Гипоталамо-гипофизарлы семірудегі диагностика презентация

Жоспар І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім а) Эндокриндік жүйедегі аурулар б) Эндокриндік бездердің функциясын зерттеудің клиникалық маңызы. в) Эндокриндік бездердің қызметтерін зерттеудің диагностикалық маңызы ІІІ Қорытынды

Слайд 1ГИПОТАЛАМО-ГИПОФИЗАРЛЫ СЕМІРУДЕГІ ДИАГНОСТИКА


Слайд 2Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Эндокриндік жүйедегі аурулар
б) Эндокриндік

бездердің функциясын зерттеудің клиникалық маңызы.
в) Эндокриндік бездердің қызметтерін зерттеудің диагностикалық маңызы
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 3Эндокринді дерттер.
Көптеген эндокриндік дерттердің (патологиялардың) тиреотоксикоз, қантты диабет, жыныс бездерінің ішкі

сөлініс қызметінің бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің психикалық немесе физикалық жарақатынан кейін басталатыны мәлім.Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің милы қабатынан, қалқанша, қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы бөлімінің қызметіне секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.Бүйрекүсті бездерінің милы заттарының симпатикалық инжүйкеациясы анықталды. Бұл жүйкені қоздырғанда адреналин мен норадреналиннің шығарылуы күшейеді, жүйкені кесіп тастаса сөлініс тоқтайды

Слайд 4 Гипоталамус-гипофиз аймағын визуализациялау
Гипоталамус-гипофиз аймағын визуализациялау мақсатында қолданылатын аспаптық әдістерге рентгенокраниография,

компьютерлі томография (КТ) және магнитті-резонансты томография (МРТ) жатады. Қосымша зерттеу әдістеріне көру алаңдарын анықтау (периметрия) жатады, бұл зерттеу әдісі гипофиздің макроаденомасымен сырқаттанған науқастарға, сонымен қатар көру қызметі бұзылып, жабыспалармен асқынған нейрохирургиялық араласудан кейінгі науқастарға тағайындалады. Гипофиздің интраселлярлы ісіктерінің рентгендиагностикасы түрік ершігінің өлшемдерін анықтауға негізделеді. Қалыпты жағдайда түрік ершігінің өлшемдері тең: сагиттальды — 12–15 мм, вертикальды— 8–9 мм.

Слайд 5Түрік ершігі рентегнографиясы-классикалық медицинада нейроэндокриндік патологияларды зерттеу үшін қолданылады.Бұл зерттеуге эндокринолог,

хирург, невроратолог жолдама беруі мүмкін. Жолдаманың мақсаты гипофизде ісікті анықтау және де «бос түрік ершігі» патологиясын анықтау болып табылады.


Слайд 6Рентгенкраниография.
Гипофиздің үлкен аденомалары түрік ершігі өлшемдерінің үлғаюына, кіреберісінің кеңеюіне, сына тәрізді

сүйек өсінділерінің жіңішкеріп, қысқаруына, түбінің тереңдеуіне, ершік арқасының бұзылуына, екі контурлы болуына (бір немесе екі кескіннің нақты болмауы) әкеледі, дегенмен бұл ешқандай диагностикалық қиындықтар тудырмайды. Түрік ершігінің шекарасынан аспайтын гипофиз микроаденомаларының рентгенограммаларында ешқандай өзгерістер анықталмайды. Гипофизді визуализациялаудың аса қымбат емес және ақпаратты әдістерінің бірі - КТ. Дегенмен, КТ қолдануына кескіннің жазықты сипаты, сүйектік құрылымдардан тарайтын кедергілер, рентгенологиялық тығыздығы цереброспинальды сұйықтыққа немесе қалыпты ми тініне жақын шағын патологиялық түзілістерді ажырату кезіндегі қиындықтар кедергі келтіреді.

Слайд 7Гипофиз бен гипоталамусты визуализациялау әдісі ретінде, сонымен қатар гипоталамус-гипофизарлы аймақтағы түзілістердің

топикалық диагностикасы мақсатында МРТ қолданылады . МРТ гипофизде дамыған азғантай өзгерістердің өзін, ісіктердің, кисталардың, қан құйылулардың кистозды компоненттерін анықтауға мүмкіндік береді. МРТ-да сүйек тіндері мен түрлі тұздардың шөгуі анықталмайды.

Слайд 8 Эндокриндік бездердің қызметтерін зерттеудің диагностикалық маңызы
Зертханалық тексеріс. Қандағы ішкі сөлденіс бездері

гормондарының мөлшерін анықтау маңызды роль атқарады. Қант сусамырында дерт анықтама жүргізгенде қандағы және зәрдегі қант мөлшерін анықтау басты мақсат болып табылады (гликемиялық және глюкозуриялық сынамалар). Қалқанша безі ауруларында тиреоидтық гормондардың мөлшері көбейіп (тиреотоксикозда) немесе азаяп (гипотиреозда) анықталынады.

Слайд 9 3. Аспаптық зерттеу әдістерінің маңыздылығын асыра бағалау.
Жиі сырқаттың клиникалық көрінісін

талдамай және қажетті гормондар деңгейін анықтамай, бүйрек үсті бездері мен аналық бездердің УДЗ, бүйрек үсті бездерінің және бастың компьютерлік немесе магнитті-резонансты томографиясын өткізу, сәйкес мүшелердің патологиясы жөнінде нақты емес қорытынды жасауға негіз болып табылады. Сонымен қатар, анатомиялық құрылымның орналасу түрлері немесе қалыптыдан сәл ғана ауытқуы патологиялық үрдіске тура көрсеткіш болып, дамымаған жоқ сырқаттың диагнозын қоюға әкеледі.

Слайд 10Қорытынды.
Эндокринді аурулармен сырқаттанған науқастарды зерттеу ішкі аурулар тәжірибесіндегі қабылданған зерттеу жоспарларынан

айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дегенмен, эндокринді бездер қызметінің бұзылуы бірнеше, кейде көптеген мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен ұштасатынын есте ұстаған жөн. Эндокринопатия диагноздарын қоюдың басым көпшілігі зертханалық және аспаптық әдістермен растауды талап етуіне қарамастан, анамнездік мәліметтер мен физикалық зерттеу қорытындылары маңыздырақ болып табылады.

Слайд 11АЙТБЕМБЕТ Б.Н. ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ. АЛМАТЫ-2009
АХМЕТОВ Қ.Ж. ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ ПӘНІНІҢ

КЛИНИКАЛЫҚ ДӘРІСТЕРІ. АҚТӨБЕ-2007
ҚАЛМҰРЗИНА Б. ІШКІ АУРУЛАР. АСЕМ СИСТЕМ 2005
ИНТЕРНЕТ МӘЛІМЕТТЕРІ.
5. ДОКАЗАТЕЛЬНАЯ МЕДИЦИНА. ЕЖЕГОДНЫЙ СПРАВОЧНИК. ВЫП.2.
6.НЕОТЛОЖНАЯ ТЕРАПИЯ В ПУЛЬМОНОЛОГИИ. И.Г. ФОМИНА, В.Ф. МАРИНИН, М.: МЕДИЦИНА, 2003.-248 С.
 

Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 12
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика