Слайд 1 Гиршпрунг ауруының визуалды диагностикасы.
Қабылдаған:
Слайд 2Жоспар.
Кіріспе:
Гиршпрунг ауруы туралы мәлімет.
Негізгі бөлім:
1.Этиологиясы мен патогенезі.
2.Клиникасы.
3.Диагностикасы. Емі.
Қорытынды:
Гиршпрунг симптомы,синонимдері.
Слайд 3Гиршпрунг ауруы-интрамуралдық парасимпатикалық ганглилердің туа пайда болған дамуының жетіспеушілігі. Сигма тәрізді
немесе тік ішекте, кейбір кезде төмендеуші тоқ ішекте аганлилі аймағында ұдайы түйілу ішекті тарылтуға ұшыратады, ол жер перисталтикасыз болады. Тоқ ішектің кедергіден жоғары жері кеңейген қабырғалары қалыңдаған,шырышты қабатының қыртыстары ісінген,үлкейген,қабынған болады. Ирригоскопияны толық істеп керегі жоқ, барийдің кейін шығуы қиындалған,антеградты зерттеуді қаламау керек.
Слайд 7Бұл ауру туа болатын ауруларға жатады,көбінесе жас балаларда,жас өспірімдерде кездеседі.аурудың өзіне
тән негізгі өзгерісі шеңберлі тоқ ішек тұтасымен немесе жартылай кеңейіп және үлкейіп кетеді.Аурудың болу себебі тоқ ішектің белгілі бір жерінде бұлшық еттерінің арасындағы нервтердің өрімдерінде интрауралдық клеткалардың туа болмауы немесе жетіспеуі.Нервілік түйіндері жоқ ішектің бөлігі спастикалық түрде жиырылады, ішектің бұл бөлігінде перистальтика және босаңсу қабілеттілігі жоқ болады. Мұның аяғы ганглий жоқ шеттің участкесінен нәжістің әрі қарай жүруіне кедергі келтіреді де екінші кезекті дилатация және нервілік клеткаларының қалыпты гистологиялық структурасы бар ішектің жоғарғы бөлігінің гипертрофиясына апарады.
Слайд 11Клиникасы.Жас нәрестетуысымен кешікпей-ақ аурудың алғашқы белгілері біліне бастайды,баланың үлкен дәреті бірнеше
күн жүрмей қалады да, дәреті келген кезде нәжісі көп шығады және өте сасық иісті болады.Нервтік ганглийлері жоқ ішектің учаскесі үлкен болса,жиі жағдайда ішектің түйілуі пайда болады,кеуіп кетеді,құсу басталады.Егер ішектің гангийлері шағын ғана жерде жоқ болса,онда сырқат жеңілдеу,созылмалы өтеді.Науқастар қасарысқан іштің қатуына,оқтын-оқтын іштің ауыратынына,кеуіп кететініне және оның іш жүргізетін дәрі ішкеннен кейін немесе клизмадан кейін ғана жоғалып кететініне шағым жасайды.
Слайд 15Жиі жағдайда үнемі болатын нәжістік интоксикацияның ілесе дамитын әртүрлі энтеропатиялардың зардабынан
науқас баланың денесінің физикалық дамуы тоқтап қалады,гипопротеинемия,анемия байқалады. Науқастың құрсағы үлкейген, оның қабырғалары жұқарған. Ішті саусақтармен сипап қарағанда кеңейген, нәжіске толы тоқ ішекті, әсіресе оның сол жақ жартысының үлкейгенін байқауға болады. Іштің алдыңғы қабырғасын саусақпен басқанда, оның шұңқырайып қалады, саусақты көтеріп алғаннан кейін жаңағы шұңқыршық баяу барып жоғалады (Гершуни симптомы). Қасарысқан іш қату және ұзақ уақытқа созылған копростаз нәжістік тастардың құралуына бейімдейді. Мұндай тұстар кейде ішекті бітеп абтурациялық ішектің түйнелуіне апарады.
Слайд 18Диагностикасы. Туған мезеттен бастап болатын іштің қатуы тым кеңейіп, нәжіске толған
тоқ ішек, үлкейіп кеткен құрсақ Гиршпрунг ауруының ең жиі кездесетін белгілері болып саналады. Аурудың диагнозын қоюда констрастық ирригоскопияның маңызы зор. Мұндай ирригоскопияда спастикалық жиырылған, перистальтикасы жоқ сигма тәріздес ішектің сегментін немесе тік ішекті көруге болады. Мұндай көріністен жоғары рак тоқ ішектің кеңейгені көрінеді.
Слайд 22Ректороманоскопияда тік ішектің қуысы бос тұрады,органикалық тарылудың белгілері көрінбейді.Ішек қуысының моторикасын
зерттегенде және ішек қуысына манометрия жүргізгенде ішектің жоғарғы сау бөлімдерінің қызметі қалыптағыдай өзгермеген болып шығады. Бірақ,ішектің англиозы бар зонасында перистальтика мүлде жоқ болып шығады немесе қатты әлсіреген.
Дифференциалдық диагностиканы әртүрлі туа болатын және тіршілікте болатын мегаколонмен жүргізу керек. Жаңа туған балаларды тоқ ішектің ақауынан болатын ішектің түйілуінің, тік ішек сегментінің ахалязиясының және долихосигманың бар-жоғын анықтау қажет. Ересектеу балаларда және ересек адамдарда Гиршпрунг ауруын органикалық стеноздардан,ісіктерден және неврогендік аурулардан ажырату қажет.
Слайд 26 Емдеу.
Бұл ауруды тек қана
хирургиялық еммен жазуға болады. Радикалдық операциялардың мақсаты тоқ ішектің ганглийлері жоқ сегменттерін алып тастап, ішек қызметін қалпына келтіру. Ішек түйілгенде жоғарғы колонстома жасалады. Сондай-ақ мұндай операция тым көлемді операциялық әдістерді көтере алмайтын балалардың хал жағдайларында орындалады. Операциялар алдында ауруларды даярлау үшін клизмалар жасап ішектерді тазарту қажет.Ішектердің перистальтикасын қоздыру үшін прозерин, басқа холинергикалық, ішті жүргізетін дәрілерді қолдану керек.Құрсаққа массаж жасауға болады. Жастарына қарай науқастарға тиісті диета тағайындау қажет.
Слайд 29Гиршпрунг симтомы.Гиршпрунг ауруы.Hischprung.
Саусақпен зерттеу барысында артқы тесік қысқышының босаңсығаны білінеді. Ішек
инвагинациясына тән белгі.
Синонимдері. Ирасек синдромы, Ирасек-Цельцер-Вильсон синдромы. 1888ж. Алғаш рет жазылған. Тоқ ішектің ұзындығы мен ең көлемдерінің патологиялық ұлғаюы және қабырғаларының гипертрофиясы. Бұндай өзгерістер тоқ ішектің аз немесе көп көлемін, тіпті ол ішекті толық қамтуы мүмкін. Көбінесе өзгерістер сигма тәрізді ішекте орналасады. Ауру тұрақты іш қатуымен немесе оның кебуімен, ал кейбір кезде іш түйілу белгілерімен сипатталады.
Слайд 31Бұл аурудың даму себебі- туа пайда болған тоқ ішектің аганглиозы. Клиникалық
көрінісінде іш қату немесе туғаннан бастап үлкен дәреттің болмауы,осы себептен организмнің созылмалы улануының дамуы орын алады. Тоқ ішектің айқын едәуір кеңеюі көкеттің жоғары қарай ығысуына, өкпе экскурсиясы амплитудасының азаюына,көкірек-аралық мүшелердің қалыпты орналасуының өзгерулеріне әкеледі. Аурудың жеңіл,орташа және ауыр дәрежелі сатыларын ажыратады. Тоқ ішектің көп бөлігі зақымдалған жағдайда ауру адамның өлімімен анықталуы мүмкін.
Слайд 33Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!