалпы организммен биологиялық бейімділікте болу;
қатаю уақытының түбір өзегін толтыруға оңтайлы болуы.


Слайд 95Қазіргі кезде қолданылатын материалдар қатты (филерлер) және жұмсақ (силерлер) болып екіге

бөлінеді.
Қатты материалдарға штифтер жатады: а) металлдан жасалған (күмістен және титаннан); б) гуттаперчадан жасалған.
Жұмсақ материалдар (силерлер).
Цинк-фосфатты цементтер.
Мырыш тотығы және эвгенол негізді материалдар: а) цементтер; б) қойыртпақтар: қолданар алдында дайындалатын (экстемпоралды) цинкоксидэвгеналды қойыртпақ, герметик (ГФР), Гроссман қойыртпағы (АҚШ), эндометазон, эстезон, пропилор, эндомет, мерпазон (Франция), эвгедент (Ресей) және б.
Эпоксид шайырлары негізді қойыртпақтар (герметиктер): АН-26, Ан-PLUS (Англия), эндодонт, интрадонт – Д (Ресей) және б.
Резоцин-формальдегид негізінде: қолданар алдында дайындалатын (ex tempore) резорцин-формалинді сұйық және қойыртпақ форедент (Чехия), радикскорт (Болгария), SPAD, биопласт, форфенан (Франция).
Кальцийсутотығы құрамды қойыртпақтар: биокалекс (Франция), темпканал Са (АҚШ) және б.
Диакет (Германия).
Крезопаста (Франция)
Паста № 2 (no Sargenti)
Apatite Root Sealer – трикальцийфосфат және иодоформ қосылған (дәрілер қосылған материалдар) қойыртпақтар.
Шыныиономерлі цементтер: Endion (эндион), Ketac-Endo. Шыныиономерлі цементтер көбінесес штифтермен бірге қолданылатын силерлер (эндолюбриканттар) ретінде пайдаланылады.
Дентин адгезивтері негізіндегі материалдар (көбінесе штифтермен бірге қолданылады).
ҚҰрамында цинк-эвгенол бар, аздап кальций су тотығы (Ca(OH)2) қосылған материал: Calciobiotic Root Canal Sealer (CRCS), кальций су тотығы және аздаған пластмасса қосылған материал: Sealapex және Apexit


Слайд 96Ұлпа қабынуын ұлпаны өліеттендіріп алу әдісімен емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен

асқынулар.
1. Уақытша пломбы қойғаннан кейін қатты ауыру сезімінің мазалауы. Себебі: сауыт қуысы тесілмеген немесе уақытша пломбы ұлпаға қысым көрсете нығыздалған. Уақытша пломбыны алып, өліеттендіруші қойыртпақты қою ережесін сақтап, ұлпаға қысым көрсетпей уақытша пломбыны қайтадан қою.
2. Тісжегі қуысын уақытша пломбымен дұрыс жаппағандықтан – мышьяк қышқылының қызылиекке шығып, оны күйдіруі және альвеола өсіндісін өліеттендіре жарақаттауы. Мұндай жағдай көбінесе мышьяк қойыртпағын II, III, IV және V кластық тісжегі қуыстарына қойған кезде байқалады.
Мұндай асқынулар болмас үшін, бұл қуыстарға уақытша пломбы қойған кезде бөлгіш таспалар (разделительная пластинка) немесе матрицалар қолданған жөн. Күйіп қалған қызылиекті сутегінің асқын тотығының 1-3% ертіндісімен жуып, күйдірілген магнезий себеді немесе иодтың 1-2% спиртті ертіндісімен иодоналдың 5% ертінділерімен өңдейді.. Күйгеннен кейін 2-3 күн өткен соң өліеттенген тіндерді қырып немесе кесіп алып тастайды, жарақат ошағына жазылуды тездететін жақпалар жағады.
3. Мышьяк қышқылы әсерінен периодонтта уыттану немесе жедел қабыну белгілерінің дамуы (мышьяковистый периодонтит). Себебі: мышьяк қышқылының мөлшерін дұрыс сақтамау (көбірек қою) немесе қою уақытын ұзартып алу (дсырқаттың келесі қабылдауға келетін уақытын дұрыс белгілемеуге немесе тісі сырқат адамның уақытында келмеуіне байланысты). Емі: кешіктірмей сауыт қуысын ашып, ұлпаны толық алып (мүмкіндігінше) түбір өзегін жуып, кептіргеннен кейін өзекте мышьякты байланыстыратын (антидот) дәрілер ертіндісін қалдырады (унитиолдың 5% ертіндісі, иодты калийдің 10% ертіндісі немесе Люголь ертіндісі). Келесі қабылдауда түбір өзегін ұсақ аспаптармен, дәрілермен өңдеген соң, жақсылап пломбылайды және тұрақты пломбы қояды.
4. Сауыт қуысының қабырғаларын және табанын тесіп алу, өзекте ұсақ аспаптарды сындырып алу. Себебі мен емі ертеректе айтылған (ұлпаның қабынуын виталды экстирпациялау әдісімен емдеуді қара). Азу тістерінде кездейсоқ жасалған тесікті Сафорайдпен өңдеген соң шыныиономерлі цементпен немесе композитпен жабады.
5. Пломбы қойылған тісте біраз уақыттан кейін суықтан және ыстықтан ауыру сезімінің пайда болуы. Себебі: толық алынбаған түбір ұлпасының қайта қабынуы (rest-pulpit-остаточный пульпит). Емі: түбір ұлпасын толық алуға тырысу, егер алуға мүмкіндік болмаса импрегнациялау әдісін, иод-электрофорездеу немесе депофорездеу әдістерін жүргізу (оған дейін түбір ұлпасын қайтадан өліеттендіріп алған жөн). Басқалай асқынулар ертеректе айтылған.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика