Бордетелла. Бордетелланың антибиотикке тұрақтылығы презентация

Содержание

Бордетеллалар Адам және кейбір жануарлардың тыныс алу жолдарында орналасатын ұсақ,грам теріс бактериялар.Адамға патогенді түрлері Bordetella pertussis, Bordetella parapertussis

Слайд 1Астана Медицина Университеті АҚ Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы
Презентация
Бордетелла.Бордетелланың антибиотикке

тұрақтылығы

Тексерген: Байдуйсенова А.У
Орындаған:Ерболат Л.Е
206 ЖМ

Астана 2017


Слайд 2Бордетеллалар
Адам және кейбір жануарлардың тыныс алу жолдарында орналасатын ұсақ,грам теріс бактериялар.Адамға

патогенді түрлері Bordetella pertussis, Bordetella parapertussis

Слайд 3КӨКЖӨТЕЛ ЖӘНЕ ПАРАКӨКЖӨТЕЛ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ
Қоздырғыш - Bordetella pertusіs - алғаш рет 1900

ж. бала қақырығында тапқан, сосын таза өсіндісін 1906 ж. Ж.Борде мен О.Жангу бөліп алды.
Көкжөтелге ұқсас, бірақ женіл өтетін ауру қоздырғышын - Bordetella parapertussіs - 1937ж. Г.Эльдеринг пен П.Кендрик ашты, олардан бөлек осы жылы - 1937ж. У.Бердфорд пен Б.Славинде дәлелдеді.
Bordetella bronchіseptіca - адамда сирек кездесетін көкжөтелге ұқсас ауруының қоздырғышы 1911 ж. Н.Ферри иттерден тапты, ал адамдардан - 1926ж. Браун.
1984 ж. жаңа түрін анықтады - Bordetella avіum, адамға патогенділігі әлі анықталған жоқ.


Слайд 4Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері
Бордетеллдер – ұсақ, грам теріс ,сопақша, ұшы жұмырланған

таяқшалар (коккобактериялар), көлемі 0.2-0.5х1.0-1.2 мкм. Паракөкжөтел таяқшасы осыған ұқсас, бірақ сәл үлкен (0.6х2 мкм). Спорасы жоқ, жас дақылдарда, және макроорганизмнен бөлінген бактерияларда капсула бар. Бордетеллдер қозғалмайды, ал Bordetella bronchіseptіca, B.avium, B.hinzii, B.trematum 37°C температурада қозғалғыштыққа ие болады.
–Толуоидин көгімен бояғанда бордетеллалар құрамында метахроматиялық боялатын, биополярлы орналасқан дәндер (липоидтар) анықталады.

Слайд 5Дақылдандыру
Гемофилді бактерияларға жатады - қатал аэробтар, хемоорганотрофтар. Оптималді өсу температурасы –35-36°С,

рН-7,2 . Көкжөтел қоздырғышы S-форма колониялар түзеді, ЕПА, ЕПС өспейді. Көкжөтел таяқшасы өсуіне 3 аминқышқыл қажет етеді – пролин, цистеин, глутамин қышқылы, оларды казеин гидролизін немесе фасольді қоректі ортаға қосу керек. Көкжөтел таяқшасын өсіретін орта – Борде-Жангу ортасы (картоп-глицерин қосқан қанды агар) – колония бір келкі, жылтыр, мөлдір купол тәрізді маржан немесе металды «сынапты» жылтырын береді, көлемі 1 мм, 3-4 тәулікте пайда болады. Басқа ортада – казеинді-қөмір агарында (ККА- КУА) – 3-4 тәулікте тегіс дөнес колониялар сүр түсті, консистенциясы кілегейлі.
Паракөкжөтел бактериялары көкжөтел қоздырғышына ұқсас, бірақ көлемі үлкен, 2-3 тәулікте пайда болады, ал Bordetella bronchіseptіca 1-2 тәулікте пайда болады.
Көкжөтел бактерияларының ерекшелігі өсу жағдай, температурасы, тағы басқа жағдайлары өзгерген кезде бактерияны дақылдық, серологиялық қасиеттері тез өзгереді, патогенді қасиеттері жойылады.
Сұйық қоректі ортада өсуі – диффузды лайлану, тұнба пайда болады, клеткалар үлкен болып келеді. Борде-Жангу ортасында өскен колониялар аймағында гемолиз байқалады.

Слайд 7Ферментативтік қасиеттері. Бордетеллдер көмірсуларды ыдыратпайды, индол түзбейді, нитратты қалпына келтірмейді. Паракөкжөтел

бактериялары активтілігі басым, тирозиназа – пигмент бөледі, ортаны және дақылды қоныр түске бояйды. Сонымен қатар уреаза, аргиназа фермент түзеді. Бордетеллдердің дифференциялық белгілері таблицада берілген.

Слайд 8Резисттентілігі
Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі. Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғышы сыртқы қоршаған

орта жағдайына тұрақты емес. 560С қыздырғанда микроорганизмдер 20-30 мин. жойылады. Көкжөтел және паракөкжөтел бактериялары төменгі температурада бірден өледі. Тура күн сәулесі 1-2 сағатта бордетеллаларды жояды, ультра күлгін сәулесі – бірнеше минітта. Құрғап қалған қақырықта бактериялар бірнеше сағат тіршілік ете алады. Дезинфекциялайтын ертінділер – 3% хлорамин ертіндісі, сулема (1:1000) – көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштарын тез өлтіреді.
Антигендік қасиеті: Бордетеллалар термостбильді туыстастық арнайылығы бар О-антигенге ие, олар тек S-пішінді түрлеріне тән.Бордетеллалардың беткейлік термолабилді 14 капсулалық антигендері анықталған.



Слайд 9Екі аурудың қоздырғыштары антибиотиктерге сезімталдығы төмен, әсіресе пенициллинге.
Негізгі патогенді фактор

- термолабильді экзотоксин. Ол жүйке және қан тамыр жүйесіне сезімтал, белоктық құрылысы бар, 560С бұзылады. Көжектерге тері ішіне енгізгенде некроз тудырады – Дольда сынамасы. Көкжөтел таяқшасының термостабильді эндотоксині жалпы токсикалық әсер және сенсибилизация береді. Сонымен қатар, көкжөтел бордателлаларда гиалуронидаза, лецитиназа, плазмокоагулаза патогендіферменттер анықталған. Капсула бактерияларды фагоцитоздан қорғайды.
Bordetella pertussis қызба тудыратын эндотоксин, антифагоцтарлық белсенділікке ие жән лимфацитозд күшейтетеін ақуызды токсин (пертусис-токсин), тамырдың өткізгіштігін жоғары өткізтіштігін жоғарылататын, гистамин-сенсиблизациялық әсер ететін эителиалды жасушалардың жойылуын тудыратын агрессиялық ферменттер бөледі:


Слайд 11Эпидемиологиясы. Инфекцияны жұқтыру көзі – науқас адам, жұғу механизмі – ауа-тамшы.

Бордетеллалар макроорганизмнің респираторлы трактысының эпителийіне сезімтал. Инфекцияға барлық адамдар сезімтал, бірақ жиі жас балалар – 1 жастан 10 жасқа дейінгілер.
Патогенезі және клиникасы. Көкжөтелде инкубациялық кезеңі - 3-14 тәулік, жиі 5-8 тәулік. Қоздырғыш жоғары тыныс алу жолдары кілегей қабығына түскенде, эпителийде көбейеді, әрі бронхогенді жолмен төменгі тыныс мүшелеріне түседі (бронхиола, альвеоларға). Экзотоксин әсерінен ұлпалар некрозданады, шеткері жүйке талшықтары ашылып қалғанда, тітіркенуі байқалады, нәтижесінде сопақша мидың жөтел орталығына ақпарат түскен соң олар белсенді болғандықтан спазмалық жөтел пайда болады. Көкжөтелде бактериемия байқалмайды. Екінші реттік бактериалық флора асқынуларды дамытады.
Ауру барысында келесі кезеңдер анықталған: 1. Катаралді кезең, 2 апта өтеді - құрғақ жөтел болады, науқас қалі төмендейді. 2. Конвульсивті (қалтырау) немесе спазмалық кезең - 4-6 апта созылады және тәулігіне 20-30 рет үстамалы жөтел “иттін үргеніне ұқсас” жөтел. 3. Сауығу кезеңі 2-4 апта созылады
Иммунитеті. Аурудан соң тұрақты өмір бойына гуморальді иммунитет қалыптасады. Көкжөтелмен ауырған науқас және сауыққан адамдар қанында агглютининдер, преципитининдер, комплемент байланыстыру антиденелері кездеседі. Маңызды рөлді секреторлы А иммундыглобулин атқарады.


Слайд 12Лабораториялық диагностика. Негізгі микробиологиялық диагностика әдістері бактериологиялық және серологиялық. Экспресс-диагностикада иммунофлюоресценция

реакциясы жүргізіледі. Таза дақыл бөлу үшін мұрын-жұтқыншақтан кілегей, қақырық тексеріледі. КУА немесе Борде-Жангу ортасына енгізеді. Сонымен қатар, жөтел рефлексін тудырып материал алуға болады. Бөлінген дақылды культуралді, биохимиялық және антигендік қасиеттері бойынша идентификациясы жүргізеді. Ретроспективтік иагноз ою үшін Серологиялық реакциялардан . агглютинация, комплемент байланыстыру, пассивті гемагглютинация қолданады . Қоздырғыштарға антиденелер 3 аптадан бастап түзіледі, диагноз антидене титрі бойынша дәлелденеді. Жас балаларда бірінші екі жаста серологиялық реакциялар теріс болады.
Негізгі әдіс- бактерилогиялық.Таза дақылды морфологиялық, дақылдық және антигендік қасиеті бойынша идентификациялайды.
Зерттеудің бірінші күні:Тампонмен алынған материалды бір-екі Петри табақшасына (Борде –Жангу ортасы немесе ККА және алдын-ала пенициллинмен немесе бициллинмен қосалқ микрофлоарсын басқан ортасы бар) себеді. 37С-та 72 сағат инкубациялайды.
Зерттеудің төртінші күні:Табақшаларды күмәнді колонияларға жіктейді.Күмәнді колониялар байқалса, қиғаш казенді агарга себеді.Олардан себінді дайындап, Грам әдісімен бояп, микроскопта қарайды.Заттық шыныда агглютинациялық реакциясын адсорбцияланбаған арнайы түрлік сары сумен қояды.Бордетелларды дифференциялау үшін уреазаға сынама, қиғаш ЕПА егеді, жартылай тығыз ортаға сеуіп қозғалғыштығын анықтайды және Симмонс ортасына себеді.
Зерттеудің 5-6 күні:Нәтжелер талданады.Көкжөтел микробының сероварын анықтайды. Қорытынды жауап беріледі.
Бактериялардың дентификациясы үшін флюрохроммен аңбаланған Bordetella pertussis пен B.paraperussis-ке қарсы антиденелерді қолданып ИФР-ын (жедел диагностика) жүргізеді.


Слайд 14Антибиотиктерге сезімталдығы:

Эритромицин;
Кларитромицин;
Мидокамицин;
Азитромици;
Макропен;
Рокситромицин и аналоги препаратов.


Слайд 15Алдын-алуы.Көкжөтелге қарсы арнайы сақтандыру үшін адсорбцияланған көкжөтелді-дифтериялы-сіреспе вакцинасын қолданады.Балаларға 3 айдан

бастап енгізіледі.1 жасқа дейінгі балаларға және ауру адаммен қатынаста болғандарға адамның қалыпты иммунды глобулинін енгізеді.АКДС-М құрамы:1 фазадан тұратын B.pertussis- тің өлі дақылы, көкжөтелтоксині, агглютиногені, капсуланы антиген, дифтериялық және сіреспелік анатоксин.
Қазіргі уақытта құрамында тазатылған көкжөтел бордетеллаларының антигендері орналасқан-филаменті гемаглютинин, пертактин, агглютиноген немесе петуссис-анатоксині бар суббірлік вакциналар қолданылады (ацеллюларлы,субкорпускулярлы).

Емдеуі. Көкжөтелдің ауыр жағдайында антибиотиктер (ЭРИТРОМИЦИН,ТЕТРАЦИКЛИН, ЛЕВОМИЦЕТИН) , қалыпты гомологиялық иммунды глобулин тағайындалады.Салқын таза ауа, антигистаминді препараттар ұсынылады.


Слайд 16Назарларыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика