Күлбіреуікше клиникасы,диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі презентация

Содержание

Жоспары : І Кіріспе : Күлбіреуікшенің анықтамасы , этиологиясы жіктелуі,клиникалық көрінісі,патогистологиясы емі . ІІ Негізі бөлім: Тұрпайы күлбіреуікше ;

Слайд 1
Орындаған: Әшірбеков Ф.З.


Факультет : стоматология
Тобы: 007-01-01
Курс: 5
Қабылдаған: Бакбаев Б.Б.

Модулі : Терапиялық стоматология


Тақырыбы : Күлбіреуікше клиникасы,диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы , емі.


Слайд 2Жоспары :

І Кіріспе :

Күлбіреуікшенің анықтамасы , этиологиясы жіктелуі,клиникалық көрінісі,патогистологиясы
емі .
ІІ Негізі бөлім:
Тұрпайы күлбіреуікше ;
Аконтолиздеуші күлбіреуікше ;
Вегетациялаушы күлбіреуікше ;
Себореялы күлбіреуікше .
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер


Слайд 3Кіріспе
Күлбіреуікше (пузырчатка – pemphigus ) немесе аконтолиздеуші күлбіреуікше ( истинная

или аконтолитическая пузырчатка ) ағымы өте ауыр , эпидермистің мальпигиев ,ал ауыз кілегейлі қабығының тікенекті қабатының жасушаларының аконтолизденуге ұшырауынан қабыну үрдісінсіз көлемдері әр түрлі ( 0.5 см ден 5.0 ге дейін ) күлбіреуік бөрткендердің пайда болуыменен және олардың жарылуы нәтижесінде эрозиялы ошақтардың дамуымен сипатталатын буллезді дерматоз .

Слайд 4Акантоликалық күлбіреуікше
Ауыз қуысы вирусты күлбіреуікшесі


Слайд 7Күлбіреуікше көбінесе жасы 35- тен асқан адамдар ауырады және ерлер мен

әйелдер арасында қатар кезедседі , балаларда сирек кездеседі .
Аурудың этиологиясы әлі анықталмаған . Ертеректе ұсынылған микробты теория мен организмде су және тұз алмасуы бұзылуы туралы теориялар дәлелденбеген . Қазіргі кезде көбірек дәлелін таба бастаған вирустық және аутоиммундық теориялар .Науқастардың қанында тікенекті қабаттың клеткааралық заттың тектес айналымда жүрген Ig G типті антиденелердің анықталуы аурудың аутоиммундық механизмін көрсетеді .

Слайд 8Аурудың вирустық теориясының да маңызын атап өтуге болады . Оның дамуының

барлық кезеңдерінде белгілі бір типті вирус бөлінбегенімен және аурудың экспериментальді түрін ұсақ жануарларда (тышқандар егеуқұйрықтарда , қояндарда) жұқтыру әдісімен туындата алмағанмен , вирустардың науқас организмінде аутоиммундық үрдістерді дамытуда үлкен рөлі бар .

Слайд 9Шеклаков Н.Д. (1980ж) ұсынған жүйе бойынша аурудың клиникалық түрлері :
Қайызды

немесе эритемалы (себорейная или эритемозная )

Жапыраққа ұқсас ( листовидная )

Вегетациялаушы (вегетирующая )










Қарапайым немесе
тұрпайы (вульгарная)


Слайд 10Тұрпайы күлбіреуікше( pemphigus vulgaris ):
Тұрпайы күлбіреуікше кезінде ауыз кілегейлі қабығы жиі

жарақаттанады және ұзақ уақыт (бірнеше айдан 1-2 жылға дейін) аурудың бірден-бір белгісі болуы мүмкін . Көрер көзге өзгермеген ауыз кілегейлі қабығына қабығы жұқа және болбыр , көлемі әртүрлі эпителий ішінде құрылған бір немесе екі үш күлбіреуік бөрткен шығып , көп кешікпей жарылып , аса терең емес эрозиялы ошаққа айналады. Эрозия бетіндегі күлбіреуік қабығы ақшыл-сұр түсті өлі етті-қаққа айналады немесе сыдырылып түсіп , эрозия жиектерінде эпителий үзіктері ретінде сақталады .

Слайд 11Сурет. 11.44. Тұрпайы күлбіреуікше . Бет терісінде ,ерін және тілдің кілегейлі

қабатында эрозиялар .Еріннің қызыл каймасында қабыршақтар .

Слайд 12Егер эпителий үзігін стоматологиялық қысқышпен ықсып алып тартса , біраз жерге

дейін эпителий қабаты сыдырылады . Осылай сыдырылу белгісін “ Никольский симптомы ” және бұл симптомды алудың бірінші варианты . Никольский симптомының екінші варианты егер жақын орналасқан екі күлбіреуік арасындағы аймақты доғал аспаппен үйкелесе , эпителий қабаты сыдырыла бастайды және эрозия пайда болады . Ал үшінші варианты алыс аймақтағы тері бетін үйкелеген кезде беткі эпителий қабаты сыдырылады немесе күлбіреуік бөрткен пайда болады .

Слайд 13Күлбіреуікше
Тұрпайы күлбіреуікше


Слайд 14Ауыз ішінде күлбіреуік бөрткендер жиі үйкеліске ұшырайтын аймақта (ұртта , көбінесе

үлкен азу тістер сыртында ,таңдайда , ерінде , ауыз түбінде , жұтқыншақта) пайда болады . Кейде ауызда тұрпайы күлбіреуікше күлбіреуік бөрткенсіз дамуы мүмкін . Алғашқыда жарақат ошаңында жабынды эпитетий күңгірттеніп , ошақтың орта бөлігінде көлемі тез үлкейетін шағын эрозия ошағы пайда болады . Сүртіп байқағанда бетіндегі өлеттенген эпителий жұқа құрғақ түрінде жеңіл сыдырылады және оның жұмыртқаның ішкі жұқа қабығына ұқсатуға болады Эрозиялы ошақтарда алғашқы кезде тез жазылғанымен , кейін ұзақ жазылуы ұзаққа созылады кейде екіншілік инфекцияның әсерінен қабыну үрдісі қосылып , ауыздан жағымсыз иіс шығады .

Слайд 15Күлбіреуікше ауруы кезінде күлбіреуік бөрткендер көбінесе көп өзгермеген , кейде шамалы

ғана қызарған көбірек үйкеліске ұшырайтын аймақтағы қарын , арқаның жауырын тұсы , қолтық , шап терілері тері бетінде орналасады . Бірнеше сағаттан кейін күлбіреуіктердің қабықтары созылып , жұқарады және алмұртқа ұқсап салбырап барып жарылады .Осыдан пайда болған эрозия ошақтары сарысулы немесе қанды қабықшалармен жабылады . Тері бетіндегі эрозиялар да қатты ашып ауырып , мазалауы мүмкін .Кейде күлбіреуік бөрткендердің ішіндегі сұйығы екіншілік инфекция әсерінен іріңді жалқыққа айналып , пликтеналар пайда болады .

Слайд 17Ауыз кілегейлі қабығы және терімен қатар аурудың алғашқы сатысында басқа аймақтағы

кілегейлі қабықтар да (жұтқыншақ , өңеш , асқазан , ішек жолы) жарақаттанады . Көпшілік жағдайда ішкі ағзалар да жарақатқа ұшырайды , орталық және шеткейлік жүйке жүйелерінде де өзгерістер байқалуы мүмкін .
Күлбіреуікше бірде созылмалы , бірде жеделдеу , кейде жедел ағымды болады .Кортикостероидты дәрілерді пайдаланып емдей бастағанға дейін аурудың ұзақтығы 2 айдан 2 жылға дейін созылып көбінесе өліммен аяқталатын .Сирек жағдайларда ғана акантолиздеуші күлбіреуікшенің ағымы емдеу шараларынсыз қатерсіз бағытқа бет бұратын .
Күлбіреуікшенің ағымы толқынға ұқсас , өршу кезеңдері бірде өз бетімен , кейде емдеу нәтижесінде ремиссиялану (беті қайта) кезеңіне ауысып отырады .

Слайд 19Акантолиздеуші күлбіреуікше :
Акантолиздеуші күлбіреуікшенің дамуының үш кезеңін ажыратады :1) бастапқы кезеңі

(начальная фаза) , науқастың жалпы жағдайы өзгермейді , бөрткендер саны аз , эрозия ошақтары тез жазылады . Никольский симптомы кейде теріс немесе әлсіз дәрежеде оң болуы мүмкін, жақпа таңбалардағы эпителий клеткаларының 30 % акантолизденуге ұшыраған .Бұл кезеңнің ұзақтығы әр науқастарда әртүрлі болады 2-3 айдан 6-7 айға , кейде 1-2 жылға дейін созылуы мүмкін .Кейде күлбіреуік бөрткендердің алғаш коньюктиваға немесе ерін жиектеріне шығуына байланысты аурудың диагнозы дұрыс нақтыланбайды , “коньюктиваның немесе ерін қабынуы” деген диагнозбен науқас ұзақ және нәтижесіз емделеді . Мұның өзі аурудың алғашқы кезеңінің біраз уақытқа ұзаруына алып келеді

Слайд 202) Өршу кезеңі : науқастың жалпы жағдайы өзгеріп , дене қызуы

да аздап көтерілуі мүмкін ,ауыз кілегейлі қабығына шыққан көптеген күлбіреуік бөрткендер жарылып , ауыз іші “жалаңаш эрозиялы” аймаққа айналады , ас қабылдау және сөйлеу қиындайды. Еріндер жиігіне шыққан күлбіреуіктерден дамыған эрозиялар беттері сарысулы немесе қанды-сарысулы қабықшалармен жабылады . Екіншілік инфекциямен асқынбаған жағдайда аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймайды . Бұл кезеңде Никольский симптомы барлық жағдайда оң болады және жақпа-таңбаларда акантолиздеуге ұшыраған клеткалар саны басым болады .

Слайд 213)Эрозиялы ошақтардың біртіндеп эпителизациялану

(жазылу) кезеңі ; аурудың беті қайтып , эрозиялы ошақтар тыртықтанбай жазыла бастайды , Никольский симптомы теріс , акнтолизденген клеткалардың саны аз немесе анықталмауы мүмкін , кілегейлі қабықтың аздап домбығуы , түсінің көкшілденуі және күңгірттігі бірнеше аптадай сақталуы мүмкін . Ауыр сезімі көп мазаламайды , сілекей бөлінуі қалыпқа келе бастайды .

Слайд 22Вегетациялаушы күлбіреуікше ( pemphigus vegetationes )
Вегетациялаушы күлбіреуікше кезінде ұзақ

жазылмаған эрозия ошақтарында беттері ашылған дәнекер тін бүртіктері шамадан тыс өсіп , грануляциялық тіннен тұратын өсікті құрылымдар ( вегетациялар ) пайда болады . Олар оңай жарақаттанады және қанағыш келеді , екіншілік инфекция әсерінен тез ыдырауға ұшырап , ауыздан иіс шығады . Науқас ас қабылдай алмай және сөйлей алмай қатты қиналады .

Слайд 23Себореялы немесе қайызды күлбіреуікше ( pemphigus ) :
Себореялы күлбіреуікше кезінде ауыз

ішінде тұрпайы күлбіреуікшеге ұқсас болады , ал тері бетінде (көбінесе бас терісі жарақаттанады) майлы себореяға майлы қайызға ұқсас және майлы қабықшалар көптеп пайда болады .Жапыраққа ұқсас күлбіреуікше ( pemphigus soliata ) кезінде ауыз кілегейлі қабығы өте сирек жарақаттанады .

Слайд 24Күлбіреуікше
Жапыраққа ұқсас күлбіреуікше


Слайд 25Патологиялық гистологиясы :
Морфологиялық өзгерістер жабынды эпителийдің тікенекті қабатында акантолиздену үрдісімен сипатталады

, клеткааралық заттар мен клеткааралық көпіршелердің еріп кетуі нәтижесінде , клеткалар байланысы үзіліп , араларында сұйыққа толы саңылаулар пайда болып , біртіндеп үлкен қуыстарға немесе күлбіреуікке айналады. Күлбіреуіктер мен эрозиялардың табаны акантолизденген клеткалардан тұрады . Күлбіреуікшенің диагнозы аурудың клиникалық көрінісін сараптау , Никольский симптомының оң болуы , цитологиялық зерттеулердің тікелей жүргізілген иммунодифференциялау реакциясының нәтижелеріне сүйену негізіне қойылады .

Слайд 26Сараптамалы диагностикасы :
Аурудың диагнозын дұрыс нақтылау үшін күлбіреуікшені акантолиздемейтін күлбіреуікшеден буллезді

пемфигоидтан , көптүрлі жалқықты қызармадан , ауыздың дәріден буллезді қабынуынан ,қызыл жалпақ теміреткінің буллезді түрінен , терінің герпеске ұқсас қабынуының Дюринг дерматиті , күлбіреуікті эпидермистен ажырата білу керек .
Буллезді пемфигоид көбінесе асқан адамдар арасында кездеседі , ағымы қатерсіз , күлбіреуік бөрткендер эпителий астында орналасады , қабығы қалың келеді , Никольский симптомы теріс , акантолизденген клеткалар жақпа таңбада анықталмайды .

Слайд 27Герпетиформды дерматостоматит, немесе Дюринг ауруы (күлбіреуікті ауру ). Этиологиясы толық анықталмаған.


Слайд 28Сараптамалы диагностикасы :
Ауыздың дәріден буллезді қабынуы кезінде де күлбіреуік бөрткен

эпителий астында орналасады . Дәріні қабылдауды тоқтанқаннан кейін аурудың беті тез қайтып , эрозия ошағы тез жазыла бастайды . Қызыл жалпақ теміреткенің буллезді түрінде күлбіреуік бөрткен немесе ол жарылғаннан кейін пайда болған папулалар тобын анықтауға болады ,акнтолиздену үрдісі болмайды . Терінің герпеске ұқсас қабынуы кезінде Дюринг дерматиті күлбіреуік бөрткендер алдымен теріге шығады , ауыз кілегейлі қабығы ешқашан жеке жарақаттанбайды ,күлбіреуік бөрткендер эпителий астында орналасады , ішіндегі сұйықта эозинофильдер көптеп кездеседі , акантолиздену үрдісі орын алмайды , науқастың иодқа жоғары сезімталдығы анықталады .

Слайд 29Емі :
Акантолиздеуші күлбіреуікшемен ауыратын науқастарды дәрігер дерматологтар емдейді . Кешенді емнің

құрамында кортикостероидтарды , цитостатиктерді енгізіп ,қалыптасқан үлгімен жүргізеді . Бұл аурудың барысы соңғы уақытықа дейін өте ауыр болатын . Кортикостероидты қолданып емдеу қалыптасқанға дейін науқастар бірнеше аптадан немесе бірнеше айдан кейін қайтыс болатын . Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген кортикостероидтар : преднизалон , метилпреднизалон метилпред ,урбазон, дексаметазон дексазон , триамцинолон , цитостатиктер науқастар өмірін біраз жылға ұзартуға мүмкіндік берді .

Слайд 30Емі :
Жергілікті емі : Ауыз гигиенасын дұрыс сақтауға үйрету , антисептиктерді

, ауырусыздандырушы , микробтарға қарсы дәрілерді , кортикостероидты жақпаларды қолданып , эрозия ошақтарының екіншілік инфекциямен асқынбауын , тезірек жазылуын қамтамасыз ететін емдеу шараларын жүргізеді . Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілерді қолдануды да ұмытпау қажет .

Слайд 31Қолданылған әдебиеттер:
www.google.ru
www.stomport.ru
Терапевтическая стоматология - Боровский Е.В.
Болезни слизистой оболочки полости рта

Л.Я. Зазулевская .Алматы . 2010 жыл
Заболевания слизистой оболочки полости и губ
Боровский Е.В. , Машкиллейсон А.Л. Москва – 1984 год


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика