Гельминтозы. Гельминтоздарға жалпы сипаттама презентация

Содержание

Жоспары Кіріспе Гельминтоздарға жалпы сипаттама II. Негізгі бөлім Гельминтоз түрлері, ену ерекшелігі, таралуы, клиникалық көріністері, оларға қарсы күресу және емі. Энтеребиоз Аскаридоз Опистархоз Тениаринхоз

Слайд 1 Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті


Гельминтоздар


Орындаған: Әлімбек А.Н.
Факультет:ВОП
Курс: 7
Тобы: 703
Тексерген:
Алматы

2017



Слайд 2Жоспары
Кіріспе
Гельминтоздарға жалпы сипаттама
II. Негізгі бөлім
Гельминтоз түрлері, ену ерекшелігі,

таралуы, клиникалық көріністері, оларға қарсы күресу және емі.
Энтеребиоз
Аскаридоз
Опистархоз
Тениаринхоз
Трихинеллез
Тениоз

Қолданылған әдебиеттер



Слайд 3Кіріспе
Гельминтоздар – гельминттермен – паразиттік құрттармен шақырылатын, адамның және жануарлардың

паразиттік ауруы. Адамдарда гельминттердің 400-ден астам түрлері белгілі және ол топқа нематодтар, жалпақ құрттар және сақина тәрізді құрттарды жатқызуға болады.

Слайд 5— круглые черви (нематоды):
Аскаридоза - аскариды
Трихоцефалеза - власоглав или хлыстовик
Энтеробиоза

- острица
Анкилостомидозов - кривоголовка двенадцатиперстная и некатор
Стронгилоидоза - кишечная угрица
Трихинеллеза - трихинелла
ленточные черви (цестоды):
Тениоза - свиной цепень или цепень вооруженный
Цистицеркоза - цистицерк или личинка свиного цепня
Тениаринхоза - цепень бычий или цепень невооруженный
Гименолепидоза - карликовый цепень
Дифиллоботриоза - лентец широкий
Альвеококкоза - альвеококк
Эхинококкоза - эхинококк
сосальщики (трематоды):
Описторхоза - кошачий сосальщик
Фасциолеза - печеночная двуустка


Слайд 6Инвазия сатысына дейін топырақта өмір сүруі және бұлшық ет тініндегі трихинеллалар



Слайд 7Организмге енуі
Гельминттер адам организмінде көбеюге қабілетсіз. Ол паразиттің өмірлік цикліне

байланысты, яғни гельминттер жұмыртқа бөлгенменен, олар бірден инвазивті бола алмайды.
Таралуы
Гельминтоздар арктикадан эквадорға дейін таралған. Гельминттермен миллиардтаған адамдар ауырған. Адам көбінесе тағам, су арқылы жұқтырады, кейде паразит тері арқылы да енуі мүмкін. Филяриатоз қоздырғыштары трансмиссивті жолмен беріледі. Сирек жағдайда шаңмен және ауамен де берілуі мүмкін.

Слайд 8Клиникалық көрінісі
Гельминтоздың жедел сатысы жұқтырғаннан кейін 2-4 аптадан соң басталады.

Клиникалық көріністері: қызба, экссудативті ісіну, конъюктивит, беттің ісінуі, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуы, өкпеде инфильтраттардың жиналуы, кейде сұйық нәжіс болады. Балаларда – баспа, лимфаденопатия, массивті ену болған жағдайда пневмония, бронхоспазм, миокардит, гепатит дамуы мүмкін. Негізгі тән белгі: эозинофилия (20-30% дан 80-90%-ға дейін жоғарылайды)

Слайд 9Күресу шаралары және емі
Науқастарды дегельминтизациялық жолмен емдеу жатады. Сонымен бірге

алдын алу шараларына СЭС, ветеринарлар да қатысады. Жеке бастың гигиенасын сақтау және тағамды дұрыс дайындау (ет өнімдерін толық пісіру, қайнатылмаған суды ішпеу, тағамдарды дайындағанда санитарлы-гигиеналық тәртіпті сақтау) қажет.

Слайд 10Энтеребиоз
Энтеребиоз – нематоздар тобына жатады. Бұл гельминтоздардың ішінде ең көп

таралғаны. Көбінесе мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар шалдығады. Негізгі қоздырғышы ішек құрты (острица). Ішек құрты ақ түсті құрт. Аналығының үзындығы 10мм-ге, аталығының ұзындығы 5мм-ге жетеді. Острицалардың денесі соңында ісінген жері болады, ол ауыз тесігін қоршап жатады және ол “везикула” деп атайды.

Слайд 11 Оның көмегімен острица ішек қабырғасына жабысады. Жыныстық жүйесі барлық нематодтарда бірдей.

Құрттар ішек құрамындағы заттармен қоректенеді және қанды соруға қабілеті бар. Жұмыртқалары овальды және түссіз қабықпен қапталған.
Острицалар ешқандай ауру сезімін тудырмай, соқыр ішекте және құрт тәрізді өсіндіде мекендейді. Кейде қабынған құрт тәрізді өсіндіні алып тастағанда оның ішінен осы гельминттер табылады.


Слайд 12Қоздырғыштың өмірлік циклы



Слайд 13Эпидемиологиясы
Ауру көзі энтеребиозбен ауыратын адам. Қоздырғыш заттарға, науқастарды қоршаған заттарға

таралады және шыбындармен де тасымалданады.
Клиникасы. Негізгі симптомы – анустың түнгі уақытта қышуы. Бұл симптом жұқтырғаннан соң 12-14 күннен кейін дамиды. Сонымен қатар, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, іш аймағындағы ауру сезімі, ауыздың құрғауы бас ауру, бас айналу болады. Әйелдерде жыныстық органдарына түсетін болса, ауыр түрдегі вульвовагинит дамиды.

Слайд 14Емі
Антигельминтті препараттар қолданылады: пирантел, вермокс, вормил. Сонымен қатар, бірқатар гигиеналық

шараларды сақтау керек: әжетханаға барған сайын қолды жуу, тырнақтарды уақытылы алып тұру, іш киімдерді ыстық суда жуу, үтіктеу және жиі ауыстыру жатады. Бөлмеде ылғалды жинастыруды жүргізу. Егер жанұяда бір адам ауырса, барлығын емдеу қажет, ал егер балалар ауырса айналасындағы барлық балаларды емдеуді қажет етеді.

Слайд 15Аскаридоз
Қоздырғышы аскарида болып табылатын нематоздар тобына жататын, глисттік инвазия болып

саналады. Аскарида жіңішке ішекте мекендейді. Ересек гельминттің ұзындығы 25-30 см.


Слайд 16 Этиопатогенез. Личинкасы мен жұмыртқалары организмге жуылмаған көкөністермен, жемістермен түседі, содан соң

личинкалары – бауырға, одан – қан тамырларға, лимфатикалық тамырларға, содан соң қайтадан бауырға, жүректің оң жақ қарыншасына, өкпеге түседі.
Клиникасы. Токсико-аллергиялық реакциялар, мұрын арасында қышу сезімі, жөтел, ісіну дамиды. Қанда эозинофиля болады, кейде субфебрильді температура болады. Ішектік фазасында іш ауруы, жүрек айну, сілекей ағуы, тәбеттің төмендеуі, анус айналасындағы қышу сезімі және интоксикациялық белгілер қосылады.
Емі. Антигельминтозды препараттар – альбендезол, мебендезол, левамизол, пиперазин қолданылады.

Слайд 17Опистархоз
Опистархоз – бауыр мен ұйқы безінің зақымдалуымен жүретін гельминтозды ауру.

Әлемде бауырлық трематодтармен зақымдалған, 21 млн. адам тіркелген. Негізгі ауру көзі – ауру адам және жануар. Жұқтыру шикі, термиялық дұрыс өңделген еттен және личинкалармен инвазияланған балықтарды жегеннен жүреді.

Слайд 19 Клиникалық көрінісі. Жедел және созылмалы опистархозды ажыратады. Жедел түрінде: қызбамен, есекжем,

оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, бауырдың және ұйқы безінің ұлғаюы болады. Қосымша эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, жүрек айну, жиі іш өтуі, метеоризм және тәбеттің төмендеуі болады.
Созылмалы түрінде: созылмалы холециститтің, гастродуадениттің, панкреатиттің, гепатиттің белгілері дамиды.

Слайд 20Тениарихоз
Тениаринхоз – цестодоз тобына жататын, асқазан ішек жолдарының жоғары бөлігін

зақымдаумен жүретін гельминтоздар тобы.
қоздырғышы –сиыр цепені.

Слайд 21Клиникалық көрінісі
Анус айналасында қышу сезімі, іш аймағындағы приступ тәрізді ауру

сезімі, жүрек айну, құсу, әлсіздік, тәбетінің жоғарылауы, бас ауруы, іш қату және іш өту болады. Сирек жағдайда аллергиялық реакциялар – есекжем, эозинофилия дамиды.

Слайд 22Трихинеллез
Трихинеллез – нематодтар тобына жататын, қызбамен, миалгиямен, беттің ісінуімен, тері

бөртпелерімен, қанда эозинофилиямен, сонымен қатар ішкі органдардың және орталық жүке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын гельминтоз.
Қоздырғышы – трихинелла.

Trichinella spiralis


Слайд 23Клиникалық көрінісі
Трихинелла алдымен ішекте орналасады. Жұқтырылғаннан кейін 1-2 күн

өткен соң жүрек айну, құсу, диспепсиялық бұзылыстар дамиды.

Тениоз
Жіңішке ішектің зақымдалуымен сипатталатын, цистоздар тобына жататын гельминтоздар. Қоздырғышы – шошқа цепені болып табылады. Ұзындығы – 1,5-2 м-ге жетеді. Соңғы егесі адам, аралық иесі – шошқа болып табылады.

Слайд 24Қолданылған әдебиеттер
Астафьев Б.А. Очерки по общей патологии гельминтозов человека, М.,

1975
Гельминтозы человека, под ред. Ф.Ф.Сопрунова, М., 1985
www.google.ru

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика