Инфекция. Бактериялар мен вирустардың патогендігі және вируленттігі презентация

Содержание

Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б)

Слайд 1 Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық

қазақ-түрік университеті


Тақырыбы: “Инфекция. Бактериялар мен
вирустардың патогендігі және вируленттігі”

Орындаған: Темір Ж.
Қабылдаған: Қуандықова Ф.
Тобы: ЖМ 213

Слайд 2Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп,

онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.
Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Слайд 4Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен

нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.




Слайд 6Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар

организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.
Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.


Слайд 8Жедел инфекциялық ауруларды кенеттен күттірмейтін жағдайдың дамуы инфекциялды-токсикалық шоктын дамуы, гиповолимиялық

шок, жедел тыныс жетіспеушілігі, бірнеше мүшелер жетіспеушілігі және қосымша аурулардың өршуімен болады. Ауруханаға дейінгі жедел инфекциялық қөмекке менингококты инфекция, жедел ішек инфекциясы, грипптің ауыр және асқынған формасындағы, дифтерия, молярия, ботулизм, сіреспе науқастанғандар мұқтаж болады.

Слайд 9Адам ағзасымен микробтар арасындағы қарым-қатынастар, биологялық заңдылықтарға сәйкес симбиоз (грек Symbiosis-ортақ

тұрушы) деп атайды. Инфекция дегеніміз-микроорганизмдердің микроорганизмдер ағзасына еніп көбеюі, соның нәтижесінде инфекциялық кезеңінің басталуын айтады. Ол қарым-қатынасы екеу ара ыңғайлас қарым-қатынас «мутуализм» бір-біріне кедергі келтірмейтін қатынас «комменсализм», бөгде ағза басқа организм арқылы қоректеніп зиянын тигізуді «паразитизм» деп аталады.

Слайд 10Медициналық микробиология үшін «паразитизм» ең қауіптісі. Себебі:осы паразитизм арқасында инфекциялық аурулар

кеңінен таралған. Паразитизм (грек. Parasites-арамтамақ) ағза бөгде ағзаның денесінде тіршілік етіп оған зиянын тигізеді. Паразиттерге-вирустар, приондар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, құрттар-гельминті. Адамда және жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдер (грек. Ppathos-қайғы, қасірет, genos-туылу) ал олардыңауру туғызуы-патагендік деп аталады. Адамға қауіпті 2500 инфекциялық аурулар түрлері белгілі. Инфекциялық сөзі лат. «infectio» -жұғу, жұқтыру деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде адам организмдерімен потагенді микробтар арасындағы қарым-қатынасты 3түрлі терминдермен қарастырады:инфекция, инфекциялық процесс, инфекциялық ауру.

Слайд 12Инкубациялық кезең –ауруды жұқтырғаннан бастап клиникалық белгілерінің шығуына дейінгі уақыт. Продромальдік кезең-ең

алғашқы клиникалық белгілердің көрінуі. Аурудың асқынған кезеңі-аурудың кезеңі. Реконвалесценттік кезең-симптомдардың жойылып, аурудың жазылу кезеңі. Бактерия тасушы-ағзадағы патогенді микробтар ауаға, айналаға тарап, бірақ организм клеткасын зақымдайды. Тасымалдаушының қауіпті кезеңі-ауру организмде 3ай сақталса хронический-ұзақ уақытқа созылады. Инфекциялық аурудың жұғуы-ауру адамнан қоздырғыштар сау адамға жұғуы. Ауру тез шалдыққыш ағзада инфекциялық аурулар жұғушы қасиетін көбейтеді.

Слайд 14Инфекциялық аурулардың таралу деңгейін 5топқа бөледі: 1.Ең жиі таралған аурулар (1 000

000 халыққа 1 000 оқиға)-тұмау, ОРВИ 2.Кең таралғандар (1 000 000 халыққа 100 оқиға)-вирустік гипотит А, жедел ішек инфекциялар, қызылша, қарамық т.б. 3.Жиі кездесетіндер (1 000 000 халыққа 10 оқиға)-көк жөтел, вирустік гипотит В. 4.Сирек кездесетіндер (1 000 000 халыққа 1-10 оқиға)-бруцеллез. 5.Өте сирек кездесетіндер (1 00 000 адамға 1 оқиға)-дифтерия, құтыру, сібір жарасы т.б.

Слайд 15
Вируленттік-микроорганизмдер патогенді өзінің негізгі иесінде мөлшері. Вируленттік жеке микроорганизм ішіндегі

ауыспалы штамы. Әр түрлі аурулар туғызу қасиеттілігі бар. Патогендік және вируленттік микроорганизмдері сыртқы ортаға тіршілік ету барысында улы токсиндер, ферменттер бөледі, клетканың мембраналық қабығын бұзып, ұлпаларға өтіп, клетканың структурасын бұзады. Патогенді микробтар вируленттігі ауытқып отырады. Ағзадан бөлініп алған вирулентті микроб, жасанды ортада лабараторияда өсіргендігіне қарағанда қауіпті. Инфекциялық процесс әр түрлі клиникалық түрде отеді. Оларды арнайы терминдермен атайды.

Слайд 16Ішек инфекциялары бұрынғы заманнан бері кір қолдың ауруы деп аталып келіп,

онымен салақ адамдардың жиірек ауыратындығы дәлелденген. Шынында біз күн сайын күні бойына қолымызбен айналадағы кір заттармен жанасамыз, айтар болсақ, қоғамдық көліктерде тепе-теңдікті сақтау үшін тұтқаны ұстаймыз, неше түрлі адамдар ұстаған қоғамдық мекемелердің есік тұтқасын ұстаймыз, дүкендерде сауда жасағанда сатушымен, көліктерде кондуктормен есеп айырысамыз, ақша санасамыз, таныстарды көргенде қол беріп амандасамыз. Осыдан келіп, «жұмыстан, серуендеуден үйге келгенде, тамақ дайындаудың, ішердің алдында, сондай-ақ балалармен ойнарда және оларға күтім жасағанда қолыңызды сабындап мұқият жуыңыз» деген қарапайым ережелер туындайды. Осындай қарапайым ережемен Сіз өзіңізді де және отбасы мүшелерін де әртүрлі инфекциялардан қорғай аласыз.

Слайд 18Әсіресе, тұтынар алдында термиялық өңдеуден өтілмейтін тағамдар өте қауіпті. Ондай тағамдарға

салаттар, винегреттер, сондай-ақ жемістер мен жидектер жатады. Салаттар мен винегреттерді, әртүрлі тұздықтар мен гарнирлерді тоңазытқышсыз түнге қалдыруға болмайды. Жаз және күз маусымында сүт және сүт өнімдерінде бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдайлардың туындайтынын білу керек. Жеке адамдардан сатып алған құйылып сатылатын сүтті міндетті түрде қайнату керек. Ал пастерленген ірімшіктен пісірмелер, пудингтер, сырниктер дайындаған дұрыс. Дайын тағам қалдықтарын міндетті түрде тоңазытқышта беті жабық ыдыста, шикі мен дайын тағамды бөлек ыдыста сақтау керек, оларды бөлек тақтайларда арнайы пышақтармен бөлу керек.

Слайд 20Өкінішке қарай, қаладағы арнайы емес орындардағы, әсіресе базарлар маңындағы аймақтардағы сауда

бойынша ахуал мәз емес. Өзіңіз білетіндей және көріп жүргендей, азық-түлік өнімдері жерден қолмен, арнайы киімсіз, санитарлық кітапшасыз сатылады. Бейберекет сауда, ауру тудырушы бактериялардың тағамдық азық-түліктерде өміршеңдігі мен көбеюіне және таратылатын азық-түлік өнімдерінің (жеке адамдар сататын салаттар, тандыр күлшелер мен тандыр самсалар, бәліштер, түскі астар мен әртүрлі сусындар және т.б.) сапасының төмендеуіне ықпал етеді. Сондықтан, кездейсоқ адамдардан тағамдық азық-түліктерді сатып алмағандарыңыз дұрыс.

Слайд 22Ішек инфекциялары мен сальмонеллезбен сырқаттанған адамдарға жүргізілген талдаулар бойынша, соңғы кездері

жұмыртқаны және тауық етін тұтынумен байланысты жағдайлардың жиілегенін көрсетіп отыр. Дүкендерде тауық еті сатылғанда +2, +3 градустық температурада 2 тәуліктен артық болмауы керек, бөлме температурасында жұмыртқа 25 тәуліктен артық сақталмауы керек. Құс еті мен жұмыртқаны сатып алғанда, олар қорапта болса да, бөлек пакеттерге салу керек.
Өнімдердің жақсылап қуырылуы мен қайнатылуына көңіл бөліңіз. Етті қайнатқанда ірі кесек жасамай 1 сағаттан кем емес, жұмыртқаны 15 минуттан кем емес қайнату керек (осы уақыт аралығында сальмонеллалар толығымен жойылады). Жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз.

Слайд 24Вируленттік-микроорганизмдер патогенді өзінің негізгі иесінде мөлшері. Вируленттік жеке микроорганизм ішіндегі ауыспалы

штамы. Әр түрлі аурулар туғызу қасиеттілігі бар. Патогендік және вируленттік микроорганизмдері сыртқы ортаға тіршілік ету барысында улы токсиндер, ферменттер бөледі, клетканың мембраналық қабығын бұзып, ұлпаларға өтіп, клетканың структурасын бұзады.
Патогенді микробтар вируленттігі ауытқып отырады. Ағзадан бөлініп алған вирулентті микроб, жасанды ортада лабараторияда өсіргендігіне қарағанда қауіпті.
Инфекциялық процесс әр түрлі клиникалық түрде отеді. Оларды арнайы терминдермен атайды.
Сепсис-инфекцияның генералдық формасы. Қоздырғыштардың қанда көбейіп иммунитетті төмендетеді.

Слайд 26Инфекцияның дамуында 3түрлі факторлар өзара әрекеттеседі: патогендік микроорганизмдер, ауруға шалдыққыш микроорганизм

және сыртқы орта, өзара әрекеттесуі болады. Ауруды туғызу үшін микроорганизмдер патогендік және вируленттік қасиетті оларды ауру қоздырушы ретінде көрсетеді.
Патогендік-эволюциялық әрекетін арқасында микроорганизмдердің генитекалық белгілері арқылы ауру туғызатын айтады. Патогендік микроорганизмде микроорганизм тіршілік ету үшін көптеген генитикалық ферменттермен структуралармен айқындалады. Газды гангрена қоздырғышы адам ішегінде тіршілік етеді, жарақаттанған, әсіресе язвалық жарақатқа түссе өлімге алып келеді. Патогендік тек кейбір микроорганизм мен адам ағзасы арасында немесе микроорганизм және белгілі бір иесі арасында болады.

Слайд 28Инфекциялық аурулардың патогенез кезеңі бактериемия және вирусемия деп аталады. Олардың сепсистен

айырмашылығы қанның тікелей ішінде көбеймей, қан тек басқа органдарға жеткізушісі болып табылады. Микроорганизмдердің бір түрмен тудырған инфекциялық ауру-аралас инфекция деп аталады. Аралас инфекция екі еселенген инфекция ерекшеленеді, ал алғашқы инфекция басқа бөлек инфекцияның келіп қосылуын айтады.
Реинфекция-алғашқы қоздырғышты қайта жұқтыру. Ауру сауыққанға дейін қайталанса суперинфекция деп аталады.
Органотропностік-көптеген микроорганизмдерге тән инфекциялық ауру қоздырғыштарына ішек микробтары тек белгілі бөлікті зақымдайды.

Слайд 30Пайдаланылған әдебиеттер
Рыс-ұлы М. , Қанаев Э.Т. “Микробиология”
http://www.dni.ru/society/2011/6/13/213842.html
http://www.rian.ru/infografika/20110602/383406836.html
http://www.vokrugsveta.ru/news/12148/


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика