Біріншілік және екіншілік пиелонефрит презентация

Содержание

Кіріспе Негізгі бөлім -Біріншілік және екіншілік пиелонефрит -клиникасы -диагностикасы -емі Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер Жоспар:

Слайд 1Семей Мемлекеттік Медицина университеті
Балалар хирургиясы кафедрасы

СӨЖ

Тақырып: «Біріншілік және екіншілік пиелонефрит»


Орындаған: Нұртазина М.Б..
418-топ ЖМФ
Тексерген:




Семей 2014ж.

Слайд 2Кіріспе
Негізгі бөлім
-Біріншілік және екіншілік пиелонефрит
-клиникасы
-диагностикасы
-емі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар:


Слайд 3- бүйректің астауын, тостағандарын, милы және қыртысты қабаттарын қамтитын қабыну процесі.

Ол бала жасында жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады және жоғарғы тыныс жолдарының ауруларынан кейін екінші орында.Баларда алғашқы 5 жасына дейін пиелонефрит 3-4рет жиірек кездеседі.
Қыз балалар пиелонефритпен ұлдарға қарағанда 3 рет жиірек ауырады. Оның себебі әртүрлі инфекциялар.


Пиелонефрит


Слайд 4Балалардың дамуында зәр шығару жолдарының инфекцияларына қарсы механизмнің ерекше төмендеуі болатын

3 критикалық кезең бар:

Туғаннан 2-3жасқа дейін

4-5жастан 7-8жасқа дейін

Жасөспірім-дік шақ





Слайд 5Пиелонефрит дамуы үшін бүйрекке бактерияның енуі және зәрдің зәр жолдары арқылы

ағуына кедергі болатыны әсер етеді. Микробтар гематогенді, лимфогенді, зәр жолдары арқылы енеді. Бактериялар бүйрекке түскенмен бірден оны қабындырып жібере алмайды. Бүйрек клеткаларының микробқа қарсы иммунитеті сау бүйректе жоғары дәрежеде, тек әлсіреген бүйректе ғана микробтар қабыну процесін тудырады.оған қосымша қолайлы жағдайлар – витамин жетіспеушілігі, баланың денесінің тоңазуы, тұмаумен ауыруы, қатты шаршауы, жұқпалы аурулармен ауыруы, жалпы иммунитетінің төмендеуі болуы керек.
Пиелонефриттің дамуы үшін негізгі жергілікті фактор – обструктивті уропатиялар.

Этиологиясы:


Слайд 6
– коккалар және коли бактериялар: стрептококк, стафилококк, эшерихия, протей, энтерококк және

басқалары. Науқастардың жартысынан көбінде аралас микрофлора анықталады. Ауруды ұзақ уақыт антибиотиктармен емдеудің нәтижесінде саңырауқұлақты инфекция - кандидоз дамуы мүмкін.

Пиелонефриттің қоздырғыштары


Слайд 7Қалыпты және пиелонефритпен зақымдалған бүйрек


Слайд 8Балалар урологиясында пиелонефриттің біріншілік және екіншілік түрлерін ажыратады. Зәр шығару жүйесінің

біріншілік қабыну процесі- мүшелердің қалыпты құрылымында дамиды.
Екіншілік түрі - қуық, бүйрек , несепағар құрылымында немесе орналасуында патологиясы бар балаларда дамиды. Зақымдалу аймағына байланысты бір немесе екі жақты болуы мүмкін.ағымына байланысты –жедел , созылмалы жіне қайталанатын болады.

Классификациясы:


Слайд 10Аурудың белгілері баланың жасымен тығыз байланысты. Аурудың жалпы ортақ белгілері –

дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, кейде жүректің айнуы. Дене қызуы кей жағдайларда 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Бел аймағында соққылағанда күшейетін ауырсыну байқалады. Егер пиелонефритпен қоса цистит немесе уретрит болса, онда іш аймағында және зәр шығару кезінде ауырсыну байқалады. 1 жасқа дейін пиелонефритпен ұлдар жиірек ауырады.
Жиі пиелонефрит ешқандай белгісіз өтуі мүмкін.

Клиникасы:


Слайд 11 Жедел дамитын пиелонефрит кәдімгі жұқпалы ауру сияқты болып көрінеді де,

аурудың бүкіл өне бойынан, әбден уланып қалған сәтке тән нышандар көрініс береді. Жиі дамитын гематогенді пиелонефрит дененің қатты қалтырауымен басталады. Дене қызуы көтеріліп , бірнеше сағаттан кейін күрт түседі, бұл кезде ағыл-тегіл тер шығып, денесі босаңсиды,әлсірейді.қан тамырының соғуы мен тыныс алуы жиілейді.Жүрек айнуы, құсуы, адинамияпайда болады. Ұйқының қашуы, бүкіл дененің ауырсынуы, организдегі судың тез азаюына байланысты денесі қаңсып, бет-әлпеті сопайып,түрі өзгереді.


Слайд 12 Алғашқы тәуліктің аяғына қарай белінің тұсы қатты сырқырап

ауырады.3-4 куннен кейін, дертке ұшыраған бүйрек пальпация кезінде ауырсынып, алақанға қап-қатты боп тиеді. Ақырындап дененің қалтырауы қызуы азайып,төмендейді.7-9 күнге қарай көңіл күйі өзгеріп , тамаққа тәбеті ашылады. Бірінші кезектегі жедел дамитын сірнелі пиелонефритпен ауырған балаларда көпшілік жағдайда осылай басталып өтеді.

Слайд 13Екінші кезектегі жедел дамитын пиелонефрит, көбінесе бүйрек шаншуы ұстағаннан кейін немесе

зәрі кенеттен тоқтап қалғанда дамиды.оның 80% іріңді болады,ол қабына салысымен ауырады. Сондықтан диагноз қоюға жеңіл болады.Науқастың денесі қатты қалтырап, қызуы 40градусқа дейін жоғарылайды. Тер моншақтап ағып, денесі әлсізденіп, басы ауырып, төсек тартып қалады. Тілі құрғайды, көзінің ағы сарғыш тартады, бауыры үлкейеді. Зәрдің мөлшері азайып немесе мүлдем жоқ болуы мүмкін, кейде зәр қан аралас шығады. Қанның құрамындағы азот қалдығының мөлшері жоғарылайды. Бүйректің ауруы күшейе түседі. Псоас симптомы дамуы мүмкін. Балалардағы пиелонефриттің білінуі оның қабынуы мен жасына байланысты болады.

Слайд 14Жаңа туған нәрестелердің пиелонефриті жедел басталады, бірақ бірінші күндері дене қызуы

онша жоғары болмайды, тек субфибрильді түрде ғана көтеріледі. Кейін дене қызуы біресе қатты көтеріліп, біресе төмен түсіп, кезек ауысып тұрады. Бүйрек қабынуының ең ауыр түрлерінде дене қызуы сол кеселдің ауыртпалығына сай болып өзгеріссіз көтеріледі, сондықтан да кейде дене қызуы күрт төмендеп түсіп кетуі де ықтимал, диспепсиялық синдромдар байқалады.

Слайд 15Балаларда пиелонефритті ерте диагностикалап ем жүргізу өте маңызды болы табылады, себебі

бала бүйрегі қайтымсыз өзгерістерге ұшырауы және артериалды гипертония қалыптасуы мүмкін. Диагностикалау үшін қанның және зәрдің лабораториялық анализдері кеңінен қолданылады. Балаларға зәр шығару жолын УДЗ міндетті болып табылады. Қажет болған жағдайда мамандандырылған бөлімдерде рентгенологиялық және аспаптық зерттеулер кеңінен қолданылады.

Диагностикасы:


Слайд 16Бірінші кезектегі жедел дамитын пиелонефритті емдеуді науқас баланы төсекке міндетті түрде

жатқызып, диета сақтау тәртібінен бастайды. Содан кейін бүйрек тырысқанын кетіретін, ауырсынуын басатын дәрілер беріледі. Қабынуға қарсы кең көлемде әсер ететін антибиотиктерді берумен қатар , сульфаниламидтерді және нитрофурандарды қосып берген тиімді.егер жүргізілген консервативті ем аурудың жағдайын тез арада жақсартпаса, бүйректің қабынуы тоқтамаса, организмдегі үрдіс пиелонефритке ауысады.мұндай жағдайда дереу операция жасалынады.

Емі:


Слайд 17Интернет желісі
Google/ru
«Детская хирургия» Ю.Ф.Исаков. Москва медицина 1983г .
Пайдаланған әдебиеттер:


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика