Емханалық жағдайда егде және кәрі жастағы адамдар арасында ауруларды. (Курс 8) презентация

Содержание

Жоспар Қартаю мәселесі. Егде және кәрі жаста ауруды анықтаудың жалпы принциптері, анықтау тактикасының ерекшеліктері. Егде және кәрі жастағы науқастарды емдеу ерекшеліктері, жалпы принциптері. Амбулаторлық жағдайда ішкі ағзалар

Слайд 1Емханалық жағдайда егде және кәрі жастағы адамдар арасында ауруларды/сырқаттарды емдеу және

алдын алу, ерте анықтау принциптері.

Дәріскер: м.ғ.к.
Әділғожина Салтанат Муратбекқызы


Слайд 2Жоспар

Қартаю мәселесі.
Егде және кәрі жаста ауруды анықтаудың жалпы принциптері,

анықтау тактикасының ерекшеліктері.
Егде және кәрі жастағы науқастарды емдеу ерекшеліктері, жалпы принциптері.
Амбулаторлық жағдайда ішкі ағзалар ауруларын емдеу және анықтау ерекшеліктері.
Егде және кәрі жастағы науқастарда аурулардың алдын алу.

Слайд 3Халықтың қартаюы- дамыған елдердің ғана емес, сонымен қатар дамып келе жатқан

елдердің экономикалық және әлеуметтік саясаты үшін қазіргі кезде аса үлкен мән беретін маңызды мәселелердің бірі. Бүкіл дүние жүзінде көптеген адамдар егде (60-70жас) және кәрі жасқа дейін өмір сүреді. Болашақта халықтың ары қарай біртіндеп қартаюы мөлшерленеді, соның ішінде кәрі жастағы (75жас және одан жоғары) адамдардың өсуі басым болады.

Слайд 4Қартайып келе жатқан адамның ағзасында болып жатқан барлық өзгерістер патологиялық белгілер

емес. Сондықтан дәрігердің маңызды міндеті- жас мөлшеріндегі заңды ауытқуларды, аурудың әсерінен пайда болған және емдік-алдын алу шараларын қажетсінетін бұзылыстардан ажырата білу. Қазіргі кезде көзқарас бойынша кәрілік- физиологиялық процесс, сондықтан егде жастағы адамдардың өз-өзін нашар сезінуі қандайда болсын бір патологиялық өзгеріспен байланысты.

Слайд 5БДҰ-ның жіктелуі бойынша 45-59 жас орташа,60-74 жас егде, 75 жас және

одан жоғары жастағы адамдар кәрі, ал 90 жастан жоғары- ұзақ өмір сүруші деп саналады. Күнтізбелік (өмір сүрген күндердің саны) және биологиялық жас деп шектейді. Адамдар әр түрлі типте қартаяды. Биологиялық жас- бұл ағзаның, оның денсаулығының қартаю мөлшері, алдағы өмірінің ұзақтығы. Адамның күнтізбелік жас мөлшері биологиялық жасынан көп басым болса, соғұрлым оның қартаю темпі баяу болып, оның өмірінің ұзақтығы көп болуы тиіс.

Слайд 6Кәріліктің даму заңдылықтарын, оның механизмдерін білу дәрігерге денсаулықты, өмір ұзақтығының мүмкін

болатын болжамын және бірқатар аурулардың даму себептерін объективті бағалау үшін қажет. Атеросклероз, АГ, жүректін және мидың ишемиялық ауруы, диабет, қатерлі ісік сияқты аурулар негізінен адам өмірінің екінші жартысында дамиды және олар жиі қартаю процессімен байланысты болады. Міне, сондықтан осы аурулардың алдын алу шараларының ең нәтижелі қартаю темпіне бағытталған әсерлер болып табылады.

Слайд 7Кәрі жаста бірқатар ауруларда арнайы емес симптомдардың болуы скринингті зерттеуді кең

көлемде өткізуді қажет етеді, оның ішіне қанның, зәрдің жалпы анализі, электролиттерді, креатинді, глюкозаны анықтау үшін қан анализі, ЭКГ, кеуде қуысының рентгенографиясы кіреді.

Слайд 8 Зерттеудің арнайы әдістерін өткізуге ерекше мән

береді. Науқастардың әліне және диагностикалық шаралардың кері әсерлеріне мән бере отырып, кәрі адамда кез келген диагностикалық әдістер жасауда келесі шарттар бойынша қанағаттандыру қажет:
-максималды қауіпсіз
-потенциалды қайтымды процессті табуға және терапиялық әсерлердің тиімді мүмкіндіктеріне тура бағытталған болу керек.
-сезімталдық және арнайылық бойынша диагностикалық мәнді болу керек.

Слайд 9Қартаю және өмірді ұзартудың алдын алуы бойынша дүние жүзілік ең ірі

ассоциация өмірді ұзарту бойынша американдық ассоциация жасқа байланысты ауруларды және физиологиялық нормаға сәйкес жас мөлшерінің өзгерістерін анықтау үшін келесі медициналық тестпротоналды ұсынады.

Слайд 10Басты мақсаты
Аурудың дамуына бейімді ағза қызметінің ауытқуын анықтау, ең алдымен

дамыған елдерде адам өлімі бойынша бірінші орында тұрған жүрек-қантамыр және ісік аурулары.
интоксикация симптомдарын анықтау, алдымен бауыр қызметінің айқын өзгерістеріне әкелетін және жиі гепатотоксикалық агенттермен шақырылатын, ал кейде диетаны және тағамдық қоспаларды дұрыс қолданбағандықтан дамитын симптомдар болады. Гепатотоксикалық медикаменттерді және А витамині мен темір алмасуының бұзылуы деп арнайы бөледі.
гормонды дисбалансты диагностикалау соның ішінде алдымен дигидроэпиандростеронның жетіспеушілігі және ағзаның ерте қартаюын жылдамдататын кортизолдың шамадан көп болуы.
Ағзада басқа да дисбаланстарды анықтау, жою бұл- денсаулықтың, энергияның, сексуалды белсенділіктің және физикалық жалпы статустың потенциалын жоғарылатуға көмектеседі.

Слайд 11Берілген бағытта ең жиі қолданылатын тесттер келесілер болып табылады:
қанда глюкоза деңгейін

анықтау. Қанда глюкоза деңгейін реттейтін оптималды әдіс-диеталар (колориясы шектелген диета).
Егер глюкозаның деңгейі жоғары болып қала берсе, онда қанда тиреойдты гормондардың деңгейін тексеру керек және олардың мөлшері төмен болса, дәрігердің бақылауымен осы гормондарды төмен дозада тағайындау керек.
Темір. Темірдің мөлшері жоғары болса, бос радикалдардың өндірілуін катализдейді, жүрек және Альцгеймер ауруларының пайда болу қаупін жоғарылатады. Ісікті процесстер мен дегенеративті аурулардың жиілігін ұлғайтады.

Слайд 12холестерол- 120 бірлікке дейін және 50 бірліктен аспау керек. Холестеролдың жоғарылауы

атеросклероздың дамуымен қатар артериялардың интимасының инфильтрациясына әкеледі.
Триглицеридтер-деңгейінің жоғарылауы (майлы қышқыл мен глицеролды байланыстырушы) атеросклероздың және тромбоциттер агрегациясының бұзылуын тудырады.
Бауырдың қызметі. Бауыр сынамалары арқылы бағаланады, сонымен қатар қартаю мен аурулардың алдын алу бағдарламасының маңызды элементі болып табылады

Слайд 13 Фибриноген- жасқа байланысты айқын ұлғайып отырады және жүрек ауруларында, қантамыр

патологиясының алдын алу мақсатында осыны анықтау өте маңызды.
Аталық без- арнайы антиген (ПСА)-АТАЛЫҚ БЕЗ ісігінің 80% жағдайында анықталатын және 40 жастан асқан ер адамдардың қанында жыл сайын анықталатын жас мөлшеріне байланысты бағдарламалардың алдын алу шараларындағы маңызды элемент болып табылатын антиген. 60 жастан кейін ААА деңгейін жылына 2 рет анықтап отыру керек.

Слайд 14 иммунды статус-соңғы жылдары диагностиканың маңызды элементі болып отыр. Және қандағы

лимфоциттердің иммунокомпетентті субпопуляциясын анықтайды, қанның табиғи киллерлерін және иммуноглобулиндерді пайдалана отырып, сонымен қатар әдеттегі қанның формуласымен лейкоциттердің мөлшерін анықтайды.
гормоналды профиль- соңғы жылдары әртүрлі алдын алу бағдарламалары үшін кең қолданылатын маңызды зерттеулердің бірі.
ісік антигендерін анықтау жасқа байланысты ісік ауруларының жиілігі күрт өскендіктен және жалпы ісік ауруларының жиілеуіне байланысты өте маңызды әдіс.

Слайд 15Егерде зерттеуді тиянақты өткізсе қартаю процессінің жылдамдығы, темпі, типі бойынша және

тамақтанудың т.б.жетіспеушілігі туралы маңызды ақпарат беретін бірнеше симптомдар қатары бар. Келесі симптомдар мысал бола алады:

Слайд 16 ақ шаштың болуы-жалпы қартаюдың және артериалды гипертонияның санофакторы
шаштың тақырланып

түсуі, сирек өскен шаш, гипотериоз болуы мүмкін.
шаштың сарғыш түсті болуы- жүрек ишемия ауруының санофакторы
құлақ қатпарларының диагоналды болуы- бетте әжімдердің айқын болуы.
қабақ пен дененің ксантоматозы- май алмасуының патологиясы.
көз алмасының микроциркуляциясының бұзылуы.
пигменттік дақтар және кәрілік невустардың пайда болуы

Слайд 17қас пен кірпіктің сиреуі-қалқанша және жыныс бездерінің гипофункциясы.
тілде тіс іздерінің

қалуы, жасырын ісінулер,гипотериоз
тілде жабындының болуы –географиялық тіл В12 вит.жетіспеушілігі.
еріннің жарылуы-гиповитоминоз, әсіресе В12 жетіспеушілігі.
ерінде герпестің жиі шығуы- иммунодефицит.
жауын құрты симптомы- самайда пульсация беретін тығыз немесе шаштың артериясында-атеросклероз симптомы.
қызыл тамшы симптомы- денеде гемангиомалар,тамыр жұлдызшалары-бауыр патологиясы салдары.
лейколокия симптомы (тырнақта ақ дақтар) гипоцинкэмия, жедел стресс белгісі
беттің амимикасы-гипотериоз.

Слайд 18терінің құрғауы, ісінуі, бозғылттануы-бүйрек бұзылуы.
алақанның және тізенің қабыршақтануы-қартаю симптомы.
орбиталық,

алақан қатпарларының, терісінің гиперпигментациясы.
сөйлеудің бұзылуы
алақан , табан гиперемиясы.

Слайд 19ЕКЖ науқастарда дәрілік препараттардың фармококинетикасының бұзылысы олардың сіңірілу, таралу метоболизмі және

элименациясының өзгерістеріне байланысты.
ЕКЖ-та медикаменттердің сіңірілуінің бұзылуы сирек кездеседі, бірақ мұндай факторлар, атап айтқанда асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуі, асқазанның эвакуаторлы қызметінің баяулауы, ішек қан айналымының төмендеуі қанда препарат максималды концентрациясының бәсеңдеуі мүмкін.

Слайд 20ЕКЖ науқастарда медикаментозды препараттардың таралуы жас мөлшерінің өзгерістерінің салдарынан бұзылуы мүмкін.
25

жастан кейін жүрек лақтырысының көлемі жыл сайын шамамен 1%-ке азаяды және 65 жасқа таяу 30-40% төмендейді. Бұл органдармен перфузды бұзылыстарына және дәрілік заттардың таралу уақытының өсуіне әкеледі. Жас ұлғая келе көлемі салыстырмалы азайып, май ткандерінің массасы ұлғаяды. Бұл өзгерістер суда еритін медикаменттердің таралу көлемін төмендеуіне және майда еритін препараттардың таралу көлемінің жоғарылауына әкеледі.

Слайд 21Жас адамдармен салыстырғанда жасы ұлғайған адамдарда дәрілік заттар тез метоболизмденуге қабілетті.

Бұндай басқа дәрілердің метоболизм төмендеуіне, жас ұлғая жүрек лақтырысының азаю салдарынан бауыр қан айналымының төмендеуі ықпал етеді. Жасқа байланысты бауырдың метоболизмге қабілеттігінің бұзылуынан антидепресанттардың метоболизмі өзгереді,сонымен қоса аминдер төрттігі. ЕКЖ осы дәрілерді тағайындаған кезде ортостатикалық гипотония, зәрдің кешігуі дамиды.

Слайд 22Дәрілердің элиминациясының бұзылуы жас ұлғая бүйректің функционалдық және морфологиялық бұзылыстарымен байланысты.

Айтылған жас мөлшерінің ерекшеліктерін ескере отырып ЕКЖ науқастарға дәрілерді тағайындаған кезде, әсіресе нефротикалық және өзгермеген күйде бүйрек арқылы шығарылатын дәрілерді бергенде өте абай болу керек.

Слайд 23Кәрі жаста медициналық көмекке деген қажеттілік айтарлықтай өседі. Кәрі адамдарда дәрілік

терапияның мәселесін шешуде келесі фактормен нақтыланады:

Слайд 24көп елдерде халықтың 12% қарт адамдар құрайды, бірақ бұл топтың дәріні

қолдануы 25-30% .
жанама әсерлері орта жастағы және жас адамдардан гөрі қарттарда 2-3 есе жиі дамиды.
полиформация-қарт адамдарға сай көрініс.
60 жастан асқан пациенттердің дәрі қабылдаған кездегі қателіктері шамамен 60% құрайды және үш дәріден көп қабылдағанда бұл көрсеткіш жоғарлайды.

Слайд 25 Фармацевтикалық факторлар.

Қарт адамдардың көбінде таблеткаларды жұтқанда қиыншылықтар туады, әсіресе, олар әлсіз, ауру, естері шатасқан болса. Мысалы, калиилік таблеткалардың көбі көлемі бойынша біршама үлкен. Кейбір таблеткалар немесе капсулалар өңештің шырышты қабығына жабысып, сол жерде еруі мүмкін. Мұндай кезде өңештің жарасы дамиды. Сондықтан, өңеште тұрып қалмас үшін таб-ды аз дегенде 60 мл сумен ішкен дұрыс.

Слайд 26 Элексирлер бұл мәселені шешуге көмектеседі,

бірақ барлық препараттар элексир түрінде шығарылмайды, одан басқа оларда да кемшіліктері бар.
Толық зиянсыз дәрілердің болмайтындығын ескере отырып, олардың жанама әсерлерінің қаупін азайту үшін келесі ережелерге жүгінеміз. Емді қауіптілігі аз дәрілерден, аз мөлшерде бастап, олардың мүмкін болатын қарсы көрсеткіштерін ескере отырып, әсерлілігімен бақылай отырып, мөлшерін біртіндеп жоғарылатып отырады.
Емді күнделікті жүргізу үшін кәрілік кезінде жас ұлғая адамның өзгеруі кедергі болады. Сондықтан дәрігер ең алдымен өзінің тағайындауларымен орындалу дәрежесіне назар аударуы қажет, емдік режимнің қарапайымдылығы, нұсқаудың дәлдігі, емді жүргізуге жанұя мүшелеріне айту және бақылау.

Слайд 27

Тәжірибелік ескертулер.
Қарт науқастар ұмытшақ, алаңғасарлау және естімеуі мүмкін. Олар қарапайым нұсқауларды қиын қабылдайды. Қарт пациенттерді емдеген кезде уақытты бөліп, барлық тағайындауды жазып берген дұрыс, себебі науқас барлық мәліметтерді жазылған нұсқаудан білуі тиіс. Қораптың сыртындағы дәрінің атын ғана жазған жеткіліксіз, кейбір жағдайларда диуретикалық таб-дың ыдысының сыртына –зәр айдаушы таблеткалар деп немесе дигоксин таб-ның ыдысының сыртына жүрек таблеткалары деп жазу керек. Қарт науқастардың көруі нашар болғандықтан, үлкен, ірі әріптермен жазыңыз.

Слайд 28ЕКЖ-та медикаменттердің жанама әсерінің ең жиі белгілері:
-жүрек гликозидтері және аритмияға қарсы

заттар жиі брадикардияны, өткізгіштіктің бұзылуын шақырады.
-холинолитиктерді қолдану жасырын глаукоманың асқынуы зәрдің кешігу, іш қату қауіптілігімен байланысты
- кең спектрлі антибиотиктер кандидоздың, ішек дисбактериозының дамуын, ал аминогликозидтер- бүйрек пен есту органдарын зақымдайды.
-кортикостеройдтармен емдеу жиі остеопорозды, қан кетуді және т.б. дамытады.
- транквелизаторлар мен ұйықтататын дәрілерді ұзақ қолданғанда ауыр іш қатуларды күшейтеді.
- гипотензивті заттарды және вазодилятаторларды қолдану, әсіресе көп мөлшерде париеталды қабылдаса, естен тануға әкеледі.

Слайд 29ЕКЖ адамдрды медикаментозды емдеу кезіндегі негізгі ережелер:

емді бастау үшін дәл көрсеткіштерін

нақтылау керек.
дәріні таңдаған кезде, ең алдымен үнемділік және жеткілікті ем принціпін ұстай отырып, мүмкін болатын қарсы көрсеткіштерін ескеру керек.
көптеген патология кезінде алдымен негізгісін, ең қауіптісін емдейді, симптоматикалық емді қалайда болса қабылдаған жөн.
емді қауіпсіз дәрілерден, аз мөлшерде бастаған дұрыс,сосын біртіндеп осыны жоғарылатады. Бұл кезде ағзалар мен жүйелердің функционалды жағдайының күрт өзгерістерінен қашу керек.

Слайд 30бірнеше дәрілерді қолданған кезде ағзада олардың өзара әсерін ескеру керек.
бүйрек жолдарымен

бөлінетін барлық дәрілер үшін міндетті түрде терапиялық дозасын азайту керек.
емді ұзақ жүргізген кезде дағдылануды болдырмау үшін үзіліс жасап, дәріні ауыстырып отыру керек.
міндетті түрде дәріні қабылдауды бақылап отыру қажет, кейбір жағдайларда қолдану жөніндегі нұсқауды жазбаша түрінде беру керек.
дәріден мүмкін болатын жанама әсерлеріне назар аудару қажет.

Слайд 31Қарттарды емдеу кезіндегі жиі кездесетін қателіктер
Полипрогмазия.
Дәрінің бастапқы мөлшерін жоғары мөлшерде

қолдану.
Жанама әсері дамитын қаупі жоғары дәрілерді және рационалды қауіпті комбинацияларды қолдану.
Қарт адамдардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, есте сақтау қабілетінің нашарлауын ескермей дәрілерді тағайындау.
Науқас өздігінен мөлшерлей алмайтын сұйық препараттарды немесе күніне бірнеше рет қабылданатын дәріні тағайындау.
Айқын алып тастау синдромын шақыратын дәрілерді қолдану.
Қымбат дәрілерді қолдануға нұсқау беру.

Слайд 32Қарттар әдетте бірнеше созылмалы аурулармен ауырады және жиі көп дәрілерді дәрігердің

тағайындауынсыз қабылдайды. Мұндай жағдайда жанама әсерлердің қаупі өседі немесе есте сақтау қабілеті төмендейді.

Слайд 33Бұл тағайындалулар келесілерге жүгінеді:
фармокоемді тағайындағалы отырған симптомдар немесе синдромдарды дұрыс анықтау

дәріні тағайындау үшін көрсеткіштерді анықтау және нақтылау.
жанама әсер дамуының қауіп факторларын анықтау және нақтылау.
дәрінің бастапқы мөлшері аз болуы тиіс және науқас реакциясына байланысты мөлшерінің өзгеруі
нақастарға және оның туысқандары дәріні қабылдау режимі мен мүмкін болатын жанама әсерлері туралы нақты ауызша айтып және нұсқауды жазбаша беруі тиіс.
қабылданатын дәрілердің мөлшерінің азаюына қарай фармокоемнің көлемін күнделікті тексеру

Слайд 34Амбулаторлы медицина аурулар тобы мен ауыршаңдық жағдайының емі мен диагностикасын қамтамасыз

етуі тиіс, олар келесі міндеттерге сәйкес болуы тиіс. Олар госпитализацияны және арнайы көмекті қажет етпейді, сонымен қатар жеңіл немесе орташа ауыр жағдайда және амбулаторлы тәжірибеде жиі кездеседі. Созылмалы аурулардың ішінде ГА, ЖИА, соз.бронхит және т.б.басты орын алады. Осы аурулар мен т.б. аурулар поликлиника дәрігерлері өте жақсы білу керек, себебі диагноз қою үшін және толық емдік профилактикалық комплекстік шараларды жүргізу үшін.

Слайд 35Амбулаторлы патологияның 2-ші ерекшелігі көптеген патологияның және егде жастағы адамдарда кең

тарауы. Егерде стационарда белгілі уақыт аралығында негізгі бір ауруды емдесе, онда амбулаторлы дәрігер бір уақытта пациенттің барлық ауруларын емдеу керек.

Слайд 36Амбулаторлы дәрігер жұмысының жалпы ерекшелігі:
уақыт дефициті.
диагностиканы қажет етуі
тағайындалған емді бақылау және

қарау, мүмкіндігінше шектеу
интегративті медициналық көмекті көрсету қажеттілігі
арнайы мамандар жұмысы мен кординациялау
науқастар ұзақ, тұрақты қарау және емдеу
аурудың ерте келуі мен немесе ауру даму қаупімен алдын алуына жұмыс істеу.

Слайд 37Амбулаторлы диагностиканың ерекшелігі
Ең негізгі міндеті 1-лік скрининг, оны өткізген кезде пациенттердің

әртүрлі категориялары анықталады: дені сау-белгілі бір ауру қаупі бар; аурудың ерте қаупі бар адамдар; аурудың айқын белгілері бар және асқынуларымен; бірнеше аурулармен. Жалпы клиникалық әдістер мен жиналған анлиз 80% науқастарда «жұмыс диагнозын» қоюға көмектеседі.
Қосымша зерттеу әдістерін таңдаған кезде жұмыс диагнозына сүйену керек. Ең негізгісі бұл әдістер науқас үшін қарапайым және қиынға түспеу керек.
Жасалған тексерулер нәтижесінде , науқастар арасында әрі қарай зерттеулер, арнайы маман кеңесін және стац.ем қажет ететін науқастарды бөліп алу керек.

Слайд 38Амбулаторлы ем ерекшелігі.
Диагноз анықталғаннан кейінгі келесі сұрақтарды шешу керек: пациентке ем

қажет пе және қандай жағдайда?
Стационарда емделуге негізгі көрсеткіштер: ауыр ағымдағы жедел аурулар немесе соз.аурудың өршуі, үнемі дәрігердің бақылауын қажет ететін және парентералды емді, күрделі мониторлы зерттеуді қажет етсе, және амбулаторлы емнің нәтижесі болмаған жағдайда емделеді.

Слайд 39Амбулаторлы емнің басты ерекшелігіне кіреді, ол дәрігердің біріншілік міндеті профилактикалық амалды

табу, барлық пациенттерге 1-лік профилактика, қауіп –қатер факторы болған кезде оларға әсер ету болып табылады.

Слайд 40Амбулаторлы медикаментозды ем стационарлық емнен де айтарлықтай өзгеше болып келеді. Біріншіден:

жиі препараттарды пероралды қолданады.

Екіншіден: соз.аурулар кезінде неғұрлым ұзақ әсерлі препараттарды қолданған жөн.
Үшіншіден: соз.аурулар кезінде амбулаторлы медикаментозды ем ұзақ және тұрақты болғандықтан, жанама әсер көрсетуі мүмкін.

Слайд 41Жалпы тәжірибелік дәрігер мен учаскелік терапевт дәрігерге негізгі қойылатын талаптар.

амбулаторлы диагностика

мен емдеудегі жиі кездесетін мәселелерді шешу
барлық әрекеттің профилактикаға бағытталуы
ұзақ комплексті емдік –профилактикалық шараларды өткізу және жоспарлау
науқастармен тіл табыса білу
зерттеулерді тез және эффективті қарапайым әдістер арқылы қарау
құжаттар қысқа және ақпаратты түрде жүргізу
өз әрекеттерін арнайы қызметтермен сәйкес жүргізу

Слайд 42Сонымен қатар егде және кәрі жастағы науқастарды емдеу дәрігерден терең білім

мен жылдамдықты талап етеді. Осы талаптарға жалпы тәжірибелік дәрігер сай болады. Ол науқасты өмір бойы және кәрілікке дейін бақылап емдейді.

Слайд 43 Қарт адамдарда аурудың профилактикасы мен олардың

асқыну мүмкіндігі жоғары.
Профилактика үшін аспириннің аз дозасы мен эстрогендер мен алмастырушы терапия жүргізуге болады.
Қарттарға үнемі физикалық жаттығулар жасау өте пайдалы. Олар жалпы жағдайын жақсартады, АҚ реттейді, жүрек жұмысын жақсартады. Сонымен қатар көңіл-күйді көтереді.
Міндетті түрде тіс протездері дұрыс салынған ба және астындағы шырыш зақымданбағанын тексеру керек.

Слайд 44ЖИА кезінде қан сары суында холестеринді анықтау керек, оның мөлшерін білу

өте маңызды, егер науқас дәрігер тағайындағандарды орындаса, өзін жақсы сезінсе, өмір сүру ұзақтығы ұзақ болады.
Барлық әйелдерге жатыр мойнының цитологиялық зерттеуін әрбір 3 жыл сайын жасау қажет. Бұл жатыр мойнының рагының өлімділігін азайтады. Егер 2 рет қатарынан жақсы болса, онда зерттеуді тоқтатады.

Слайд 45Көп орталықты зерттеулер шешімі бойынша диуретиктер мен бетта-блокаторлар белсенді гипотензивті терапиясы

инсульт, МИ және жүрек қан тамыр жүйесінің басқа аурулары мен қарттар өлімділігін азайтады. Кәрі жастағы пациенттерде жеке гипотензивті препараттарды қолданғанда, жанама әсер көрсетеді, ААФ ингибиторы рамиприл айқын гипотензивті әсері бар және жақсы қабылданады.
Кейбір зерттеулерде ауыршаңдық пен өлімділікті азайту мақсатында кәрі жастағы пациенттер белсенді гипотензивті терапия жүргізу туралы айтады.

Слайд 46Қарт адамдарда АГ амбулаторлы емдеуде үлкен жетістіктер туралы мәліметтер бар. Қарттарда

АГ емдеу- бұл инсульт пен жүрек ауруларынан өлімділікті азайтуда үлкен маңызы бар. Қазіргі кезде АГ өзекті сұрақтардың бірі. Сондықтан емдеу жаңа тактикалары қазіргі кезде кардиологияның ең бір маңызды мәселесі болып табылады. Көптеген гипотензивті препараттар болғандықтан оның ішінде ең оптималды дозаларды таңдау керек. әсіресе егде жастағы науқастарға таңдау қиын.
Қарттар үйінде 80 жастан жоғары, жалғыз, ауыр қайғыда болған, депрессия жағдайындағы, интелектісі бұзылған адамдарға назар аудару керек, себебі дәл осындай жағдайда олар ауыр халге және өз-өзін күте алмайтын жағдайға тез түседі.

Слайд 47Кәрілік қандай үрдіс:
А) патологиялық
Б) физиологиялық
В) биологиялық
Д) биохимиялық
Е) патофизиологиялық


Слайд 48Қарт адамдарды емдеуде кездесетін қателіктер:
А) полипрагмазия
Б) дәрінің аз мөлшерін тағайындау
В) рационалды

комбинацияларды қолдану
Г) физиологиялық ерекшеліктерін ескеру
Д) психологиялық ерекшеліктерін ескеру


Слайд 49БДҰ-ның жіктелуі бойынша егде жас аралығын көрсетіңіз?
А) 30-45
Б) 45-59
В) 60-74
Г) 75

жас және одан жоғары жастағы адамдар
Д) 90 жастан жоғары

Слайд 50 Назарларыңызға рахмет!


Слайд 511-б, 2-а, 3-В


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика